М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан.
Дәуренбекова
Ә.К, Ешенханова Ұ.И,
Исабекова М.Ғ.
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ
НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІМ
БАЛАЛАРДЫҢ
ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НОБАЙЫ
Жиырма бір жылдық тарихы бар
тәуелсіз еліміздің ХХІ ғасырдың бір мүшелігіне
аяқ басқан сәтінде қабылданып отырған жаңа
жүзжылдықтың бел ортасына дейінгі дамуы сипатын белгілейтін
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауында «Бала
тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция» деп
көрсеткен. Онда тәрбиеге,
әсіресе жастарды тәрбиелеуге, аса мән беріп отыр. Себебі, зор
байлықтың мұрагері саналатын қазақ
халқының адамдық ресурстарының сапалы болуы –
тәуелсіздігіміздің, мемлекет қауіпсіздігінің,
ұлтаралық сыйластықтың нақты Еліміздің
болашағы — ұрпақ
тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен
құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең
ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін,
еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби
біліктілігі мен білімділігін талап етеді.
Бала бойындағы асыл
қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның
белсенді мүшесі етіп дайындауда, білім беру мен тәрбиелеуде жеке
тұлғаны дамыту қатар жүргізілгенде ғана өз
дәрежесінде жүзеге асады. Осыған байланысты білімнің
мазмұнын, оқыту әдістері мен тәрбиені ұйымдастыру
нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.
Жетімдер үйі – әке-шешесіз
қалған балалар үшін құрылған мемлекеттік
тәрбие ұйымы болып табылады. Мемлекет тұрғысынан
жетімдер үйіне көмек,
ретінде баспана қажет ететін және әке-шеше
қамқорлығы мен аяулы алақанынан тым ерте
айырылған жетім балалар, әл-ауқаты төмен
жалғызбасты аналардың балалары мен денсаулығы нашар кемтар
балалар тәрбиеленеді. Балалар үйін ұйымдастырудың
мақсаты – балаларға мемлекет тарапынан баспанамен қамту,
рухани көмек беру, олардың
білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау, ешкімге
қол жаймай өмір сүруге даярлау.
Жетімдер
үйі – балабақша және оқушы балаларды бүгінгі
уақыт талабына сай тәрбиеленуін іске асыратын мекеме, ол
тәуелсіз, дамыған қоғамның халқын
әзірлейді. Жетімдер үйі мекемесінің өзіндік
ерекшелігіне орай төмендегідей түрлерге жіктеледі. Аталған
балалар үйінің негізгі ерекшеліктері:
-
мектепке дейінгі
балалар (туғаннан - 3 жасқа дейінгі);
-
балалар үйі (оқушылар мен
балабақшадағы балаларға арналған);
- арнайы
құрылған жетім балалар үйі (денсаулығында
кінараттары бар балаларға арналған);
-
Тек анасы
ғана бар балаларға
арналған «Үміт» балалар үйі.
Мұндай арнаулы ұйымдар – жетім
балалардың әдет-дағдыларын машықтандырып,
әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына көмегін тигізеді.
Жетім балалрға ең қажеті – аяулы ата-анасының
алақаны. Балалар үйіндегі тәрбиешілер қолдарынан
келгенше мәпелегенімен, жанұяларындай болмайды.
Бүгінгі
қоғамның тарихи дамуы бала тәрбиесінде жеке адамды
қалыптастыру міндеттерінен пайда болуда. Бала – біздің
болашағымыз, өмірді жалғастырушы. Сәби дүние
есігін ашқан бірінші күннен-ақ әкесімен анасын,
бауырларын ата-әжесін, сондай-ақ бүкіл елді қуантып,
айрықша шаттыққа бөлейді. Сол үшін
балалардың өмірі мен үйлесімді дауы үшін, олардың
адамгершілік және денсаулығының кемістігінсіз қауіпсіз
қалыптасуын, имандылық, рухани-адамгершілік, талғамы
жағынан тұлға болып қалыптасуына ықпал етуіміз
керек. Балалық шақ – адам өмірінің көктемі. Бал
дәурен бала кезеңде
дүние тануды ақылмен, жүрекпен сезінудің
маңызды уақыты– Өз отанын қастерлеу, адамға деген
мейірімділік, уленге құрмет-кішіге ізет сияқты
қасиеттердің қалыптасуының ұзақ
үдерісі жүреді.
Тарихқа көз жүгіртсек, бала
тағдырын – ұлт тағдыры деп қарап, келешек
ұрпағының тексіз, түпсіз өсуіне жол бермеген,
жетімдерін жылатпаған, жесірлерін жерге қаратпаған елдік
дәстүрлер болған. Осыған орай, бүгінгі
күннің жаңару бағыты бала тәрбиесінің
арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрді
халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы
көзделініп отыр.
Халық
педагогикасының негізі – баланың тілінің шығуы,
оның физиологиялық-психологиялық және денесінің
дамуына байланысты жас кезеңдеріне бөлінеді. Осыған орай,
халық дәстүрі балаға жеті атасын, ру-елін, туған
жерін, халқының тарихы жайында мәліметтерді үйрету.
Халық педагогикасы мұраларының бірі – дәстүр.
Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
аусып отыратын қоғам өмірінің дамуына сәйкес
өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен
қарай дамитын халықтың қоғамдық-тарихи
өмірінде қалыптасқан құбылыс. Халық
дәстүрінің танымдық-тәрбиелік мәні –
ұлан-ғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас
ұрпақ үшін ғана, адам өмірінің
рухани-адамгершілік қуатының қайнары. Оның ішінде
тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, баланың жан
дүниесіне қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын
мүмкіндіктер көп-ақ. Ол – халықтың
кәсібімен, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен,
тілімен, тарихымен, адами ізгілік қасиет-сапаларымен сабақтасып,
біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғам тану
сатыларына қарай жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып отыратын қастерлі мұра. Қазақ
халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігінде,
тәлім-тәрбие ісінде кең таралғандығында.
Адамның туған күнінен бастап барлық өмір жолын
қамтитын әртүрлі рәсім, дәстүрлер бар.
Ендігі мақсат – ата-баба дәстүрінің озығын
жаңарту, оны жеке тұлғаны қалыптастыруда басты
рөлге айналдыру, қазақтың ата салтын,
қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану,
жаңарту басты мәселе.
Сонымен, қай халықтың болса да ұлттық
үдерісі, ұлттық қасиеті, өзіндік әуені,
тағылымды дәстүрі мәртебесін биікке көтеріп
тастайтыны сөзсіз. Киелі, керемет дәстүрлері арқылы
ғана әрбір ұлт өзінің ұлттық бояуы
мен өзінің болашақ ұрпағының төл
келбетін қалыптастырады. Салт – адам өмірінің
күнделікті тіршілігінде (отбасынан бастап, қоғамдық
өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын
мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен
жол-жора, рәсім заңдар жиынтығы. Ол жеке тұлға
өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік,
құқық, дін ережелерімен байланысты көрініс береді
де біртіндеп ауыл-аймақ, ру, тайпаға ортақ рәсімге
айналады. Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуын
әдет-ғұрып деп атаймыз. Ал, оның біржолата өмір
заңдылығына айналуы салт-дәстүр деп аталады.
Ұлттық рухымыздағы дәстүр Жетім балалар
тұлғасын қалыптастыруда тиімді деп есептейміз.
Сонымен халық педагогикасы
негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын
қалыптастыру өз кезегінде олардың халықтық
тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп жан-жақты дамып,
тұлға болып қалыптасуынан туындайтын мотивациялық,
мазмұндық және процессуалдық компоненттерді
құрайды. Мұның бәрі нақты өлшемдер
мен көрсеткіштердің көмегімен шешімін табады. Демек, жеке
даралық, дербестік жағынан алғанда да іс-әрекет жеке
тұлғаның психологиялық ерекшелігіне байланысты,
оның ақыл-ойы мен сана-сезімін, өмірлік
бағыт-бағдарын іске қосып жүйелі дамытатын үдеріс
екендігі тұжырымдалды. Себебі, балалардың іс-әрекеттер
жүйесін тиянақты құра білу-олардың
тұлғасының қалыптасуына негіз болмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан
халқына Жолдауынан. (www.akorda.kz);
2. Қалиев С.
Халық педагогикасының тағылымдары. //Бастауыш мектеп-1991-№5
– 26 б.
3. Прихожан А.М., Толстых Н.Н.
Психологическая помощь в воспитании детей-сирот М:. 1998г
4. Фрейд А. Разлука с матерью. – М.:
Просвещение, 1991.