ӘӨЖ: 782.9

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СӘЙКЕС ТӘРБИЕШІНІҢ КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ

 

 

Бердибаева Гулзат Махамбеткалиевна

Облыстық туберкулезге қарсы балалар санаторийі

 

Бала-бақша тәрбиешісінің кәсіби педагогикалық әрекеті қызметтерінің бірі – гностикалық (танымдық). Бұл қызмет, педагогқа керекті балаға жеке қатынасты қамтамасыз ететін, тәрбиешінің баланың жеке, жас және тұлғалық ерекшеліктерін тану икемділігін анықтайды. Педагогтар мен психологтар (Аркин Е.А., Басов М.Я., Ковальчук Я.И., Сухомлинский В.А., Усова А.П. т.б.) тарапынан тәрбиелеуде балаға деген жеке қатынас керек екендігі бірнеше рет баса айтылды. Баланың жас және жеке ерекшеліктері туралы білімге негізделіп, ол бала мен ересектердің қарым-қатынасының тұлғалық-бағытталған моделін жүзеге асыруда маңызды рөлге ие болады. Мұндай қатынас тәрбиешінің психологиялық фактілерді құрастыра алу, талдау, тіркеу, бақылау іскерлігін меңгергендігін жобалайды. Бала-бақша тәрбиешісі бірнеше жылдар көлемінде баланы бақылайды. Күннен күнге ол балалармен бірге тұрмыстық процестерді орындайды, іс-әрекеттерін ұйымдастырады, кітап оқып береді, серуенге шығарады. Бірте-бірте баланың психикалық дамуы туралы білімдерін толықтыра түседі. Яғни, баланы тәрбиелей және үйрете отырып, педагог бірмезгілде баланы да меңгереді, бұндай меңгеру тәрбиешінің тәрбиелік-білімділік жұмысының ажырамас бөлігі ретінде де саналады. Ертегіні қайта айтып беруді ұйымдастыра отырып, тәрбиеші сөйлеу тілінің даму деңгейін зерттейді, ал балалармен бірге олардың суреттерін көре отырып, олардың шығармашылығының туындауын анықтайды. Бала-бақша тәрбиешісінің дәл осындай ұйымдастырушылық жұмысы туралы М.Я.Басов айтқан болатын: «Бірінші зерттеу, ал одан кейін педагогикалық жұмыс дейтіндей ереже болмайды. Бұл мәселенің ең негізі және маңыздысы сонда, ол зерттеу жұмысы толығымен педагогикалық жұмыстың құрамына енуі тиіс, ал соңғысы – біріншісіне бір органикалық бүтін ретінде ену керек».

Тәрбиешінің психологиялық зерттеу мақсаты өзіндік практикалық бағыттылығымен ерекшеленеді. Тәрбиеші психологиялық заңдар жасамайды, психиканың даму механизмдерін бөліп көрсетпейді, керісінше оның әр нақты жағдайда тәрбиеленушілерде көрініс беруін бақылайды. Сонымен, бала-бақша тәрбиешілерінің балаларды зерттеу мәні – олардың әрекеттерінің себебін түсіну, қызығушылықтарын табу және оны дамытуға мүмкіндік жасау, психикалық даму кезеңіндегі ауытқуларды, кемшіліктерді уақытында байқау және оны шешу үшін дұрыс әдіс-тәсілдері таңдап алу, олардың нәтижелілігін тексеру, тәрбиеленушінің қазіргі, кешегі және болашағын ескере отырып психологиялық дамуын жоспарлау. Нәтижесінде тәрбиеші баланың өзіндік мүмкіндіктерін игеруге көмектесе алады, баланың психикалық дамуын дұрыс бағытпен қамтамасыз етеді және оның жаңа жас кезеңіне өтуіне мүмкіндік беретін білімділігінің, тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз ете алады. Сонымен, педагогтың зерттеуді құрудың ерекшелігі педагогикалық шығармашылықтың, педагогикалық процестің шарты және негізі болып табылады. Олар қысқа мерзім аралығында үлкен нәтижелерге жетуді қамтамасыз етеді. Тәрбиешіге өте қажетті кәсіби педагогикалық әрекеттер:

Біріншіден, тұлға дамуы туралы, әрекет түрлерінің және танымдық процестерінің қалыптасуы, бағыттары, заңдылықтары, динамикасы, өзара байланысы, негізгі жаңатүзілімдері сияқты, мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының орталық түзулері туралы нақты пайымдауларының болуы. Мысалы, ойлаудың дамуы – оның формалары, және де ойлау операциялары жайында.

Екіншіден, тәрбиешінің дамудың барлық орталық түзулері және психика қасиеттерінің байланыстырын көре білуі маңызды. (ол ақыл-ой әрекеттері және қарым-қатынас; назар аудару практикалық және ақыл-ой әрекеттерінің дұрыс ағымы қалыптасуының кепілі ретінде және т.б.)

Үшіншіден, тәрбиешіге ерте және мектепке дейінгі балалардың жас кезеңдерінің психикалары дамуында сабақтастықты көре білуі маңызды, өйткені осы немесе басқа тәрбиелік міндеттерді өз бетінше мінез-құлқының дамуымен, назар аударудың қасиеттерімен немесе ойлау операцияларымен байланысты қою үшін.

Балалар психологиясының өзіндік әдістері оның объектісінің ерекшелігімен анықталады. Мұндай ерекшелік ретінде бала психикасының туылғаннан жеті жасқа дейінгі кезеңін айтуға болады, бұл кезеңде бала сыртқы ортаның қолайсыз ықпалына әсерленгіш келеді. Ересектер тарапынан дөрекі түрде араласу баланың психикалық дамуын тежейді немесе бұрмалайды. Сондықтан да балалар психологиясын оқып білудің негізгі принципі болып гуманистік және педагогикалық оптимистілік принципі орын алады, оның мәні зақым келтірмеу талабымен байланысты. Тәрбиеші үлкен жаупкершілікті сезінуі тиіс және асықпауы керек, негізгісі – бала мінез-құлқының шын себептерін анықтау, психологиялық ерекшеліктерін және заңдылықтарын ашып көрсету, сонымен бірге балаға деген тактикалық, қайырымды, ұқыптылық қатынасты білдіру керек.

Тиімділік және ғылымилық принциптері психологиялық дамуды оқып үйренуді, оның механизмдері мен заңдылықтарын басқа ғылым тұрғысынан емес, нақ осы балалар психологиясы ұғымы тұрғысынан түсіндіреді. Сондай-ақ баланы «кішкентай ересек» емес, керісінше толыққанды адам ретінде қабылдап, оның өзіндік дүниетанымы, ойы, күйзеліс мазмұны мен оның көріністері бар адам екенін есепке алу керек. Мектепке дейінгілердің ішкі өмірі өзіндік заңдар бойынша дамиды, яғни сол құбылысты зерттеушінің аңғаруы керек. Сондықтан да осы ішкі өмірді зерттеуге кіріспес бұрын, белгілі бір психологиялық білімді, ұғымдарды, психологиялық ғылымның негізгі идеяларын тәрбиешінің меңгеруі керек.

Детерминизм принципі психикалық функциялар мен қасиеттердің қалыптасуынан шығады және де олардың ерекшеліктерінің көрініс беруі ішкі және сыртқы себептермен тығыз байланысты. Осы себептер өмірдің шарттарымен, баланың тәрбиеленуімен, оның қоршаған әлеуметтік ортасының ерекшелігімен, ересектермен және құрдастарымен баланың қатынас жасауымен, оның әрекетінің спецификасы және белсенділігімен ескерілген. Бастапқыда «жақсы» немесе «қиын» балалар болмайды, тек қана аяғында балаға әсер ететін осы немесе басқа себептердің әртүрлілігі болады. Зерттеушінің міндеті психологиялық фактілердің себебін ұғыну, түсіну, яғни, оны түсіндіре білу.

Әрекеттегі психиканың, сананың даму принципі әрекеттің бала психикасы дамуы мен көрініс беруінің шарты ретінде берілетіндігін көрсетеді. Сондықтан да психикалық ерекшеліктерді зерттеу үшін соған лайықты әрекетті ұйымдастыру керек, мысалы, шығармашылық елестетуді сурет салғанда немесе ертегі құрастырғанда тіркеуге болады.

Сананың және әрекеттің тұтастық принципі (С.Л.Рубинштейн шығарған) сананың және әрекеттің өзара ықпал ететіндігін білдіреді. Бір жағынан сана іс-әрекетте қалыптасады және оны «басқарады». Ал басқа жағынан әрекеттің күрделенуі, оның жаңа түрлерін меңгеру сананы байытады және өзгертеді. Сондықтан сананы бала әрекеті арқылы, орталанған деңгейде зерттеуге болады. Осылай, баланың мінез-құлығының мотивтері оның қылықтарын талдау арқылы түсінікті болады.

Кешенділік, жүйелілік принципі бір ғана зерттеу арқылы бала психикасын толық суреттей алмайтындығын болжайды. Жекеленген емес фактілерді талдау, оларды салыстырып, бала психикасы дамуын жан-жақты жиынтықталған түрде бақылауға алу керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.    Басов М.Я. Методика психологических наблюдений над детьми. //Избр. психологические произведения. – М., 1975. –С.27-189.

2.    Венгер Л. Психологическая харатеристика ребенка. // Дошкольное воспитание. – 1977. -№5. –С. 40-46.

3.    Урунтаева Г.А., Афонькина Ю.А. Практикум по детской психологии. – М., 1995. –С.4.

4.    Эльконин Д.Б. Некоторые вопросы диагностики психического развития детей. // Избр.психологические труды. – М., 1989. – С.301-305.

 

Аннотация

Смысл изучения детей воспитателем детского сада состоит в том, чтобы понять причины их поведения, заметить их склонности и создать условия для их развития, правильно подобрать методы и приемы воздействия на малышей и проверить их эффективность, вовремя заметить отклонения в ходе психического развития, его недостатки, спроектировать дальнейшее психологическое развитие воспитанников, учитывая их настоящее, прошлое и будущее.