Искакова Г.А. п.ғ.м. ОҚМУ колледжі, Қазақстан
Құрақбаева
А. оқытушы ОҚМУ колледжі, Қазақстан
ҚАЗАҚ
ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ ДИАЛЕКТІЛЕР ЖҮЙЕЛІЛІГІ
Қазақ
тілінің халық тілі, ұлт тілі болып қалыптасу процесін,
әдеби тілінің даму заңдылықтарын жете түсіну
үшін, қазіргі тілдегі жеке категориялардың тарихын зерттеу
керек. Бұған қажетті материалдар бұрынғы заманнан
қалған тарихи жазба ескерткіштерде, көне
нұсқаларда, туыстас түркі тілдерінде және осы
күнгі халық тілінің өзінде, оның жергілікті
диалектілері мен сөйленістерінде жатыр.
Қазіргі
тілдердегі диалектілер (сөйленістер) бұл күнге дейін
өте күрделі жүйелерді басынан өткізіп келген. Олар бір
кезде негізі бір ру-тайпалық сипатта болып, келе-келе жергілікті
сипатқа көшкен.
Тіл жүйесінің
негізгі белгілері оның диалектілері мен сөйленістеріне де
тән, ал әрбір диалекті мен сөйленіс жүйесінің
ерекшеліктері мен тілдік белгілері тұтас тілге және оның
диалектілері мен сөйленістеріне тән емес. Мысалы: етістіктің
–лық, йық бұйрық райы жалпыхалықтыық тілге
де, әдеби тілге де, оның сөйленістеріне де тән. Ал
оның –лы, лі түрі оңтүстік-батыс сөйленістеріне
ғана тән, жалпы ұлттық сипаты жоқ.
Диалектілік
ерекшеліктерді тарихи даму жағынан, пайда болу, шығу төркіні
тұрғысынан алып қарағанда, оның
құрамында көне тілдің сарқыншағы ретінде
сақталып қалған ертедегі тайпа тілдерінің
қалдықтарын, көнеленген қат-қабаттарын табамыз.
Бұдан басқа қазақ халқының әртүрлі
дәуірде көрші халықтармен қарым-қатынас
жасаудың нәтижесінде, ауыс-түйістен пайда болған кірме
сөздер де бар. Осыған орай оларды дәстүрлі және
дәстүрлі емес ерекшеліктер деп екі топқа бөліп
қарауға болады.
1.
Дәстүрлі диалектілік ерекшеліктер. Бұл топқа ертеден
келе жатқан, көне тайпа тілдерінің қалдығы
ретінде сақталып қалған ерекшеліктер жатады. Мысалы:
жандық (ұсақ мал), үріптес (туыстас), сой
(тұқым).
2.
Дәстүрлі емес диалектілік ерекшеліктер. Бұл топқа
сөйленістерде кейінгі замандарда пайда болған, қоспа ретінде
басқа тілдерден енген не кейін жұрнақ пен тіркес арқылы
жасалған сөздер жатады. Оларды ішінара екі топқа бөлуге
болады: а) кірме сөздер. Мысалы: шиша, дәліз, пірнәбес;
ә) қоғамдық-әлеуметтік өміріміздегі,
мәдениет, ғылым, тұрмысымыздағы
өзгерістердің ықпалымен тіліміздегі бар материалдар негізінде
жасалған сөздер мен тіркестер. Мысалы: тапсырыс (тапсырма,
задание), көрсетпе (инструкция), жатыс күні (жексенбі) т.б.
1960 ж.ж
дейін қазақ тілінің диалектілік құрылымын
анықтауда екі пікір болғаны белгілі. Бірі – С. Аманжоловтың
қазақ тілінде оңт, батыс, солтүстік-шығыс деп
аталатын 3 диалект бар деген пікірі. Екінші – профессор Н.Т.Сауранбаев пен
Ж.Досқараевтың қазақ диалектілері
оңтүстік-шығыс, солтүстік-батыс болып 2 топқа бөлінеді
деген пікірі.
Ағылшын тілі – Ұлыбританияның, Америка
Құрама Штаттарының, Аустралияның, Жаңа
Зеландияның және Канаданың көп бөлігінің
ұлттық тілі. Бүгінгі күнде жоғарыда аталған
мемлекеттерде ағылшын тілі қолданыстарына қарай
өзгеріске ұшыраған. Кез-келген тілдің ресми түрде
бекітілген дыбысталуының ерекшеліктері бар, сондықтан
американдық, аустралиялық және канадалық ағылшын
тілдерінің болуы ешкімде күмән туғызбайды. Алайда
тілдік нұсқаны диалектімен шатастыруға болмайды
(аудандық, кәсіби немесе әлеуметтік топтармен бірігуші
адамдардың сөйлеу мәнері).
Тілдік вариант пен диалектикалық сөздің
арасында шек қою қиынға соғады, өйткені екеуін де
белгілі бір топқа тән адамдардың сөйлеу мәнері
деп қарастырамыз. Алайда мына жайтты ұмытпағанымыз жөн,
тілдің кейбір варианттары жеке бір тіл ретінде бөліне бастады,
бұл ешқашан да диалект
болмайды.
Қазіргі кездегі ағылшын тілінің
аудандық диалектілерінің жіктелуі үлкен
қиындықтарға алып келеді, өйткені олардың
аралығы үлкен тұрақсыздықпен ерекшелінеді, ал
тілдік стандарты диалектілік тілдің таралу облысына еніп келуде. Ең
күрделі амалдардың бірін А. Эллис жасаған болатын. Алайда
бұл жіктелудің кемшіліктері болмағанымен, ол қазіргі
Ұлыбританияның диалектілік картасын анық көрсетеді
және көптеген диалектологтардың негіздемесі ретінде
алынған. Жалпылай алғанда, А.Эллистің сызбасына жүгіне отырып,
қазіргі ағылшын диалектілерін келесідей түрде жіктеуге
болады: солтүстік диалектілер, олар үш топқа бөлінеді –
1) Нортамберленд, сол. Дарем, 2) оң. Дарем, Камберленданың
көп бөлігі, Уэстморленд, сол. Ланкашир, Йоркширдегі
Вест-Райдингтің таулы бөлігі, 3) Ист-Райдинг пен Йоркширдегі
Норт-Райдинг.
Орташа диалектілер, олар он топқа бөлінеді:
1) Линкольншир, 2) оңт.-шығ. Ланкашир, сол.-шығ. Чешир,
сол.-бат. Дарбишир, 3) сол.-бат. Ланкашир, оңт. Риббл, 4) орташа
Ланкашир, Мэн аралы, 5) оңт. Йоркшир, 6) Чеширдің көп
бөлігі, сол. Стаффордшир, 7) Дарбиширдің көп бөлігі, 8)
Ноттингемшир, 9) Флинт, Денбай, 10) шығ. Шропшир, оңт. Стаффордшир,
Уорикширдің көп бөлігі, оңт. Дарбишир, Лестершир;
Шығыс диалектілер, бес топқа бөлінеді:
1) Кембриджшир, Ратленд, солт.-шығ. Нортхемптоншир, 2) Эссекстің,
Хартфордширдің, Хантингдонширдің көп бөілігі,
Бедфордшир, Нортхемптонширдің орташа бөлігі, 3) Норфолк мен
Саффолк, 4) Бакингемширдің көп бөлігі, 5) Миддлсекс,
оңт-шығ. Бакингемшир, оңт. Хартфордшир, оңт-бат.
Эссекс.
Батыс диалектілер, екі топқа бөлінеді: 1)
батыс және оңт. Шропшир (Северн өзенінен батысқа
қарай), 2) Херфордшир, оның шығыс бөлігінен
басқа, Рэднор, Брэкноктың шығыс бөілігі;
Оңтүстік диалектілер, он топқа
бөлінеді: 1) Пемброкшир мен Гламорганширдің бөлігі, 2)
Уилтшир, Дорсетшир, Сомерсетширдің солтүстік және шығыс
бөліктері, Глостерширдің көп бөлігі, оңт-бат.
Девоншир, 3) Хемпширдің көп бөлігі, Уайт аралы,
Беркширдің көп бөлігі, Саррейдің оңтүстік
бөлігі, Сассекстің батыс бөлігі, 4) солт. Глостершир,
шығ. Херфордшир, Вустершир, Уорикширдің оңт. бөлігі,
Оксфордширдің солтүстігі, оңт-бат. Нортхемптоншир, 5)
Оксфордширдің көп бөілігі, 6) Саррейдің
солтүстігі, солт-бат. Кент, 7) Кенттің көп бөлігі,
Сассекстің шығысы, 8) бат. Сомерсетшир, сол.-шығ. Девоншир,
9) шығ. Корнуолл, Девонширдің көп бөлігі, 10) бат.
Корнуолл.
Ағылшын жаргонының мынадай түрлерін
көрсетуге болады а) «кері сленг»: мысалы, yob орнына boy; б)
«орталық сленг»: мысалы, milk орнына ilkem; в) «рифмаланатын сленг»:
мысалы, lodger орнына artful dodger; г) «medical Greek»: мысалы, house-dog
орнына douse-hog. Осы сленгтардың түрлерінің бәрі сол
бір әлеуметтік топтың тілін өзгелерге түсініксіз болуы
үшін қолданылады. Жаргонға қолданыстағы
сөздердің бұрмалануға ұшырауы ғана
тән емес, сондай-ақ сол тілдің лексемасынан
өзгешеленбейтіндей кейбір кірме сөздерді қолдану.
Көптеген шет елдердің тіл мамандары
тілдің болуының экстралингвистикалық шарттары тек оның
лексикалық-семантикалық құрамында көрініс табады
деген ойда: үлкен немесе кішкене әлеуметтік боялған тілдердің
қабаты пайда болады, олар әлеуметтік диалектілердің болуын
айқындайды. Шындығына келгенде, барлық өзінің
көріністерінде және түрлерінде тек әлеуметтік
құбылыс ретінде көрінеді (сонымен қатар әр
түрлі диалектілерде): тілдің болуына әсер ететін негізгі
факторлар тек «ішкі тілдік сипатқа» ие немесе тіл «өз-өзін
басқаратын жүйе» деп санау дұрыс емес, ал әлеуметтік
факторлар да – бұл «перифериялық құбылыстар». Тіл мен
адам бөлінбейтін бөлшек. Проф. Р.А. Будагов айтқандай,
«тілдің қоғамдық табиғаты оның
тұрмыстық қолданысын, қызметтерін, лексикасы мен
фразеологиясының, грамматикасы мен стилистикасының
ерекшеліктерін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Ғ.
Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы.
Алматы: Ғылым, 2002.
2. С. Аманжолов. Вопросы диалектологии и
истории казахского языка. Алматы, 1997.
3. Ә. Нұрмағамбетов.
Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні. Алматы: Мектеп, 1985.
4. О.И. Брадович. Диалектная вариативность
английского языка: аспекты теории . Ленинград,1988
5. М.М. Маковский. Английские социальные диалекты.
Москва, 1982
6. М.М. Маковский. Английская диалектология.
Москва, 1980
7. А.Д. Швейцер. Социальная дифференцияция
английского языка в США. Москва, 1983
8. Т.М.Беляев, И.А. Потапов. Английский язык
за пределами Англий. Ленинград, 1961