Экология/2Экологические и метеорологические проблемы  больших городов   

 

К.т.н. Дуйсебаева С.Т.

Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати, Казахстан

 

    АУЫЗ СУ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ

 

          Ауыз су сапасының деңгейі қазіргі уақытта өзекті мәселеге айналып отыр. Ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.  

Суды зертеу әдістерінің барлығын бірнеше топқа бөлуге болады. Алайда тіпті еуропалық лабораториялардың өзі деталдаудың барлық түрлерін ұсына бермейді. Осы жұмыстың авторы қаланың түрлі аудандарына су құбыры желілері арқылы келіп түсетін ауыз суға өз бетінше дербес талдау жасады. Зерттеу процесінде ТDS-метрді қолданды. Нәтижесі 1-i кестеде берілген. Бұл  өлшеу құралын солемер деп те атайды. TDS Total Dissolved Solids - еріген қатты заттардың жалпы құрамы деп аударылады.

TDS метр әрекетінің принципі судың электрөткізгіштігіне негізделген, яғни,  құрал  суда электрлі алаң түзетін электродтар жасап шығарады. Суда ток тудыратын тұз ионы мен қышқылдық негіз TDS метрмен өлшенеді, ал алынған мөлшері дисплейге шығады.

Судың қаттылығын өлшеу бірлігі TDS метрде PPM (Parts Per Million, судың миллион молекуласының бөлшегі) немесе мг/литр болып көрінеді.

Өлшеу былайша жасалады:  Құралды  қосамыз, ол 000-ді көрсетеді, суға электродты жібереміз де, мәніне қараймыз.

Индикация үш сегментті,егер мәні 999-дан көп болса, онда төменгі жағында х10 деген белгі пайда болады.

Өлшеу құралы американдық өлшем бірлігін ppm өлшейді, Ресей мен Қазақстанда 1 литрге - миллиграмм-эквивалент, мг-экв/л. бірліктері қалыптасқан. 1 мг-экв/л=50,05 ppm.

СанПиН 2.1.4.1074-01 нөмірлі Санитарлық нормалар мен ережеге сәйкес, ең жоғары рұқсат берілетін концентрация 7 мг-экв/л. немесе 350ppm-ге тең.

Кесте 1.

 Аудан

ШМК*

мг /литр

ТDS**

мг /литр

Өлшеу нәтижесі

Қаланың орталық бөлігі

4-тен 40-қа дейін - өте жақсы

40-тан 60-қа дейін- жақсы

60-тан 100-ге дейін -  қанағаттанарлық

100-ден бастап - нашар

 

376

Микроаудан 13

 

  290

Темір жол вокзалы ауданы

 

 360

PURE PRO фильтрін орнатқан соң

 

 

26

 

(* ДДСҰ талаптарына сай келетін ауыз судағы еріген қоспаның жалпы шекті мүмкін концентрациясы,  **тұздың, биологиялық, органикалық және  механикалық қоспаның құрамы).

Сонымен қатар, автор екі тілде сауалнама жасады: қазақ және орыс   және қала тұрғындарынан сауалнама алды: студенттерден, зейнеткерлерден, мұғалімдерден, үй шаруасындағы әйелдерден. 100 адамнан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі 2-i кестеде берілген.

Кесте 2.

Сұрақтар

Қандай су ішесіз?

Ішіп жатқан судың  қандай сапасы  ұнамайды?

Ауыз судың құрамын білесіз бе?

Судың  сапасы адам денсаулығына әсер ете ме?

 

Тараз ауыз суының сапасына  қанағатсыз ба?

Фильтрден өткізген

28,3%

 

26,6%

8,3%

36,6%

 

 

 

 

Қайнатылмаған

Бөтелкеден

Қайнатылған

Түсі

 

31,6%

16,6, %

1,6%

 

 

 

Иісі

Дәмі

Иә

 

 

65%

16,6%

 

 

Жоқ

Иә

 

 

 

83,3%

 16,6%

 

Жоқ

Иә

 

 

 

 

76,6%

23,3%

Жоқ

 

Су құбырларынан алынған ауыз судың сапасының нашарлау себебі - сумен қамтамасыз етудің қалалық жүйелеріндегі су құбырлары желілері суға техникалық тұз қосылатындықтан, тозығы жеткендігінде, соның нәтижесінде қалалық тұрғындардың шәйнектеріне қалың  қаспақ  тұрып қалады. Тұнба су құрамындағы темір, марганец, басқа да микроэлементтер мен қоспалар негізіндегі тұздың нәтижесінде пайда болады. Судың қаттылығы жоғарылаған сайын қалың  қаспақ түзіледі. Адам үшін бұл қауіпсіз, қалың тұнба кесірінен судың, шайдың, кофенің, дайындалған тағамның дәмдік сапасы төмендейді. Осы көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, су құбырлары желілері тез арада жаңартуды талап етеді.

Ауыз су сапасын тек су жинау бөлімшелерінде ғана емес, су құбырларынан өткен соң да бағалау керек, мысалы, сол және басқа да бөлімшелердегі, үйлердегі, аудандардағы және т.б. су жүретін құдықтардағы ауыз су сапасын бақылау, сыртқы желілердегі су бөгеттер мен үйге кіретін судың сапасын бақылау.

Су сапасын бақылау және оны қосымша тазалау үшін әр үйге тікелей келіп кіретін құбырларға тазалау  құралдарын орнатуды ұсынамыз.

Желілерді қайта қалпына келтіру және судың екінші қайтара ластану мүмкіндігін жою жоспарында Тараз Су МҚК қолданып жүрген тәсілдер мен әдістерге қосымша, құбыр желілеріне локальді жөндеу жұмыстары мен телеинспекция жасау үшін «Рокот» (НПО «Тарис, г. Мәскеу) дөңгелекті өзі жүретін роботын алуды ұсынамыз.

 

Әдебиет

1.СТ РК ГОСТ Р 51593-2003. Требования к отбору проб питьевой воды, производимой и подаваемой централизованными системами питьевого водоснабжения (Разводящая сеть, центральный городской водопровод)

2.СТ РК ГОСТ Р51232 Воды. Общие требования к организации и методам контроля качества