Үйретудің бастапқы кезеңінде
монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі
әдістемесі
Жакупова Тоғжан - магистрант, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
Кілт сөздер: монолог, диалог, шет тілін
үйрету.
Аннотация: В данной статье мы рассматриваем об актуальности обучения диалогической и монологической речи, о методах обучения. Особое место которое занимает
диалогическая речь в методике изучения иностранных языков, и приведены
возможности данной образовательной системы, этапы работы с ними, а также
практические рекомендации. Эти методы способствует
развитию у учащихся коммуникативных навыков, расширению кругозора, развитию
самостоятельной, поисковой деятельности, формированию эстетических взглядов,
повышению уровня компетентности.
Ключевые
слова: монолог, диалог, обучение
иностранному языку.
Summary: In this article we consider the relevance of learning dialogic and
monologue speech about teaching methods. A special place is occupied by
dialogic speech in the method of learning foreign languages, and is given the
possibility of the educational system, phases of work with them, as well as
practical advice. This teaching methodology should help teachers plan their
classroom to ensure effective execution of a case study.
Key words: monologue, dialog, teaching foreign language.
Бұл
ұғымдар бір-бірімен ажырағысыз болып байланысқан.
Байланыстың логикалық тізбегі мынадай: МС тілдік икемділіктің
негізінде жасалады және тілдік білікті дамытудың
құралды тілдік жаттыѓулар болып табылады. МС мен тілдік
икемділіктер жоғарыда қарастырылғандықтан, біз тілдік
икемділіктердің даму кезеңін сөз етеміз және осы
кезеңдегі жұмысты оның шын мәнінде МС-ды оқытудың негізі болатындай
етіп қалайша ұйымдастыру қажет екендігін
анықтауға тырысамыз. Бұл үшін ең алдымен
икемділіктерді дамыту кезеңдерін орнату керек, өйткені тек солар
ғана МС-бен жұмысты оның сапаларына ұйымдастыруға мүмкіндік
береді.
Алайда, іс мынада болып отыр: икемділік –
көпөлшемді феномен, оның өлшемдері көп, және
де оның даму кезеңдерін тіпті өте маңызды қандай
да бір өлшемдер бойынша бөліп көрсету аса біржақты
болып шығады. Мынадай бірнеше өлшемдерді ескеру қажет.
1)
автоматтандырылғандық деңгейі, бұл автоматты
түрде өте шығудан (сөздің мүжбүрлі
кідірістерінсіз кесіндісінен) көрінеді;
2)
сөйлеушінің дербестілігінің деңгейі, бұл
біріншіден, тіректердің бар немесе жоқ екендігімен, сондай-ақ
олардың сипаттарымен (мағыналық тіректер
мазмұндық тіректерден гөрі «күрделірек»), екіншіден,
тілдік міндеттің берілгендігімен немесе берілмегендігімен
анықталады;
3)
тілдік ойлау міндетті шешудегі күрделілік деңгейі, бұл
сөйлеушінің талқыланатын проблемамен байланысты жеке
тәжірибесі мен білімдеріне тәуелді болады;
4)
материалдың талқылау проблемалары мен нәрселерін қамту
кеңдігімен анықталатын қиыстырылғандық
деңгейі.
Шетелдік,
сондай-ақ ресейлік көптеген әдіскерлер бейнефильмнің,
бейне үзіндінің негізінде монолог сөзді айту икемділіктерін
қалыптастыруға арналған жаттығуларды әзірлеумен
айналысуда. Атап айтқанда, Ю.А.Комарова оқу процесінде
бейнеүзінділердің қолданылуын нақты икемділіктерді
қалыптастыруға арналған тіректердің қолданылуы
ретінде қарастырады. Автор олардың функцияларын олармен сабақта
жұмыс істеудің кезеңдеріне сәйкестікте анықтайды:
1-ші кезең: бейнеүзінді –
мазмұндық тірек (бейнеүзінді (Б‡) – 1)
2-ші
кезең: бейнеүзінді – мағыналық тірек ((Б‡) – 2)
3-ші кезең: бейнеүзінді – стимул
(бейнеүзінді (Б‡) – 3)
Бейнеүзінділердің әрбір
кезеңдегі функцияларын назарға ала отырып,
Ю.А.Комарова
монолог сөзді құра
білуді былайша бөліп көрсетеді:
1-ші кезең: өзінің ойларын
Б‡ – 1-ге сүйене отырып, монологтық формада айта білу.
2-ші кезең: монолог сөз
стратегиясын Б‡ – 2-ге сүйене
отырып аша білу.
3-ші кезең: Б‡– 3-ке сүйене
отырып, монологтік формада пікір айта білу.
Әрбір
кезеңде Ю.А.Комарова тізбектелген түрде күрделене
түсетін, вариативтік негізді көздейтін жаттығулар кешенін
ұсынады: дыбыстық жолға (ДЖ), бейнежолға (БЖ),
дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:
вариативтік
негізді:
дыбыстық
жолға (ДЖ), бейнежолға (БЖ), дыбыстық және
бейнежолға бір мезгілде, мәселен:
ДЖ:
қараңдар,
түсініңдер, анықтаңдар, сұрақтарға
жауап беріңдер,
-
экранда осы уақытта не болып
жатқанын тыңдаңдар, түсініңдер, осы туралы
әңгімелеңдер,
-
тыңдаңдар, айтыңдаршы,
осы кейіпкер туралы нені әңгімелей аласыңдар, оны
қалайша елестетесіңдер, қараңдар, салыстырыңдар.
БЖ:
-
көріңдер және кім
көрмеген болса, соларға айтыңдар,
-
көріңдер, сөйлемді
түрлендіріңдер,
-
көріңдер, айтыңдаршы, кейіпкердің
орнында болсаңдар не істеген болар едіңдер, неліктен,
-
көріңдер,
бейнеүзіндіні дыбыстауға дайын болыңдар,
-
көріңдер, жағдаятты
түрлендіріңдер, ұқсас оқиғаларды ойлап
тауып немесе естеріңе түсіріңдер.
Сабақта
көркем фильммен жұмыс істеу, әрине, бейнеүзіндімен
жұмыс істеуден ерекшеленеді, бірақ осы кешенде
ұсынылған кейбір жаттығуларды монолог сөз
икемділіктерін дамыту үшін біздің жағдайда да
пайдалануға болады.
Диалог
сөзді оқыту көрнекілікпен, тыңдалған немесе
оқылған мәтінмен, көрілген диафильммен, слайдтармен
немесе вербалды берілген жағдаятпен ынталандырылуы мүмкін.
Мәселен, диалогтық сөзге оқытуда кодоскопты
пайдалануға болады. Мұғалім ұлына әкесінің
айтқан сөздері (немесе ынталандырушы репликалар) берілген
транспарантты дайындайды. Оқушылардың міндетіне диалогтың
жасалуы үшін мағынасы жағынан сәйкес келетін жауап
қатушы репликаларды іріктеу кіреді.
Father:
I say, Sonny, what shell we buy for Mumy on Woman`s day?
Sonny
(1)...
Father:
Тћat`s а goоd idea! And what will you say to Mum?
Sonny (2)...
Жауап
қатушы репликалар мыналар бола алады:
(1)
Let`s buy her some flowers.
Let`s
buy her а large box of sweets.
Let`s
buy her the book about Moscow. Etc.
(2) І`ll
say, «Dear Mum, I love you so much».
І`ll
say, «Веst wishes for Mother`s Day».
Экранѓа
әкенің сөздерін шығара отырып, мұғалім
әңгімеге кірісуге ұсыныс жасайды. Бұл жұмысты
жұптармен өткізу қажет. Оқушылардың жұмыс
істеуі кезінде мұғалім оларды бақылайды, кім
мұқтаж болса, соған көмек көрсетеді, ал
бақылауға бір-екі жұпты шақырады. Әлсіз сыныпта
жұппен жұмыс істеу алдында тапсырманы орындау үлгісін не
дыбыстық жазбада, немесе мұғалімнің күшті
оқушымен бірге орындауында беруге болады.
Диалог
сөзді қалыптастырушы жақсы, пайдалы жаттығу Listen,
read and act типті тапсырмалар болып табылады. әңгімелесуді
жүргізу икемділігін дамытатын бұл тапсырмалардың
мағынасы олардың соңғы бөлігінде (асt) болады,
бұл өкінішке орай, сабақтарда үнемі орындала бермейді.
Баспа мәтін.
Диалог
сөз оңай өрбитін баспа мәтінмен ынталандыруы
мүмкін. Мысалы, «Willіаm and Mr.
Romford».
Мәтінді оқығаннан соң балалар мистер Ромфорд пен
Вильямның арасындағы келесі диалогты ойнайды:
-
Hello, Mr. Romford!
-
Hello, Willіаm! Are you going home now?
-
Yes.
-
Give this to your sister, please. Tell her it`s a present from me for her birthday. But
don`t open the basket. There is a nise little cat in it.
-
All right.
-
You must give it
to Ethel, but you mustn`t open it in the street.
Диалог
сөзді тыңдалған мәтіннің негізінде де
дамытуға болады.
Мәселен,
«It doesn`t matter». Мәтінді
тыңдар алдында оқушылар «Dramatize the text» тапсырма алады.
Нәтижесінде Бетти мен Мэридің арасындағы келесі диалог болуы
мүмкін.
-
What are you
doing, Betty?
-
I`m writing a
letter to my friend Kitty.
-
But how can you? You cant write.
-
Well, it doesn`t
matter, because Kitty can`t read.
Диалог
сөзді дамыту стимулы вербалды берілген жағдаят та бола алады.
Мәселен, You meet a friend. He (she) sais he (she) has a new flat(house). Have a talk with him (her) about his (her) new flat. Күшті сыныпқа осындай тапсырма беру
жеткілікті. Әлсіз сыныпта сұрақтар түріндегі тіректерді
немесе тек қана сұраулы сөздерді беруге болады When… Where…
How many rooms… Is it far from… Etc.
Диалог
сөзді диафильмдерді көрумен және мұғалім мен
оқушылардың, оқушы мен оқушының арасында
әңгімелесулерді ұйымдастырумен ынталандыруға болады:
олар диафильмнен кім туралы (не туралы) білді, диафильм ұнады ма, не
ұнамады. Мысалы, балаларға «Tim Goes to School» атты диафильмді
көріп шығу және осы тақырыпта әңгімелесу
ұсынылады.
Жұмыстың
түрін іріктеу сабақта не атқарылғандығына
байланысты болады. Қарапайым, сонымен бірге күрделендірілген
кеңейтілген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу
формаларының сан алуандығы бірсарындылықты болдырмауға
көмектесу үшін және оқушылардың ойлау
қызметін дамыту процесінде өзге тілдік бастамашылық
шығармашылығына ықпал ету үшін туындаған.
Суреттердің аталған түрі бойынша жұмыстың
түрлерін пайдаланудың кеңес берілетін жүйелілігі
келесідей:
1)
Мұғалімнің ағылшын тілін есту арқылы
қабылдауды дамыту және жорамалдарды болжамдарды суретте
ұсынылған жағдаяттарды кең көлемде ашып
көрсетудің жаңа нұсқаларын
құрастыруда пайдалануға қондырғыны жасау үшін
әңгімелері.
2)
Оқушылардың мұғалімге жағдаяттың жаңа
нұсқасын жасау үшін сурет бойынша сұрақтары.
3)
Оқушылардың жұптаса жұмыс істеуі. Жұмыстың
бұл түрінің бірнеше нұсқасы болуы мүмкін:
а) суретте бейнеленген кез келген адам туралы
әңгімелесу;
ә) бастапқы жағдаятты
кеңінен ашып көрсету;
б) суретте бейнеленген
тұлғалардың арасында болуы мүмкін диалог
құрастыру. Жұптаса жұмыс істегеннен соң
бүкіл сыныптың алдында екі немесе бірнеше оқушының
арасында жаңа әңгіме ойналуы мүмкін.
4)
Оқушылармен тізбек бойынша әңгіме құрастыру.
5)
Оқушылардың суретте бейнеленген бастапқы
жағдаяттың базасында құрастырылған өз
әңгімелері. Көрнекіліктің аталған түрімен
жұмыс істеуде мұғалімнің оқушыларға
олардың жарым-жартылай ұмытқан немесе игерілгеннің шеңберінен
асып кеткен, бірақ оларға суретте бейнеленген бастапқы
жағдаятты өз бетінше кеңейту үшін қажетті тілдік материалды
айтуы тиіс екендігін есте тұтқан жөн. Оқушылардың
тілдік қызметі мүмкіндігінше асықпай өтуіне барынша
талпыну қажет.
Баяндау
(репродукция) негізінен алғанда оқушының мнемикалық
қабілеттілігіне сүйенеді. Жұмыстың осы түрін
орындау кезінде оқушылардың назары өзінің ойларын,
образдарды, эмоцияларын, көзқарастарын жєне т.б. білдіруге емес,
бастапқы мәтінде не берілген болса, сол бөліктерді еске
түсіруге шоғырландырады. Соңғысы уақытты талап
етеді, өйткені тілдік қызметтің қарқыны
төмендейді, ал оқу процесіне оқушылардың шектеулі саны
ғана тартылады. Бұл тыңдалғанды немесе
оқылғанды қайта жаңғырту тәрізді
тәсілді пайдалануға кеңес берілмейді дегенді білдірмейді.
Мәселен, «Appearance» тақырыбы
бойынша қандай да бір қыз бала туралы мәтінді тыңдап
болып, оқушылар «Онда мынау бар, анау бар ма?» (Has she (a) ...?),
«Оған мынау ұнай ма, анау ұнай ма?» (Does she like…?)
және т.б. деп сұрай бастауы мүмкін, немесе: «мен ол... деп
ойламаймын» (I don`t think she is
(can, will) …) және т.б. деп айта бастауы мүмкін.
Шығармашылық және бастамашыл сөзді пайдаланудың
белгілі бір әдет кезінде, ол тілді оқытудың кіші
басқышынан қалыптасуы тиіс, оқушылар әрбір мәтін
бойынша алуан түрлі сұрақтар қоя алады және
ең бір алдын ала болжанбаған пайымдарды бере алады, солар
арқылы тыңдалғанды түсіну деңгейін ғана
емес, сонымен бірге мұғалімнің әңгімесі кезінде
әрбір оқушының назарын да бақылау жүзеге
асырылады. Жекелеген оқушылардың сұрақтары мен пікір
айтуларын олардың арасындағы әңгімеге
айналдыруға, оны бүкіл сыныптың қазынасы етуге талпыну
керек.
Егер
мәтіннің материалын қайталайтын немесе оған
қарама-қайшы келетін сұрақ берілген жағдайда,
онда мұғалім оқушылардың біріне мынадай тиісті
нақтылаумен сөйлеуі мүмкін: «Сонымен, Машаның
көзінің түсі қандай екен?» (What was the color of
Masha`s eyes?), «Сонымен, Коляның қолында не болды екен:
сөмке ме әлде кітап па?» (What had Kolya in his hand – a bag or a book?) және
т.б.
Ең бастысы – сынып -
мұғалім, сынып – оқушы, сынып – сынып схемасы бойынша
табиғи түрде жылдам өтетін әңгімелесудегі
оқушының дербес сөзін ынталандыру. Оқушылардың
белгілі бір дайындалғандығы кезінде, бұған жүйелі
әрі мақсатқа бағытталған жұмыс кезінде
ғана қол жеткізіледі, бұған қол жеткізуге болады.
Бұл жағдайда тапсырмаларды орындауға уақыт та аз талап
етіледі және оқушылардың ауызекі тілін дамыту бойынша
нәтижелер де жоғары болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Гез Н.И., Ляховицкая М.В., Миролюбов
А.А., Фоломкина С.К.,Шатилов С.В, Методика обучения иностронным языкам в
средней школе -Москва, 1982. - 374б.
2. Алхазишвили
А.А. Основы овладения устной иностранной речью -Москва, 1988.- 128б.
3. Бухбиндер
В.А. Основы методики преподавания иностранных языков -Киев, 1986.- 255б.
4. Бухбиндер
В.А. Очерки методики обучения устной речи на иностранных языках - Киев, 1990.-247б.