І.Жансүгіров
өлеңдеріндегі сын есім шырайларының қолданылу
ерекшеліктері
ф.ғ.д.,
проф.Имамбаева Г.Е.,
маг. Жаскенова
Айгерим Каировна,
Инновациялық
еуразиялық университет, Қазақстан
Сын есім –
семантика, грамматикалық жағынан, яғни морфологиялық ерекшелігі
мен сөзжасам, сөз түрлендіру амалы жағынан да,
синтаксистік қызметі мен басқа сөздермен тіркесіп
қолданылу жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі
өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі.
Сын есім –
семантикалық жағынан заттың, құбылыстың
түрлі сапа, белгісін, түсін, көлемін затқа,
құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін
сөздер.
Шырай
категориясы, әдетте, сын есімнің категориясы деп танылып жүр.
Бірақ, біріншіден, сын есімнің бәрі бірдей, яғни сын
есім сөз табына жататын сөздердің барлығы шырай
тұлғаларымен түрленбейді, шырай тұлғалары кез
келген сын есімге жалғана бермейді. Мысалы, жақсы-жақсырақ-жап-жақсы,
үлкен-үлкендеу-үп-үлкен т.б. болса да, таулыдегеннен таулырақ, не тап-таулы, өте таулы деп, кешкі
дегеннен кешкілеу, не кеп-кешкі, аса кешкі деп, шырай түрлерін
жасауға болмайды [1, 226].
Сонымен, сын
есім шырайлары. Бұлардың көркем әдебиетте
қолданылу ерекшелігін тіл мамандары әртүрлі
қарастырады. Қазіргі таңда тіл білімінің
лингвистикалық стилистика деп аталатын саласына қатысты
мәселелерді әр қырынан танып-білудің қажеттілігін
уақыт көрсетіп отыр. Көркем шығарма тіліне
қатысты мәселелер қазақ тіл білімінде біраз зерттелді.
Кез-келген көркем шығарма белгілі бір оқиғаны
түрлі амал-тәсілдер арқылы оқырманына әсерлі де
бейнелі етіп жеткізеді.
Зерттеушілер
қаламгерлер көркем шығармадағы
жалпыхалықтық тілдің негізгі сөздік қорын,
сөздік құрамын, тілдегі мақал-мәтелдерді,
шешендік сөздерді, қанатты сөздерді қаншалықты
қалай пайдаланды, оларды қаншалықты, қалай байытты,
ұсттартты, оның сол байыту, ұстартуы қаншалықты
заңды, жарастықты, соны тексереді. Өйткені тіл – шығарманың негізгі
элементтерінің бірі, автордың негізгі құралы. Демек,
адам ойын, сезімін, әсерін, ісін жазушы осы арқылы бейнелейді.
Қай
сөздің қаншалықты көркемдік деңгейіне
көтерілуі оның лексикалық мағынасы мне жазушының
рухани өрісіне байланысты. Сондықтан, әрбір
қаламгердің өзіндік сөз қолданысы болады.
Мәселен, І.Жансүгіров шығармалары тілінде әртүрлі
сөз қолданыстарын байқай аламыз.
І.
Жансүгіров шығармаларының тілін зерттеу қазақ тіл
білімі үшін ерекше сипатта болары сөзсіз. І. Жансүгіров
шығармаларында сын есім шырайлары өте көп кездеседі. Олар
лексика-грамматикалық құрылымдармен қатар
көркемдеуіш-бейнелеуіш құралдармен етене жақын
орналасқан [2, 87].
І.
Жансүгіров өз шығармаларында кейіпкерлер тілінің
қызметін, өлең жолдарында кездесетін сын есім
шырайларының қолданылу ерекшелігін шебер көрсете білген.
Қазақ
тілінде екі шырай түрі бар: 1)салыстырмалы шырай және
2)күшейтпелі шырай [1, 229].
Автор екі шырай
түрін де ұтымды пайдалана білген.
Мәселен,
І. Жансүгіровтың «Арман» деп аталатын өлеңінде мынандай
өлең жолдары кездеседі:
Ажарлы, нұрлы ақ балғын
Заманмен тозды сайысып,
Көңіл құрғыр соп-солғын,
Жылдам суып, жай ысып[3,7].
Көрсетілген
өлең жолдарындағы соп-солғын
деген шын есім шырайы күшейтпелі мағынада қолданылған.
Яғни ол өлең жолында көңіл
құрғырдеген сөзбен тіркесіп, осы тармақтың бастапқы
сынын, белгісін күшейтіп, асыра көрсетіп тұр. Ол біріншіден
күшейтпелі буын арқылы жасалған.
Сонымен
қатар, қаламгер мына өлең жолдарында да сын есім
шырайын орынды пайдалана білген.
Тамаша суық, жиын той –
Біреуі де көңілсіз.
Достық, қастық, қызықты ой
–
Біреуі де сенімсіз.
От лебіндей ып-ыстық
Аузыңнан шыққан аһы-зар!
Кеудеңді кернеп, дерт қысып,
Көзіңнен сығып ағызар [3,14].
«Кім екен»
деп аталатын осы өлеңдегі сын есім де күшейтпелі шырайда
қолданылған.
«Қырман»
деп аталатын өлеңінде
«Алатау беті шұп-шұбар,
Шырғанақ, дүлей бадалды,
Алатау бауыры егіндік –
Бұрқыратқан сабанды» деген өлең жолдарында да автор
шұп-шұбар деп күшпейтпелі шырайды қолданған.
І.
Жансүгіров «Құлагер» поэмасында «Аттың азалы әні»
деп аталатын бөлімінде
Жеделдеп жетім ұлмен жүріп кетті,
Ұйқысыз ұзақ таңға
бүлкілдетті.
Ұп-ұзын жол, жұлдыз
жарық, жазғы түнді
«Құлагер» деген әнмен
күңірентті, - деп жырлайды.
Автор
өз шығармаларында сын есім шырайларын қолдану арқылы
табиғат көріністерін,
тұрмыстық жайларды, кейіпкерлердің психологиялық халін оқырман
қауымға әсер етерліктей етіп беруге тырысады.
Сонымен
бірге І. Жансүгіров сын есімнің
көмегімен шығарма жолдарына көп мағына
сиғызып, автордың кейіпкерге, оның іс-әрекетіне,
кеіпкердің кейіпкерге іс-әрекетіне көзқарасын
ұтымды шебер береді.
Құланың қайғысынан
қатып, семіп,
Қурай боп екі-үш айда қалған
шөгіп.
Құлауға құйын соқса оп-оңай тұр,
Құрт жеген құба
сөңкел секілденіп
немесе,
Кеткендей қызық тарқап, қаны
суып,
Айдаған айдалаға жаны қуып.
Жап-жалғыз тауды, тасты
мекендеген,
Жанына жолатқызбай жанды жуық[3,135].
І. Жансүгіровтың шоқтығы биік
«Ақан сері» туындысында осындай мысалдар өте көп. Және
де Ілияс осы аталған туындыда қып-қызыл,
тым қатал, ең асыл деген секілді сөз тіркестерін
көп пайдаланған. Яғни
бұл тіркестер сын есім шырайын жасаушы тұлғалар болып табылады.
Сын
есімнің салыстырмалы шырайын шебер пайдаланған автор өз
шығармаларының мәнін одан әрі аша түсті.
Сын есім
салыстырмалы шырайының тілдегі қызметі жайында ғалымдар
нақты пікірлер айтады. Яғни салыстырмалы шырай дегеніміз бір
заттың сынын, я сапасын, түсін, екінші заттың біртектес
сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің,
түрлердің бір-бірінен артық, я кем екенін білдіреді.
Көгілдір, мөлдір
көк аспан –
Көлеңке, сәуле ойнағы.
Ойнаса онда жылпың жел,
Жыртылад шарбы, қаймағы.
Жел қуалау, бұлт қашу –
Жігіт-қыз айтта, тойдағы.
Көк күмбезде күнде ойнақ,
Ойнады да қоймады [3,135]. «Тас» деп аталатын осы өлең жолдарында көгілдірсалыстырмалы
шырайы-ілдіржұрнағы
арқылы жасалып тұр.
Автор
өз шығармасында кейіпкердің тұлғасын ашу
мақсатында сын есім шырайларын
барынша мол қолданады. Соның тағы бір дәлелі,
Бұлт көкшілтім,
ай қараңғы,
Кеуілдеп соғып тұр дауыл...
Төңірек, маңай, ғаламды
Жамылшы жапты бір ауыр...деген жолдарда да автор сын есімнің салыстырмалы шырайын сипаттап
отырған затқа бейнелілік, нақтылық сипат беру
мақсатында қолданып отыр.
Жалпы
қаламгердің халық тіл байлығын жетік меңгергенін
байқатуда, көркем шығармаларда типтік образ жасауда, жеке
кейіпкердің тілдік ерекшелігін аңғартуда жоғарыда
аталған мәселелердің маңызы зор.
Шығарма
мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетін
айшықты сөзбен бейнелеп, суреттеп көрсетуде І.
Жансүгіров өз мақсатына жетті деген ойдамын.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1
Қазақ
грамматикасы. Астана, 2002. – 784б
2
Мажитаева Ш. ХХ
ғасыр басындағы қазақ әдеби тілі.
Қарағанды, 2004
3 Жансүгіров
І. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: Жазушы, 2002