Экономические науки/13.Региональная экономика 

 

к.э.н.,  Муханова А.Е., магистрант Баймаханов У.

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан 

 

ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

 

 

Экономиканың өсуі - әлеуметтік проблемаларды үйлесімді шешудің негізі, адамдардың тұрмыс деңгейінің көтеріліп, табыстарының молаюының қайнар көзі. Міне осы заңдылыққа сүйене отырып Елбасы Н.Ә Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында «біз әлемдік өркенниет көшінің соңында қалмауға тиіспіз» деген стратегиялық мәні зор тұжырым жасады[1].

Қазақстан Республикасы қазір әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі өлшемдері бойынша әлемдегі дамыған, яғни орта деңгейден жоғары табысы бар мемлекеттер қатарынан көрінуге қабілетті.  

 Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі – мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Қызылорда облысы әкімшілік тарапынан жасалып жатқан шараларға қарамастан кедейшілік пен жұмыссыздық, әлі де сақталып отыр. 

Халықтың кірісі – қоғамнан және оның институттарынан олардың иелігіндегі өндіріс факторларының (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік) қызмет ету нәтижелеріне сәйкес адамдардың иелігіне түсетін және материалды, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құрал.

Соңғы жылдары қабылданған  шаралар нәтижесінде кедейшілікті төмендету жөніндегі  салалық  және аймақтық бағдарламалардың индикаторлары  артығымен  орындалып отыр. Бағдарламаны орындау барысында кедейшілік проблемасы  мен оны шешудегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бағалау мониторингі жүйесі енгізілді.

Жұмыссыздар - өз еріктерінен тыс жалақы алмайтын, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінде жұмыс іздеуші ретінде тіркелген, жұмыс істеуге дайын және мүмкіндігі бар азаматтар. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) методикасы бойынша жұмыссыздар деп танылғандар:

         - белгілі бір жасқа толып, есепті кезеңде жұмыссыз болған және белсенді түрде жұмыс іздеумен айналысқан адамдар;

         - есепті кезеңнен кейін жұмыс беру уәде етілген және жұмысқа алу туралы шешімді күтіп жүрген адамдар;

         - есепті  кезінде уақытша жұмыста болмаған және онымен нақты байланысы жоқ адамдар[2].

Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың белсенді шаралары жұмыссыздықты жоюға немесе қысқартуға бағытталған және тұрғындарды  жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдардың қызметімен байланысты. Бұл шараларға жататындары:

         - жұмыс табуға жәрдемдесу және жұмысқа орналастыру процестерін жетілдіру;

         - жұмыссыздардың біліктілігін жоғарлату (кәсіби дайындау және қайта дайындау арқылы);

         - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

         - жұмыс орындарын жасауды тікелей және жанама түрде ынталау;

кәсіпкерлік пен өзіндік  жұмыспен қамтуды қолдау (өзіндік жұмыспен қамтуға материалдық көмек, кәсіпкерлікпен айналысуға шағын несие беру).

Егер бұл шаралардың бірінші және екінші түрлері халықты жұмыспен қамту қызметтері үшін дәстүрлі болып есептелсе, қалғандары жаңа, эксперименттік сипаттағы шаралар, олардың әрі қарай қолданылуын дамыту немесе тоқтауын негіздеу үшін бағдарлама тиімділіктері анықталып, бағалануы керек.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралына айналды. Бағдарлама аясында39 мыңға жуық облыс тұрғыны мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. 2015 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 2 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталып, бағдарламаға 6534 адам қатысты, оның 2 950-і – жастар.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды жөндеу шеңберінде16 жоба жүзеге асты. 208 жұмыс орны ашылды.

Екінші бағыт бойынша жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрайтын 516 шағын несие беріліп, 319 адам өз ісін бастауға мүмкіндік алды.

Үшінші бағыт бойынша кәсіби даярлау мен қайта даярлаудан 2 105 адам өтіп,олардың 1 044-і жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шаралары шеңберінде,жастарды өндірістік тәжірибеден өткізу үшін облыстағы мекемелер мен кәсіпорындарға 617 жасжолдама алды, олардың 236-сы тәжірибе мерзімі аяқталысымен тұрақты жұмысқа орналасты.

380 әлеуметтік жұмыс орнықұрылды, оған жолдама алғандардың 80%-ы жұмыс мерзімі аяқталысымен тұрақты қызметке қабылданды. 7761 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Аймақтар арасындағы жұмыс қолы алмасуын арттырушаралары шеңберінде 2014 жылдың 30 қазанында Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері«Халықты жұмыспен қамтудағы әріптестік туралы меморандумға» қол қойған. Меморандум негізінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына 7 отбасы қоныс аударып, жұмыспен қамтылса, 2015 жылы тағы 2 отбасы жаңа жерге орнықты.

Жас мамандарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы тиімді жүзеге асуда. 2015 жылы аталған бағдарлама бойынша ауылдық елді мекендергекелген 448 жас маманға 189,3 млн. теңге көтерме ақы, 377 маманға 1 067,3 млн. теңгеге жеңілдетілген несие берілді[3].

Осы шаралардың негізінде, экономикалық қиындықтарға қарамастан жұмыссыздық деңгейі 5%-дан 4,9%-ға төмендеді. Облыстың қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайларын толық сипаттау үшін тұрғындардың кедейшілік жағдайына және оларды әлеуметтік қорғау мәселеріне тоқталғанды жөн көрдік.

 

Кесте1

Облыс халқының  тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

2011ж.

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Халық саны ,мың адам

713,0

726,7

739,7

753,1

 

769,1

Халықтың табиғи өсімі, (-) кемуіадам

15 404

15 495

15 248

15 909

 

16000

1000 адамға шаққанда

21,79

21,53

21,60

21,31

21,6

Экономикада қамтылған халық,мың адам

318,9

329,1

334,4

311,1

 

317,2

Жұмыссыз халық саны,

мың  адам

18,6

18,5

18,3

16,4

 

 

15,9

оның ішінде:

жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар саны

1,5

1,4

1,2

1,8

 

 

1,8

Халықтың атаулы ақшалай табысының бағасы (орта есеппен жан басына шаққанда,айына), теңгемен

40 451

45 417

48 256

53 337

 

 

 

58249

Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы, теңгемен

81 518

93 361

98 813

104 485

 

106817

Күнкөріс деңгейі,  тенге

14563

15680

16782

17439

17996

Өнеркәсіп өнімдері, млн.теңге

1 063 126

1 109 337

1 164 136

994 991

605567

Ауыл шаруашылығы өнімдері, млн.теңге

45 362,6

48 505,2

48 569,1

48 238,1

 

62852

оның ішінде:

өсімдік шаруашылығының өнімдері

27 788,9

28 980,6

29 802,8

27 538,2

 

 

32683

мал шаруашылығының өнімдері

17 056,8

18 627,9

17 987,9

20 221,9

 

30169

Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар,млн.теңге

222 004

255 979

371 934

262 583

 

236715

Тұрғын үйлердің жалпы ауданын іске қосу,мың шаршы метр

267

294

270,4

294

 

466

*Ескерту -  Деректер Уровень жизни населенияКызылординской области; Мониторинг Статистикалық жинақ бойынша есептелген

 

Кестеден байқағанымыздай  халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің бастысы орташа айлық атаулы жалақы. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 104 485 теңгені құраса, 2015 жылы 106 817  теңгені құрап 2,2%-ға өскен. Ал халықтың орташа айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі 2015 жылы 2014 жылға қарағанда 3,1%-ға өсіп отыр.

Демек орташа айлық жалақының көбеюі бағаның құнсыздануынан,  инфляцияның әсерінен деп айта аламыз. Инфляция деңгейі соңғы жылдары 4-6% - ды құрайды, 2014 жылмен салыстыратын болсақ инфляция деңгейі 6%-ды құрап тауарлар мен қызметтердің бағаларының (тарифтердің) өсуі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз әсерін тигізуде.   

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

1. Қызылорда облысы әкімінің есебі 2015 жыл

2. http://e-kyzylorda.gov.kz/kk

3. Қызылорда облысы әкімдігінің ресми интернет сайты

4. Stat.kz/