Сельское хозяйство

А.ш.ғ.к. Даулетбекова А.Т., студент Әшімова З.Б., Рустемқызы Ж.,

Балабек Ж.Ж., Сәтбай А.Н.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан

 

ЖҰҚПАЛЫ АУРУ ҚОЗДЫРҒЫШ ВИРУСТЫ АУРУЛАРДЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНА ӘСЕРІ

 

         Өсімдіктердің вирус аурулары белгілерінің ең кең тараған типі–хлорофилдің ыдырауы себепті өсімдік жапырағының теңбілдігінің байқалуы: түссізденуі, ашық жасыл және қою жасыл жолақтардың алма кезектеліп келуі, некроз дақтары, шеңберлер және т.б. кейбір өсімдіктер ұлпаларының азғана бөлігінің өлуі де байқалады. Бірқатар жағдайларда жапырақтарының бүрісуінің нәтижесінде өсімдіктің пішіні де өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар вирус ауруларының өсімдіктің сары ауруы деп аталатын тағы бір тобыда жиі кездеседі. Оның қоздырғышы флоэмада орналасып, өсімдіктің зат алмасу үрдісіне тереңірек әсер етеді. Осының нәтижесінде өсімдіктердің биіктеп өсуі тежеліп, шамадан тыс түптеніп, рак өсінділері пайда болады және басқада өзгерістер жүреді. Көмірсулардың қалыпты тасымалдануы бұзылуы салдарынан өсімдік жапырақтарында крахмал жиналады. Олар қалыңдап, үгілгіш келеді, олардың түсі өзгереді және де орталық жүйке бойымен ширатылуы да байқалады.

         Вирустар ие-өсімдіктің немесе тасымалдаушы насекомның тірі клеткасынан тыс жерде көбейе алмайды. Вирустардың көпшілігі тірі организмдерден тыс тіршілік ете алмайды. Бұл ең алдымен биологиялық жолмен таралатын циркулятивтік вирустарға тән. Олар өсімдіктердің тірі бөліктерінде (картоп, қызылша, пияз т.б. – вегетативті жолмен көбейетін дақылдар вирустары)–тамыржемістерінде, түйнектерінде, пиязшықтарында және басқа да бөліктерінде қыстапшығады. Жылдан жылға ұрпақтарына тарауының нәтижесінде өсімдіктердің өнімділігі күрт төмендейді. Кейбір вирустар: темекі теңбілінің (TMV), қиярдың жасыл теңбіл ауруының (CGMMV) қоздырғыштары және тағы бірқатары ең беріктері, өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталуға қабілетті вирустар (сурет 1, 2, 3). Май бұршақ теңбілі, үрме бұршақ теңбілі ауруларын қоздыратын вирустар, сүйекті жеміс дақылдарының сақиналы вирустары (CGMMV) және тағы бірқатары аталған дақылдардың тұқымдарында сақталып, таралады. Вирустардың мамандануы тар және кең ауқымды болуы мүмкін. Мысалы CGMMV тек қиярды ғана залалдайды, ал CMV қиярдың, асқабақ тұқымдасының басқа дақылдарының теңбіл ауруын қоздырып, сонымен басқа тұқымдастарға жататын дақылдарды да (қарақұмықты, қызынақты т.б.) залалдайалады.

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Темекітеңбілі

                        озаика)

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Қиярдың жасыл

                      теңбілі

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3. Стрикауруына шалдыққан қызанақ көк жемісі

         Фитопатогенді вирустардың бір өсімдіктен екіншісіне таралуының бірнеше тәсілдері бар: ұластыру, контактты жұғу, насекомдар көмегімен жұғу, тұқымдары және тозаңдары арқылы таралуы. Ортаның қолайсыз жағдайлары (температура, ылғалдылық және басқалары) өсімдіктерді әлсіретіп, олардың бойындағы вирустардың көбеюі дәрежесін күшейтіп, зиянынарттырады. Жоғары температура картоптың көпшілік вирус ауруларын, оның ішінде картоптың сары ергежейлік ауруыныңартуына ықпал етеді. Ал таңқурай теңбілі ауруы керісінше төменгі температура жағдайында (күзде) артады. Қолайсыз факторлар қатарына сол сияқты тыңайтқыштарды есепсіз шашу да жатады.

         Вирустарды және олар қоздыратын аурулар диагностикасының негізгі тәсілдері: 1) кеселдің жұқпалы екенін анықтау; 2) серологиялық әдіс (практикада М.С.Дудинмен Н.Н.Поповтың (1937) шығарғантамшы серологиялық тәсілі кең қолданылады); 3) индикатор-өсімдікәдісі; 4)электрондық микроскопия; 5) люминесценттік талдау; 6) анатомиялық тәсіл; 7) химиялық тәсіл.

         Вирус ауруларына қарсы қорғау шаралары дақылдардың және ауру қоздырғыш вирустың ерекшеліктерін ескере отырып жасақталады. Кешенді қорғаушаралары профилактикалық және алдын алу шараларынан тұрады. Бұлардың ішінде белгілі бір вирустарға төзімді (иммунды) қасиеті бар сорттарды шығару жетекші роль атқарады. Вирустың туыс түрлерінің немесе штаммдарының интерференциясын (өзара сәйкессіздігін) пайдалану перспективалық бағыт болып табылады. Вирустың әлсіз штаммдарымен қолдан залалданған өсімдіктер сол вирустың агрессивтік штаммдарына төзімді болып келеді. Аурулардан таза, саутұқымдық немесе отырғызу материалдарын алу үшін тұқымдық учаскелерді вирусқа қарсы тазарту шараларын жүргізеді. Бұл үшін тұқымдық учаскедегі жай көзге байқалған және серологиялық тәсілмен анықталған вирус ауруының белгілері бар барлық өсімдіктер жұлынып алынады. Вирус ауруларына қарсы химиялық тәсіл сирек қолданылады, себебі вирустар әдетте тірі клеткалардың бойында болатындықтан вирустың тіршілігін тоқтатуға қабілетті заттар клеткалардың өздеріне де уытты болып келеді. Темекі мозаикасымен қызанақ жапырағының күреңдлігі ауруларының вирустарына қарсы кейбір антибиотиктердің (иманин, аренарин т.б.) тиімділігі анықталды. Вирустардың тіршілігіне металдар тұздарымен органикалық қышқылдардың әсері бар.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Карбозова Р. Д.,Туленгутова К.Н.Фитопатология. Алматы: ЖШСРПБК Дəуір, 2014. – 312 б.

2. Шкаликов В.А. Защита растений от болезней. М.: Колос, 2003.-256 с.

3. Габдулов М.А. Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары. Орал: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті, 2015. – 309 бет.