Есбол.Ғ.Ш

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеттің аға оқытушысы

А. Байтұрсынұлы мен Ы. Алтынсаринның мысалдарындағы үндестік

Жақсылардың  үлгісі,

Жанып тұрған шамдай.

Шешендердің сөздері,

Ағып тұрған балдай.  

( мақал )

ХХI ғасыр Қазақстан мемлекетінің экономикалық дамуындағы алға жылжыған 30 елдердің қатарында болуға ұмтылған айтулы кезең болды. ''Елу жылда – ел жаңа демекші '', біз Егемендігіміздің 25жылдығында, яғни осындай аз ғана уақыттың БҰҰ-ның  жиынында төрағалық еттік. Енді оның уақытша қатысып тұратын мүшесіне де  айналдық. Алматы қаламызда сырттан 57 елдің өкілдері қатысқан жастардың  28 қаңтардан  8 ақпанға дейін созылған,  2017 жылғы 28-ші жастардың қысқы универсиадасы өтті. Оны 80 ел көруге мүмкіншілік алды. Биылғы  2017-ғы тауық жылы бізге оңынан туып отырғанға ұқсайды. Бұл 28-ші қысқы универсиаданың қортынды нәтижесі бойынша 2-ші орын алдық. Бүгінгі Қазақстан әлемдегі елдердің ішінде атом бомбасынан бас тартқан бейбітшілік сүйетін мемлекет екенін танытты.

XX ғасырдың аяғынан бастап,  XXI ғасыр жер бетінде болып жатқан қарулы қақтығыстарды (Палестина, Сирияда т.б.) болдырмау мақсатында Қазақстан мемлекеті бәрін бітімгершілікке шақыратын  '' келіссөздер алаңына '' айналды. Ресей мен Түркия мемлекеттерінің ұсынысы бойынша  2017 жылдың 23 - 24 қаңтарында  Астанада  Сирия мәселсі бойынша 15-ке жуық оппозиция тобының өкілдерінен тұратын делегациялар арасында келіссөздер өтті. Оның басты мақсаты – өткен жылдың соңында қол жеткізілген бітім туралы келісімді нығайту болатын.      

Осылардың барлығы  Қазақстан мемлекетінің халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын көрсетеді. Ертеден бері ата-бабаларымыз '' жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, күш көрсетіп жету қиын '' екенін өсиеттеген болатын. Ұлы ағартушыларымыз А.Байтұрсынұлы  мен  Ы.Алтынсарин өздерінің мысалдарында адам бойындағы кемшіліктерді сынап, олардың бірлесе, ынтымақтаса қоғамның ілгері дамуына үлес қосуларына үндейді.

А.Байтұрсынұлы « Егіннің бастары » шығармасында:

                                  « Бидайлар басы толық иіліп тұр,

                                  Дән берген қожасына сыйынып тұр.

                                 Басында бұл Бидайдың дәні болмай,

                                 Кекрейіп, көкке қарап бүлініп тұр. »  [1] -деп, еңбектенгенде қай істе болмасын сапалы өнім алуға тырысу керектігін сөз етеді. Ахаңның ойын әрі қарай жалғастырсақ:

                                 « Елде көп бұл Бидайдай адам, -  дейді,

                                 Тәкаппар, - оны халық, - жаман, - дейді. -

                                  Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның

                                  Тұтынба бұл мінезді, балам  »,  - дейді. [1]   - деп, Қорқыт абыз  айтқандай :  '' Тәкаппарды – тәңір сүймес '' дегендей, қауымнан бөлініп, бақытты, дәулетті боламын дегеннің ұзаққа бармасын ертеде де, бүгінгі де өмір көрсетіп отыр.

Ы.Алтынсарин « Әділдік көрмеген үшін төреге айтылған сөз » мысалында:

                                   Тақсыр-тақсыр дегізіп тамсандырдың,

                                   Сөйтіп жүріп аяққа қан салғыздың.

                                   Жан жүрмейтін ісіме жан алғыздың,

                                   Ақырында малымнан құр қалғыздың.  [2]   (2. Алтынсарин Ы.  Әділдік көрмеген үшін төреге айтылған сөз. –А.-1 том, 2003.-36 бет. )  –деп, елағаларының ел ісінде әділдік жолын ұстанғанда ғана, халықты аздырмайтынына, қоғамды игі істерге жұмылдыру арқасында жетілдіруге болатынын меңзейді.

 А.Байтұрсынұлы « Маймыл » шығармасында '' еңбектің де еңбегі бар дегендей '' :

                                  Сарп етті жан аямай Маймыл күшін,

                                          Ешбір жан мақтамады еткен ісін.

                                  Секілді осы Маймыл адамдар көп,

                                  Көрсетіп не қылайын ашып түсін.  [3]   (3. Байтұрсынов А.  Ақ жол. Маймыл. -А, 1991.-26 бет.)  -деп, қазіргі ғаламдасу кезінде саясатта және экономикада бәсекелестікте жеңіп шығатын оңтайлы, бізге тиімді келетін істермен айналасу керектігін сөз етеді.

А.Байтұрсынұлының '' еңбек ісі - өнбек '' ойын түрлендіре келе, айтылған Ы.Алтынсарин « Әділдік көрмеген үшін төреге сөз » мысалында:

                                  Оразаның түбіне мақсым жетер,

                                  Азған елдің түбіне тақсыр жетер.

                                  Әділдіктен хан тайса наным кетер,

                                  Жылай-жылай жарлының малы кетер... [2] деп, имандылығы бар адам мақсатына түбінде жетеді. Әрине, оған адамгершіліктен жұрдайлар кедергі келтірмесе деген тілегін бізге жеткізіп отыр.Елағаларына биліктің басты қағидасы – әділдік, ол болмаса халық азып – тозып кететінін ескертеді. Батыс Еуропалық антик дәуірінің философы Цицерон: ''Әділдіктің: ешкімге зиян тигізбеу және қоғамға пайда келтіру сияқты екі қайнар көзі бар. '' деген болатын. Егер халықтың бақытты боламын, дәулетті өмірге жетемін деген сенімі болмаса одан әрі олардан не күтуге, қалай оларға ренжуге  болады.

 А.Байтұрсынұлы « Маймыл » шығармасында пайда келтіру:

                                     Не бітер күшті орынсыз жеккенменен,

                                     Шығар ма тасқа егін еккенменен ?!

                                     Ойлама алғыс, аброй аламын деп,

                                     Пайдасыз құр михнат еткенменен. [3] –деп, елге қызмет ету,  бас-көзге қарамай қауымның барлық жеріне жүгері егіп тастау емес. Дана халқымыз айтқандай барлық істе  '' жеті рет өлшеп, бір-ақ рет кесу керектігін '' ұмытпау,  қателікке басудан сақтайды. Қазақстанды  '' Мәңгілік Ел! '' қыламыз десек, мына тар заманда халқымыздың бірлігін сақтап, жаhандық бәсекелестікке төтеп бере алатын істермен айналасу керек!

 Ы.Алтынсарин « Әділдік көрмеген үшін төреге сөз » мысалында замана аумалы төкпелі екенін: 

                                     Ай, тақсыр, бұл дүние өтер-кетер,

                                     Мал иесі де артыңнан қуып жетер...

                                     Жарлылар да бір табар әділ қазы,

                                     Таразылы күн болса арыз етер!..   [2] – деп, бұл жалған дүниеде барыңмен бөлісіп, тату-тәтті тіршілік еткенен артық бақ бар ма деген өміршең сұрақ қояды ?!

Ы.Алтынсаринның еңбек пен әділдік туралы қозғаса, А.Байтұрсынұлы « Маймыл » шығармасында ізгіліктілікке тоқталады :

                                      ...Пайдалы істен алар абыройың                   ,

                                      Кетпейді кейін қарай тепкенменен.

                            Орынды болса еткен михнатың,

                            Халықтың түсірерсің ілтифатын.

                            Пәленше бәрекелді, жарайды деп,

                            Шығады сол уақытта жақсы атың.  [3] – дегені, Бұқар бабамыз '' жақсының – аты өлмейтінімен '' үндеседі.  Әрине, адамдық  өмір -  қайырымдылықта, оған  өзіне тән іс болады. Ол қоғамға пайдалы нәтижелі әрекет, оның гүлденуіне алып келеді. Бүгінгі әлемді әуре – сарсаңға салған нарықтық дағдарыста ұлы ағартушыларымыз айтқандай рухы биік халық қана төтеп бере алады.

 

Әдебиеттер тізімі

1. Байтұрсынов А.  Ақ жол.  Егіннің бастары. -А, 1991.-27 бет. 

2. Алтынсарин Ы.  Әділдік көрмеген үшін төреге айтылған сөз. –А.-1 том, 2003.-36 бет.

3. Байтұрсынов А.  Ақ жол. Маймыл. -А, 1991.-26 бет.