Даулетбаева  Гаухар – №14 балабақшасы МКҚК, Тараз қ.,

Есеева Р.Т.-аға оқытушыТараз мемлекеттік педагогикалық институты

 

БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒИ ҚҰБЫЛЫСТАРҒА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАТЫСТЫЛЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕЙ БІЛУДІҢ МАҢЫЗЫ.

Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтағры Ассамблеясының үшінші сессиясында сөйлеген сөзінде зиялы қауымның қоғамдағы атқаратын қызметіне үлкен мән беріп, былай дейді: «Өзіміздің зиялы қауым туралы әңгімеге  айрықша тоқталғым келеді. Қоғамда тарихи-рухани және мәдени байланысты қамтамасыз ететін басқа тап жоқ. Мәдениет ең алдымен жәдігерлік, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші-біздің зиялы қауым» [1].

       Эстетикалық тәрбиеде көркем өнерге ерекше орын беріледі. Ол - толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмір кұбылыстарының мәнін ашады.  Оларды қоршаған дүниеге үңіле қарауға мәжбүр етеді. Әсемдіктің әсер ықпалын бастан кешіруге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелейді. Бейнелеу өнерін оқыту  айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды.Оқушылардың табиғат  сұлулығын,халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын және оны мүмкіндігінше  өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білуді қалыптастыруды  көздейді.Баланың көркемдік дамуы ойдағыдай болуы үшін мұғалім оның жасына сәйкес іс-әрекеттерінің түрлерін дұрыс пайдалана білуі қажет. Халқымыз бала сезіміне әсер ететін, қош иістерге ерекше мән береді. Сондықтан белгілі уақыт бойы баланы айрықша шомылдырып, жусан иісі сумен баланың денесін шайып, арша ағашының түтініне ұстайды. Жусан иісі баланың бойына мәңгі еніп туғаннан кейін бала бұл иісті іштей, иіс сезімі арқылы біліп «қоймай», көру арқылы да таниды. Жусан шөбі – көшпенділер үшін жайғана әдемілік емес, әдемілік кереметі. Жусан – Отан бейнесімен, бала бейнесімен рухани экологиялық бірлік пен біте қайнасқан ұғым.Бұл ұғымдар  бала кезден (анасының баласына гүлдің әдемілігін көрсетіп оның хош иісін сезінгенде гүлді суғаруға болмаса, гүл қойған ыдыстың суын алмастырған кезден) қалыптастырылады. Одан басқа, табиғатқа эстетикалық қатынас жасаудың үйлесімді бағдарламасы күнді, күн сәулесін, көкшіл аспанды, гүл, көбелектерді таныстыруды арқылы да жүзеге ас асырылады. Гүл ортасына орналасқан ыдыста шомылған  нәресте кейін табиғат сұлулығына ерекше сезімталдық танытады. Табиғатта әдемілік сезімі ретінде қабылдаған, көптеген гүлдер мен өсімдіктердің атын, олардың дәрілік қасиетін, т.б. бөліп өскен бала алғашқы кезден - ақ  табиғатпен етене араласып, оны сүйіп, кейнен оны аялайтын болады. Сонымен бірге жас жеткіншектер бойында ненің жаман, ненің жақсы екендігі жөнінде өз түсініктері қалыптаса бастайды. Ересектердің оларға әсер ету жағдайы олар тарапынан бәрінде өзім шешемін деген қарсылықтарға кезігіп отырады. Дегенмен, бұл жастағы балалардың әлі де өзіндік адамгершілік көзқарастары қалыптаса қоймайды. Осы жастағы балаларға «көзқарас» деген терменді қолдану тек шартты түрде  ғана.

Педагогикалық жағынан осы жас кезеңінде балалар бойында табиғаттағы мінез – құлық өздігінен реттеу, баланың қажеттілік дағдысын табиғатқа келтірер зиян мен салыстыра отырып дамыту өте қажет. Балалардың есеюуімен «қоршаған орта» түсінігі айтарлықтай кеңейеді.

Эстетикалық тәрбие адамды табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу,  дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай  білуге үйретеді.

Табиғат құндылығымен әсемдігін ашып көрсетудің педагогикалық мүмкіндіктері ең алдымен, табиғатты ғылыми және эстетикалық қасиеттерін жаратылыстану пәндері тұрғысынан ашып көрсетумен шектеледі. Табиғи құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан бағалау критерийлерін тірі табиғатқа қатысты алсақ;

- өмірдің өркендеуі мен гүлденуінің әр түрлі формалары мен құбылыстарын бағалау,

- табиғатты және оның рухани құндылықтарын адамның ең бай қазынасы мен ең жоғарғы жетістіктері деп бағалау.

Көптеген зерттеулер мен монографиялар авторлары И.Д.Зверев, В.И.Старостин, Т.В.Калугина оқушылардың табиғи нысаналармен қарым қатынасы кезіндегі әртүрлі тәрбие аспектілеріне тоқталады.[1,2]

Н.С. Сарыбеков жасөспірімнің коршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, табиғатқа қамкорлық жұмыстарына белсене араласатын ұрпак тәрбиелеуде экологиялык тәрбие мүмкіндіктеріне тоқталады. Мәселен ол «Зерттеу жұмысымыздың нэтижесінде шебер ұйымдастырылған, табиғатты қорғау идеяларымен байытылған оқу-тәрбие жұмысы нәтижесінде әр оқушыны саналы, табиғаттың қамқоршысы ретінде тәрбиелеуге болатындығы дәлелденеді», - дей отырып окушыларына экологиялык тәрбие беру мақсатында табиғаттану сабактарының, мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын ұсынады [3].

Балалар ойынының қызықты да пайдалы түрлерінің бірі-жаңылтпаш. Ол бала тілін ширатудың қолайлы құралы, қалай болса солай, мағынасыз айтыла салған сөз емес, керісінше, ол белгілі бір желі құрылады, дүниетанымдық, тәрбиелік мәні бар. Жаңылтпаш балаға жастайынан ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық, әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді. Әдетте, жаңылтпаш сөздері бір-екі немесе бірнеше сөйлемнен құралады. Олардың қайсысында болмасын баланы көркем сөзге әуестендіру, соған баланы еліктіру арқылы жаттығу жұмысын жүргізу үшін қолданылған шеберлік бар.

         Олар баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен бірге, оларды айналасындағы әсем көріністермен таныстырады, сөздің мағынасына, мәнерлілігіне көңіл аударуды талап етеді. Халық балалар мен жастардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда ауыз әдебиетінің елеулі туындыларының бірі-жұмбаққа мән берген. «Кейде бүкіл бір ертегі жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған »-деп М. Әуезов бекер айтпаған.

.Эстетикалық тәрбиенің маңызын ашып көрсететін, табиғи болмыстағы құбылыстарды эстетикалық тұрғыдан түйсінудің негізгі белгілерін айқын көрсетейік. Олар:

- біріншіден, болмыстағы құбылыстардың сыртқы көрінісін сезім мүшелері арқылы қабылдап, оларды ішкі жан- дүниесімен қабылдау;

- екіншіден,  табиғи болмыстың өзімізді таң қалдыратын, кейде әсемдігінен ләззәт алатын құбылыстарының басқа адамға да қажет болатындығын, келешек ұрпаққа сақталуын, оларға немқұрайлы немесе тұтынушылық тұрғысынан қарауға тосқауыл жасау;

-үшіншіден, «әсем», «тамаша», «көркем», «әдемі» ұғымдары «мәнділік (выразительное)» түсінігіне енетіндігін және оны эстетикалық тұрғыдан ұғынудың бір ғана бөлігі екендігі.Табиғи құбылыстардың эстетикалық маңызының, байлығының сыртқы көрінісін ғана түсініп қоймай, біртұтас өмір сүру формалары, ерекшеліктері жоғары деңгейде жетілген кездері оның «мәнділілігіне» енетіндігін қабылдау;

-төртіншіден, табиғи болмыстағы құбылыстардың «мәнділігі» түсінігі оның жалпы құндылығын тану ұғымымен қатар, табиғат құбылыстарындағы өзгерістердің адамның эмоциялық, сезімдік, мінез-құлықтық, еріктік аймақтарына әсер ететіндігін  есепке алу. Мысалы, атмосферадағы өзгерістер, күннің «магниттік құйындары», казіргі су тасқындары адамның өзінің антропогендік әрекеттеріне байланысты олардың әсері адамзаттың келешектегі күйіне жетпей-ақ  білініп отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. //Егемен Қазақстан, 2016.

2.      Калугина Т.В.Действительность и искусство в эстетическом воспитании школьников: Из опыта работы учителя. М., 2008.

3.     .Сарыбеков Н., Сарыбеков М.,Сарыбеков Қ-Д. «Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері» Алматы «Рауан» 1996.

 

РЕЗЮМЕ

Статья посвящена проблеме восприятия  эстетических свойств у детей дошкольного возраста и раскрытия основных признаков эстетического понимания природных явлений.