Абдрахманова А.Т., Нағашбек Г.Н., Тараз қ.

М.Х.Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті

 

АРТТЕРАПИЯ АРҚЫЛЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

Қазіргі таңдағы көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйенер болсақ, арттерапияның, яғни, өнер арқылы терапия жүргізудің пайдалы емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп, дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер болсақ:

      - Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись, түрлі-түсті краскалармен глинаны пайдалана отырып мүсіндер жасау-адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс.

      - Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни, терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады. Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан ілгерілеуін тездетеді.

      - Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп отырады. Клиенттің жасап шығарған творчестволық туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі жоққа шығара алмайды. Клиенттің шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол  жөнінде терапевтке көптеген ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар туындының авторы терапевтпен бірге интерпретация жасауда көптеген өзіндік үлесін қосады.

    - Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің себептерін  анықтаудың, оны түсіндіре алудың бірден-бір жолы-осы вербальды емес әдіс арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады.

    - Терапиялық өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің творчестволық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген эмпатияның қалыптасуын тездетеді.

    - Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді.

    - Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін дамытады және нығайтады.

Арттерапия өзiн бейнелеу мен өзiн-өзi тануда кең көлемдi қолайлылықтың көзi болғандықтан, адамдардың жағымсыз әсерлерден босануға, оң әсерлi эмоциялардың көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликтілі жағдайларынан шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға жол ашады.

Арттерапияны құрамды элементтеріне байланысты қолданудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Оларды бір-бірімен байланыстыра отырып, кезектестіре жүйелі түрде қолдануға болады.

Арттерапия келесi мақсаттарға қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:

1.    Агрессивтi көңiл-күйден және негативтi әсер етушi сезiмдерден босануға жол ашады. Суретпен, картинамен, скульптурамен жұмыс жасау қауiптi емес екенiн дәлелдейдi.

2.    Емдiк процестi жеңiлдетедi. Өзi сезбейтiн қарама-қайшылықтарды және уайымдауларды вербальды психотерапиялық процеске қарағанда, сурет арқылы ашып салу оңайырақ болады.

3.    Диагностикалық қорытынды мен интерпретация жасауға қажеттi материал алуға болады. Творчестволық еңбектің жемiсi ұзақ өмiрлiк нәтиже болып келедi. Клиент оның шындықтағы факт екенiн жасыра алмайды. Шығармашылықтың стилi мен мазмұны терапевтке пациент  жөнiнде қосымша ақпарат бередi.

4.    Пациенттiң жасырып қалуға бейiмделген ойлары мен сезiмдерiн көрсете бiлу. Өте қатты уайым-қайғыларын және сенiмдерiн көрсетудiң бiрден-бір жолы кейде вербальды емес қарым-қатынас болып табылады.

5.    Терапевт пен клиент арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтiру. Творчестволық iс-әрекетке бiрiгiп әрекет жасау қатынастағы эмпатиямен бiр-бiрiн жақсы қабылдауға ықпал етедi.

6.    lштей бақылау сезiмдерiн дамыту. Суретпен, картинамен немесе скульптурамен жүргiзiлген жұмыс түстер мен формаларды бiрыңғай қалыпты қолдануға көмек бередi.

7.    Түйсiну және сезiну арқылы зейiндi бағыттау. Творчестволық жұмыспен айналысу кинестетикалық және көру түйсiктерiмен эксперименттеуге өте бай жағдай жасайды және де олардың қабылдау қабiлеттiлiгiн дамытады.

8.    Шығармашылық қабiлетiн дамытады және де өзiн-өзi бағалауын жоғарылатады.  Арттерапияның ең негiзгi маңызды мәнi, ол жасырын таланттарын ашып және оны дамытуда қанағаттанушылық сезiмiн сезiндіру болып табылады. Сонымен қатар, өзінің мүмкіндіктерін танып-білу арқылы өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.

Арттерапияда тек қана белгiлi бiр тақырыпты таңдап алу талап етiлмейдi, керiсiнше арттерапияға қатысушылардың өмiрiнiң әртүрлi жақтарын қамтитын тақырып болғаны дұрыс. Оларға төмендегiдей тақырыптарды ұсынуға болады:

1.    Өзiнiң жекелiк өткен шағы мен қазiргi уақыты: өзiң туралы не ойлайсың; қоршаған ортада мен қалай көрiнемiн; менiң негiзгi проблемам; мендегi ең негiзгi нашар көзқарас; мен және менiң жағымсыз сезімдерім; мен неден қорқамын; менiң жанұям; менiң ата-анам; менiң негiзгi кемшiлiгiм мен мәртебем; мен адамдардың арасындамын; адамдарда маған не ұнамайды; мен кiммiн; мен жануар ретiнде; өмiрлiк жол; менiң түстерiм.

2.    Болашақ, мақсат және абстрактiлi түсiнiктер: мен қандай болғым келедi; аурусыз өмiр; мен кiм болғым келедi; егер мен Чародей болғанда;  менiң Отаным; үш арман; мен он жылдан кейiн; махаббат; жеккөрушiлiк; сұлулық; сағыныш; еркiндiк; күш пен әлсiздiк; тәуелдiлiк пен тәуелсiздiк; қайырымдылық; қысым; қорқыныш; тiлек; ауру; сезiмталдылық; ерлiк.

3.    Топтағы қарым-қатынас: менiң топтағы орным; топтағы менiң қарым-қатынасым және проблемам; топпен кездесуге байланысты бүгiнгi көңiл-күйiм; топ жануарлар көрiнiсiнде; сиқыршы топты өзгертiп жiбердi; сахарадағы топ; топ дракондармен айқасуда; топ балмаскарадқа кеткелi жатыр; бiздiң хан сарайымыз; мен адамдарға не берiп жатырмын және олардан не күтемiн; топ мүшелерiнiң портреттерi;

Арттерапияға қатысушы өзiндiк iшкi қайшылықтарын жеңiп, iске өз еркiмен кiрiскенде, арттерапевт өзiнiң емдiк мақсаттарын жүзеге асыруға болады. Бейнелеу өнерi сөздiк бейнелеу қорын күшейтедi. Сондықтан, арттерапевт клиентке жұмыс кезiнде туындаған ойларын қағаз бетiне түсiрiп отыруға ұсыныс жасауына болады.

Арттерапияның  негiзгi жетiстiгi, ол-клиенттің қылықтарын әлдеқайда тереңiрек бағалай бiлуге мүмкiндiгi болып табылады. Қатысушының қандай өмiрлiк  этапта тұрғаны жөнiнде пiкiр бере отырып, оның суреттерiнен дәл қазiргi кездегi ойларын ғана бiлiп қоймай, болашаққа және өткенге деген көзқарасын, жасырын уайым-қайғыларын көруге болады.  Бұлар қатысушының анық өмiрiнiң күнделiгi мен емi болып саналады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Бұзаубақова К. “Жаңа ПЕД-технологияны меңгеру - міндет”. //Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005 ж. 25-26 б.

2.     Байғазиева Г. “Жаңа Педтехнология”. //Қазақстан мектебі. № 8. 2005 ж. 53-54 б.

3.     Бұзаубақова К. “Жаңа педагогикалық технологиялар”. //Қазақстан мектебі. № 4. 2005 ж. 5-8 б.