Экология/2Экологические и метеорологические проблемы  больших городов  

 

К.т.н. Дуйсебаева С.Т.

Таразский государственный университет им. М.Х. Дулати,Казахстан

 

  ШАҺАРЛАРДЫҢ ТАЗА СУ МӘСЕЛЕСІ  

           

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мәліметі бойынша, әлемдегі барлық жұқпалы аурулардың 80 %-ға жуығы ауыз судың қанағаттанарлықсыз сапасы мен  сумен жабдықтаудың санитарлық-гигиеналық нормасының бұзылуына байланысты. Сапасыз суды тұтыну жұқпалы және паразитті ауруларға себеп болуы мүмкін. Әлемде 2 млрд. адам лас суды пайдаланғанына байланысты созылмалы ауруларға шалдыққан.

 Қазіргі уақытта ауыз сумен жабдықтаудың әр түрлі кезеңдерінде, соның ішінде орталықтандырылған сумен жабдықтау кезінде су тарату жүйелеріндегі ауыз су сапасының келеңсіз өзгерістеріндегі қиындықтар үлкен алаңдаушылық тудырады. Тұтынушылардың химиялық, микробиологиялық және органолептикалық көрсеткіштердің барлық санитарлық-гигиеналық талаптарына толығымен жауап беретін ауыз суға тікелей қол жеткізу міндетімен көптеген ғалымдар айналысуда.

«Еліміздің тұрғындарының сапалы ауыз суға қол жеткізуі бұрынғысынша өзекті мәселе болып отыр, сонымен бірге, Қазақстан Республикасының  20% халқы сапа стандарты нормативіне сай келмейтін суды тұтынуда», - деп 2010-2020 жылдарға арналған «Қазақстан Экологиясы» мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген.

Құжатта ҚР тұрақты түрде сумен жабдықтау мәселесінің өзектілігі орналасқан су ресурстарының шектеулілігімен, олардың ластану деңгейінің жоғары болуымен, еліміздің территориясы бойынша су қорлары орналасуының әркелкілігімен анықталады. Жер астындағы тұщы сулардың жалпы тапшылығына қарамастан, тіпті зерттелген орындардағы жер асты сулары да тұтас аймақтардың тұтынушыларын сумен жабдықтаудың деңгейімен көрсетілетін, зерттелген қорлардың толық емес, 0,2 -ден 12%-ға дейінгі мөлшерінде қолданылады.

Жамбыл облысы  территориясында бірнеше су ресурстары орналасқан, олар негізгі өзендермен: Шу өзені тарауларымен (жалпы ұзындығы 1 186 км),  Талас өзені (жалпы ұзындығы 661 км),  Аса өзені (жалпыұзындығы 253 км) және ірі тұщы көлдерімен көрсетілген: Балқаш көлі (батыс бөлігі, 18,2 мың кв. км.), Билікөл көлі (33 кв. км), Ақкөл көлі (15,5 кв.км.), Үлкен Қамқалы (4,6 кв.км.). Облыс Республикада барланған су асты қоры бойынша 3 орын алады. Бекітілген эксплуатациялық қоры 4 520,9 мың м3/тәулігіне 40 кен орны анықталған.

Талас-Аса өңіріндегі жерасты сулары тұщы, минералдылығы 0,3-0,7 г/л. Зиянды компоненттер норма шегінде, қаттылығы 4,2-6,3 мг-экв./л. Сулары бейагрессивті, бос көмірқышқылдарынан таза. Бірқатар скважиналарда нитраттар мен аммиактың болуы байқалады, ол суды залалсыздандырудың қажеттілігін көрсетеді. Басқа көрсеткіштері бойынша су МЕМСТ 2874-82 талаптарына сәйкес келеді.

Тараз қаласы жұмыртас пен қиыршық тастан тұратын «тостағанда» 120 метр тереңдіктегі суы бар екі өзен сағасының аралығында орналасқан. Бұл «тостаған» азаймайды, табиғи жолмен,  өзендермен толыға отырап, көбейеді, бұл біздің қаламыздың суды пайдалану нормасына әсер етеді.

Жамбыл облысы Тараз қаласының жер асты су көздеріндегі судың химиялық және микробиологиялық құрамы өте жақсы болып табылады.Су жинау ғимараттарының орналасуы қазіргі уақытқа дейін оларды адам әрекетінің әсер етуінен қорғап келді, сондықтан да «Тараз Су» МҚК суды уақтылы технологиялық тазалау нәтижесінде  ластанудың болар-болмас факторларына қарсы тұрып келеді.

Тараз жер асты су көздерінің ауыз суы тазалауды қажет етпейді. «Тараз Су» МҚК тек хлорлау шарасын ғана жүргізетіндіктен, суды натрий гипохлориді көмегімен зарарсыздандыруды ұсынамыз. Бұл тәсіл экологиялық жағынан таза әрі қауіпсіз, өйткені гипохлоритті табиғи жолмен жіберу кезінде кислород түзіліп, ас тұзы пайда болады, бұл табиғатқа да, адамға да ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл - ауытқулар тудыратын бактериялар, вирустар санының өсуімен күрестің ең тиімді әдісі.

 

Әдебиет

1.Экология Казахстана: Государственная программа на 2010-2020 годы.-Астана,2012

2. Омарбеков Т., Омарова Қ. Жамбыл облысының қоршаған ортасы жҽне табиғатты қорғау шараларын экологиялық тұрғыдан бағалау//ТарМПИ Хабаршысы,№9, 2012,  225 ,б.

3.http://upr-taraz. Жамбыл облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменты