«Халықаралық валюта-қаржылық қатынастар» пәні сабағында дамыту оқыту технологиясын қолдану

 

Қазақстан Республикасы, Семей қаласы

Қазақстан инновациялық университеті

Саржакова Э.Ж., Дюсенбаева А.Б.

 

Қазіргі  заман  ағымы  болашақ ұрпақтың ой  - өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын талап етуде. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала балқытылған  алтын», - деген қанатты сөзді еске түсіреді.

Қазіргі таңда Қазақстан дамуының маңызды стратегиясы - жоғарғы оқу орнын модернизациялау болып табылады, оның мақсаты жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерге инновациялық жағдай жасау.

Кадрларды дұрыс дайындау , кәсіби білім беретін жоғарғы оқу орындарында бәсекеге қабілеттілік деңгейін жоғарлату, телекоммуникациялық жүйені енгізу және ақпарттық ғаламтор желісін кеңінен  пайдалану қазіргі таңда сапалы болашақ мамандарды дайындаудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді,сонымен қатар  шығармашылық ой мен ғылыми зерттеу жұмысы саласында тапсырмаларды орындауға септігін тигізеді.

Оқу үрдісінің сапасын жоғарлату және оқу үрдісін тиімді басқару үшін ақпартты ұйымдастыру мекеме қызметінің негізгі бағыттарын толық қамту керек.

Жоғарғы оқу орынының негізгі тапсырмаларының бірі - кәсіби тапсырмаларды орындауға дайын жоғары мамандандырылған бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау. Мемлекетіміздің жоғарғы оқу орындары білім сапасын жоғарлату, ғылыми - әдістемелік жұмыстар, оқу технологияларын енгізу, тапсырыс берушілермен тығыз байланыс жасау арқылы оқу үрдісін дамытып отырады.

Қазіргі таңда оқу сапасын жоғарлату үшін оқу үрдісіне инновациялық технологияларды қолдану және енгізу маңызды орын алады, ол оқу материалын айқын көру арқылы тиімділігін арттырады.

Заманауи білім беру жүйесі әлеуметтік экономикалық ортаның өзгермелі шарттарына бейімделген.

Қазақстанның білім беру жүйесі динамикалық түрде  әлемдік жылдам глобализациялау және ақпараттандыру үрдісіне сай дамуы тиіс.

Осыған сәйкес білім беру жүйесі жаңа типті маман қалыптастыруға бағыталуы тиіс, ол  уақтылы іздеу, өңдеу, талдау бойынша қажетті ақпараттарды дайындау және тиімді пайдалана алуы тиіс. Бұған жету үшін жоғары мамандандырылған мамандарды дайындау көпсатылы жүйеге жетуі тиіс.

Кредиттік оқу технологиясын енгізу білім беруді өзгертуге, яғни оқу үлгерімі есебін бақылаудан өзін өзі бақылау - ынталандыруға көшуді ұсынады.

Инновациялық оқу әдістерін енгізудің басты бағыттары болып зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін студенттердің қабілеттерін ашуға қолайлы жағдай туғызу қажет.

Инновациялық оқу әдістерін енгізу және пайдалануды келесі «Халықаралық валюта-қаржылық қатынастар» пәні сабағында қарастыруға болады.

Бұл пән бойынша дәріс мультимедиалық проекторды қолдану арқылы жүргізіледі. Дәрістер презентация түрінде ұсынылған, бұл студентерге жеңіл және тез қабылдауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелік сабақтар мен оқытушымен бірге өзіндік жұмыстар келесідей оқу әдістері бойынша жүргізіледі:

- «шағын топтармен» жұмыс;

-                    ойлау технологиясын дамыту, дебаттар;

-                   тесттік материалдармен жұмыс;

-                   оқу үрдісінде ойын түрлерін қолдану технологии (рөлдік, кәсіби және басқа да ойын түрлері);

-                   заңнамалармен жұмыс;

-                   зерттеу тақырыбы бойынша блок схема жасау.

Инновациялық оқу әдістерін енгізу және пайдалану  материалды жеңіл, тез қабылдауға, білімді жүйелендіруге, шығармашылық ойлауды дамытуға, өзін өзі дамытуға, материалды түсінуге септігін тигізеді.

«Халықаралық валюта-қаржылық қатынастар» пәнін талдау инновациялық әдістерді қолдана отырып оқу қажет деп тапты, себебі ол студенттерді дамытуға, үнемі ізденеісте болуға, кәсіби кометенцияны қалыптастыруға әсер етеді. Бұл үшін заман талабына сай мамандарды қалыптастыруда үнемі педагогтардың қолдауы қажет.  

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

-дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. Занков) ;

-оза отырып оқыту (С.Лысенкова);

-іс-әрекетті бағалау (Ш. Амонашвили);

-тірек - схема және тірек конспектілері арқылы оқыту (В. Шаталов);

-саралап оқыту;

-деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту;

-модульдік оқыту (М. Жанпейісованың);

-Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;

-оқу үрдісін оқушының сезінуі .

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап көрсеткен.  Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында « Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.

Баяндаманы қорытындылай келе,

Жай мұғалім – хабарлайды,

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

 

Керемет мұғалім – көрсетеді,

                     Ұлы мұғалім – шабыттандырады.                     

Уильям УОРД.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.                     Большакова О.Н., Исследования самостоятельной деятельности инновационной направленности студентов и возможности ее развития. Высшее образование сегодня. -2010.- №11

2.                     Кадиев Р.И., Организация информатизации и инновационных технологий обучения в вузе. Вестник высшей школы.-2009. - №3.

3.                     Т. Бейсебаева, К.К. Мустафина, Р.Т. Джумашева, Е.А. Славко, Внедрение инновационных технологий в учебный процесс на кафедрах факультета «Общая медицина». Вестник КазНМУ 2014.-№3