М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан.
Дәуренбекова
Ә.К
АРТТЕРАПИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПСИХОТЕРАПИЯЛЫҚ ЕМШАРАЛАРДА
ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына
арнаған жолдауында «ХХІ ғасырда
білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға
кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары
технологиялық және білікті мамандарының шоғырын
қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда,
Қазақстанның жоғары оқу орындарының міндеті
- әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған
дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз
әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс
мүмкіндіктерімен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет»
-деген болатын. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық
өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру
саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру
стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі
болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім
беру жүйесін дамыту үрдісінде жаңа оқыту
үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен
әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің
қарқындылығы мен әрі көп түрлілігімен
ерекшеленетінін мойындауға болады.
Қазіргі таңда
шығармашыл, яғни креативті жеке тұлғаны
қажетсінудің өсуімен анықталады. Қазіргі
жағдайда білім рөлінің өскендігі соншалық, ол
қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор
болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімді технологияларын
жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін
атқарады.
«Қазақстан - 2050»
стратегиясында: Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауындағы басты мақсат –
Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің
қатарына қосылуды көздеп отыр. Сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан — 2050» халыққа жолдауының « Білім және кәсіби
машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен
қайта даярлаудың негізгі бағдары» атты бөлімінде
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз қажет» –деп атап көрсетті.
Осыған орай жоғарғы
оқу орындарында жеке адамдардың шығармашыл, креативтілік
жағынан дамуы үшін жағдай жасауымыз қажет. Бұл
Қазақстандағы білім беру жүйесінде маңызды
міндеттердің бірі әрі негізгісі болып отыр.
Арттерапиямен айналысу үлкен
профессионалды дайындықты, психотерапия аймағында іргелі білімді
талап ететін қиын іс-әрекет
болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар жоқтың
қасы. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға
деген қызығушылық өте жоғары. Арттерапия
жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек
қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар
педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар,
жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы
басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және
қажет екендігі дәлелденуде. Алғашқыда арттерапия
түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс
үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе
оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз
арт-терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып
қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының
мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайд
Алғашқы кезде арт-терапияны ауруханалармен жүйке
жүйесіндегі бұзылулары бар ауру емдеушілерді емдейтін эмоциялық
бұзылулардың көрінісі бар адамдарға ғана
қолданған. Қазіргі кезде арт-терапияның қолданыс
аясы едәуір кеңейді және ол өзінің
алғашқы психоаналитикалық негізінен алыстауда. Негізінен
арттерапияны қолданғанда ең бастысы жұмыс барысында
талантын көрсету емес, спонтанды пайда болған қобалжуларын,
қиындықтарын, бұрынғыдан қалғанелестерін
суреттеу арқылы жеткізу.
Сонымен қоса, психотерапевтің
шығармашылық жұмыс кезінде топ мүшелеріне көмек
беруді және қажет жағдайда қолдау да көрсетуі
керек. Мұндай топтармен жұмыс жасаушы психолог немесе психотерапевт
көптеген сапаларға ие болуы керек. Атап айтатын болсақ, олар,
адамгершілік, басқаларға қандай жағдай болмасын
көмек қолын соза білу, тұрақтылық, барлық
жағдайда түсінушілікпен қарау, сабырлық, кішіпейілділік,
төзімдік, адалдық және тағы осы
тұлғалық қасиеттер сияқты көптеген
жақсы қасиеттерге ие болуы тиіс
деген сөз.
Агрессияға болмаса басқада
негативті сезімдерге әлеуметтік шығар жолды табуға
мүмкіндік береді. Суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау
күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып
табылады.
Емдеу процесін жеңілдету.
Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе
көру бейнелерінің көмегімен вербалды психотерапия кезінде
сөзбен айтқанға қарағанда көрсету
оңай. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады.
Интерпритацияға және
диагностикалық қорытындыларға материалдар алуға болады.
Көркем шығарманың өнімі ұзақ
уақыттылық, емделуші оның бар екенін жоққа
шығаруы. Терапевтке емделушінің көркем жұмыстың
стилі және мазмұны емделуші туралы ақпарат береді, сол
арқылы терапевт өзінің еңбектеріне интерпритация
жасауға болады және жақсы көмектеседі .
Емделушінің басым болуына
дағдыланып кеткен ойлары мен сезімдерімен жұмыс жасау. Кей кездері
вербалды емес амал, бірден-бір күшті қобалжулармен сендірулерді анықтауға,көрсетуге
мүмкіндік береді.
Сонымен терапевт пен
емделушінің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту
үшін көркем іс-әрекетке бірлесіп қатысу ол
қабілетті қарым-қатынас, эмпатия және өзара
түсінушілік туындауына әкеледі. Ішкі қадағалау сезімін
жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс болмаса мүсін
соғу жұмыстарында түстерді және формаларды
тәртіпке салу қарастырылмайды. Зейінді қабылдауға
және сезімдерді шоғырландыру. Таңдамалы өнермен
жұмыстар бай мүмкіндік тәжірибе жасауға
кинестетикалық және көру түйсіктеріне, қабылдау
қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды. Көркемдік
қабілеттерді дамыту және өзін-өзі бағалауын
жоғарылату. Арттерапияның соңғы өнімі қанағаттану
рахат алу сезімі, ол жасырын таланттың көрінуінің және
олардың дамуының нәтежесі.Жоғарыда аталған
әсерлерден басқа көркем өнерді психокоррекционды топпен
жұмыста қолданудың қосымша нәтежесі,
қиялға түрткі және дау-дамайға топ
мүшелерінің қарым-қатынасын дұрыстауға
көмектеседі. Өнер қуаныш әкеледі, бұл
ешқандай жағдайға тәуелсіз (өзінен-өзі маңызды),
бұл қуаныш біздің санамыздан тыс пайда болады ма, болмаса ол
саналы әрекеттің нәтежесі ма ол әлі күнге дейін
бізге белгісіз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. 2012 жылғы 14
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауынан. (www.akorda.kz);
2. Рудестам К. Групповая психотерапия. СПб, 1998г
3. Психокоррекционные группы: теория и практика.
Общ. 2001г.
4. Берн Э. Групповая психотерапия М, 2000г.
5.
Копытин
В.И. Руководство по групповой
арт-терапии. СПб, 2003г.