ӘОЖ 372.878
БҮГІНГІ ТАҢДА КҮЙ ӨНЕРІН
НАСИХАТТАУ ЖОЛДАРЫ
Р.Т.Сырайлова, Ташмухамедова А.Ж. 106-14 тобының
студентті
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институты. Шымкент, Қазақстан
Резюме
В статье рассматриваются вопросы о рапространении искуство куя в
современном общесве.
Summary
The article deals with questions about spreading art
of forging a modern obschesva.
Казақ
халқы өзінің бірнеше ғасырлар бойы тарихында
жасалған баға жетпес мұралық музыкалық
мәдениеті мен дәстүрлерін күні бүгінге дейін
жалғастырып келеді. Тарихтың ұзақ көшінде
казақ халқы ғана тудыра алатын аса ерекше асқақ
есімде дамыған өнердің бірі де, бірегейі бұл -
күй өнері. Ұлы дала салтында халық, он саусағынан
қүй төгілген күйшілерін ел ханымен қатар
қойып, елдің ең құрметті азаматтарына балаған.
Осы орайда, өнер тарихында баға жетпес құнды
шығармалары мен елдің өткені мен келешегін - күй
тілімен жеткізе білген, аттары аңызға айналған хас өнер
шеберлерінің күйлерін ел арасында кеңінен насихаттау
максатында ұлы күйшілердің күй топтамалары жарық
көріп отыр.
Домбыра
дәстүрінің дамуы XIX ғасырда өзінің
шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің
дәстүрінде көптеген профессионал күйші-композиторлар
қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге
бөлінді. Бұл куйші-композиторлар өзіндік стильдік
ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау
шеберлігімен ерекшеленіп, өнерімізде жарқын із қалдырды.
Домбыра
өнерінде Батыс Қазақстандық төкпе және
Шығыс Қазақстандық шертпе тәрізді екі
аспаптық дәстүр қалыптасты. Бұл екі дәстүр
бір-бірінен композициялық құрылысы, ойнау техникасы,
музыкалық тілі жағынан айрықшаланып дараланады[1].
Халық
күйшілерінің тәжірибесінде күй тартудың
дәстүрлі әдістерін күйшілік мектептердің
өзіне тән тәсілдерін ұстазынан шәкірт
үйреніп алады. Оның қыры мен сырын толық
меңгереді.
Қазіргі
кезде шәкіртті күй тартып үйренуге кішкене күнінен
тәрбиелеуге мүмкіндік туып отыр. Мұндай әдістеме
бірте-бірте қиындай береді де өзінің ең негізгі
шыңы күйшілік өнерді толық меңгере алатын
дәрежеге жетеді. Музыкалық қабілеті аса күшті
шәкірттерді ел ішінде «құйма құлақ» деп
атайтын болған.
Күй үйрену тәсілдері:
- күй туралы және күйдің
аңыз әңгімесін тыңдаушыға әрі
түсінікті әрі қызықты етіп айту. Бұл тәсіл
ежелден келе жатқан әдістемелік құрал, күйді
үйреткенде бірге айтылады.
- күйді есту арқылы үйрету.
Бұл тәсілдің әдістемелік түрлері өте
көп. Солардың бірі: өзі естіп, өзі үйрену,
өз қатесін өзі түзеп алу. Мұндай тәсіл
үлкен нәтиже береді.
- күй үйрету тәсілінде ертеден
келе жатқан әдістемелік құралдың бірі күй
сазын әуен арқылы айтып беру. Бұл шәкірттің
күй сазын көкірегінде сақтауға көмектеседі.
Әсіресе күйдің дыбыстық сапасының бояуы
қанық болады. Халық күйлерін үйреткенде
оның сазын әндете отырып түсіндіру, халық
педагогикасының ең негізгі әдістемелік құралы[2].
Домбырада күйді тартып көрсету - ең
негізгі көне тәсілдердің бірі. Мұның
әдістемелік жүйесі сан ғасырлық тәжірибенің
негізінде қалыптасқан. Күй жанрының
дәстүрлік сипатын үйретудің тәсілдері.
Мұның әдістемелік жүйесі күй үйренуде
ерекше құбылыс. Оның тармақтары көп.
Күйшілік мектептердің қалыптасуына қарай, сол мектепке
тән ерекше тәсілдерін сақтау. Күйді
үйренудің белгілі бір қағидаларын сақтайтын
әдістемелік жүйе. Бұл да халық педагогикасында ерекше
құбылыстардың бірі. Күйді үйрену үшін оны
ана тіліміздің қасиеттерімен байланыстыру тәсілі. Күй
жанрының даму жолы халық ауыз әдебиетімен бірдей
болғандықтан, сөз сөйлеу, сөйлем
құрау, поэзия тілі күйге тікелей әсер етеді.
Күйдің әуен саз ырғағына сәйкес келетін
өлең сөздерді жүйелі түрде күймен бірге
қоса үйретсе күй тарту шеберлігі арта түседі. Ана
тіліміздің қасиеттерін толық білмейінше күйді
дұрыс үйрету мүмкін емес. Әдістемелік құрал
өте бай болу үшін фольклорлық ауыз әдебиет
үлгілерін жинап отыру керек. Күйге байланысты көнеден келе
жатқан атауларды қолдану тәсілдері. Оны орнын тауып қолдана
білу керек. Ең негізгі әдістемелік тәсілдердің бірі -
күйді халқымыздың тарихымен байланыстыра үйрету.
Бұрыннан
қалыптасқан күй үйренудің бай тәжірибесіне
сүйене отырып, төмендегі кезеңдерді көрейік:
- күй жанрының негіздерін
үйрену;
- күй жанрының дәстүрлік
сипаттарын үйрену;
- күй жанрының мектептерін
үйрену;
- күй жанрын ұлттық
өнер ретінде меңгеру[3].
Қазақта аспаптық өнердің сан
ғасырлық даму тарихы бар. Ұлы Қорқыттан бастап
халық орындаушылары өзінен - өзі пайда болмағаны
белгілі жай. Өнерді көріп, әдісін тауып баптайтын шынайы
бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына
көтерілуге болады.
Музыкалық
көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей
музыкант тәрбиелеу мүмкін емес. Мұндай қабілет
студенттің көптеген шығармаларды жан-жақты талдау
нәтижесінде шығарманың тәрбиелік мәнін ашуы
үшін қолданған әдістерге байланысты. Аспаптың
техникалық көркемдік мүмкіншілігін білу, оны шығарма
мазмұнын ашу үшін пайдалану болашақ кәсіпқой
музыканттың шығармашылық жұмысының нәтижелі
болуын қамтамасыз етеді.
Әр
мектептің аспап тарту шеберлігі сол мектепке тән көркемдік
және суреткерлік шеберлікпен тығыз байланысты. Сондай-ақ
әр мектепке тән тақырып мазмұнын ашу үшін
қолданатын шеберлік тәсілдері болады[4].
Бастапқы
оқытудың ең қиын күрделі жағы -
орындаушылық дағдыларын меңгеру.
-
Орындаушылық
қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру.
Оқу бағдарламаларын құру.
-
Орындау
әдістері мен шығарманың мазмұндық мағынасын
аша отырып, музыканы мәнерлеп орындаудың әр түрлі
тәсілдерін үйрету.
-
Аспапта
орындаудың әдіс амалдары арқылы көркем образдың
сырын ашу.
-
Оқулықтар,
оқу әдістемелік құралдарды пайдалана отырып белгілі бір
мақсатқа жету.
-
Өз
бетінше жұмыс жасай біліп, кез-келген қиыншылықты
жеңуге ұмтылу.
-
Оқытушылардың
маңызды мiндеттерiнiң бiрi ол студенттерге аталмыш пәннен
жоғарғы дәрежедегi бiлiм берiп, эстетикалық
тәрбиенi айтарлықтай жақсарту.
-
Жас
орындаушыларға әсемдiк сезiмiн дамытып, өнер
шығармаларын, тарих пен архитектура ескеркiштерiн, табиғаттың
сұлулығы мен байлығын түсiнiп, бағалай бiлу
қасиетiн қалыптастыру.
Күй
өнері - шексіз өнер. Күйдің өз тыңдаушысы,
оны жанымен ұғып бағалайтын өнер сүйер кауымы
баршылық және олардың көкжиегі кеңейе
түсуде. Бүгінгі таңда күй өнерін насихаттау
жолдары техникалық құралдартың мүмкіншілігі
артқан сайын қол жетімді болып жатыр. Кез-келген күй орындаушының
интернет жүйесі арқылы мультимедиялық бейне жазбасын
көріп тыңдауына болады. Интернете күйшілер мен күйлер
топтамасы жасалған бірнеше “web” сайттар бар. Сол сайттар арқылы
кез-келген күйдің орындалу ерекшелігінне сараптамалар жасауға
және ноталық текстерін алуға мүмкіндік жасалған. Қазак күйлері казір өз отаны
Қазақ елі шеңберінен шығып, Еуропа мен
Американың, шырайлы Шығыс елдерінің салтанатты сахналарынан
да насихатталуда.
Әдебиеттер:
1. А. Жұбанов «Ән – күй сапары»
Алматы 1976
2. А. Жұбанов «Ғасырлар пернесі»
Алматы 2002
3. А. Сейдімбек «Қазақтың
күй өнері» Астана 2002
4. Т. Жұмағалиева, Д. Ахметбекова, Б.
Ысқақов, Ә. Қарамендина, З. Қоспақов
«Қазақ халқының дәстүрлі музыкасы»
Алматы 2005