Есеева Роза Тураровна- аға оқытушы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ, Қазақстан Республикасы

Курмантаева Алия Дуйсембековна- №14 балабақшасы МКҚК, Тараз қ.

 

ТОПСАЯХАТТАРДЫ ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

 

Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізіңде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған [1].

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.

Топсаяхат кезінде балалар қоршаған дүние жайындағы білімді елеулі түрде үстей түседі және кеңейтеді, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын терең танып білуге көмектеседі, өткендегі мәдени мұрасы, өз халқының салт-дәстүрлерімен танысады.Сондай-ақ, топсаяхат лар жалпы білімге деген ынтаны күшейтеді, балалардын білім алу жолындағы ынтасын арттырады, оқудың өмірмен байланысын нығайтады.

Табиғат әсемдігі, әсіресе, жануарлар дүниесі қазақ композиторлары Д.Нұрпейісова, А.Жұбанов, С.Кәрімбаев шығармаларында да музыка үніне енеді. Аққу мен көлдің, орман мен таудың әсемдігін Біржан сал да әндетеді.

Тәрбиеші топсаяхатты түбегейлі жоспарлайды. Серуен мақсаты баларға эстетикалық тәрбие бере отырып, қоршаған ортаны қорғау материалдарды жете меңгерте білуі тиіс [2].

Табиғатты танып білу үшін табиғи заттар мен құбылыстарды тікелей бақылау және зерттеу керек. Осыған байланысты тіршіліктануды оқыту тәжірибесінде топсаяхат жасау үлкен орын алады. топсаяхат ларды жүйелі түрде жүргізу —балалардын көзқарасын қалыптастырудың қажетті шарты.

Топсаяхат-бұл балабақшадан тыс оқу материалын меңгеруге бағытталған оқу процесін ұйымдастыру формасы.Топсаяхатқа бүкіл топтың балалары қатысса және де топсаяхат материалы тіршіліктану бағдарламасымен тығыз байланысқан болса, онда ол жалпы жұмыс формасы болып есептеледі.

Сонымен бірге, егерде топсаяхат балалар дың жекелеген, аса ынталы тобымен жүргізілсе, онда ол топтан тыс формасына айналады.

Айналамен танысу үдерісінде тәрбиешінің жұмыс жоспарында табиғатқа топсаяхат жасау маңызды орын алады. Бұл топсаяхат барысында

балалар табиғат объектілерінің өзара қарым-қатынасын және олардың өмір сүру ортасымен байланысын көре алады.Табиғатқа топсаяхат жасау – бұл табиғатты нақты түрде зерттеудің әдісі, яғни табиғаттың шынайы объектілері мен құбылыстарын зерттеудің тәсілі. Тәжірибелік сабақтар сияқты топсаяхат балалардын өз бетінше жұмыс істеу қабілеттері қалыптасады. Олар, материалдарды жинау және сол жинақтарды санаумен, сонымен бірге топсаяхат материалдарын өндеумен (топсаяхаттан кейін топ ішіндегі сабақтарда) танысады. Топсаяхаттарды жоспар бойынша жүргізіп отыру балалардын бойында өз өлкесін зерттеу тәжірибесін дамытады. Топсаяхаттардың тәжірибелік мәні де зор. Дәл осы топсаяхаттар балалар санасында табиғатқа деген қызығушылық пен махаббат, эстетикалық сезімдерді оятады.

Олар, табиғаттың сұлулығын көреді және де оны аялаудың, сақтаудың қажеттігін түсінеді. Бұл топсаяхаттардың экологиялық жақтары. Осындай жағдайларда алынған білімдер өте баянды болады және баланың санасында ұзақ сақталады.Сонымен бірге, топсаяхаттар оқу балалардын сана-сезімін, тәрбиесін нығайтады, олардың бойында өз бетінше әрекет ету және де еңбек етуге дағдылану сияқты қасиеттерді дамытады. топсаяхат кезіндегі өмір сүру жағдайлары қалыптасқан жағдайға бейімделуді, әр түрлі қиын сәттерден шығу жолдарын үйретеді, жетілдіреді.

Табиғатқа топсаяхат жасаудың әдістемесін қарастырайық, өйткені олар ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыда өте күрделі болып келеді және де арнайы дайындықты қажет етеді.Топсаяхатқа шығу арқылы балалар бақылау жүргізеді. Жекеше және топпен бірге бақылау, дүркін-дүркін бақылау, ұзақ уақыт бақылау. Мысалы:өсімдіктер, жануарлар тіршілігін, олардың өсуі, дамуы. Қысқа мерзімді бақылау. Өсімдіктер мне жануарлардың көптүрлілігін, өлі табиғат объектілерінің түр-түсін, қасиетін, басты белгілерін сапасын танып білуде – қысқа мерзімнің маңызы. Жыл мезгілдерінің құбылыстарын дер кезінде бақылата отырып, өлі және тірі табиғат ерекшеліктері мен адамдар еңбегінің өзгеруін таныстыру мүмкіндігі туады. Мысалы, әр жыл мезгіліндегі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі адамадар еңбегінің өзгеруіне әсер етпей қоймайды. Осы тұрғыда алғанда, бағдарламада балаларға берілетін табиғат туралы білім мазмұны біршама байланыста, өзара сабақтастықта жоспарланған. Мысалы, көктемдекүн жылынып, жер жібиді, ағаштар бүршіктенеді, құстар келеді, адамдар егістік жерді жыртып, тұқым себеді т.б. Ал күзде ағаш жапырақтары сарғайып түседі, аңдардың көбі қысқа дайындық жасайды, адамдар еңбегі де осыған қарай өзгереді[3].

Күнделікті күзде бақта, саябақта өткізетін жұмыстардың саны беріліп, баланың өзі бақылағандарын сызып, көрсету ұсынылады. Балалар үйіне жақын жердегі, жақын саябақтағы жұмысты бақылап қана қоймай, оған белсенді түрде қатынасуы қажет. Күнделіктегі бірқатар тапсырмалар мен

суреттер екінші сынып балалар ының табиғатты қорғауға қатынасуын, оны аялауға ұсынады.Жылдың аяғында жалпы қорытынды жасайды да, жергілікті жерде күз, қыс, көктем қанша айға созылғанын анықтайды.

Тәрбиеші балаларға жылдың түрлі мезгілдерінде аспандағы күннің әр түрлі биіктігі туралы түсінік береді. Бұл үшін балалар тәрбиешінің жетекшілігімен әр айдың жиырмаларында белгілі бір тұрақты уақытта күннің көкжиек сызығынан қандай биіктікте тұрғанын бақылайды және оның биіктігін теректің немесе қатар тұрған үйдің биіктігімен салыстырады. Балалар қыркүйектен бастап күннің ылғи көкжиектен төмен, ал желтоқсанда ол бірте-бірте аспанға неғұрлым биік көтерілген сайын күн соғұрлым ұзара түсетінін; күннің көзі төмендеген сайын күннің қысқаратынын атап кету керек. Осыдан мынадай қорытынды шығады: күннің көзі көкжиектен неғұрлым төмен көрінген сайын, соғұрлым салқын болады.

Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.

Табиғатты танып, білу – мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы.– Астана 27 07. 2007.

2. Аймағамбетова Қ. Жылдың төрт мезгілі. Диафильм. – Алматы: Ш.Айманов киностудиясы, 2009

3. Әмірова Ә. Ересек табында балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу – Алматы: Дарын, 2011

4.Керімбаева. Р.Қ. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастыру. – Тараз: 2010.