Кейс технологиясы арқылы студенттердің коммуникативті-танымдық                           құзыреттілігін қалыптастыру

Зейнулла Гульжан Болаткызы. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

Түйіндеме: бұл мақалада Кейс технологиясын қолдану арқылы студенттердің коммуникативті-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру жайында жазылған.  Сонымен қатар, білім алушыларға білім беру әдістері мен түсініктемелер анық көрсетілген. Бұл студенттерге пәнді терең меңгеруге, ақпараттарды өңдеуге, түрлі жағдаяттарды саралап, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Кілт сөздер: Кейс әдісі, шет тілдік коммуникативтік құзыреттілік

Резюме: В данной статье рассматривается формирование коммуникативно-когнитивной компетенции студентов с использованием «кейс» технологий. Кроме того, студентам четкo предоставлены  методы и объяснений преподавания. Это позволяет студентам глубоко изучить предмет, рассмотреть разные случаи и найти их правильное решение.

Ключевые слова: Кейс метод, иноязычная коммуникативная компетенция

Summary: In this article, examined about forming of cognitive  communicative competence  of students  with  using "Case"  technologies. In addition,   methods  and explanations of teaching are given to students. It allows to the students deeply to study an object, consider different cases and find their correct decision.

Key words: Case method, cognitive communicative competence

         Шет тілдік коммуникативтік құзыреттілік бакалавриаттың 1, 2 – курстарында студенттің шет тілін оның кең профильдік ориентация шеңберінде меңгеру, ақпаратты жалпылау және синтездеу, қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени, этномәдени, әлеуметтік-этикалық және гуманитарлық аспектілері ретінде жүзеге асырылады.

         Шет тілдік коммуникативтік құзыреттілік магистратураның 1, 2 – курстарында, негізінен, студенттің квазикәсіби және оқу-кәсіби жұмысының аясында орын алады және шет тіліндегі өзекті кәсіби жағдайларды және типтік тапсырмаларды зерттеуге бағытталған, арнайы әзірленген оқу пәндер немесе курстар көмегімен жүзеге асырылады.

         Магистратура немесе бакалавриат студенттеріне арналған «Шет тілі» курсының басты міндеті шет тілдік коммуникация болғандықтан, коммуникативтік оқыту әдістерін қарқынды дамыту оқыту процесіне белсенді әдістерді, оның ішінде кейс әдісі, енгізу үшін қажетті шарт болып табылады. Себебі, олар барлық коммуниканттар (студенттер мен мұғалімдер) арасындағы тұрақты қарым-қатынастың құрылуына және дамуына, алынған теориялық білімдерді практикада қолдану мүмкіндіктерін дамытуға, болашақ кәсіби қызмет аясында қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

         Шетел тілін коммуникативтік оқыту коммуникативтік негізінде ұйымдастырылған тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Ол студенттердің, бірінші кезекте, шет тілдік қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге бағытталған№ оны кес-әдісі арқылы жүзеге асыруға болады.

         Оқытудағы тұлғаның белсенділік мәселесі – психологияда да, педагогикалық ғылым мен тәжірибиеде де өзекті мәселелердің бірі екенін атап өткен жөн.

         Шет тілін оқуға студенттің мотивациясын көтеру қажеттілігі, студенттің танымдық қызметін жандандыру, қарым – қатынас процесіне шет тілін енгізу - оқыту процесіне активті үйрету технологияларын енгізу қажеттілігін анықтайды. 

         Активті оқыту, мұғалімнің дайын білімді есте сақтап, айтып, қолдануы ғана емес, бірінші кезекте, ол ойлау және практикалық қызмет процесінде студенттің білім мен дағдыларды өзіндік меңгеруге бағытталған әдістер системасын қолдануды көздейді.

         Алайда,  студенттердің білім мен дағдыларды өзіндік меңгеру, сонымен қатар, белсенді ойлау және практикалық қызмет процесінің ұйымдастырылуы, активті оқыту әдістерін үйретіп жатқан мұғалімнің өзінің де активті ұстанымды ұстанған кезде ғана өнімді болады.

         Кейс-әдісін пайдалануда оқытушының қызметі туралы сұрақты талдай отырып, екі негізгі үрдісті анықтауға болады. Бірінші үрдіс, кейсті және оны талдау үшін сұрақтарды құрастурудағы кешенді шығармашылық жұмыс болып табылады. Бұл жұмыс сыныптан тыс жүзеге асады және ол оқутышының ғылыми-зерттеу, әдістемелік және сындарлы қызметтерін қамтиды.

         Алайда, тәжірибе көрсеткендей, сабақты тиімді жүргізу үшін,  жақсы дайындалған кейс жеткіліксіз. Бұл үшін, студенттердің өзіндік жұмысы үшін де, сондай-ақ алдағы сабақты өткізу үшін де әдістемелік қолдау дайындау қажет.

         Оқытушы қызметінің екінші бағыты, оқытушының кіріспе және қорытынды сөзімен шығатын, кішігірім топтар мен дискуссияларды ұйымдастыратын, аудиториядағы іскерлік көңіл-күйді қолдайтын, кейсті талдаудағы оқушылардың қосқан үлесін бағалайтын аудиториядағы қызметін қамтиды.

         Кейс әдісін қолданатын оқытушы жұмысының ерекшелігі – студенттің құзыретін қалыптастыра отырып, ол өзінің қабілеттерін барынша іске асырып қана қоймай, сонымен қатар оларды барынша дамытады. Оқытушының негізгі мазмұндық қызметі бірнеше функцияларды орындаудан тұрады. Олар  тәрбиелік, білім беру, ұйымдастыру және зерттеу функциялары. Тиісінше, кейс әдісін қолдана отырып тиімді шет тілін оқыту процесін құрастыру үшін, мұғалімге әдістемелік семинарларға және конференцияларға  қатысу, біліктілігін арттыру курстарын өту арқылы өзінің лингвоәдістемелік әлеуетін жоғарлату қажет, сонымен қатар, студенттердің оқып жатқан мамандығының аясындағы кәсіби мәселелерде хабардар болу, кәсіби қоғамдықпен өзара белсенді іс-әрекетте болу қажет.

         Оқытуда кейс әдісін пайдалану мәселелері туралы ғылыми әдебиеттерді талдай отырып, студенттердің шет тілі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру процесіндегі кейс әдісін интеграциялау үшін қажетті мынандай ұйымдастырушылық және педагогикалық шарттарға бөлінеді:

-         Білім беру сатысында (бакалавриат, магистратура) байланысты кейсті құрастыру кезінде материал студенттердің шет тілі бойынша дайындық деңгейі арқылы ғана емес, сонымен қатар, мамандығы бойынша дайындық деңгейі арқылы да таңдалады. Сондай-ақ, білім беру сатысына байланысты Кейс әдіс академиялық іс-шараларды, квазикәсіби элементті академиялық іс-шараларды немесе квазикәсіби және оқыту-кәсіби іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған;

-         Контексті ортаға ену, білімді жинақтауға және қажетті қабілеттер мен дағдыларды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, болашақ бакалавр мен магистранттардың кәсіби құзыреттілігінің үйлесімді дамуына мүмкіндік береді, сондай-ақ, білім беру сатыларының арасындағы алшақтықты жоюға ықпал етеді, сондықтан, білім берудің бір сатысынан басқа сатысына өту кезіндегі жақсы бейімделуді қамтамасыз етеді;

-         Коммуникативті әдістерді қолдану, Кейс сұрақтарын шет тілінде жемісті талқылау үшін, Кейс шешімінің нәтижелерін дәлелдермен талқылау, қорытынды және бағалау кезеңдерінде дискуссиялар өткізу үшін қажетті монологтық және диалогтық сөз дағдылары мен қабілеттерін дамытуға көмектеседі;

-         Сапалық кәсіби талаптарды есепке алу, Кейстің кәсіби контексте тематикасын анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, Кейстердімшешуде қалыптастырылуы мүмкін болатын, болашақ бакалавр мен магистранттарға арналған басым құзыреттер тізімін анықтауға көмектеседі;

-         Оқытушының терең лингвоәдістемелік дайындығы Кейстің мазмұндық материалдарын түрлі формаларда (мәтіндік, аудио, видео файлдар және т.б) көрсетуге, студенттер контингентінің қажеттілігінің және шет тілінің қажетті деңгейін иеленуге мүмкіндік береді. Бұл студенттерге кәсіби дағды мен қабілеттерді бекітуге көмектеседі. Сондай-ақ, ақпаратты шет тілінде қабылдау, талдау, айту дағдыларын дамытады, яғни, кәсіби тақырыптарда шет тілдік қарым-қатынас, соған қоса, мұғалімге тек оқыту функцияларын орындауға ғана емес, сонымен қатар, тәрбиелік, ұйымдастырушылық және зерттеу функцияларын орындауға мүмкіндік береді;

-         Студенттердің оқу процесіне тұрақты қатысуын қамтамасыз ету, оқытудың басқа да белсенді әдістері арқылы ойлау процесін мәжбүрлі белсендіру студенттердің шет тілін үйрену мотивациясын жоғарлатуға, өзінің жұмысына деген шығармашылық қарым-қатынасын дамытуға, студенттердің өзіндік жұмысты ұтымды ұйымдастыру ынтасын жоғарлатуға мүмкіндік береді;

-         Жетістікке жетуге бағытталған жағдайларды құру тұрақты оң мотивациясын қалыптастыруға, студенттердің танымдық белсенділігін өсіруге, оларды жетістікке ынталандыруға, шет тілідік  қарым-қатынаста психологиялық қиыншылықтарды жеңуге және жеке тәжірибиеге ие болуға мүмкіндік береді;  Кейспен жұмыс атқару бұл сыртқы мониторингпен, өзін-өзі және бірін-бірі бағалаумен іске асатын топтық жұмыс. Бұл сондай-ақ жетістік мотивациясының, әлеуметтік бейімделуінің дамуына және өзін-өзі  реттеу стилін дамытуға да ықпал етеді.

Жоғарыда айтылған студенттің ет тілдік коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасуының талаптары жүзеге асып, педагогикалық әсер беруі тек қана бағалау және мониторинг жүйесі үшін бірнеше дидактикалық талаптарды орындағанда ғана мүмкін.

Практика көрсеткендей, оқу диагностикасы негізінен студенттердің оқу материалдарды белгілі бір деңгейде меңгеру нәтижесін бағалауды білдіретін дидактикалық критерийлерді құрастыру арқылы жүзеге асады.

         Шет тілдік коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы бойынша зерттеу, берілген құзыреттілік арқылы құрылған бағалардың түрлі көрсеткіші мен критерийлерінен тұрады, алайда, олардың көпшілігі танымдық-операциялық бөлігіне қатысты. Бакалаврдың (магистірдің) шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігінің жедел-танымдық және жеке-кәсіби сипаттамалары қолданылғандықтан, екі сипаттаманы да сипаттау үшін қолданылатын, студенттің  шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасуын кешенді бағалау үшін диагностикалық құралдар әзірлеу қажет.

         Әзірленген критерийлер мен көрсеткіштер бойынша студенттің шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасқандығының кешенді диагностикасы болашақ маманның жалпы мәдени және кәсіби қарым-қатынасқа қабілетін және дайындығын бағалауға көмектеседі, және де ажырамас құбылыс ретінде қарастырылады.

Шет тілдік коммуникативтік құзыреттіліктің құзыретті-танымдық диагностика әдістеріне бақылауды, түрлі тапсырмалар мен жаттығулардың орындалу нәтижелерін талдауын, оқу қызметінің өнімдерін (диалогтар, рөлдік ойындар, эссе, мәтіндер, презентациялар, тесттер, сұхбаттар және т.б) жатқызуға болады.

         Шет тілдік коммуникативтік құзыреттіліктің жеке-кәсіби сипаттамалар дтагностикасы Кейстермен жұмыс істеу барысында жүзеге асады, сонымен қатар, сұхбаттар, бақылау,  сұрау жүргізу, жетістіктің мотивациясын анықтауға бағытталған психологиялық тесттерді орындау, өзін өзі реттеу стилін және әлеуметтік бейімделу қабілетін анықтау арқылы да іске асыруға болады.

 

1.    Андриенко, Е.В. Психолого-педагогические основания обновления со­держания образования с позиций аксиологии / Е.В.Андриенко // Педагогиче­ское обозрение. – 2003

2.    Андриенко, A.C. Формирование иноязычной профессиональной комму­никативной компетенции студентов вуза [материалы] /A.C. Андриенко // Прак­тика и перспективы развития партнерства в сфере высшей школы: Материалы 6-го международного практического семинара. - Донецк, 2005

3.    Анисимова, В.В. Внутришкольное управление развитием авторских педа-гогических систем: автореф. ...канд. пед.наук : 13.00.08 / Анисимова Виктория Викторовна. - Волгоград, - 1998.

4.    Ахметова, М.Н. Педагогическое проектирование в профессиональной подготовке / М.Н. Ахметова.- Новосибирск: Наука, 2005.

5.    10.    Ахулкова, А. И. Проектирование и конструирование профессионально- ориентированной технологии обучения: учебно-методическое пособие / А.И.Ахулкова, под ред. П. И. Образцова. - Орел: ОГУ, 2003.

6.    14.    Барнс, JI. Б., Кристенсен, Р. К., Хансен, Э. Дж. Преподавание и метод конкретных ситуаций: учебник, ситуации и дополнительная литература: пер. с англ./ Л.Б. Барнс, К.Р.Кристенсен, Э.Дж Хансен; под ред. А.И.Наумова. -М.: Гардарики, 2000.