Педагогика/
5.Современные методы преподавания
Калымбетова
Н.П., Омаркулова Л.К.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,Қазақстан
ақпараттық технологиялар Студенттердің өзіндік
жұмыс үдерісінде
Ақпараттық технологияның даму заманында
меңгеру, бекіту, дамытуға арналған көрнекі
материалдарды оқытушы да, студент те дайындай алады.
Білім берудің осы бағытында оқыту
жүйесінің
ақпараттық құралдар (компьютер, аудио,
бейнеқұралдар), ақпараттық технологиялар және
ақпараттық өнімдерімен байланысты іс-шаралар кешенін
айтуға болады [1, 24 б].
Тілдік емес ЖОО-ның қазақ топтарында
орыс тілін оқыту, орыс топтарында қазақ тілін оқыту
курсының жұмыс бағдарламасында СӨЖ-дің
түрлі тапсырмаларын,
кездестіреміз: реферат, пікір жазу, өлеңді жатқа оқу, презентация жасау,
т.б.
СӨЖ тапсырмаларының кейбір
түрлерін сан алуан компьютерлік
бағдарламалар көмегімен орындалатын бір жобаға біріктіруді
жөн деп санадық.
Жобаның
бірінші бөлімі шеңберінде «Қаржы», «Жеңіл өнеркәсіп
бұйымдарын құрастыру және технологиясы», «Биология»,
«Мемлекеттік және жергілікті басқару»,
«Әлеуметтік-мәдени сервис»», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Химия» секілді
мамандықтар тобының студенттеріне мамандық терминінің
иллюстрациялық сөздігі жасалған.
Оларды
жасауда студенттік ортада кең
тарағандықтан Microsoft Office Power Point
бағдарламасына көп мән берілді. Онда
аудио-бейнетоптамаларды
презентацияға орналастыру және слайд терезелерін
анықтау үшін біз «гиперсілтеме» опциясын белсенді түрде
қолдандық. Сөздік қазақ және орыс тілінде
құрастырылған. Көрнекі құрал ретінде
animashky.ru секілді түрлі интернет- сайттардан алынған
көптеген анимациялық суреттер пайдаланылған. Сөздік
көрсетілімі «демонстрация» форматында жүзеге асырылады. Осылайша
бізде ерекше мультимедиалық сөздік-плакаттар жасалды. Бұл
жобаның бөлімі оқытудың
бірінші семестрінде жүзеге асырылды.
Екінші семестрде
жүзеге асқан жобаның екінші бөлімінде болашақ
мамандығы туралы бейнеролик дайындау жоспарланған.
Бейнероликті жасаудың алғашқы
қадамдарын студенттер өткен жылы жасады. Студенттер 3-5 минут
көлеміндегі «Менің мамандығым – ең қажет
мамандық» тақырыбында жарнамалық роликке арналған материалды
түсіріп, монтаж жасады. Осылайша «Жол қозғалысын
ұйымдастыру», «Аударма ісі», «Дизайн» мамандықтары бойынша роликтер
ұсынылды.
Алдағы жұмыстардың
қиындықтары мен жетіспеушіліктерін есепке ала отырып біз
үдерістің алгоритмін жасадық. Жұмыс сценариді
егжей-тегжейлі жазумен басталып, мамандықтың пайда болу тарихы, осы
мамандықтың біз ЖОО-дағы ашылу енгізіліп, осы
мамандықты дайындаушы кафедралардың оқытушыларынан, осы
мамандықтар түлектерін қажет ететін мекемелерден сұхбат
алумен аяқталады. Осы жылы «Стандарттау, сертификаттау және
метрология» мамандығының студенттері «Стандарттау саласындағы
мамандарды дайындау жайында не білесіз?» деген сұрақпен жаяу
жүргіншілерден сұхбат алған. «Жеңіл
өнеркәсіп бұйымдарын құрастыру және
технологиясы» мамандығының студенттері 2,3,4-курс студенттерінен
сұхбат алуды өз жұмыстарына қосқан.
Содан кейін студенттер өздеріне қажетті бейне
роликті түсіріп, сюжетке түсініктеме береді және фильмге
монтаж жасайды. Осы кезде ең қолжетімді және қарапайым
техникалық материалдарды пайдаланады: Windows Movie Maker, UV Sound
Recorder.
Біздің ЖОО-ның 3 курс студенттерінің
оқу жоспарына «Кәсіби орыс тілі» және «Кәсіби
қазақ тілі» пәндерінің қосылуымен біздің
жобамыз кеңейтілді. Осы пәннің оқыту бағдарламасы
көпшілік алдында сөйлеу қабілетін дамытумен байланысты
болған соң, 3 курс студенттері жобаға талапкерлерге арнап «Осы
мамандықты таңда...» тақырыбындағы агитациялық
сөзін аудиожазба түрінде енгізді.
Мұнда да жұмыс белгілі схемамен
құрастырылды. Бірінші «Көпшілік алдында сөйлеу
шеберлігі» тақырыбы бойынша теориялық материалды меңгерді.
Келесі қадамда, атақты бизнесмен, саясаткерлердің
көпшілік алдындағы сөзі егжей-тегжейлі талданған
бейнероликтер көрсетіледі. Мысалы, АҚШ президенті Б.Обама немесе
компьютерлік гений С.Джобс сөздерін тыңдау. Ары қарай
студенттер сөйлейтін сөздерінің жоспарын құрады,
қажетті материалды жинақтайды, кеңестерді есепке ала отырып
сөйлейтін сөздерінің мәтінін жазады. Соңғы кезеңде
сөздерін аудиотаспаға жазып, көпшілік талқысына
ұсынады.
Компьютерлік бағдарлама арқылы СӨЖ
тапсырмаларын орындау - қазіргі технологиялар
ақпараттық-коммуникациялық мүмкіндіктерін
байланыстыратын, ақпараттық кеңістікте бейімделген
тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ету секілді,
заманауи оқытудың негізгі мақсатының орындалуына
мүмкіндік береді.
Әдебиет:
1.Никишина И.В. Инновационные
педагогические технологии в организации учебно-воспитательного и методического
процессов в школе. Волгоград: Учитель,
2006.- 91б.