Сейітқазиев
Ә.С.,Нұрабаев Д.М., Сейітқазиева Қ.Ә.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Мелиорациядан кейінгі
мүмкін болатын минералдылық
Көп жылдық зерттеулерден және
өндірістік тәжірибелерден белгілі, онда мәдени
өсімдіктер білінбейтін белгілерінен 10-12 г/л минералданған суды
пайдалануы арқылы жойылуы мүмкін [1-2]. Барлық суғармалы жобаланатын
жерлердегі алатын аумақтағы ызы суының минералдылығы
1.5нан 4 г/л және сулы қабаттың қалыңдығы
2,5-тен 30м-ге дейін болады. Суғару үшін керіздік және
қашыртқы сулардың жарамдылығын мынадай жолмен
анықтауға болады. Мәселен, барлық керіздер
аралығын тұздар қорының көп мөлшерде сор
алып жатыр (тұзды зерттеу мәліметтері бойынша)[2] . Жер бетінен 2
метр аралықта әр түрлі
тұздардың химиялық құрамына байланысты есептеуіміз бойынша, мәселен:Хлорлы тұзда-84-420
т/га,ал сульфатты-хлорлы тұзда-100-572
т/га,хлорлы-сульфатта-116-667т/га,сульфатты да-147-647т/га тұздың қоры орналасқан. Ендеше, сор
топырақтан оны игеру үшін
ең кем дегенде 50-75 % тұзды ығыстырып шығару
қажет. Бұл тұздарды ығыстырып шығару кезінде,
тұздың қайтару зерттеулері нәтижесі
көрсетілгендей, бұған шамамен 4-8 мың м3/га
шаю мөлшері керек. Сонымен қатар, мұндағы ыза суымызда
минералдылығының жоғарғы концентрациясы бар,
мәселен 1.8-6.5 г/л. Сулы қабаттың ең төменгі
қалыңдығы (2,0м) және орташа тиімді
кеуектілігі 35-39% болса, онда
ыза суының қоры мынаған тең: 2,0м х 10000м2х
0,38 = 7600м3/га; ал ыза суындағы тұздың
қоры мынаны құрайды: 7600х1.8 кг/м3 = 13680 кг/га
= 13.68т/га. Шаю суы мен ыза суын араластырғанда, судың орташа
мүмкін минералдылығы (См) былай болады[1-3]:
См =Sқ +Sыcд/
Wысд + Nбр , (1)
Олай болса, белгілі
бағалау деңгейі (шкаласы) бойынша, керізді судың мынадай
минералдылықта егісті суғару үшін пайдаланса, шамамен 10-20%
Сафонов В.Ф. [1, 4]өнімді жоғалтатындығын көрсетеді.
Егер минералдылығы 5 г/л-ден төмен, сонымен қатар саяз жер
қабатында, аз мөлшердегі тұздануда, болжамдық керіздегі
су концентрациясы жоғары болады. 1-кестедегі белгілеулердің аталуы:
Sб - бастапқы тұздану; Sс – мүмкін
болатын соңғы тұздану;
Nнт- тұзданудың дәрежесіне сай берілген нетто шаю
мөлшері; h – ыза суының
ең жақын орналасқан деңгейі; К – ыза суы деңгейі
аралығындағы орташа тиімді кеуектілігі
; Сб – улы тұздардың топырақ
ерітіндісіндегі тұздану дәрежесіне сай құрамы; Wыс – ыза суының қоры;
S–ыза суындағы тұздың қоры; См – шаю суы мен
ыза суы қосылғандағы, судағы мүмкін болатын
орташа минералдылығы.
Орташа
есепсанақтық мәліметтердегі есептеулерде мелиоративтік
жұмыстың соңында керіз суының минералдылығы
шамамен 3-4 г/л
құрайды.
Шаю суы мен ыза суы
араласқанда, судың орташа минералдығы (1) формуласы бойынша:
См = 3.8 кг/м3 = 3.8 г/л;
Бұл мәліметтен
білетініміз керіздік сумен егістікті суғаруға толық
мүмкіндігі бар. Өйткені, жалпы алатын өнімнің 5-10%
ғана жиылады. Ал игерілмей жатқан жерлермен тұзға төзімді
дақылдардың табиғаттағы өзіндік ерекшеліктерін
ескерсек, қолайлы мелиоративтік шаралардан керіз суын толық
қолдануға мүмкіндік бар [3-6].
Керіз суларын егістікке,
тұзданған жерлерді шаюға, тұзға төзімді
дақылдар танабында қолдану үшін ең алдымен
бастапқы және мүмкін болатын тұз мөлшерін, ыза
суының орналасу тереңдігін, топырақтың
механикалық құрамын, керіз суының жоғарғы,
төменгі концентрацияларын, жер көлемін білуіміз керек.
1-кесте.Мелиоративтік шарадан кейінгі мүмкін болатын
минералдылық
|
Тұздың түрі |
Тұздануы,т/га |
Шаю мөлшері, Nнт,м3/га |
Ыза суының терең дігі,h,м |
Тиімді кеуект ілік,nт |
Баста пқы мине ралды.,Cб, г/л |
Ыза суындағы көлем,Wысд,м3/га |
Ыза
суындағы тұз,Sысд,т/га |
Мүмкін бол атын минерал.См,г/л |
|
|
Sб |
Sс |
||||||||
|
Хлорлы |
84 |
50 |
4000 |
2 |
0.38 |
1.8 |
7600 |
13.7 |
3.8 |
|
140 |
70 |
5000 |
2 |
0.38 |
3 |
7600 |
22.8 |
6.8 |
|
|
224 |
90 |
6000 |
2 |
0.38 |
5 |
7600 |
38 |
11.8 |
|
|
420 |
126 |
8000 |
2 |
0.38 |
7 |
7600 |
53.2 |
21 |
|
|
Сульфатты-хлорлы |
100 |
55 |
4000 |
2 |
0.39 |
1.5 |
7800 |
11.7 |
4.43 |
|
172 |
79 |
5000 |
2 |
0.39 |
2 |
7800 |
15.6 |
7.9 |
|
|
343 |
130 |
6000 |
2 |
0.39 |
4 |
7800 |
31.2 |
16.5 |
|
|
572 |
206 |
8000 |
2 |
0.39 |
6 |
7800 |
46.8 |
24.6 |
|
|
Хлорлы-сульфатты |
116 |
61 |
4000 |
2 |
0.37 |
1.6 |
7400 |
11.84 |
5.4 |
|
232 |
97 |
5000 |
2 |
0.37 |
2.4 |
7400 |
17.8 |
11.4 |
|
|
435 |
152 |
6000 |
2 |
0.37 |
5.3 |
7400 |
39.2 |
22.4 |
|
|
667 |
220 |
8000 |
2 |
0.37 |
6.5 |
7400 |
48.1 |
30.1 |
|
|
Сульфатты |
147 |
70 |
4000 |
2 |
0.35 |
1.7 |
7000 |
11.9 |
7.41 |
|
294 |
118 |
5000 |
2 |
0.35 |
2.3 |
7000 |
16.1 |
14.8 |
|
|
441 |
141 |
6000 |
2 |
0.35 |
3.5 |
7000 |
24.5 |
23.2 |
|
|
647 |
194 |
8000 |
2 |
0.35 |
6.2 |
7000 |
43.4 |
31 |
|
Кестеде
көрсетілген мәліметтерді
жүйелі тұрғыда
талдасақ : топырақтың
құрамында әр түрлі тұздар кездескенде ,
белгілі, жоспарлы түрде жүргізілген
мелиоративтік шаралардан кейін ,ыза суы деңгейіндегі минералдылықтың мөлшерін нақты біле отырып , егіс
алқаптарындағы керізді-коллекторлы желінің
қаншалықты жұмыс істейтінін және мұндағы мүмкін болатын
минералдылық- алынатын өнімге тікелей әсер ететінін білуімізге
толық мүмкін болады.
Әдебиет
1.Соколенко Э.А.,Зеличенко Е.Н.,Кавокин А.А. и.др.Теоретические основы процессов
засоления –рассоления почв.Алма-Ата.,1981,-296с.
2.Сейітқазиев Ә.С. Суғармалы
геоэкожүйелердегі тұзданған топырақтың
су-тұз алмасуы., Тараз, 2010, - 294 б.
3.Сейтказиев
А.С.. Салыбаев С.Ж.. Байзакова А.Е.. Музбаева К.М. Экологическая оценка
продуктивности улучшения засоленных земель в пустынных зонах республики
Казахстан Тараз. 2011.-274с.
4. Seitkaziyev Adeubai, ,Shilibek
Kenzhegali,Salybaiev Satipalde, Seitkaziyeva Karlygash.The Research of the
Ground Water Supply Process on Irrigated Soils at Various Flushing Technologies
// World Applied Journal 26(9):1168-1173,2013.
5.Сейітқазиев
Ә.С. Тұзды топырақты
шаюдың экологиялық тиімді мөлшерлерін анықтау
әдістері //Ізденіс-поиск, 2008, №2, Б. 122-126.
6. Сейітқазиев А.С., Буданцев К.Л. Моделирование
водно-солевого режима на засоленных землях //Меж. ВУЗов. Сб.научн.трудов,
Москва, 2002, С.72-79.