Сейітқазиев Ә.С.,Хожанов
Н.Н.,Сейітқазиева Қ.Ә.,Толқынбаева А.Т.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Ыза
суы деңгейіндегі ылғал қорын есептеу
Ауаландыру
аймағындағы ыза суының
мөлшерін анықтау, әсіресе, дақылдалдардың
өніп -өсу кезеңіндегі
топырақтың генетикалық немесе өсімдік тамыры
жайылған есептеу қабатындағы жер асты сулармен
дақылдардың ылғалды қабылдау құбылысын
анықтауға толық мүмкіндік болады. Бұл үшін,
зерттелетін нысаннның (Төлеби метеостанциясы бойынша,2013жылы) метеорологиялық мәліметтерін
(ауаның температурасы, ауаның салыстармалы ылғалдылығы,
микроклиматтық және биологиялық коэффициентер, суғару
мөлшері, топырақтың ылғалдылықтары, ыза
суының орналасу деңгейі т.б.) анықтау қажеттілігі
туындайды. Ескеретін жағдайлар: топырақтың жер асты сулармен
дымқылдануы, барлық егіс танабына біркелкі болмайды, біріншіден
жердің бедері, гидрогеологиялық жағдайы және
дақылдардың топырақ жамылғысындағы тамырларының
орналасуына (0,8...5 м) тікелей байланысты.
Көпжылдық
зерттеулер мәліметтеріне [1-2] сүйеніп, топырақтың
есептеу қабатындағы өтімді ылғал қорлары мен ыза
суларының орналасу тереңдіктеріндегі немесе ауландыру
аймағындағы ыза суы мөлшері анықтаудағы
болжамдық өрнегін қарастырсақ[2]:
мұндағы
Суғармалы геоэкожүйелеріндегі ыза суы
деңгейінің орналасу тереңдігіне байланысты оның
мөлшері және ыза суы деңгейі (ЫСД) бетіндегі минералды
сулардың булану құбылыстарын отандық және шетел
ғалымдырының еңбектерінен бақылауға болады.
Бұл мәселелермен С.Ф. Аверьянов, С.И.Харченко, В.А.Ковда, Н.А.
Качинский, Ә.С. Сейітқазиев, Р.Қ.Бекбаев ғылыми
зертттеулер жүргізіп, өндірісте нәтижелерін берді [1-2].
Булану құбылысының өсімдік тамыры
жайылған қабатта тұрақты қозңалыста болуы,
субирригациялық (топырақ бойымен дымқылдану)
ылғалдың пайдаға асуы, олардың орын алмасу
жылдамдығын ретке келтіру қажеттігі туындайды. Сондай - ақ,
жоғарыда алынған мәліметтерді пайдаланып, табиғи
экологиялық –мелиоративтік шаралардың көрсеткітеріне
сүйеніп, есептеу қабатындағы ағынның
төмендеу және капилляр бойымен жоғарылау жылдамдықтарын
анықтауға толық мүмкіндік туады [3-4].
Қорыта келе, тәжірбелік мәліметтер мен ғалымдардың
көп жылдық зерттеулері нәтижесінде [3-5], жер асты
суларының ылғалдылық шамасы пайдалана отырып, жер бетімен
келетін суландыру суларының мөлшерін азайтамыз. Бұл
жағдайлардың есебінде булану мен жер арнайы каналға
сіңірілген сулардың көлемі азайтып, мұндағы
өсімдік тамыры жайылған қабаттағы ылғалдық
пайдаланылып, өндіріске келген үнімділікпен экологиялық
жағдайды жақсарту толық ықпал ететіндігін, есептелген кестеден байқауға болады.
1- кесте
.Дақылдардың өніп - өсу кезеңіндегі ауландыру аймағындағы ыза
суының мөлшерлерін (qы∙с.) анықтау
|
Айлар |
Ауаның температурасы t, |
Темпера тура Жиынтығы |
Ауаның салыстыр. ылғал. а, % |
Микро клим. Коэф. Ко |
Биоло гиял. Коэф. Кб |
Суғару мөлшері m,м3/га |
ЕТЫС βетыс,% |
Ыза суы деңгейі Нх,м |
ЫСД нақты
орналасуы Н,м |
Суғару аралығы ұзақты. Тì,тәу |
Уақыт аралығын.
топырақ ылғал
βТì,
% |
Ауландыру
аймағы ыза суының
мөлшері, qы∙с,м3/га |
|
Көп жылдық шөп
(жоңышқа) |
||||||||||||
|
IV |
13.2 |
396 |
58 |
1.0 |
0.85 |
1000 |
23 |
2 |
3.4 |
16 |
16 |
5587 |
|
V |
18.3 |
963 |
49 |
1.0 |
1.09 |
1000 |
24 |
2 |
3.2 |
16 |
17 |
6928 |
|
VI |
23.1 |
1656 |
46 |
0.9 |
1.02 |
1000 |
25 |
2 |
3.3 |
15 |
19 |
4398 |
|
VII |
25.2 |
2437 |
46 |
0.80 |
1.04 |
1000 |
24 |
2 |
3.2 |
15 |
20 |
3426 |
|
VIII |
23.7 |
3172 |
47 |
0.80 |
0.85 |
1000 |
24 |
2 |
3.4 |
14 |
19 |
3385 |
|
IX |
19 |
3742 |
45 |
0.80 |
1.02 |
1000 |
23 |
2 |
3.5 |
16 |
18 |
3642 |
|
Жүгері |
||||||||||||
|
V |
18.3 |
567 |
49 |
0.85 |
0.70 |
900 |
23 |
2 |
3.2 |
9 |
17 |
6497 |
|
VI |
23.1 |
1260 |
46 |
0.90 |
1.02 |
900 |
24 |
2 |
3.3 |
9 |
18 |
4905 |
|
VII |
25.2 |
2041 |
46 |
0.90 |
0.90 |
900 |
22 |
2 |
3.5 |
11 |
19 |
1923 |
|
VIII |
23.7 |
2776 |
47 |
0.90 |
0.80 |
900 |
21 |
2 |
3.4 |
11 |
16 |
4466 |
Бұл
келтірілген кестеден байқағанымыз : топырақтың ылғалдылығы мен ең
төменгі ылғал сыйымдлықтырынан және ыза суының орналасу
тереңдіктеріне байланысты
,ондағы судың
көлемі өзгеріп
отыратындығын білдік.Біздің есептеуімізде
ыза суының тереңдігі
2м болған жағдайды қарастырдық. Ал бұл
тереңдік өзгеріп отыратындығын ескерсек , онда ыза
сының мөлшері басқаша
болады.Мәселен , жоңышқа
дақылы үшін 1м
болғанда ,ыза суының мөлшері
2905м3/га
,яғни екі еседей аз
мөлшерде пайдаланылады.
Әдебиет
1. Сейітқазиев Ә.С.
Ауландыру аймағындағы топырақтағы
тұшыландырудың тиімді
тәсілдері //М.Х.Дулати атындағы ТарМУ хабаршысы №1(29), Тараз,
2008.- 32 -37 б.
2 Бекбаев Р.Қ. Почвенно –
экологические процессы и методы их регулирования на орошаемых экосистем
Казахстана // Автореф. докт. тех.наук., Тараз, 2006, 45с.
3. Сейітқазиев Ә.С.,
Байзакова А.Е. Режим грунтовых вод, приуроченных к бассейнам рек // Вопросы
мелиорации, №5-6, Москва, 2003, с. 93-98
4.Сейітқазиев Ә.С.Топырақ
ылғалдылығына байланысты
экологиялық -мелиоративтік шараларды қолдану тәсілдері//Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия
ұлттық университеті
ХАБАРШЫ,№ 4(83),2011, Б .146-149.
5.Сейтказиев А.С., Музбаева К.М., Салыбаев
С.Ж. Моделирование водно-солевого и теплового режимов деградировенных почв.
Тараз, 2011,-356 с