Экономические
науки/ Экономика промышленности 9.
э.ғ.к.,
А.Е. Муханова магистрант, А. Бимурзаева
Қорқыт
ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет, Казахстан. Қызылорда
МАТЕРИАЛДЫҚ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
Халықшаруашылығы саласы
ретінде материалды-техникалық жабдықтау келесі функцияларды
атқарады˸ тұтыну және өндіріс
құралдарын бөлу және оларды нақты
тұтынушыларына жеткізу. Бұл еңбек құралдары мен
заттарын өндірушіден тұтынушыға шаруашылық
байланыстарды оңтайландыру негізінде ауыстыру арқылы
жүргізіледі.
Сонымен қатар материалды-техникалық
жабдықтау тауарларды ораумен, сақтаумен, оларды тұтыну жеріне
апарумен, тұтыну үдерісінде материалдарды өндірістік
тұтынуға және қызмет етуге дайындауға байланысты
өндірістік функцияларды да атқарады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс істеу
практикасында материалдар және
шикізат қорларын тұтынушылар мен жабдықтаушылар
арасындағы шаруашылық байланыстарының инфляция және
тұрақсыздану кезеңдеріндегі
артық материалдарды алуға, нормадан тыс қорларды
жасауға, олардың пайдалану тиімділігін төмендетуге байланысты
негізделеді. Сондықтан кәсіпорынның материалды
қорлармен қамтамасыз етілуін
бөліп қарастыруға болады.
Материалдық – техникалық қамсыздандыру жоспарлау
процесінде келесіні анықтау қажет:
1.
кәсіпорнның
өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету
үшін материалдық ресурстардың қандай түрлері
қажет?
2.
өндірістік бағдарламаны
орындау үшін қажетті материалдық ресурстардың
көлемі;
3.
материалдық түрлері мен
түсу мерзімдері бойынша бекітілген материалдық ресурстардың
қажеттілігі;
4.
жабдықтаушыларды таңдау
және олардың мүмкіндіктерін анықтау;
5.
материалдық ресурстарды
сақтау үшін қажетті қоймалық аудандар;
6.
материалдық-техникалық
қамсыздандыру бойынша шығындар;
7.
өз кәсіпорында кейбір материалдық
ресурстардың (жартылай фабрикаттар, бөлшектер, комплектілеуші
бұйымдар т.б.) өндірісін ұйымдастыру мүмкіндіктері.[1.79-95.б]
Қамтамасыздандыру әдістері мен формалары. Қаитамасыздандыру әдістері мен формаларын
анықтау шығарылатын өнімнің, комплектілеуші
бұйымдар мен материалдардың құрамының
күрделілігіне байланысты. Кәсіпорынның тәжірибесінде
қамсыздандырудың екі формасын бөлеміз; транзиттік және
қоймалық. Кәсіпорынның
шикізат пен материалдарды оларды өндіруші кәсіпорындардан тікелей
алады. Бұл форманың пайдаланылуы экономикалық
тұрғыдан барлық жағдайда ақталады.
Қамсыздандырудың қоймалық формасы барысында
қажетті материалдық ресурстарын қамсыздандыру-өткізу
ұйымдарының базалары мен қоймаларын алады. Бұл форманы
аз көлемде пайдаланатын материалдар үшін пайдалану
экономикалық тиімді.
Бұлардан
басқа формалар мен әдістері де бар:
- сауда–шикізат биржалары арқылы;
- аукциондар, конкурстар;
- спонсорлық;
- көтерме сатып алушылар;
- майда партиялармен тұрақты
сатып алушылар
сұраныс
бойынша өндірісті қамсыздандыру;
- өзіндік дербес өндіріс
және т.б.
Материалдық-техникалық қамсыздандыру бөлімі функцияларына жатады:
1. Негізгі және көмекші өндірістер үшін,
сондай-ақ эксплуатациялық және күрделі
құрылыс үшін қажетті кәсіпорынның
материалдық-техникалық ресурстарға қажеттелегін
жоспарлау;
2. Қажетті материалдық-техникалық
ресурстарғасұраныстар мен ерекшеліктерін құру
және оларды материалдық-техникалық қамсыздандыру
бөлімдерінде көрсету;
3. Қамсыздандыру жоспарларын жүзеге асыру бойынша бүкіл
оперативтік қызметтің жүзеге асырылуы ( келіссөздерді
жасау, бөлінген қорларға сәйкес материалдық
ресурстарды сатып алу және жабдықтаушылармен келіссөздер
жасау);
4. Материалдық-техникалық ресурстарды қабылдау,
орналастыру, сақтау, босатуға дайындау және оларды цехтар мен
кәсіпорын қызмет орындарына тарату;
5. Жоспарлық –экономикалық, техникалық
қаржылық бөлімдермен бірге негізделген
дифференциацияланған материалдық-техникалық
ресурстардың запастар нормасын бекіту және осы нормаларды
қоймалар жұмыскерлеріне жеткізу, запастар мөлшерін реттеп
отыру және олардың жағдайына бақылау жүршізу;
6. Материалдық-технмкалық ресурстарды үнемдеу бойынша,
тапшы шикізат пен материалдардың анағұрлым
төменгідеңгейдегі тапшы шикізат пен материалдардың
түрлерімен ауыстыру бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды
өндеуге қатысу;
7. Материалдық-техникалық ресурстардың тағайындалуы
бойынша олардың цехтар мен қызметтерде жұмсалу барысын
бақылауды ұйымдастыру;
8. Кәсіпорынға
материалдық-техникалық ресурстардың түсуінің
оперативті есебін жүргізу, оларды цехтар мен қызметтерге босатылуы,
өндірістік запастар жағдайын есепке алу.
Материалдық-техникалық қамсыдандыру бөлімінің
құрылымы өндіріс типіне, оның масштабтарына,
номеклатурасына, жабыдықтаушылармен кооперациялану деңгейіне
және кәсіпорынның өндіріс құралдарымен
қамсыздандыру формаларына байланысты.
Үлкен емес кәсіпорындарда қамсыздандыру функциялары
оның шаруашылық бөлімі топтар немесе жекелеген
жұмыскерлер орындайды.
Орташа және ірі кәсіпорындарда оларды
материалдық-техникалық
қамсыдандыру бөлімдері орындайды.[2.89-91.б]
Басты кәсіпорынның өндірістік бірлестігінде
қамсыздандырудың орталықтандырылған қызметі
жұмыс жасайды,сондай-ақ қоймалық шаруашылық
орталықтандырылады, ал еншілес кәсіпорындарында қамсыздандыру
топтары құрылады.
Кәсіпорының үздіксіз қалыпты жұмысының
маңызды шарты материалды
қорларындағы қажеттілікті жабу көздерімен
толықтай қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан
кәсіпорынның негзгі материалды қорларындағы
қажеттілікті жабу көздерінің қосындысымен белгіленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Зайцев
Н.Л. Экономика промышленности предприятия. Учебное пособие. – М: Инфра, 1999 –
192 с.
2.
Белоусов А.Г. // Коммерческое логистика: учеб для студ Вузу // Феникс 2001,- 224 С
3.
Богданская
И.А., Виноградов Г.Г., Моргун О.Ф. и др. Анализ хозяйственной деятельности
промышленности. Учебник. Минск: Высшая школа, 1995.
4.
Винокуров
В.А. Организация стратегического управления на предприятии. М: Центр экономики
и маркетинга. 1996 – 160 с.