Экономические науки/13.Региональная экономика 

 

к.э.н.,  Муханова А.Е., магистрант Баймаханов У.

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан 

 

ИНФЛЯЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА  ХАЛЫҚТЫҢ  ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ

 

 

Халықтың төлемдік қабілеті мен сатып алу қабілеттілігінің айырмасы, төлемдік қабілет тек  табыстар есебінен жүргізілсе, сатып алу қабілеттік одан ауқымды ұғымдағы тек табыстармен шектелінбей қарыз есебін қоса есептелінуі. Демек, халықтың сатып алу қабілеттілігі дегеніміз – тұрмыстық қызметтер мен тұтыну тауарларын сатып алудағы қарыз және табыс есебіндегі мүмкіншілігі.

 Халық қарыздығы дегеніміз – бір-бірінен және банк жүйелерінен несие алып өзіндік төлемдік мүмкіншілігін туғызу. Сонымен, халықтың сатып алудағы төлемдік қабілетінің өзі өзіндік сатып алудағы төлемдік қабілет және қарыз есебіндегі сатып алу төлемдік қабілет болып бөлінеді[1].

Халықтың төлемдік қабілетінің артуы олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының өсуімен сипатталады. Қандай қоғам болмасын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейінің қаржыландыру көздері төмендегі жағдайлармен анықталады:

- әркімнің өзіндік табыстану мүмкіншілігіндегі әлеуметтік-тұрмыстық деңгейінің көтерілуі;

- қоғамдық орта бюджет қорларынан халықтың жалпы қоғамдық-тұрмыстық мақсаттардағы жалпы халықтың өмірлік әлеуметтік деңгейін қаржыландыру.

Жеке кәсіпшіліктің қоғамдық ұтымдылығы алдымен олардың өзін-өздері басқаруды ұйымдастыруы, өнім өндіруіндегі және тұрмыстық қызмет көрсетудегі бюджет қорларына тиісті салықтарын төлеу арқылы халықтың әлеуметтігін көтеруге ат салысуы, халықты жұмыс көздерімен қамтамасыз етудегі оларға еңбек ақы төлеуі, өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетудегі қосымша құнның – пайданың туындауы арқылы айналымға шыққан ақша құнының көтерілуі.

Сондықтан, қазіргі күні орта және шағын бизнестегі кәсіпшілікті көтеру мақсаты оны барынша дамытудағы қаржылай қолдау қоғамдық мақсат болып отыр. Шағын және орта бизнестегі кәсіпшілікті қоғамдық қаржылай қолдау оларға бюджет қорлардың нолдік ставкадағы бюджет несиесін беру (әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге), бюджет қорларынан арнайы капиталды трансферттерді қайтарымсыз бөлінуі.

         Әртүрлі қаражат қорларынан инвестиция құйылуы, олардан алынатын әртүрлі салықтар төлеміндегі жеңілдіктер. Сонымен қатар халқымыздың төлемдік қабілетінің арту көзі жалпы ішкі өнімді өндірушісі орта және шағын бизнестегі жеке кәсіпшіліктерді барынша дамыту болып табылады.

Халықтың төлемдік қабілетінің төмендеуіне әсерін тигізетін оның объектілік және субъектілік жақтары бар[2].

Халықтың төлемдік қабілетінің объективті төмендеуі дегеніміз – әркімнің нарық қаржысындағы білімсіздігі мен төмен дәрежеде табыстануы.

Халықтың төлемдік қабілетінің субъективті төмендеуі дегеніміз – инфляция, көлеңкелі экономика, сыбайластық жемқорлық, жалған ақша экономикалық категориялардың субъектілік экономикада етек жая дамуына орын беру.

Демек, халықтың төлемдік қабілетінің ордында да оның объективтік және субъективтік жақтары бар. Оның бірі халықтың төлемдік қабілетінің объективтік және субъективтік төмендеу фактілерін жою. Халықтың төлемдік қабілетінің объективтік және субъективтік дамыту бағыты өндіріс, банк, құнды қағаздар қорлары, әртүрлі мақсаттардағы қаражат қорларды дамыту.

Табыстардың төлемділік қабілетінің қуаттандырудың тағы бір жолы төлемдік жеңілдіктерді пайдалануы мен білімдігін ояту және қаражат қорларына ұтымды орналастыру. Халықтың қаржылық қатынастар жүргізу білімділігін ояту – олардың төлемділікке қабілеттену жолы. Қаржы-қаражат қорларына ұтымды орналастыру – нарық заңдылығына қаражат қорларына салынған қаржы тоқырауға ұшырамай үлескерлерге өсім құнын әкелуі.

 Нарықтық қатынастарда халықтың тұрмыстық – әлеуметтік дамуына қоғамдық тұрғыда қолдау, жергілікті және республикалық бюджет қорларынан қаржыландыруы қажет.  Ал бұл халықтың төлемдік қабілетін қуаттандыра түседі. Халықтың әлеуметтік топтары бюджет көздерінен қаржыландырғандықтан оларды төлемдікке қабілеттендіру деп атауға болады.

Халықты төлемдікке қабілеттендіру-тек  бюджет көздерінің молаюына тікелей байланысты болса, бюджет көздерінің молаюы тек экономиканың қарқындап дамуына немесе тоқырауына тікелей байланысты[3]. Демек, экономиканың дамуы, бюджет арқылы халықтың әлеуметтілігін анықтаса, халықтың әлеуметтілігінің жағдайы оңалып, мемлекеттік даму деңгейін анықтайды. Экономикада жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) табылған ұлттық табыс (ҰТ) мөлшеріне байланысты халықтын әлеуметтілігі қаржыландыру мүмкіншілігі дамиды. Халықтың әлеуметтік мүмкіншілігін қаржыландыру мүмкіншіліктері тек арнайы мемлекеттік реттеулер арқылы орындалады.

  Халықтың төлемдік қабілетін өзіндік реттеу дегеніміз – білімділік нәтижесінде қаржылануды қамтамасыз ету арқылы үнемді қаржылап (жаратып),  қалғанын пайдалы қаражаттау арқылы өсім құнында қаражаттау.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.Сансызбаева Г.Н. Система социальной защиты населения и ее проблемы: Учеб. пособие. – Алматы: Экономика, 1998.

2.Стратегия «Казахстан 2030» на Новом этапе развития Казахстана

3.Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в Казахстане.- Алматы: Агентство РК по статистике, 2001.