А.ш.ғ.к. Даулетбекова А.Т., Нұрғали
Д.М., Сағындық Ұ.Ә., Ордабекова Қ.Н.
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан
БІЛІМ
БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық даму адам
өмірінің, қызметінің барлық саласын
қамтиды, ал ғылым саласындағы теориялық және
технологиялық өзгерістердің жалпы стратегиясы
ғылымның тұрақты өзегі ретінде дүниенің
ғылыми бейнесін білдіреді. Педагогикалық әдебиеттерге талдау
жасап үңілсек, қазіргі кезде «оқытудың
педагогикалық технологиясы» ұғымы ғылыми білім
берудің теориясы мен практикасына мықтап енгенін көреміз.
Оқыту технологиясы оқу ақпараттарының пайда болып
көріну, өзгеру, өңделу әдістері мен
құралдарының жиынтығы болса, екіншіден оқыту
барысындағы мұғалімнің оқушыға
қажетті техникалық және ақпараттық
құралдарды қолдана отырып, әсер ету жолдары туралы ілім
болып табылады.
Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде мұғалімдердің инновациялық педагогикалық
технологияларды меңгеруі маңызды рөл атқарады.
Инновациялық үдерісті зерттеу барысында жүйенің бір
жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және
жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерінің
зерттеу маңыздылығы М.В.Кларин [1], М.М.Поташник, П.И.Пидкасистый,
Т.И.Шамова және т.б. зерттеулерінде қарастырған.
Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім
берудің мазмұнын дамыту, жаңалықты енгізу
мәселелерін Ю.К. Бабанский [2], В.А.Сластенин, А.В.Лоренсов, В.П.Кваша,
В.Я. Ляудис, Қ.Қ.Қабдықайыров,С.Н.Лактионова, Ш.Т.Таубаева
[3], М.М. Жанпейісова [4], Ж.А.Қараев [5], Ж.У.Кобдикова және т.б.
қарастырған. Жаңа технология – педагогикалық процеске
оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын,
оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін,
әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатына жету.
Елімізде танымал инновациялық
технологиялардың (модельдердің, жүйелердің,
тұжырымдамалардың, жобалардың) тізімін Мұрат
Құрмановтың материалдары бойынша беріліп отыр [6]:
1. Л.В.Занковтың, Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың
дамыта оқыту жүйесі.
2. Проблемалық оқыту теориясы (А.М.Матюшкин,
И.Я.Лернер, М.И.Махмутов).
3. Мазмұндық жалпыламалау теориясы
(В.В.Давыдов).
4. Бағдарламалық оқыту (Н.Ф.Талызина,
Т.А.Ильина және басқалар).
5. Ақыл әрекеттерін кезеңдеп
қалыптастыру тұжырымдамасы (П.Я.Гальперин).
6. Танымдық қызығушылықты дамыту
теориясы (Г.И.Щукина).
7. Оқытуды оптимизациялау теориясы (Ю.К.Бабанский,
М.М.Поташник).
8. Оқу әрекеттерін белсенділендіру теориясы
(А.К.Маркова, Т.Н.Шамова, И.Ф.Харламова және басқалар).
9. Оқытудың бейімделу (адаптативтік)
жүйесі (А.С.Границкая).
10. Ынтымақтастық педагогикасы (Ш.Амонашвили,
В.Шаталов, С.Лысенкова және басқалар).
11. Гуманистік-тұлғалық тәсілге
негізделген жүйе (Ш.А.Амонашвили).
12. Интенсивті оқытудың әдістемелік
жүйесі (В.Ф.Шаталовтың тірек-сигналдық жүйесі).
13. «Тұңғиыққа шому»
технологиясы (М.П. Щетинин).
14. Модульдік технология (М.Жанпейісова және
басқалар).
15. Кредиттік оқу технологиясы.
16. Ақпараттық оқу технологиясы.
17. Оқытудың ұжымдық тәсілі
(В.К.Дьяченко).
18. Ұжымдық шығарымпаздық
әрекеттер әдістемесі (И.П.Иванов).
19. «Дамытатын орта» бастауыш оқыту моделі
(И.П.Иванов).
20. Әрекеттік қарым-қатынас негізінді
құрылған жүйе (Л.Ф.Климанова).
21. Тәрбие технологиясы (Н.Е.Щуркова).
22. Субъективтік критицизм теориясы (Л.Розенблатт,
Д.Бляйхг).
23. Схемалар теориясы (Р. Андерсон және
басқалар).
24. Кеңейтілген дидактиқалық бірліктер
теориясы (П.Б.Әрдниев).
25. Мария Монтессори жүйесі.
26. «Вальдорф педагогикасы» (Р.Штайнер).
27. Гуманистік педагогика (К.Роджерс, А.Маслоу және
басқалар).
28. Толық меңгеру технологиясы (Б.Блум,
Дж.Кәррөлл).
29. «Парасат құрылымы» моделі (Дж Гилфорд).
30. Когнитивтік-аффектілік модель, когнитивтік
ойлауға үйрету (Ф.Уильямс).
31. С.Пейперттің «Оқу процесінде
компьютерлерді қолдану» жүйесі.
32. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту»
халықаралық жобасы (Дж.Стилл, Куртис С.Мередит, Ч.Темпл).
33. «Stер bу stер» халықаралық бағдарламасы.
34. «Пікірсайыс» халықаралық бағдарламасы
(К.Поппер және басқалар).
35. Эвристиқалық оқыту технологиясы.
36. «Өзін-өзі тану» үйрету моделі
(П.Иванов).
37. Мегакогнитивтік оқыту (Э.Браун, Д.Грейвз).
38. Оқу ақпараттары жүйесі.
Ақпараттандыру технологиясы.
39. Халықаралық «Street Law» жобасы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кларин М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках.
Пособие к спецкурсу для высших педагогических учебных заведений. - М.: Арена, 1994. -221 с.
2. Бабанский Ю.К. Методы обучения в
современной общео-образовательной школе. - М.: Просвещение, 1985.
3. Таубаева Ш.Т. Передовой
педагогический опыт: от теоретического осмысления к практике. - Алматы:
Республиканский издательский кабинет, 1997.
4. Жанпейісова М.М. Оқытудың
модульдік технологиясы жеке тұлғасы дамыту құралы
ретінде. - Алматы, 2002. - 180 б.
5. Қараев
Ж.А. Оқытудың компьютерлік технологиясын жасау //ИФМ.-1994.-№3
6.
Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану
мәселелері – Алматы, 2013. - 448 б.