Шет тілдер үйретудің
бастапқы деңгейінде коммуникативтік
грамматиканы оқытудың әдістері
Жарқымбек Жанар
Жолдасбекқызы
Шет тілдер және іскерлік
карьера университеті
Зерттеудің
өзектілігі: Жалпы
білім беретін мектепте шет тілдерін оқытуда бүкіл оқу процесін
анықтайтын коммуникативтік мақсаттың негізгі және
жетекші мақсат екендігінде болып табылады. Тілді тек тілдік бірліктер мен
олардың өзара байланысының қатаң
құрылымды жүйесі деп түсінуге болмайды, тіл ең
алдымен қатысым құралы болып табылады.
Жұмысының нысаны: Шет тіліне үйретудің бастапқы деңгейінде
коммуникативтік дағдыны қалыптастыру. Теориялық
құндылығы сөйлеуді өнімді үрдіс ретінде
оқыту оқушыдан айтылымды, тілдесудің шартталған
жағдаятын құруды қажет ететіндігінде, бұл
күрделі әдістемелік міндет болып табылады, өйткені оны
меңгеру оқушылар үшін үлкен қиындықтармен
тудырады әрі мұғалімнің тарапынан да, оқушылардың
тарапынан да көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді.
Зерттеу
жұмыстың міндеттері төмендегідей етіп бөлінді:
1.Шет тіліне үйретудің
бастапқы деңгейінде коммуникативтік дағдыны меңгеру
жолдары, орта мектеп оқушыларына ағылшын тілін
меңгертудің тиімді жолдарын, шет тілге оқытудың осы
2.замандық озық үлгілерін
пайдалану;
3.Орта мектеп оқушыларын сөйлеу
және тыңдау дағдыларын дамыту ықпалдылығы мен
ағылшын тілін оқытудағы сөйлеу дағдысын
қолданудың маңыздылығы;
4.Шет тіліне үйретудің
бастапқы деңгейінде коммуникативтік дағдыны
үйретудің әдістерін пайдалану және оны
қолданылудың тиімді тәсілдері және оқушылардың
бойына тілдерге деген қызығушылығын арттыру, сол тілді
меңгеруге құштарлығын арттыру және
дағдыландыру; 5.монолог және диалог сөздің
дағдыларын меңгеруге ұсынылған
жаттығулардың көмегімен тілдік дағдыларды (дұрыс
айту, лексикалық және грамматикалық) қалыптастыруға
оқыту; монолог сөз бен диалог сөздің өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, ағылшын тілін үйретудің
бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді
оқыту әдістемесін зерделеу;
Шет тілдер үйретудің коммуникативтік әдісі:
1.Жұптық
2.Топтық
3.Ұжымдық
Коммуникативтік әдістердің негізгі
принциптері мыналардан тұрады:
1.тілдік бағыттар
2.функционалдық
3.оқиғалық
4.жаңашылдық
5.қарым-қатынастық дербестік
бағыттар
Коммуникация
сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас,
араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағына білдіре келіп,
адамдардың арасындағы қарым-қатынасты,өзара
түсінушілікті көрсетеді.Осыдан барып «коммуникабельдік»,
түсінушілікдеген сөздер мен ұғымдар пайда бола бастады.
Коммуникация – қарым-қатынас,өзарабайланыс деген
ұғымды білдіреді.
Коммуникативтік
әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей
қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде
сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тілдік қатынас пен
әдістемелік категорияға тән басты белгілер мен
қағидалар жүйесінен тұратын, тіл үйретудің
тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілдік қарым-қатынас
құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің
түрі.
1.
Граммаикалық талдаудың негізі;
2.
Тілді оқытудағы грмматикалық сатылар;
Грамматикалық-аудармалық әдіс
ағылшында XVIII- XIX
ғасырдың мектептерінде
кеңінен қолданылды. Кейінен
педагогика, психология, лингвистика ғылымдарының дамуы
бұл әдіске өзгерістер енгізіп XIX-XX ғасырдың
соңында «екі грамматиканың» ара қатынасы
ажыратылды.Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық –
аудармалық
әдіс жиі кездеседі.
Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура
әдіс
грамматикалық – аудырмалық әдіске қайшы
әдіс ретінде дүниеге келді. Өндіріс пен сауданың
халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекеттердің үлкен
елдерді отарлауы сияқты
пргпестер шет тілін
білетін мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз
кезегінед жаңа әдістің
пайда болуына себепші болды.
Тілді іс жүзінде игеру
мектептерде шет тілін
оқытудың
негізгі мәселесіне айналды.
Тура әдістің негізгі
ерекшілігі мынадай:
Шет тілдің
оқытудың негізгі бағыты-тәжірибелік, яғни,
бірінші орынға сөйлеу койылуы; Ана тілінің екінші орында,
тіпті назарсыз қалуы;. Грамматиканы
оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы (грамматикалық
әдісте грамматикалық
ереже бірінші беріліп, жаттығулар
орындалады, ал бұл әдісте әуелі
жаттығулар орындалып, содан
кейін грамматикалық тұжырым
жасалады); Айтуды үйренуге
үлкен көңіл бөлінеді;
Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа байланысты
мәтіндер құрастыруға назар аударылады.Бұл
әдістің тура әдіс деп аталуының себебі– шет тілін
оқытуда, шеттілімен баратін
түсініктің арасындағы байланыстың тура болып,
ана тілініңмүлдем
қолданылмауы.
Тура әдісті қолданушылар
өте көп. Осы
әдіс
оқушылардың шет тілін
меңгеруге деген
қызығушылығын арттырады. Дегенмен, бұл әдісті
қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес.
Мәселен:
1)Оқу материалы мен жаңа
сөздер ғылыми негізсіз
іріктеледі. Бұл
әдіс тек
тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы
өте көп жаңа сөз білуі
керек.
2) Мектепте оқушылардың
сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.
3) тәжірбиесіз
мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді.
Ойын арқылы сөздің
айтылуы, лексикалық және грамматикалық материал белсенді
түрде меңгеріледі, тыңдап түсіну (аудирование)
және ауызша сөйлеу дағдылары дамиды. Сонымен қатар ойын
арқылы баланың шығармашылық және ойлау
қабілеттері дамиды. Оқушылардың байқампаздық
қабілетін ашады, сабақты тірілтеді, шет тілін уйренуге деген
қызығушылығын оятады. Теңдікті сезіну,
сабаққа қызыға қатысу - оқушыларға
ұялшақтықты, жасықтықты жеңе алуға,
тілдік барьерден өте алуға және шаршауды баса алуға
мүмкіндік береді. Енді, сабақта өзім қолданып
жүрген грамматикалық жаттығуларды өздеріңізге
ұсынайын деп отырмын:
1. «What’s this?» (“to be”
етістігін жаттықтыру ойыны)
Мұғалім открытканы
балаларға көрсетіп, «Guess what is this?»- деп сұрайды,
оқушылар «Is this a girl?». Мұғалім «No, it isn’t» немесе
«Yes, it is» деп жауап береді. Мұғалім кез- келген затты көрсетіп,
сол сұрақты қоюына болады.
2. «Questions» (“to be” етістігін
жаттықтыру ойыны)
Жүргізуші “А” әрпінен
басталатын бір сөзді ойлап, былай дейді : “I spy with my little eye
something beginning with A”. Оқушылар сол сөзді табу үшін:
“Is it an apple?”, “Is it an apricot?” сияқты сұрақтарды
қою арқылы мұғалімнің ойлаған затын
табулары тиіс.
3. «Hide-and-seek in a picture».
(“Prepositions” арналған ойын)
Тығылатын адамды
санамақ арқылы анықтайды. Оқушылар көздерін
жұмады, тығылатын оқушы ойша үлкен суреттегі қай
заттың артына тығылатынын қағазға жазып,
мұғалімге береді. Қалған оқушылар сол
уақытта:
Bushel of wheat, bushel of clover
All not hid, can’t hide over
All eyes open! Here I come
Оқушылар көздерін
ашып, «іздей» бастайды:
P1: Are you behind the wardrobe?
P2: Are you under the bed?
P3: Are you in the wardrobe?
Тапқан оқушы
тығылуға мүмкіндік алады.
4. «Where was …?»
(“Prepositions”, “to be” арналған ойын)
Мұғалім үстел
үстіне ағылшын тілінде атаулары белгілі заттарды қояды:
қалам, қарындаш, пенал, кітап және т.б. Қаламды
үстел үстіне қойып, қаламды кітаптың ішіне салып,
пеналды үстелдің астына тығып қояды.
Оқушыларға заттардың қайда
тұрғандығын естеріне сақтауға 1-2 минут береді.
Одан кейін заттарды қайта орнына үстелдің үстіне жайып,
мынадай сұрақтар қояды:
Teacher: Where was the book?
Pupil: The book was on the table.
Teacher: Where was the pen? Where
was the pencil-box? etc.
5. «Funny trip» (“Past Indefinite”
арналған ойын )
Сынып Past Indefinite етістік
формаларын оқыған. Мұғалім оқушылардан
қайда барғандықтарын сұрайды: “You went on a trip. What
did you take with you?”
Pupils: I took a book to read
I took a dictionary
I took a note book etc. (т.б)
Әр оқушы бір-бір
заттан айту керек.
Teacher: Very good. But I know
very well that was the only thing you took. Yes, don’t be surprised. That was a
very unusual trip. So every body took only one thing. Aizhan took a book,
Bekzhan took a dictionary and so on.
What did you eat? Remember you
took only one thing with you.
Aizhan: I ate a book
Bekzhan: I ate a dictionary.
Teacher: What did you put on your
head? What did you put on your feet? What transport did you go in?
6. «There is …»
Сынып 2 топқа бөлінеді.
Мұғалім қорапқа сыныпқа таныс заттарды салады.
Топ мүшелері кезек-кезек сол заттарды айтады: “There is a book in the
box. There is an eraser in the box ” etc.
7. « In the zoo» (“Present
Indefinite”, “can” арналған ойын)
1) Сыныпқа зообақта
қандай жануарларды көретіндігіңді айт.
Pupil: “I can see a tiger in the
zoo”
2) Қандай жануарлар
зообақта жоқ.
Pupil: “Cows don’t live in the
zoo. There is no cow in the zoo”
3) Ауылда қандай
жануарларды көретіндігіңді айт.
Pupil: “I can see a horse in the
village”
8. «My room» (“Present Indefinite” арналған
ойын)
Мұғалім сыныпты екі
топқа бөледі. Одан кейін бірінші топқа бөлменің
суретін береді. Оқушылар суретке 2-3 минут мұқият
қарайды. Сол суретті екінші топтың мүшелеріне береді, олар
кезек-кезек сурет бойынша сұрақтар қояды. Мысалы:
How many desks are there in the
classroom?
Where is the table (chair, book,
television )?
What things do you see on the
desk?
Екінші топ бірінші топтың жауаптарын
қадағалайды. Сурет қайта ілініп, екінші топтың
мүшелері оны суреттеп береді.
Грамматиканы оқытуда сонымен
қатар ойын жаттығуларын қолдана аламыз. Ойын – балаларды
оқыту мен тәрбиелеудің ең ежелгі жолдарының бірі
болып табылады. Ол әрқашан адам өмірінде негізгі орынды алады.
Ол - адамның сәтті түрде жеке тұлға болып
қалыптасуына және қабілетінің дамуына жағдай
жасайды. Ойын – адамың тек ой әрекетін емес, сонымен қатар
эмоционалды қиналысын талап ететін ерекше ұйымдасқан
әрекет. Сабақты жоспарлағанда оқушыларға тек
жаңа сөздерді немесе қандайда бір құрылымды
жаттату ғана емес, сонымен қатар әр оқушының жеке
тұлға болып қалыптасуына қажет болатын жағдайлар
жасау керек.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1. Пассов Е.И. Коммуникативный метод
обучения иноязычному говорению. М.: Просвещение, 1985.
2. Пассов Е.И. Урок иностранного языка в
школе
3. Пассов Е.И. Технология коммуникативного
обучения иноязычной культуре
4. Мильруд Р.П. Максимова И.Р. Современные
концептуальные принципы коммуникативного обучения иностранным языкам / Р.П.
Мильруд, И. Р. Максимова //Лингвистика. 1999. — № 8. – С. 9 – 15.
5. Жолдыбаева Г.Т. Коммуникативті оқыту технологиясының теория және
практика тұрғысынан жүзеге асырылуы. ‘‘Ағылшын тілі мектепте’’Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, №1, 2007жыл, 8-10бет.
6. Мырзахметова
М. З. Коммуникативті оқыту әдісінің шетел тілі сабағында алатын орны [Текст] / М. З. Мырзахметова, Г.
А. Токтамысова, Т. А. Налибаева // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — С. 54-56.
7. Щукин А. Н. «Обучение иностранным языкам: теория и
практика». – М.: Филоматис, 2006. – 480 с.
8. Хэгболдт П. Изучение иностранных языков. Некоторые
размышления из опыта преподавания, - М. 1963.