Сейітқазиев Ә.С.,Толқынбаева
А.Т., Сейітқазиева Қ.Ә.,Жандарбек М.С.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Берілген судың әсерінен ағын жылдамдықтарының
өзгеруі
Суландыру суының нетто (Nнт) мөлшері суғару
кезіндегі ауданшалардағы сіңірілуі біркелкі еместігі төмендегі формуламен анықталады
,ол танапқа берілген жалпы сумен
емес, нақты аудан үшін ылғалдың қорымен есептелінеді[1-2]:
Nнт=W2-
W1,
(1)
мұндағы
W1- тепе-теңдік қабаттағы ылғал қоры ,тікелей
суғарудың алдында анықталады,м3/га; W2-
суғарудан кейінгі ылғал
қоры, м3/га;
Мұндай
жағдайдағы төмен
кететін ағыс жылдамдығы(ϑт):
ϑт=
W2- W1/104. Wор.t, (2)
мұндағы Wор-суғару
аралығындағы есептеу
қабаты үшін ,орташа ылғалдылық ,үлеспен; t-
берілген судың уақыты.
Суғару
аралығындағы ылғал
қорының өзгеруі жалпы
булану есебімен және
керіздердің әсерімен
жүргізіледі:
W2-
W3=(u+T) +D-Аж,
(3)
мұндағы
W3-келесі суғарудың алдындағы ылғал қоры , м3/га;
(u+T)-жалпы булану, м3/га; D-керіздік ағын, м3/га;
Аж-жауын-шашын, м3/га.
Жоғары көтерілетін жылдамдық(ϑж)
тең:
ϑж=(u+T)
+D-Аж/104. Wор.t,
(4)
екі формуланы (2) және (4)
теңестіріп ,табатынымыз:
D= W3-
W1-Аж, (5)
Бұл аталған табиғи мелиоративтік
шаралардың көрсеткіштеріне сүйеніп, есптеу
қабатындағы ағынның төмендеу және капилляр
бағытпен жоғарылау жылдамдықтарын анықтауға
мүмкіндік туады (1-кесте). Ыза суының орналасу тереңдігіне
сай ылғалдылықты мен есептеу қабаттары, ондағы
топырақтың құрамына қарап, керіздердің
арақашықтығын арынның көтерілуіне сәйкес
анықтап, сондай-ақ, әрбір ыза суы тереңдігіне сай
суландыру мөлшерінің шамасын біле аламыз. Бұдан біз ыза суы
неғұрлым жақын орналасса, субирригациялық ылғалды
өсімдік тамыры соғұрлым жақсы қабылдай алатынына
көзімізді жеткізе аламыз. Мұндай құбылысты топырақты шаю және танапты суғару үрдісі
кезінде толық пайдаланып, ескеруіміз керек[2-3].
1-кесте.Танапқа
берілген судың әсерінен ағын жылдамдықтарының
өзгеруі
|
Топы рақ
қабаты, м |
Ты ғыз- дық, т/м3 |
Ке уек тілік, % |
Орташа ылғал дылық, Wор,%/м3/га |
Суғару алдын ылғал, W1, %/м3/га |
Суғару дан кейінгі ылғал, W2,%/ м3/га W2 |
Келесі
суғаруалдындағы ылғал,% / м3/га W3 |
Керіз дік ағын, м3/га Д |
Жауын мөл шері, Аж, м3/га А |
Төмен гі ағын жылд-ғы, м/тәу |
Жоғарылау ағын жылд-ғы, м/тәу |
|
0.5 |
1.35 |
50 |
17 |
15 |
23 |
20 |
187 |
150 |
0.064 |
0.040 |
|
1148 |
1013 |
1553 |
1350 |
|||||||
|
1 |
1.42 |
48 |
20 |
18 |
25 |
19 |
80 |
120 |
0.071 |
0,017 |
|
2840 |
2500 |
3550 |
2700 |
|||||||
|
1.5 |
1.47 |
46 |
21 |
19 |
27 |
20 |
100 |
100 |
0,12 |
0,014 |
|
3087 |
4200 |
5954 |
4400 |
|||||||
|
2 |
1.50 |
43 |
19 |
17 |
26 |
19 |
70 |
60 |
0.14 |
0.11 |
|
5700 |
5100 |
7800 |
5700 |
|||||||
|
2.5 |
1.53 |
42 |
22 |
20 |
28 |
21 |
50 |
40 |
0.14 |
0.12 |
|
8415 |
7650 |
10710 |
8033 |
|||||||
|
3 |
1.50 |
43 |
20 |
19 |
26 |
21 |
40 |
40 |
0.16 |
0.11 |
|
9000 |
8550 |
11700 |
9450 |
Жоғарыда көрсетілген формулалар (1-5) негізінде есептелген төменгі және жоғары
көтерілген ағыстардың
жылдамдықтарын есептеуде ,топырақ
қабаттарының орналасу
тереңдігіне байланысты , атап
айтсақ ,әр түрлі тереңдіктегі ылғал қорларын ескердік, сонымен қатар, есептеу
тереңдіктеріне сәйкес(0.5,1.0,1.5,2.0,2.5,3.0м) аралықта ,мұндағы суғару кезіндегі судың берілу аралығы да әр түрлі болып келеді .Біздің бақылауымыз
бойынша көрсетілген терңдіктерге сәйкес(5-10 тәулік) болып келді.
Кестедегі мәліметтерді талдау кезінде
байқағағанымыз,мәселен:Топырақтың
тереңдігі бір метр болғанда
Суғару алдын дағы
ылғалдылығы( W1=1013 м3/га,ал осы
кездегі ылғалдың
мөлшері 15%), дәл осылай суғарудан кейінгі ылғал( W2 =1553 м3/га, ал ылғалдың мөлшері
23%), келесі суғару алдындағы ылғал W3=
1350 м3/га,
ылғалдың мөлшері 20%), Орташа
ылғалдылық Wор =1148
м3/га,ал ылғалдың мөлшері 17 %.Осы ретпен барлық тереңдік бойынша топырақтың
ылғалдылықтарын
көрсетуге болады.Есептеу нәтижесі көрсеткендей,
танапқа берілген судың әсерінен ағын
жылдамдықтарының өзгеруі: Төменгі ағын
жылдамдықтары-0.064-0.16 м/тәу,ал жоғарылау ағын
жылдамдықтары-0.040-0.12м/тәу
аралығында болғанын есептедік.Далалық егіс
алқаптрында алынған(монолиттік, топырақ үлгілерін алу
), бір сөзбен айтқанда:топырақтың сулы-физикалық қасиеттерін зерттеу
нәтижесінде алынды.
Әдебиет
1.Обзор опыта СССР и США по эффектвному использованию
засоленных орошаемых земель//Под
ред.академикаВАСХНИЛ Балаева Л.Г.,Москва,1981,С.54-89.
2.Сейітқазиев Ә.С. Суғармалы
геоэкожүйелердегі тұзданған топырақтың
су-тұз алмасуы., Тараз, 2010, - 294 б.
3. Seitkaziyev Adeubai, ,Shilibek
Kenzhegali,Salybaiev Satipalde, Seitkaziyeva Karlygash.The Research of the
Ground Water Supply Process on Irrigated Soils at Various Flushing Technologies
// World Applied Journal 26(9):1168-1173,2013.