Филология/Родной язык и литература

 

Омаркулова Л.К, Калымбетова Н.П.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Жазушы Ә.Нұрпейісов шығармаларындағы  

лексикаЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

 

Өзге  тілден енген кірме сөздер -  халықтар арасындағы мәдени, экономикалық байланысты көрсетіп, тілдер арасындағы қарым-қатынас көрсеткіші болып табылады.

Кірме  сөздер екі жолмен жасалады: өзге тілде байланыс жағдайында ауызекі сөйлеу арқылы және жазбаша түрде – кітап, әдебиеттер, ресми құжаттар арқылы жасалады. [1,87б.].

Қазақ прозасының тілі – қоғамдық өмірдің түрлі салаларынан кірме сөздердің араласқан тілі.

Зертттеу жұмысының мақсаты – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романындағы кірме сөздерге талдау жасау болып табылады.

Романдағы талдау нәтижесінде құрамындағы кірме сөздердің негізі орыс тілінен енген сөздер болып табылады. Бұл романың болған уақтысы арқылы түсіндіріледі: қазақ халқының Бірінші дүниежүзілік соғысқа, 1918-20 ж. Азаматтық соғысқа қатысуы, ресей кәсіпкерлерімен экономикалық байланысы, сол заманның тұрмыс ерекшеліктері.

Романың «Күйреу» атты 3-бөлімінде негізгі кейіпкерлер өмірінде түрлі оқиғалар болып, қарым-қатынас кезінде орыс лексикасының көптеп кездесетінін байқауға болады.

1.      Қызметтік атаулар: Верховный Правитель,урядник, официант,начальник, проводник,начальник.

2.      Әскери лексика: дивизия, командир, комиссар, штаб, атаман, офицер, отряд, пулемет, снаряд, эшелон, лазарет, казарма, cолдат,  барак, шинель, генерал, подполковник, окоп, адъютант, пластун, полк, армия, интендант, майор, адмирал, генерал-губернатор, ротмистр, обоз, граната, броневик, сапер, госпиталь, штабс-капитан, операция.

3.      Техникалық сөздер: самолет, поезд, танк, паровоз, телефон, телеграф, вагон.

4.      Саяси сөздер: Совдеп, митинг, митинговать, киргиз-кайсак, революция.

5.      Тұрмыстық сөздер: семья, папа, кабинет, кресло, трубка, носилки.

6.      Өндірісітік детальдарды бейелейтін сөздер: баржа, Промсол, флотилия, лабаз, порт.

7.      Басқа лексика: арестант, махорка, азиат,  проспект, йод,разъез,документ,папа,   акт, факт.

8.      Орыс кейіпкерлердің ойлау жүйесі, көңіл-күйін суреттейтін сөздер мен сөз тіркестері.

«Подумаешь!Ықса барсын» [3, 55 б.].

«Безобразие! Ну,олар кімдер?»[3, 86 б.].

«О, конечно...ондай кісіні ұстау керек» [3, 86 б.].

«Ах, черти, азиаты. Не болды?»[3, 90 б.].

«Черт вас разберет.Сенің інің... оқыған азамат соның жағында»[3, 92 б.]

«Слушайте генерал!»- дей түсті де, Колчак тоқтап қалды »[3,124 б.].

«Мына күшікті Түстік Армияға жибер!Разжирел!Обнаглел!» [3, 137 б.].

«Сестра !.....- .деді дәрігер »[3, 165 б.].

«Ну, молодец,!»[3, 207 б.].

Сонымен қатар қазақ тілді кейіпкерлер пайдаланған кірме сөздердің тобын атауға болады. Мысалы, қалада орыс тілінде білім алған Тәңірбергеннің інісі Жасағанбергеннің сөздері.

«Здрасти»;[3, 94 б.],  «Ертең, торг».[3, 98б.].

Сондай-ақ орыс тілді кейіпкерлермен араласуда жиі пайдаланатын 2,3 орыс сөздерін білетін кейіпкерлердің сөздерін көрсетуге болады:

Роман материалының тілдік талдамасы, кірме сөздерді автор негізінен орыс кейіпкерлерді (орыс армиясының офицері, өкімет басшылары, кәсіпкерлерді) суреттеу үшін пайдаланғанын байқатады. Қалғандары – Ресей құрамыдағы қазақ халқының техникалық, тұрмыстық, шаруашылық негіздері сөздерден тұратын сөздер тобын құрайды.

 

Әдебиет

1.Розенталь Д.Э., ТеленковаМ.А. Словарь – справочник лингвистических терминов.- Москва: Просвещение, 1985.- 399 б.

2.https://www.livelib.ru/author/311922

3.Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. Трилогия. 2 том.-Алматы: Жазушы, 2004.-304 б.