М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан.
Дәуренбекова
Ә.К
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
МАЗМҰНЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
ЖОЛДАРЫ
Қазіргі таңда барлық
әлемде жеке қажеттілікті түзету педагогикалық
қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік
сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының
белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды
қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім
беру туралы айтылуда
Бүгінгі таңда инклюзивті
білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде
белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе
психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр
оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мысалы әр
оқушының эмоционалдық және психикалық таным
процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.
Дегенмен қазіргі
таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде
қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы
болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі
оқушының даму деңгейі мен жас ерекшелігі
ескеріліп білім берілуде. Тәуелсіз еліміздің барлық
аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді
қолдау негізінде жалпы білім беретін мекттептерде түзете-дамыта
оқыту сыныптары біртіндеп ашылуда. Бұл сыныптың
мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі
оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға
жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл
сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары
бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі
сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден олардың жас
ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа
өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден
білім беру бағдарламасының әртүрлілігі.
Төртіншіден мұндай сыныпқа сабақ беретін пән
мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім
көлемінің аздығы.Осының нәтижесінде балаларды
оқытудың бірінші сатысынан – ақ
қиыншылықтарға тап болады.
Бүгінгі
таңдағы инклюзивті білім берудің мақсаты: даму
мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім
беру. Ол адамның жыныстық ерекшелігіне, діни нанымына, шығу
тегіне қарамастан тең құқылы жеке
тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті
білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу
жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан
және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз
инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы
жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте
мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде)
оқуын ұйымдастыру боп табылады. Қазақстан
Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға
әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық
түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО
сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету,
көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша
куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды
қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу,
оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу
мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң,
қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған.Инклюзивті білім
беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім
беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда
қолданылады
Инклюзивті оқыту-барлық
балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше
қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін
жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың
оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің
жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті
оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген
өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар
балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді
ашқан мектептерде оқыған балалар адам
құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық
енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне,
дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын
белсенділікке шақыруға балалардың
түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін
арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас
ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы
білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Бүгінгі таңда үйден
оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың кейбіреулері
компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда
компьютерлік технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін
міндеттің шешіміне байланысты төмендегідей шралар жүзеге
асырылуда:
-
Жаңа құралдарды қолдану қызметімен
балаларды үйрету
-
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы
және бұзылысын түзету мақсатында жаңа
компьютерлік технологияны қолдану.
Қорытындылай
келе, инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның
ішінде компютерлік технология, интерактивті тақта сияқты білім
беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен
қаматамсыз етілсе, келешекте мүмкіндігі шектеулі балаларға
білім беру жүйесінің ешқандай кері тұстары болмас еді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
«Қазақстан Республикасының білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік
бағдарламасы» Астана, 2010 ж
2.
А.
А. Байтұрсынова «Арнайы педагогика: проблемалары мен даму болашағы»
Алматы, 2008 ж
3.
Мүмкіндігі
шектеулі балаларм ен жүргізілетін түзету жəне дамыту
жаттығулары»
əдістемелік құрал, Шымкент., 2012ж.
4.
Кемтар
балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзету
арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы