Джумабекова А

№14балабақша меңгерушісі,Тараз қ.  

Мектеп жасына дейінгі балаларды балабақшаға

бейімдеу жолдары

Қазіргі таңдағы Қазақстандық балалардың  көбісі көптеген жағымсыз факторлардың әсерінде болғандықтан, олар  психологиялық қолдауды қажет етеді. Баланың балалық шағына жағымсыз  әсер ететін маңызды факторлар мыналар: экономикалық, саяси,  құндылықтардың тұрақсыздық факторы. Тұрақсыздықтың ортақ факторымен  қатар, мүмкін болатын психологиялық соққылардың арасынан адам  дамуындағы әлеуметтік жағдайларының жылдам өзгерістерін атап көрсетуге  болады.

Баланың әлеуметтенуі қашан, қайда басталады? Әрине бірінші отбасында  және балабақша келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді

Ертенгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

-  Баламен тез қоштасып үйреніңіз.Қоштасуды созбаңыз.Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп тынышталуы ұзаққа созылады.
-  Балаңыз сізге сенсін десеңіз,балабақшаға әкеліп көрінбей қашып кетпеңіз.
-  Балаңызға ұнайтын қоштасу рәсімін ойлап табыңыз және оны қатал ұстаңыз.
-  Жоспарлаңыз:балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні ақ күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғащқы аптада үш төрт сағат, одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады. 

- Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет.

Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе? Оны мақтайсыз ба , оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі-баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді. Орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде, ауыр бейімделу – 2 айдан  6 айға дейін өтеді.

Балабақшаға бейімделу кезеңнің ұзақтылығы үш дәрежеден тұрады.

· жеңіл

· орташа

· күрделі

Жеңіл  бейімделу кезінде  бала бір жұма ішінде   яғни 16 күнде бір  қалыпқа келеді. Бірінші аптаның аяғында  тамаққа деген  тәбеті  орнына  келеді. Екінші аптаның  аяғында  ұйқысы  қалпына  келеді. Мектепке дейінгі  балалардың сезімі  әр түрлі  болады. Біреуі көңілді, біреуі  тұйық, біреуі салмақты. Көңілді балалар мен салмақты  балалар ересектермен яғни  тәрбиешілерімен, құрбыларымен қоршаған ортаға  тез бейімделеді.

Орташа бейімделу кезеңінде ұйқысы  мен асқа деген  тәбеті 20-40 күнде бір жүйеге келеді. Бір ай бойы баланың  сезімі тұрақсыз болады.Бұл  орташа  бейімделуде балаға  мына  қасиеттер тән  болады.

Ересектермен  балалар  арасынан қарым- қатынасқа  түсу үшін  таңдай бастайды және  белгілі  жағдайда  ғана  қатынасқа  түседі. Бұл орташа  бейімделуде    бала 2 рет ауыруы  мүмкін  және 10 күннен аспайды.

Күрделі бейімделуде  баланың  дұрыс  ұйықтамауынан байқауға  болады.  Ол  түсінде айқайлап, тұрған кезде жылап  тұрады. Тәбеті болмай тамақ ішпейді, сонымен бірге іші өту, құсу, кекештену, қорқыныш, үрей пайда болады. Тәрбиешілерді тыңдамай, жұлынып, долданып  айғайлай бастайды. Бұндай бейімделуде бала белсенсіз болады.

Бұндай  күрделі бейімделу кезінде аурулары асқынады. Сөйлеу қабілеттері нашар болады.  Осындай жағдайлар болмас үшін  балаларға түсіндіру керек.

Балабақша қызметкерлерімен тығыз  байланыста болу.  Баланы бірте-бірте  бала бақшаға үйрете беріңіз. Тәрбиешілерге баланың әдеттері мен қылықтары жайлы хабарлаңыз. Балаға  балабақшада не күтіп тұрғанын айтып отырыңыз. Балаға зейінді, жанашыр  және сабырлы болыңыз.

Баланың бейімделуі, сонымен қатар балабақшада тиімді жүргізілетін ойынға да байланысты. Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функциясы мен олардың арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсінуге де араласады.

Ойыншықтармен ең қарапайым қимылдарды орындау (ойыншық машинаға жіп тағып алып сүйрету, кішкентай шелекпен құм төгу), баланың құрдастарымен өзара іс-әрекеті қысқа мерзімде сипатта болады. Ойын мазмұны біржола араласып кетуге әлі негіз бола алмайды.

          Ойын іскерлігінің дамуымен және ойынның түпкі мақсатының күрделенуімен балалар бір-бірімен ұзақ араласа бастайды. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз, іс-әрекетін басқалардың іс-әрекеттерімен үйлестіруді, өзара түсінісуді, өзара көмектесуді үйренеді.

Баланың психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі бір әрекетпен айналасуына байланысты.

Әдебиеттер:

1.                 Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1998.

2.                 Ануфриева В.Г. Профилактика социальной дезадаптации детей / Управление ДОУ, 2003, № 4. С 97 - 103.

3.                 Аксарина Н.М. Воспитание детей раннего возраста. Изд. 3-е, испр. И доп. М.: Медицина, 1977. - 304 с.