М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,  Қазақстан.

Дәуренбекова Ә.К

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ  НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

    Кез-келген мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тəрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тəуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дəрігерлердің қызметі болса, тəрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тəрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті.

   Бүгінгі күні әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық саясаты инклюзивті білім беру принципіне незігделеді.

    Халықтың назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы әлемдік мәселеге мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беруге сипаттама беретін болсақ - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

    Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру

    Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі балаларды қолжетімді білім алу жағдайларын ескеретін оқыту үдерісіне кіріктірудің механизмдері көрсетілген.

Инклюзивті (франц. inclusif – өзіне енгізетін, лат. include – ішіне аламын, енгіземін) немесе енгізілген білім беру – жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз етиетін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады.

Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің жалпы мектептердегі білім беру үдерісіне белсенді қатысуы ғана емес, негізінен жалпы білім беретін мектептердің оқыту жүйесінің барлық баланың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатындай болып тұтастай қайта құрылуы.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік   береді.     

Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.  Мұндай оқыту түрі  арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды,  қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің № 1118 Жарлығы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» - Астана, 2010 .- 7 желтоқсан.

2. Материалы  всемирной  конференций  «Саламанская декларация о принципах, политике и практической деятельности в сфере -образования лиц с особыми потребностями». -  Испания, Саламанка,   1994.- 7-10 июня   

3.  Назарова Н.М. Понятие интеграция в специальной педагогике//Понятийный аппарат педагогики и образования.- Екатеринбург, 1998.- С. 262.

4. Малофеев Н.Н. Становление и развитие государственной системы специального образования в России: Дис. в форме научного доклада. д.пед.н.- М.,1996. – С.18

5.    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы