Педагогические науки

А.ш.ғ.к. Даулетбекова А.Т., Әмзе А.Ә., Жарманбетова А.А., Түймен Ж.Н.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДА МҰҒАЛІМНІҢ НЕГІЗГІ РӨЛІ

 

                Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру өте күрделі де ұзақ үдеріс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті əдіс-тəсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кəсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.

         Мұғалім сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту əдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық əрекетіне мақсат көздей басшылық етеді.

         Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану «пəнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты оқыту үдерісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды негізгі пəндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдануда: «Мұғалім нені білу керек

- қазіргі заманғы педагогикалық технология көмегімен шешілетін мəселені анықтай алуы;

- қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану арқылы алынатын нəтижелерді;

- қазіргі заманғы педагогикалық технология мəнінен алынатын нəтижелердің теориялық негізін;

- қазіргі заманғы педагогикалық технологияда мұғалім қолданылатын əдіс-тəсілдерді білуі керек.

Оқушыларды қазіргі заманғы педагогикалық технологияда жұмыс істеуге үйрету əдісін таңдауы. «Не істей алу керек

- оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыра алуы;

- күнтізбелік тақырыптық жоспар жасай алуы;

- әр сабақты жоспарлай алуы;

- қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша жүргізілетін əртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасай алуы;

- оқу модулын құрастыра алуы;

- оқу жобасының мазмұнын анықтай алуы;

- оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыра алуы.

«Қандай іс-əрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет

- қазіргі заманғы педагогикалық технологияларда пайдаланылатын жекелеген əдістер мен тəсілдерді пайдалану;

- әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу;

- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау;

- қазіргі заманғы педагогикалық технологияда қолданылатын оқу əрекетінің əдістерін оқушыларға үйрету.

         Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол мұғалімнен білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, құнттылықты, жаңашылдықты жəне мол дайындықты қажет етеді.

         Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу кезінде мұғалімнің технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек: - қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар көмегімен шешілетін мəселелерді;

- қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану арқылы алынатын нəтижелерді;

- қазіргі заманғы педагогикалық технология мəнін, алынатын нəтижелердің теориялық негізін;

- қазіргі заманғы педагогикалық технологияда мұғалім қолданатын əдіс-тəсілдерді;

- оқушылардың жұмыс əдісін;

- қандай да бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды;

- күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;

- əр сабақта сауатты жоспарлауды;

- оқу моделін құрастыруды;

- оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материалдарды дайындауды;

- оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;

- оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;

- тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау;

- компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау.

         Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет: - қазіргі заманғы педагогикалық технологияларда пайдаланатын жекелеген əдістер мен тəсілдерді қолдануды;

- түрлі типтегі сабақтарды өткізуді; - өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды; - қазіргі заманғы педагогикалық технологияда қолданылатын оқу əрекеттерінің əдістерін оқушыларға үйретуді; - педагогикалық диагностиканың қарапайым əдістерін қолдана отырып, қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. – Алматы, 2014. 360 бет.

2. Барсай Б., Таубаева Ш. Т. Мұғалімнің педагогикалық жаңалықтарын ұйымдастыру. – Алматы, 2007.

3. Кенеш Ə. С. Болашақ мұғалімдердің əдістемелік дайындық жүйесін дамыту. – Астана, 2003.