Методические основы воспитательного про­цесса/Педагогические науки

Кенжебекова С.Б.

 

 

Учитель казахского языка и литературы. Алматинская область,

 г. Жаркент, с.ш. им.  Б.Назыма

 

 

Особенности  духовно-нравственного воспитания школьников

 

 

 

1.     Сейсембаев Ж.К. Отбасы тәрбиесінде балаларды мектепке даярлаудағы қазақ халық педагогикасы, А.,1987-178 б.

2.     Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика, А.: Ғылым,1998. – 315с.

3.     Сәдірмекова Ж. Б. Жеткіншектерді халықтық педагогика арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Пед.ғыл.канд. …дисс. – Алматы, 1994. – 150 б.

4.     Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы, 1985.- 234б.

5.     Құрсабаев М.Қ., Оқушылар ұйымында ұлттық тәлім-тәрбие жүйесін кешенді пайдаланудың жолдары // Вестник университета «Қайнар», №4/1, 2005, 34-45 б.

6.      Соловьев В.С. Оправдание добра: Нравственная философия. - М.: Республика, 1996. - с. 10

7.     Выготский Л.С. Мышление и речь. Изд. 5, испр – М.: Лабиринт, 1999. – 352с.

8.     Макаренко А.С. Избранные педагогические сочинения.-М: Педагогика, 1977.- 397с.

 

 

Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәрбие процесін жас ұрпақтың рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелері маңызды болып табылады.  

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Балаға адамгершілік тәрбие беру туралы педагогикалық-психологиялық, философиялық ойлар көптеген педагогтердің еңбектерінен кездестіруге болады.

       Бүгінгі таңда Қазақстанда халықтық педагогика арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру мәселелері Ж. Қ. Сейсембаев[1], К.Ж. Қожахметова[2], Ж.Б.Сәдірмекова[3], Ә. Жұмаханов[4]., және т.б. зерттеу еңбектерінде қарастырылып, тың нәтижелер алынғандығы белгілі.

Ал, В. С. Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған. Тәрбие мәдениетi — өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп қырлы. Еңбекке тәрбиелеу, патриоттық тәрбие, эстетикалық тәрбие, адамгершiлiк тәрбиесi, экологиялық тәрбие, дене тәрбиесi[5].

 Осы барлық тәрбиенiң өзегi – адамгершiлiк тәрбиесi, бiрақ ол жападан жалғыз әрекет етпейдi, ол осы аталған тәрбие түрлерiмен бiрлiкте, демек адамгершiлiкпен қоса барлық тәрбие түрлерiмен бiрiге келе адамгершiлiк мәдениетi мен сапалары қалыптасады. Адамгершiлiк сапаларын тұлғаның өзi анықтап, адамгершiлiк ұстанымын да өзi қалыптастырады.

          Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды [6]. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.

Ұлы педагог  А.С. Макаренко айтқандай, тәрбиешiнiң iс-арекетi дегенiмiз, ен алдымен, ұйымдастырушылық iс-арекет. Әдiстердiң осы тобы арқылы оқушылар өмiрiн мiнез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжiрибесiн бiртiндеп жинала бастайтындай етiп ұиымдастыруға болады. Бұл iс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып жағымды мотивтер дамиды[7].

Ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар  мiнез-құлықтың белгiлi бiр бағытын таңдауға әкелiп, тұрақты әдеттердi қалыптастырады. Оқушы бойында морал мен  адамгершіліктің қоғамдық құбылыс ретіндегі түсініктері жетіледі.

Сондықтан да, сынып жетекшісі  оқушылыларды ұжымдық тұлғааралық қарым-қатынасында  әділеттілік, силастық, жанашырлық, ұйымшылдық, қасиеттерін қалыптастыру маңызды.

        Тұлғаның  дамытатын алғашқы әлеуметтік орта ол отбасы екені анық. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады.  Мәселен, отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет.     

Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына  көрсеткен үлгісіне рухани-адамгершілік қүндылықтарының қалыптасуына әсер береді.

Сондықтан да, тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттерін әр кезде мұғалімнің, ата-ананың, сынып жетекшісінің  ынтымақтастығы арқылы қалыптастыру негізгі шарт болып табылады.

Қорыта келгенде,   оқушылардың  адамгершілігін қалыптастыру  ұлтық

педагогиканың мазмұнына негізделе отырып тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде оқушылардың адамгершілік сезімін қалыптастыру; мектеп пен отбасының ынтымақтастығын құратын  сынып

жетекшісі  болғандықтан, ең алдымен оның өзі  отбасы тәрбиесі   мәселелері  саласынан  білімінін кеңейту; мектеп қабырғасында  аналардың психологиялық педагогикалық-ағартушылық  іс-шараларын ұйымдастыру арқылы тәрбие маселері бойынша білімдерін  жетілдіруге жағдай құру.