ИНТЕРАКТИВТІК ЖҮЙЕНІ ҚОЛДАНУдың ағылшын тілін
үйретудегі маңызы
Альмуханова В.И.
Қазақстан. Алматы
қ.
Абай атындағы
ҚазҰПУ оқытушысы, магистр
Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта
білім берудің негізгі міндеттерінің бірі «…білім алушылардың
еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету» үшін тілдік фактілерді жалаң емес,
қатысымдық тұрғыдан
меңгерту қажет [1].
Қазіргі таңда ғылымда танылып
жүрген әдіс-тәсілдерді ескере отырып, өзімнің
дәріс беретін психология педагогика институтының студенттеріне ағылшын
тілін оқыту тәжірибесінде төмендегідей әдіс-тәсілдерді
қолданамын: баяндау, түсіндіру, білім алушыны ойландыру,
жалқылау, жалпылау әдістері, әңгімелесу, еліктеу,
жаттықтыру, көрнекі құралдарды пайдалану,
техникалық құралдарды қолдану т.б.
Қазіргі кезде ағылшын тілін оқытуда
интерактивтік әдістерді ақпараттық технологиялар
көмегімен тиімді қолдануға жағдай туындады. Интерактивті әдіс-өзара қатынаста
болу, бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ғылым тілімен
айтатын болсақ, интерактивтік оқыту жүйесі-сабақта
барлық білім алушының белсенді қатысуымен
ұйымдастырылатын оқу үдерісі. Бұл ретте оқытушы
мен тіл үйренушінің «субъект-субъектілік» қатынасқа
негізделген ынтымақтастығы бір сәтке болса да өзгермей
сақталуы талап етіледі.
Интерактивтік оқыту барысында барлығы
тең дәрежелік қарым-қатынаста болып,
мүмкіндігінше ашық, достық қатысымды орнатады.
Бұл- білім берудегі демократиялық, гуманистік көзқарастың
нақты жүзеге асқан болмысы. Бұл оқу
үдерісінде тіл үйренушілердің бірігіп белгілі бір
мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін
сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын,
ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік
береді.
Сонымен қатар, бұл әдіс тіл
үйренушілерді жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға,
жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге
үйретеді. Бұл ұғым тәсіл ретінде
төмендегідей талаптарға сай келеді:
-ақпаратты терең игереді, ой елегінен
өткізеді;
-тіл үйренуші өзін-өзі еркін
және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады,
тілді оқып-үйрену ниетін арттырады;
-тіл үйренушілердің танымдық,
шығармашылық қабілетін оятады;
-топ тіл үйренушілермен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық,
топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді;
-тыңдау дағдысын қалыптастырып, өзгені
тыңдай алады.
Басқа пәндермен қатар ағылшын
тілін оқытуда да компьютерді пайдаланудың дидактикалық
мүмкіндіктері ретінде төмендегі ерекшеліктерді айтуға болады:
- ақпарат көзі болып табылады;
- оқу ақпаратын жеткізу формаларын тиімді
етеді;
- көрнекілік дәрежесін көтереді,
ұғымдарды, құбылыстарды нақтылайды;
- қабылдауды ұйымдастырады, әрі
бағыттайды;
- теория мен практика байланысын көрсетеді;
-
оқытудың неғұрлым тиімді формалары мен әдістерін
пайдалануға, тұтас педагогикалық үдерістің
негізгі принциптері мен оқыту ережелерін (қарапайымнан
күрделіге, жақыннан алысқа, нақтыдан
абстрактіліге) жүзеге асыруға жағдай жасайды;
Ж.Қараев: «Үйретуші
бағдарламалардың түрлері көп. Дегенмен оларды мынадай
үш топқа бөлуге болады:
1) жаттығу жұмысына негізделген
үйретуші бағдарлама;
2) бақылау жұмысын жүргізуге
арналған үйретуші бағдарлама;
3) білім алушыларға жаңа материалды
меңгертуге арналған бағдарлама,»- деп үшке бөліп
көрсетсе[2], ал Д.В.Чернилевский бағдарламалық
құралдарды шартты түрде 9 топқа [3], В.С.Кукушин 6 топқа бөледі [4].
Мақсаттары мен міндеттеріне қарай
оқытушы компьютерлік бағдарламаларды көрнекілік, кеңес
беруші, тренажер-бағдарламалар, оқытып бақылау
бағдарламалары, операциялық орталар деп бөлуге болады [5].
Ағылшын тілі пәнінде компьютерді оқыту
құралы ретінде қолданудың тәсілдері де әр
түрлі: барлық топпен де, кіші топтармен де, жеке білімгерлермен де,
сонымен қатар аудиториядан тыс тапсырмалар орындауда да
қолдануға болады. Егер топта тек оқытушының компьютері
болса немесе мұғалім ұжымдық жұмыс түрін
ұйымдастырғысы келсе, онда ол мұғалім
компьютерінің көмегімен жұмыс түрін
ұйымдастыруына болады.
Оқу үдерісінде біртекті іс-әрекет
логикасы бар, қатаң алғышарттар қойылған
бағдарламалық құралдарға қарағанда,
ұсынылған материалды зерттеудің әдістерін білімгер
өзі таңдайтын, қиындық деңгейлері
ажыратылған, көмек сұрау формасын өзі анықтайтын
бағдарламалар өзінің құндылығын көрсетті.
Компьютерлік көрнекіліктер, дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда, білім алушылардың бойында салыстыра
білу, талдау, қорытынды жасау, т.б. қасиеттерін дамытуға
көмектеседі. Өйткені зерттелетін объектінің түрлі
сапаларына үңілдіруге, білім алушының қате пайымдауын
логикалық жағынан түзетуге мүмкіндік береді. Кейде
мұның бәрін оқытушының сөзі арқылы
жеткізу мүмкін дебола бермейді.
Оқытушының мақсаты – оқулықта берілген ережені
ғана білгізіп қою емес, сол ережеге сүйеніп, тілдік
материалды дамыту, соның төңірегінде білім алушыны ойланту,
ақыл-ойын дамыту. Оқылған грамматикалық категорияны білім
алушы тани білуге, оны түрлендіруге, емлесін жазу практикасында мүлтіксіз
қолдана алуы тиіс. Ереже – жазуды орфографиялық нормаға
түсірудің құралы.
Бекіту сабағы фонетиканы, лексиканы, грамматиканы
және тіл ұстартуды үйретуге байланысты жүргізіледі.
Бұл сабақтарда теориялық білімді бекіту мен оларды
қандай объектілер негізінде жаттықтыруға болатынын
қарастырайық.
Бекіту сабағында компьютердің көмегімен
мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады:
1) оқытушының дайындаған жеке тапсырма
нұсқаларын орындау;
2) сурет негізінде шығарма жазу;
3) грамматикалық материалдар бойынша кестелер
құру;
4) сөздіктермен жұмыс т.б.
Бекіту сабағанда білімгерлер ағылшын тілінен
алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана алуға және
оны жазбаша мақсатта жүргізілетін еңбектерде іске асыруы
негізгі мақсат етіп қойылады.
Теориядан алған білімін диктант, эссе және іс
қағаздарының үлгілерін жазумен ұштастырады.
Сөз тіркестерін оқытуда
компьютер экранын төмендегіше берген оңтайлы. Ортадағы дөңгелектің
ішіне тапсырма жазылады да, оңға және солға
күрделі сөздер мен сөз тіркестерін бөліп жазу керек.
Жазу жұмысында компьютерді пайдалану арқылы
қате символды түзету; қалып кеткен символды қою;
артық белгіні алып тастау; сөз тіркесін аяқтау,
мақал-мәтелді жалғастырып жазу, анаграммалар; тыныс
белгілерін қою; сөзге қосымша жалғау; сөздерді бөлек
немесе бірге жазу т.б.
Осылайша, ағылшын тілін оқытуда компьютер
бірнеше қызмет атқарады: сөйлесу құралы болып табылады,
проблемалық ситуациялар жасайды, ақпарат көзі болып табылады,
білімгердің іс-әрекеттерін бақылайды және оның
алдына жаңа таным көкжиектерін ашады. Оқытудың жеке
тұлғаға бағытталған (бірлесіп оқыту, жоба
әдісімен оқыту т.б.), ақпараттық технологияларды
қолдануға негізделген инновациялық түрлерін,
әсіресе, интерактивтік әдістерді ақпараттық
технологиялар көмегімен тиімді қолдану білімнердің
танымдық қызығушылығының артуына және
үлгерімінің жоғарылауына әкелді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2.Қараев Ж. Компьютерді оқыту процесінде пайдалануға
кіріспе. -Алматы, 1992, 57- бет.
3.Д.В.Чернилевский.
Дидактические технологии в высшей школе. -М.: Юнити, 2002, 371-с.
4.Педагогические
технологии. /Под общей ред. В.С.Кукушина, Ростов на Дону: «МарТ», 2002, 155 ст.
5.Машбиц
Е.И. Психолого-педагогические проблемы компьютеризации обучения.
–М.:Педагогика,
1988, -192с.