Исабеков Асем Еркінқызы
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
кафедрасының ассистенті, педагогика
ғылымдарының магистрі.
БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОТБАСЫ МЕН БАЛАБАҚША САБАҚТАСТЫҒЫ
Біздің
келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі
адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды
қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. «Тәрбие
басы – тал бесік» - демекші тәрбиені отбасында,
құрсақтан бастау керек. Ең алдымын тәрбие деген
не деген сұраққа жауап беріп көрейікші. Тәрбие,
тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық
бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып,
өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі,
жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз
ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты –
адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке
қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Ал, еліміздің болашағы
- жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана
тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі
кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының
алғашқы баспалдағы, сол баспалдақта балаға
ең алдымен ұлттық тәрбие беруіміз қажет.
Жеткіншектің бойына ұлттық болмысты, мінезді қалыптастыруды
қолға алып, өскелең ұрпақты
отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу керек. Біздің
мақсатымыз зияткер дарынды балаларды ұлттық
тәлім-тәрбие беріп, батыстың білімінен сусындату. Осы кезден
бастап, елін сүйер азаматтар пайда болады. Сондықтан баланың бойына
жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық,
яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,
өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен балабақша
тәрбиешілері шешуші роль атқарады.
Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін
шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын
алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақша... Осы
сөзді қайталап айтып көріңізші.
Құлаққа қандай жағымды, анық,
қарапайым естілетін сөз. Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта
ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні
сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге
келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша
тәрбиешілерінің қасиетті борышы. Балабақшадағы тәрбие
бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы
өшпестей із қалдырады. Балабақшада берілетін тәрбие –
барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты
тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын
орын.
Балабақшаның
негізгі міндеті – баланың жеке басының бастапқы
қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл жас баланың
ақыл-ойының дамуы мен даярлығы үшін қолайлы
кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені
қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік
қатынастың қарапайым тәжірибесінде өзін-өзі
таныта білуге, мінез-құлық мәдениетіне, жеке
гигиеналық және салауатты өмір салтының негіздеріне
бағдарланады.
Сонымен
қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық
ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі
басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш
қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру
үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын
жеңу.
Отбасында ата - ананың ықыласына бөленіп, тәрбие
көріп өскен бала балабақшада да мектепте де өз ісіне жауап бере алады.
Отбасының асақұнды
ықпалы мен әсерін
өмірдегі ешнәрсенің
күшімен салыс-тыруға болмайды. Отбасының
балаға тәрбие берушілік
қызметтінің мақсаты балала-ныңжасын,жеке ерекшелігін,
психологиялық процестерін ескере
отырып, жарасымдыжетілген ұрпақты тәрбиелеу. Балаға отбасы
тәрбиесінің орнын
ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы
өмірге сәби әкеліп,
оны тәрбиелеп, қалыптастыруда
және ұрпақ жалғастыруда
теңдесі жоқ орын. Ата-аналар балаға
отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын
дүние жұмбақтарын танытып, тағылым
талғамға, әдептілікке баулуға тиіс.
Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол,
саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт –
дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың
нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге
асыруға болады. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы,
әдет-ғұрпында жүргізілген
үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде
әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана –
баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі
мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе
ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады. Ана – бала
тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз
қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын
ерекше жырлайды. Жалпы, «Адам бойындағы барлық қасиеттер
ананың ақ сүтімен жаралған» – деген
ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің
міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.
Бала – ата-анасының игі
істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі –
ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Ата-ананың
үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан
жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы
зор. Әрбір ата-ана – өзінің баласын Отанға пайдалы,
өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп
тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты.
Бірде-бір ата-ананың бала тәрбиесіне немқұрайды
қарауға еркі жоқ. Егерде ол, бала өсіруде қате
жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық
жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды
қажет етпейтін ақиқат. Бала тәрбиесі туралы сөз
болғанда: «Баланы жастан» – деген халық даналығын
ұмытуға ешкімнің хақысы жоқ. Сондықтан Отбасын
– ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын
мемлекет ретінде қабылдаған жөн. Отбасының негізі
баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени- әлеуметтік
ортаның құндылығын қабылдату,
ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес
тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа,
өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен
ұрпақтың тәжірибесі, өмірдегі беделі,
ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз
орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала
дүниеге келгеннен бастап ата-ананың ықпалында болып,
бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында
бала ата-ананың қамқорлығына, шексіз
сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың
жақсылығы мен дәулетінің қызығын
көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат
тағылымдарын алуы, оларды меңгеріп іс- жүзінде қолдануы
ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге
тиіс. Шариғатта да алтын ұя – отбасы
жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші
дәрежелі мән берілген. Ойткені: «Балалар – ата-аналар қолына
берілген аяулы аманат». Бұл ғажайып құдайшылдық
анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр
үйдің мандайшасына іліп қою тұрарлық. Баланы
өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз
нәресте кезінен бастап бақытты балалық шақ, жеке
шаңырақ көтергенге дейінгі жастық жолдары өтетін
отбасын бақытты жағалауын бетке алып, өмір – айдынында
жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек,
оның қос ескегі – әке мен ана дер едік.
Қорыта
айтқанда: әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып,
өздері де тәрбиеге енуі қажет. Бүлдіршіндер
өнерімен қорытындыланады. Қазіргі таңда баланы
тәрбиелеуде ата-ананыңда, тәрбиеші ұстаздың да
атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса
ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының,
балабақшаның да алатын орны бар.
Отбасы жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан,
ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн.
Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына
жағдай жасауына әрбір отбасы педагогикалық
әдіс-тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
Әдебиеттер:
1..Сағындықұлы Е, Педагогика(дәстүркурсы). -
Алматы, 1999.
2.. Пинт А.О.. Ата-аналар, сіздер үшін. -
Алматы, 1972.
3. Азаров Ю.П.. Отбасы педагогикасы. - Москва,
1985.
4.Сухомлинский. В.А. Ата-ана педагогикасы.
-Алматы, 1983.
5 Жарықбаев. Қ.,.Қалиев С.
Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995