Экономические науки/  Экономика промышленности9.

э.ғ.к., А.Е. Муханова

магистрант, А. Бимурзаева

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет,  Казахстан. Қызылорда

 

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА   МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ШАРАЛАРЫ

 

Құрылыс – бұл мемлекет экономикасының өзіндік жеке саласы, яғни әрекетке жаңа объектілерді, сонымен қатар, өндірістік және өндірістік емес объектілерді қайта құру, кеңейту, жөндеу және техникалық жабдықтарды енгізу болып табылады. Бұл ел экономикасының динамикалық дамуы үшін құрылыс саласында шарттарды құруын қарастырады.

Материалды өндірістің саласы ретінде құрылысты басқа салалардан өзгешелейтін бірнеше ерекшеліктері бар: оның соңғы өнімі, еңбектің  арнайы шарттары, қолданылатын арнайы техникасы, технологиясы, өндірісті ұйымдастыру, басқару және материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Көрсетілген ерекшеліктер жабдықталатын объектілердің белгісіне тәуелсіз барлық салаға тиесілі жалпы және бөлек құрылыс министрліктеріне сипатты, арнайы болып бөлінеді.

Құрылыс кешені халық шаруашылығының негізгі қорларының өндірісін қамтамасыз ететін - соңғы нәтижені алудағы техникалық және технологиялық, ұйымдастырушылық, тығыз тұрақты экономикалық байланыстарды сипаттайтын кәсіпорындар және өндірістер, салалардың жиынтығын білдіреді[1].

Қазіргі кезде құрылыс кәсіпорындарында ресурстық базаның құлдырауы байқалады (өзіндік ресурстармен қамтамасыз етудің төмендеуі; кәсіпкерлік деңгей индексінің құлауы, қаржыландырудың тежелуі), яғни олардың бәсекеге қабілеттілігінің біршама төмендеуіне әкеледі. Бұдан шығатыны, негізгі құраушы ресурстық потенциалдың тиімді басқарылуы мен оптималды құралуы аймағындағы кәсіпорындар жұмысының қажеттілігі туындайды. «Ресурстық потенциал» түсінігінің қолданыстағы жағдайларын қарастырайық.

Сөздіктерде «ресурстар» түсінігі табыстар, құралдар көзі; қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтар ретінде қарастырылады. Отандық ғылымда «экономикалық ресурстар» категориясын зерттеу экономикалық өсу және ұдайы өндіріс теориясын дамытумен байланысты.  70-ші жылдардың басында А. И. Анчишкин экономикалық өсу моделін ұсынды, онда экономикалық өсу процессіне өндірістік ресурстар мен өндірістік факторлардың әсер етулері, олардың әртүрлілігі мен бірігулері туралы ережелер құрастырылды. Сондай-ақ экономикалық ресурстардың белгілері өңделініп жасалды:

- өндірістік тұтынушылықтағы қатысудың потенциалды мүмкіндігі;

- берілген деңгейдегі экономикалық даму кезіндегі ресурстардың құрамы мен көлемінің шектелуі.

Өзініз кейінгі жұмыстарында ол «ресурстар»  категориясына біршама кеңірек анықтама берді, яғни оларды «өндірістік күштер» түсінігімен байланыстырып,  өндірістік және өндірістік емес салалардағы экономикалық ресурстардың барлық жиынтығының соңғы категориясын қосты. Экономикалық ресурстар ұдайы өндіріс процессіндегі ролі мен өзіндік маңыздылығына қарай В.В.Клюшинның көзқарасы бойынша өндірістік күштер «запасын» білдіреді және өндіріс процессін және әрі қарайғы барлық ұдайы өндіріс звеноларын - «ағымдарын» анықтайды[2].

Ресурстардың «қосалқы бөлшектерден» «ағымдағысына» айналуы ресурстарды өндіріс факторларына айналдырады: «өндіріс факторлары - бұл өндіріс процессі элементі болып табылатын өндірістік ресурс. Осындай үлгіде, ол өндірістік күштердің әрекет етуші белсенді элементі болып көрінеді. Оны қолданудың нәтижесі өнім болып табылады, әрі қарайғы қозғалысы ресурстарды жаңартып және кеңейтеді, сондай ақ  ағымдағы өндірістік  және өндірістен емес қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады.

«Потенциал» - кең мағынасында, белгілі бір аймақтағы қандайда бір әлеуметтік жүйелердің мүмкіндіктері, қандайда бір міндеттердің шешімі, жоспарлардың іске асырылуы, белгілі бір мақсаттарға жетуі үшін әрекет ететін қолданылуы мүмкін және қолда бар құралдар, қосалқы бөлшектер, қайнар көздері. Біршама тар мағынада «потенциал» ғылыми әдебиеттерде қандайда бір қарым - қатынастардағы «күштердің дәрежесі», қандайда бір салада қолданылатын «мүмкіндіктер» синонимі ретінде қолданылады.

Н.Н. Миллердің  пікірінше, потенциал - бұл белгілі бір мақсаттарға жету, қандайда бір міндеттерді шешу үшін қолданылатын, әрекет етуіне әкелуі мүмкін көздер, құралдар, қосалқы бөлшектер.

Қазіргі уақытта потенциал туралы келесі бағыттарды бөліп көрсетуге болады:

1. Потенциал - бұл жүйенің дамуы үшін қажетті және құрылыс саласының қызмет етуімен байланысты ресурстар кешені.

2. Потенциал - біріңғай мақсаттарға жету үшін бағытталған  материалдық және еңбек факторларының бірыңғай жүйесі.

3. Потенциал - оның алдына қойылған міндеттерді шешетін кешенді ресурстар мүмкіндігінің жүйесі. В.Н Авдеенконың  пікірі бойынша потенциал қандайда бір міндеттерді орындау үшін ұжымның мүмкіндіктерінің жиынтығын көрсететін, олардың өзара байланыстарының пайда болуын көрсететін объектінің құрылымы мен қызметінің бүтіндей бірігуін білдіреді[3].

Жүргізілген зерттеулерде кәсіпорынның мүмкіндіктерінің жиынтығы оның потенциалы болып табылады.

Потенциалды тұрақты және өзгермелі жағдайлардың бүтіндей жүйесі болып табылатындығына байланысты, оны кеңістікте және уақытпен бірігіп қарастыру қажет.

Даму стратегиясының дұрыстығы таңдау үшін кәсіпорынның экономикалық және өндірістік потенциалының нені білдіретінін білу қажет.

Құрылыс кәсіпрнының ресурстық потенциалын зерттеу 1- суретте берілген сызба бойынша жүргізіледі. Кәсіпорынның қажетті деңгейдегі ресурстық потенциалын анықтау мыналарды бағалауға мүмкіндік береді: ресурстық  потенциалдың  нақты жағдайын; потенциалды тұрақтандыру және ұлғайту резервтерін анықтау арқылы іске асыру үшін қолда бар күштерді; экономикалық өзгерістер жағдайында әрі қарайғы қызмет ету мүмкіндіктерін.

Құрылыс  кәсіпорындарының ресурстық потенциялының жиынтығы

 Экономикалық потенциал

 Өндірістік потенциал

 Құрылыс кәсіпорындарының мүмкіндігі мен ресурстарының (еңбек, қаржы,әлеуметтік, ұйымдастырушылық) әрекет етулері

Кәсіпорынның өндірістік күштерінің жиынтығы (еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы, энергия сыйымдылығы)

 

Сурет 1. Құрылыс кәсіпорындарының  ресурстық потенциялының жиынтығы

 

Кәсіпорынның ресурстық потенциалын қарастыра отырып, оның құраушы потенциалдарына талдау жүргізу қажет.

 Н.С.Исаев пен Ю.С.Валеев потенциал құрамы ретінде  мыналарды қабылдауды ұсынады: өндірістік-қаржылық, интеллектуалдық және еңбек мүмкіндіктері. Г.С.Мерзликина мен Л.С.Шаковская құрылыс индустриясындағы кәсіпорынның ресурстық потенциалын құраушы нарықтық және қаржылық, өндірістік деп бөліп көрсетеді.

 

Құрылыс кәсіпорындарының ресурстық потенциалын анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның қолда бар ресурстарын болжаудың сипаттамасы

 

Сыртқы ортаның динамикасын болжау

 

Нарық жағдайын болжау

 

Өнім сипаттамасын болжау

 

 

 

 

 

 

Құрылыс кәсіпорындарының қолда бар ресурстық потенциалын талдау

 

 

Құрылыс кәсіпрындарының ресурстық потенциалының қажетті деңгейі

 

Құрылыс кәсіпорындарының ресурстық потенциалын тұрақтандыру мен ұлғайту резервтерін анықтау

 

 

 

 

 

 

 

Ресурстық потенциалды оның құрама бөліктері арқылы оңтайландыруға кететін шығындар

 

Құрылыс кәсіпорындарының ресурстық потенциалын дамытуға қажеттілік

 

Сурет2.   Құрылыс кәсіпорындарының ресурстық потенциалының қажетті деңгейін анықтау сызбасы

Зерттеу жұмысында құрылыс кәсіпорнының ресурстық потенциялы құрамына біз мына құрама бөліктерді бөліп алдық: мүліктік, қаржылық, кадрлық, ұйымдастырушылық-техникалық. Сондай-ақ сыртқы ортаның потенциалын да талдау қажет, өйткені олар кәсіпорынның жалпы потенциалының жағдайына біршама әсер етуі мүмкін.

Біз берілген факторлардың арасынан мыналарды ұсынамыз: аймақтың нарық коньюктурасы, аймақтың нарықтық бәсекеге қабілеттілігі; ғылыми - техникалық прогресс; заңдылық базалардың жағдайы.

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Стаханов В. Маркетинг строительства: Учебное пособие. – М.: ПРИОР, 2001. – 43 с.

2. Баяхметов Т.Б. Экономика строительства. – Алматы: КазГАСА, 1998. – 210 с.

3.Потапова  Л. И. Анализ критериев надежности строительных организаций, использемых при проведении подрядных торгов // Экономика строительства. – 1995. - №7.

4.Асқарова Ж.А. Құрылыстағы бәсекелестік және бәсекені қалыптастырушы факторлар // ҚазҰУ хабаршы. Экономика сериясы. – 2006. – №6 (58). – 21-25 бб.