ЖОҢЫШҚАДАН ТАЙЛАНҒАН РУЛОНДАР ДАЙЫНДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН  ЖАППАЙ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ

 

Аханов С.М., т.ғ.к., Сейтқожа А. магистран

(Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

 

Престелген шөпті дайындау барысында престелген  рулондар негізінен егістік танабында  қалдырылады. 

Осыған байланысты престелген шөп рулондарды егістік танабтарына қалдыру арқылы дайындауда жаппай қызмет көрсетудің екі фазалық ашық және күту жағдайындағы жүйесі орын алады.

Жаппай қызмет көрсету жұмысының принципиалды сұлбасы 1-ші суретте көрсетілген.

Егерде бірінші фазаның өнімділігі екінші фазаға қарағанда жоғары болған жағдайда жүйе бірінші фазаның блоктануына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл жағдай келесідей болып түсіндірілді, яғни бірінші фазада талаптарды тек екінші фаза бос болған жағдайда ғана қызмет көрсете алады.

 

          сұраныс ағыны   кезек                                                          орындалған сұраныстар

 

 


Сурет 1. Престелген шөпті дайындауға екі фазалық жаппай қызмет көрсету жүйесінің жұмысының принципиалды сұлбасы

 

Жаппай қызмет көрсету жүйесінің барлық жұмысы, оған престелген тюктер ретінде талаптардың түсуі мен екі фазадағы қызмет көрсету уақытының көрсеткіштік заңдылығына сәйкестігіне байланысты болады.

Бұл жаппай қызмет көрсету жүйесінің негізгі сипаттамасы сұраныс ағынының тығыздығы λ бірінші µ1 және µ2 фазаларындағы қызмет көрсету қарқындылығы болып табылады.

                              ,                         (1)    

 

мұндағы: nПП – пресс тайлағыш саны, дана;

       tТК – рулонды алқапқа түсірудің орташа уақыты, сағат;

       QТК – рулон салмағы, т;

       WПП – шөп пресс тайлағыш өнімділігі, т/сағ;

       tОТК.П – тоқталуды жоюға шығындалған уақыт, сағат;

       tОТК.П – пресс тайлағыштың қызмет көрсету уақыты, сағат.

Шөп пресс тайлағышының өнімділігін келесі өрнек бойынша анықтаймыз:

 

                                          WППинεпиτ.                                         (2)

 

Жоғарыда келтірілген (1,2) өрнектері  негізінде рулондар  үшін                      

 

                                    .                       (3)

Бірінші фазадағы  рулондарға қызмет көрсету қарқындылығы ПФ-0,5 тиегіш түріне байланысты болады және олар келесі өрнектер  бойынша анықталады:

                                                                                                (4)

        мұндағы: nПГ – тиегіш саны, дана;

             tПГ – тюктерді  немесе рулонды тиеуге жұмсалатын уақыты, сағ.

Рулонды тиеуге жұмсалатын уақыттың  tПГ  мәнін хронометраждық бақылау негізінде  болмаса жеңілдетілген  өрнегі бойынша анықтаймыз.

Сонда

                                                   ,                                            (5)

мұндағы -  тиегіштің өнімділігі, т/сағ.

Транспорт құралына тюкпен  келу және оны түсіріп  кету уақытын келесі өрнек бойынша анықтаймыз:

                                                        ,                                              (9)

           мұндағы: l – жылжымалы құрамға дейінгі қашықтық, м.

Тиеудің орташа уақытының теңдігінің құрамалы мәндерін  хронометраж бойынша анықталады. tразг және tTO арқылы қызмет көрсету қарқындылығы анықталады.

Жоғарыда келтірілген (6....9) өрнектеріндегі мәндерді  қою арқылы тюктерді  тиегенде:                               

                                    .                    (10)

        Осы қатынастар тасымалдау қашықтығы жүк көтерімділігі және пресс тайлағыш өнімділігі арасындағы байланысты престелген шөптерді тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етіп анықтауға мүмкіндік береді.

          Агрегаттардың тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы.

 

                                        .                               (11)

Рб және λ мәндеріне сәйкес престелген шөптерді дайындаудың технологиялық жүйесінің өнімділік өсуін негізгі оптималдық критериясы ретінде анықтауға болады.

 

                                                   (12)

Престелген шөп дайындауда агрегаттардың жұмыс істеу жағдайы әртүрлілігімен ерекшеленеді. Соған байланысты барлық әсер етуі мүмкін факторлардың  α=λ/µ  қатынасы бойынша сипатталған жағдайлар  үшін 2-ші суреттегі номограмма ұсынылған.

Сурет 2. Престегіш агрегат пен транспорт құралдарының ұтымды мөлшерлік санын анықтау номограммасы

 

Номаграмманың бірінші квадрантта көлік құралдар санына байланысты. МТЗ-80+ПС-1,6 пресс тайлағыш тоқтау коэффициенті анықталады. Тоқтап қалу ықтималдылығы жанармай шығыны және өнімділікті анықтауға маңызы зор.

Екінші квадрантта тасымалдау қашықтығына байланысты көлік құралы тұрып қалу коэффициенті анықталады.

Үшінші квадрантта келтірілген шығындардың α=λ/µ ағыны үшін өзгерістері анықталады.

Соңғы квадрантта Сmn0 және α мәні бойынша тиеуді күтіп тұрған көлік құралының саны анықталады.

КТСорt, Cmnmin және mОЖорt ұтымды мәндері тізбегі номограммада көрсетілген.

 

Әдебиеттер

1.            Зангиев А.А., Тыныштыкбаев Б.Е., Рахатов С.З. "Проектирование производственных процессов уборки риса и кормовых культур". Алматы "Ғалым" 1999-198 с

2.            Жунисбеков П.Ж., Мамедалиева Г.А. Технологические  комплексы машин для заготовки кормов из люцерны //Материалы международной научно-практической конференции молодых ученых и аспирантов //Сб.научн.тр.- Алматы, 1997