Нышанбаева Тоғжан Нышанбайқызы, Ермахан
Назерке Нұрғалиқызы
Қостанай
мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ
тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері
Ғылыми жетекшісі: Қанапина Сәуле
Ғалымбекқызы
Филология
ғылымдарының кандидаты, доцент
АМА қауымдастырылған
профессоры
Қазақстан республикасы
Б. Соқпақбаетың «Өлгендер
қайтып келмейді» романындағы фразеологизмдердің
қолданыс ерекшелігі
Ұлтымыздың ең басты
байлығы – тіл. Біздің ана тіліміз яғни қазақ
тілі, аса бай тілдер қатарынан екендігі бәрімізге белгілі.
Тіліміздің көркемдігін одан әрі асыратын, тарихымыз бен бірге
дамып, өркендеп, қазіргі таңда тіліміздегі сөздік
қорымыздың кәделі бөлігі – фразеологизмдер.
І.Кеңесбаев,К.Аханов,Ә.Болғанбаевтан
бастау алатын қазақ фразеологиясына еңбегі сіңген
ғалымдар баршылық. Атап айтар
болсақ Г. Смағұлова, А. Салқынбай, Р. Авакова
т.б.
Ғалым Р.Авакова өзінің «Фразеология
теориясы» атты еңбегінде фразеологизмдер жайлы былай деп
жазады: «Фразеология-құрамы
мен құрылымы тұрақты, сөйлеу кезінде конструкцияланбай,
даяр қалпын сақтай отырып қолданылатын, мағына
тұтастығы мен тіркес тиянақтылығы тән бейнелі
тұрақты тіркестердің қазіргі күйін және
тарихи қалпын зерттейтін тіл білімінің саласы. Осының
негізінде фразеология қазіргі немесе синхронды, тарихи немесе диахронды
деп бөлінеді.
Фраземалардың
ішкі формаларының туындау көздеріне шартты түрде
топтастырулар жасайық:
Ø Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер)
мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фраземалар;
Ø Жануарлар (зооморфтық фраземалар) әлемі;
Ø Өсімдіктер(флора) әлемі;
Ø Табиғат құбылыстары;
Ø Өлшем бірлік (метеорология);
Ø Сандық (нумеративтік) фраземалар;
Ø Түр-түстік және сындық;
Ø Алғыс және қарғыс мәнді;
Ø Мифтік және діни;
Ø Тарихи кезеңдермен және
тұлғалармен байланысты туған фраземалар және т.б.».[Авакова Р.Ә. «Фразеология теориясы».-Алматы:
Қазақ университеті, 2009.-292 б., 14-15,68-бет].
Талдауға түсіп
отырған шығарма тілінде мынадай жануарларға байланысты
фразеологизмдер қолданыс тапқан,мысалы Қой аузынан шөп алмас момын. (Б. Соқпақбаев
«Өлгендер қайтып келмейді» 16-бет)
Қой аузынан шөп алмас – момын, жуас адам. [ҚТФС, 188б].
Ғалым
Сырлыбаева Гульнара Торебекқызы 2006 жылы қорғаған «Қазақ тіліндегі қарсы
мәнді фразеологизмдердің парадигмалары» атты кандидаттық
диссертациясының авторефератында «Қазақ тіл білімінде
қарсы мәнді фразеологизмдер мәселесі бүгінгі
күнге дейін арнай зерттеу нысаны етіп қарастырылмаған.
Академик І.Кеңесбаев: «Фразеологизмдер ішінде өзара қарсы
мағына беретін сыңарлардың бары анық болса да,
олардың типтері әлі де тереңірек зерттеуді, тексеруді
қажет етеді»,-деген болатын.
Тіліміздегі
лексикалық антонимдер теориясын қалыптастырушы Ж.Мусин бұл
тақырыптың болашақта зерттелуі тиіс екендігін айтып:
«Фразеологизмдер көбіне сапалық бағалық сипатта болады.
Сондықтан көптеген идиомдар мен фразалар бір-біріне қарсы
мағынада болып келеді»-деп ой түйеді.
Қазақ тілінде бағы жану-бағы жанбау, бас ию-бас имеу, көз
іліндіру-көз ілмеу, селт ету-селт етпеу, ыңғайы
келу-ыңғайы келмеу, кіріптар болу-кіріптар болмау, бүйірі
шығу-бүйірі шықпау, сабыр қылу-сабыр қылмау,
сөз беру-сөз бермеу сияқты компоненттері бірдей
сөздермен келіп, болымсыздық аффикстері арқылы жасалған
жұптар ұшырасады.
Мысалы: Лезде көзім ілініп, ұйықтап
кетіппін. (Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді»
210-бет).
Ғалым Қалиева Самал Ерболқызы 2007 жылы
қорғаған «Көркем прозадағы
фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері» атты
кандидаттық диссертациясының авторефератында былай деп жазады:
«Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің
эмоционалдық-экспрессивтілік қасиеттері туралы және де
олардың сөйлеуші мен жазушы шеберлігіне байланысты келетінін
кезінде академик І.Кеңесбаев өз пікірінде білдірген: «Біз сөз
етіп отырған фразеологизмдердің жалпы тіл жүйесіндегі
рөлі, сойлеу процесіндегі атқарар қызметі, көп
жағдайда осы стильге ойысып отырады. Осының нәтижесінде
сөз, сөз тіркестері, сөйлем өрісі кеңейіп
отырады. Тыңдаушы мен оқырман қауымға жатық та
түсінікті болу үшін фразеологизмдерді сөйлеуші не жазушы
стиль жағынан әр саққа жүгіртіп, шебер
қолдануға тырысады.
Сондай-ақ,
қазақ ілі фразеологизмдерінің эмоционалдық бояуы туралы
профессор К.Аханов өз ойын: «Тіл-тілдегі сан алуан фразеологиялық
единицалар астарлы, образды, мағынада қолданылады да, олардың
мәнерлеп бейнелеуші қызметі өте күшті болады.
Олардың көпшілігінің эмоциялық бояуы басым болып,
айрықша образды, экспрессивті қызмет атқарады»,-деп
түйіндейді.
Ғалым Кәріпжанова Айнұр Оралқызы
өзінің 2010 жылы қорғаған «Фразеологиялық
коннотацияның прагмастилистикасы (Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы шығармалары бойынша)»атты кандидаттық
диссертациясының авторефератында «Фразеологизмдердің
ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастыру барысында
фразеологиялық аспектідегі «бір ұлт өкілдерінде
бірыңғай ұлттық сана-сезім құрылымы»
концептісін талдау мәселелері алғашқы орынға
қойылады.
Фразеологизмдердегі
ұлттық нышанды анықтаудың тіл білімінде бірнеше жолы
бар: 1) Бір тілдің
ұлттық-мәдени болмысын екінші бір тілдің
ұлттық-мәдени болмысымен салыстыру арқылы
анықтайтын-салыстырмалы тәсіл;
2) Бір тілдің ұлттық-мәдени нышаны
сол тіл иелерінің көзқарасымен қарастырылатын,
яғни өзіндік талдау, өзіндік бақылау жүзеге
асырылатын-интроспективті тәсіл.
Осы
тұрғыда мәдени коннотация фразеологияның ең
маңызды компоненті болып табылады. Бұл-жеке бір
халықтың, ұлттың нышаны. Мәдени коннотация
фразеологизмдердегі ассоциативтік-бейнелік негіздердің интерпретациялануының
нәтижесінде туады,ол ұлттық-мәдени стереотиптермен
сәйкестендірілуі арқылы жүзеге асады.
Фразеологизмдердегі
сөз-компоненттер адам санасындағы мәдениеттің
тақырыптық кодтарының жүйесімен сәйкестендіріледі.
Мәдениет кодтарында аталған компоненттің мәдени
мағынасын іздеу жүзеге асады, олардың мәдениеттің
вербалды белгілері ретіндегі тұрақтылығы мен
маңыздылығы дәлелденеді. Мысалы, Жерге қиып тастамай көрген кісі,
Әбдіреде жансыздай жатып қалам фразеологизмінің
коннотациясында назар әбдіре сөзіне аударылады.
Әбдіре-үй әбзелдерінің бірі. Әбдіреде
күнделікті қолданыла бермейтін заттар, киімдер ұзақ
уақыт сақталынатын болған. Ұлттық
мәдениеттен көрініс беретін де-әбдіре лексемасы. Осы жерде
ақын өзінің өнерін «тастауға қимай,
әбдіреге салып, ұзақ уақыт пайдаланбай сақтап
қойған» затқа балап, ассоциациялайды. Айта кететін жайт,
фразеологизм бойындағы бейнелі-уәжді компонент мәдениет
аясында интерпретацияланған кезде мәдени коннотацияны
туғызады»,-деп жазады [КәріпжановаА.О. Фразеологиялық
коннотацияның прагмастилистикасы (Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы шығармалары бойынша). Филология
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның авторефераты.-Алматы,2010.-27б.,12-13
бет].
Ғалым Аргингазина Шолпан Байкадиевнаның
«Ағылшын тілдеріндегі етістікті фразеологиздердің лексика-
сематикалық сипаты» атты
еңбегінде фразеологизмдердің варианттылық белгілеріне
айрықша тоқталып өтеді. Фразеологизмдердердегі варианттылық белгілерін алғаш
зерттеген В.Н. Телия фразеологизмдердің варианттары – мағына мен
нормага сай құрылған тұрақты тіркестің
өзге түрі дей келе, тұрақты тіркестегі
вариантыылық – оның басқа идиомалардан айырып тұратын
басты белгіге нұқсан келтірмей өзгеруі дейді.
Фразеологиялық
варианттылықтарды тілдегі қызметтері мен лексика
–грамматикалық мағынасы тұрғысынан
қарастырғанда олардың сөз табына
қатыстылығы айқындалады. Бұл құбылыс
арқылы олардың варианттылық қасиеті
толықтырылады.(Аргингазина Ш «Ағылшын
тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық
сипаты, 17-бет).
Ал Гүлдархан
Смағұлова фразеологизмдерді 5 стильдік қабатқа бөлген:
Ø
Кітаби
фразеологизмдер;
Ø
Бейтарап;
Ø
Ауызекі
сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
Ø
Қарапайым
сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
Ø
Қарапайым
дөрекі-сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
Мысал келтірер болсақ: Инспектор қызыл
сөзді төпей береді.
( Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» 80-бет)
Қызыл сөз – Құр, бос сөз, тиянағы, баулауы жоқ
сөз, ойсыз, жылтыр сөз.
[ ҚТФС,204-бет]. Демек бұл сөйлемдегі қызыл сөз кітаби фразеологизмге жатады.
Қорытындылай келе Б.
Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді»
шығармасы фразеологизмге өте бай.
Фразеологизмдер Г. Смағұлова және Р. Авакованың топтастырулары
бойынша классификацияланды. Сонымен қатар, жазушы тілінің фразеологизмге,
оның ішінде кітаби және зооморфтық, сомантикалық
фразеологизмдерге бейім екенін аңғарамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Авакова Р. Фразеология теориясы. –Алматы; Қазақ университеті. 2009. -290б. 2.
Аргингазина Ш. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі
етістікті фразеологизмдерінің лексика-сематикалық сипаты. –Алматы;
-2004. -26б. 3.Кәрібаева
С. Е. «С.Мұқанов поэзиясындағы авторлық метафоралар
(когнитивтік аспект)».Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты. Алматы.2010.-26 б. 4.Сырлыбаева Г.
Қазақ тіліндегі қарсы мәнді фразеологимдердің
парадигмалары. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының
авторефераты, Алматы,2006.-25 б.
5. Қалиева
С.Е «Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу
ерекшеліктері» Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертация авторефераты, Астана
.-2007 ж. -25б.
6.КәріпжановаА.О. Фразеологиялық коннотацияның
прагмастилистикасы (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармалары
бойынша). Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты.-Алматы,2010.-27б.
7.Смағұлова Г. «Мағыналас
фразеологизмдердің ұлттық -мәдени аспектілері»–
Алматы: ‟Арыс” баспасы, 2010. – 280 б.