Экономические науки/Макроэкономика

 

Магистрант Тыныштыкбаев А.Д.

Э.ғ.к. Абдимомынова А.Ш.

Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру

 

 

Экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру уақыт пен құралдардың шығыны аймақтар ресурстарының орындарыңда, аймақтық және жалпы мемлекеттік деңгейде экономиканың салалық құрылымын жетілдіру орындарында білікті мамандарды толықтай пайдалану сияқты пайда болып жатқан мүмкіндіктердің есебінен жүргізіледі. ҚР-ның жекелеген субъектілердің нндивидуалдық бағдарламаларын жетілдірілуінің және сол субъектілердің кезекті жалпы мемлекеттікке интеграциялану арқасында, сонымен қатар, қалыптасқан жағдайды кең және толық ақпараттық қамту, мемлекеттік бағдарламалау жүйесінің нақты және өзара байланысқан артықшылықтарын табуда шынайы мүмкіншіліктер туады.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың аймақтық аспектілердің орындалуы алты кезеңнен тұрады:

1- кезеңде табиғи - климаттық факторлардың әсерінен қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық қайта құрулардың нәтижесінде қалыптасқан базалық ресурстық әлует анықталады. Табиғи, еңбек, инвестициялық қорлар, сонымен қатар сарапталушы субъектінің жаңашыл әлуеті туралы мәліметтер қарастырылады.

2-    кезеңде аймақтың мамандану артықшылығын анықтайтын салалар бір жүйеге келтіріледі. Олардың жалпы мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі экономикалық дамуындағы орны мен рөлі белгіленеді.

3- кезеңде мамандану салаларының даму деңгейі және олардың экспорттық-импорттық операцияпары, жұмыспен қамтылған халық санының аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері және оның нарықтық инфрақұрылымындағы үлесі сарапталады.

3-    кезеңде  мамандандыру саласы жалғыз болмаған жағдайда, бірақ та онда аймақтың барлық еңбек ресурстарының 50 % қамтылған болса, мақсатты түрде саланы ғылыми-техникалық және қаржылық салаларда қолдау жөнінде бағдарламаны құрастыру қажет болады. Ал егер тар шеңберлік мамандық жағдайында, тек қана аймақтың мүмкіншіліктерін кеңейтіп қана қоймай, құрылымдық дағдарыстан құтылуға және субъектінің әлеуметтік-экономикалық деңгейде құлдырауы нәтижесі ретінде басқа салалық құрылымның басқа бағыттарын дамыту маңызды болып табылады.

4-кезең алдыңғы кезеңдерде алынған өңдеу негізінде мемлекеттік және жеке капитал жұмсалымдарын тартуды қарастыратын субъектінің әлеуметтік-экономпкалық дамуының бағдарламасы жасалады.

5-кезенде аймақтық даму бағдарламасын орындайтын құралдар мен механизмдер анықталады.

ҚР халыққа әлеуметтік көмек көрсету талдаулары халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруын тежейтін мәселелердің бар екенін көрсетті. Аталған мәселелерді шешу жолдары әлеуметтік саясат саласында стратегиялық мақсатта қарастырылған және ҚР Үкіметімен «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары» қабылданды.

Әлеуметтік көмек бағдарламаларын орындау барысында кең ауқымда үкіметтік емес ұйымдар төменгі деңгейде әкімшілік шығынды қысқартып, жұмыс тиімділігін жүйенің жоғарғы деңгейіне көтеру мақсатындада тартылады. Үкіметпен жергілікті мәселелерді және ел бойынша еріктілер институтының таралу мәселесін шешуге шақыртылған, территориалды, үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін  жағдайлар жасау бойынша қадамдар жүзеге асырылуда.

Өндірістік жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік Стратегнялық мақсаттарды қарастыратын болсақ, 2020 жылға жұмыссыздық деңгейі 5%-дан аспайды, білікті мамандар жұмыс топтарының жұмыспен қамтылған халық арасындағы бөлінген көрсеткіші 50%-ға өседі, үлкен және орта кәсіпкерліктерді ұжымдық-еңбек қатынасы 90-95 пайыздық үлесте қамтылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы Стратегиялық мақсаттар бойынша 2020 жылға дейін табыстары күнкөріс минимумынан төмен халық үлесі 8%-ға дейін азаяды, әлеуметтік көмек көрсетудің бастапқы деңгейі күнкөріс минимумы санынан 100%-ға артады, арнайы әлеуметтік көмек көрсетудің мемлекеттік стандарттары енгізіледі

Ескере кететін жәйт, қазақ қоғамының бұл сатысында әлеуметтік инициативалар, әдетте, жоғарғы жақтан келеді, яғни мемлекет әлеуметтік саясатты өзі бекітеді. Басқа да саяси күштер, қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар заманауи әлеуметтік саясат трендтерін құрмайды және оған толықтай әсер ете алмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғамның әлі де болса толықтай дамымағанын дәлелдейді. Ал тиімді әлеуметтік саясат азаматтық қоғам құрудың негізгі факторы және қағидаты екені даусыз [1].

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеп тұрған нәрсе - халыққа әлеуметтік көмек көрсетудің жеткіліксіз қаржыландырылуы болып отыр. Еуропа елдерінде әлеуметтік көмек көрсетуге кететін шығын жалпы ішкі өнім көлемінің шамамен 27%-ын құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіштің төмендеуі байқалады және қазіргі уақытта оның үлесі салмағы 4,2%-ды құрайды [2].

Қазіргі кезеңде Қазақстанның әлеуметтік саясатының өзекті мәселелерінің бірі - халықты атаулы қолдау шараларын ұйымдастыру. Бұл мәселенің шешімі елдегі дағдарыспен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта елімізде заңға сәйкес мыңнан астам әртүрлі жеңілдіктер мен жәрдемақылар бар.

Мемлекеттік әлеуметтік көмек заңға сәйкес 3 түрлі топтағы адамдарға бөлінуі тиіс:

Біріншісі - алушынның (алушының отбасының) табыс көлеміне қарамастан, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік көмек берілетін тұрғындар тобы. Бул деңгейге келесі топтар жатады:

-      мүгедектер және Ұлы Отан Соғысының ардагерлері,

-      Ұлы Отан Соғысы кезінде майдан жанындағы алқапта жұмыс істегендер;

-     Ұлы Отан Соғысы жылдары әскери қызметін әрекеттегі емес армияда өтеп, медаль алған әскерлер;

-  қаза болған мүгедектердің, соғысқа қатысушылардың, өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери әрекеттерге қатысқан әскерилердің отбасы мүшелері;

-     өзге мемлекет аумағында әскери контингентте қызмет етіп, жарақаттанған жұмысшылар;

-      саяси қуғын-сүргін құрбандары;

-     I топ мүгедектері және жұмыс істемейтін I топ мүгедектері; көпбалалы отбасылар.

Екіншісі - көмек алушының және оның отбасының табыс көлеміне қарамастан, қолданыстағы заңнамаға байланысты мемлекеттік әлеуметтік көмек беріледі, бірақ көмектің нақты көлемі жыл сайынғы мемлекеттік бюджетке байланысты анықталады. Бұл деңгейге келесі топтар жатады: еңбек ардагерлері; Ұлы Отан Соғысы кезінде армияға көмек беретін әскери бөлімдерде алты   айдан кем емес қызмет етіп, аянбай еңбек еткені үшін орденмен (медальмен) марапатталған адамдар.

Үшіншісі - күнкөріс минимумы көлемінде қажеттіліктерін ақшалай не заттай қамтамасыз етуге қауқары жоқ адамдар тобы [3].

Мемлекеттік әлеуметтік көмек беру ҚР біріккен жарлығының пәні екенін ескерсек, заң жобасы мемлекеттік биліктің және ҚР мемлекеттік билігінің субъектілерінің өкілеттілігін нақтылап, анықтайды.

Қазіргі кезде Қазақстанның көп аймақтары халыққа атаулы әлеуметтік көмек беруде тәжірибе жинақтаған, бірақ көмек берудің механизмдерін әруақытта жетілдіріп отыру қажет, күнкөріс мннимумын есепке ала отырып аз қамтылғандардың жәрдемақысын қайта електен өткізіп отыру өте маңызды.

Халыққа әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жақсартуға бағытталған шаралар төмендегідей бағытта жүзеге асырылуы тиіс:

1. Әлеуметтік жеделсаты жүйесінің нәтижелі қызмет етуіне мемлекет тарапынан жағдай қалыптастыру. Мемлекет заң шығарушылық құзіреті арқылы әлеуметтік жеделсаты жүйесінің қызмет етуіне негіз қалау қажет. Оған келесі институттарды қамту керек: кәсіби білімнің сапалы әрі тегін жүйесі, армия, мемлекеттік қызмет, қоғамдық-талап етілген мамандықгардың (дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және ғылым қайраткерлері) жоғары мәртебесін қалыптастыру, тегін оқу жүйесін, өнертапқыштарға сыйақы жүйесін қалыптастыру.

2. Халыққа сапалы, әрі ақысыз кәсіби білімді қолжетімді етуін, ал аз қамтылған отбасылар мүшелерін кәсіби дайындықтан өткізу. Білімге және кәсіби дайындыққа рұқсат беру - теңсіздікті қысқартудың ең тиімді тәсілі. Бұл - төменгі сатыдан элиталы сатыға өтетін ең ықпалды әлеуметтік жеделсаты.

3. Мемлекеттік қызметке өту үшін ашық, әрі әділ байқау өткізу. Мемлекеттік қызмет жоғары білімі бар, белгілі бір икем мен қабілетке ие, бірақ иерархиялық баспалдақтың соңғы сатысында орналасқан түлғаларға әлеуметтік жеделсаты ретінде қызмет атқарады. Бұл жағдайда Индия, Сингапур, Малайзия секілді шетел тәжірибесіне сүйене отырып, мемлекеттік қызметке өтудің айқын, әрі әділ байқауын өткізу өте маңызды. Байқау кандидаттарға жоғары талап қойып, бірнеше іріктеу айналымынан тұру керек, бірақ ең маңыздысы - айқын болуы. Байқау жеңімпаздарына бар жағдай жасалу шарт: лайықты жалақы, әлеуметтік пакет және болашаққа үміт.

4.  Жоғары тәртіп стандарттарының жалақы көлемін негізге ала отырып, әлеуметтік-жарамды деңгейде минималды жалақыны анықтау. Жоғарырақ минималды жалақыға ие мемлекеттер отбасыларда төмен теңсіздікке ие. Осы үшін минималды күнкөріс минимумын қолдансақ болады, бірақ, бұл жерде, қазіргі таңда ресми жарияланған  статистика емес, тұлғаның физикалық және психологиялық қалпына келтіруге кететін шығынның шынайы суреті керек.

5.  Еншілес қорлардың түрін негізге алып, ғылымды қажетсінетін салаларды қаржыландыратын рационализаторлар мен өнертапқыштарды қолдайтын мекеме құру. Инновациялық жобаларды қаржыландыратын  қорды құру экономикадағы инновация деңгейін көтеріп қана қоймай, жоғары жаңашыл қабілетке ие адамдарды өмірге алып келуге мүмкіндік тудырады.

6.   Азаматтарға сапалы медициналық көмекті қолжетімді етуге талпыну және өзін-өзі сақтау тәртібі мен мәдениетін тәрбиелеу.       

 

 

 

Әдебиеттер:

 

1.       Экономика Казахстана в условиях глобализации: механизм модернизации и функционирования / под ред. М.Б. Кенжегузина. - Алматы : ИЭ МОН РК, 2005. - 392 с.

2.       Сүндетұлы Ж., Көмекбаева Ж. Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және жоспарлау: оқу кұралы,- Алматы, 2010. - 104 б.

3.       Об утверждении стандарта оказания государственной услуги «Назначение государственной адресной социальной помощи». Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан // http: www.enbek.gov.kz.