Ауесбаева Г.Ж.
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық
өнер академиясы
Қазақ тілінің әлемдік
фильмдердегі орны
Тіл кез келген мемлекеттің сөйлеу
құралы, тарихы мен дәстүрінің байланысы,
өткені мен болашақтың көпірі. Қазіргі
қабылданған шешімдер, орындалған істер ел болашағына,
жағдайына әсер етері сөзсіз. Қазіргі уақытта
әләмдер бір біріне жақындап түскен шақта,
байланысымыз нығая түскен кезде, технологиялар дамып, космосты
зертту тереңдей түсіп, жасыл энергияны қолдану дамыған
кезде, әлем мерекелері мен мейрамдары араласып, әлемдік
ақпардың қол жетімділігі, ағылшын тілі дамыған
кезде, ұлт аралық жақындықтар белсене даму
уақытында, мемлекетіміздің шешімімен біртіндеп ақрын қадамдармен
үш тілді қолға алынып жатқаны бекер емес.
Сондай-ақ осы тұрғыда мемлекеттік тіліміздің
басқа тілдерден қалмай халық арасында кең
қолданыста болуына телевизия, радио, әлеуметтік желілердің
ықпал ететінін де ескеру керек. Әр түрлі
бағдарламалармен қатар кино өндірісінің тілі, ана
тіліміздің қалыптасуында ерекше орын алады.Осы жерде кино
саласының бір бөлігі «дубляж» туралы сөз
қозғамақпын.
ХХ ғасыр
кино өнеркәсібі мен ХХІ ғасырға дейін, елімізде
көрсетілген филімдер тек орыс тілінде көрсетілетін,тек
аздаған филімдер теледидардан қазақшаға дыбысталып
көрерменге жол тартатын.Совет одағы кезінде қазақ
дубляж өнерінің орны бөлек, аз филімдердің өзін
өте жоғарғы кәсіби дәрежеде дыбыстап,
өзіндік қазақ дубляж жүйесінің мектебінің
іргетасын қалаған. Олар, Ш.Айманов атындағы
Қазақфильм киностудиясының сол уақыттағы
актерлары, әр қайссы бір тұлға, қазақ
киносымен қатар қазақ тілінің, ана тіліміздің
туын желбіреткен мықты тұлғалар: Мұхтар
Бақтыгереев,Омархан Қалмырзаев, Рая Мұхамедярова, Фарида Шарипова,
Шолпан Жандарбекова,Нүкетай Мышпаева, Гүлзия Бельбаева,
Зәмзәгүл Шарипова, Есім Сегізбаев, Раушан Ауезбаева, т.б. Әр қайссы бір төбе,
өз заманының тіл жанашырлары. Радио,театр, кино өндірісіне
ізін қалдырған, өзіндік орны бар өнер қырандары.
Егемендігіміз жаңғырып мемлекеттік тіл дамып,
қолданысқа кеңінен тараған кезде, теледидардан болсын
үлкен экраннан болсын кино ұсынылған филімдерді мемлекеттік
тілде көру үлкен сұранысқа ие болды. Сндықтан
телеэфирлердегі көптеген филімдер мемлекеттік тілге кеңінен
дыбысталып көрсетілуде.
Халық сүйіп көретін Түрік,Үнді, Корей
фильмдері кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлеп,
көрерменнің көз айымына айналды. Өз тіліңде
сөйлеген филімдердегі кейіпкерлер қазақ тлді
қауымға қол жетімді болды. Балалар мен жас өспірімдер
үшін мульттоптамалар кейіпкерлері ана тілінде сөйлеп одан сайын
қызықты бола түсті. Жастар ұлттың болашағы
болғандықтан,оларға
ана тіліне деген сүйіспеншілікті дәріптеп қана
қоймай, заманның және уақыт талаптарына сай етіп,
тіліміздің дәрежесән әлемдік индустриямен байланыстырып
жастарға ұсыну дұрыс. Интернет желілермен филімдерді,
мультфилімдерді ана тілімізде сөйлету, оларды ана тілінде көрсету
арқылы да насихат етіп әдеткен айналдыруымыз керек. Мемлекеттік тіліміздің
тұрақты қалыптасып дамуына, жастар арасында бір бірімен
сөйлесу тіл ретінде кең тарауына теледидар мен интернет
арқылы көрсетілетін филімдер мен бағдарламалар үлкен
септігін тигізіп келеді. Инетрнет
желіснің ақпарат тарату жылдамдығы қол жетімді болғаны, әр азаматқа
қалаған ақпар алып, және өздігінен желіге
ақпарат салу мүмкіндігіне ие болуы, қалаған фильмдерді
көруі оның өмірлік ұстанымдарымен, мінез
құлқына, сөйлеу мәдениетіне, әдебіне де
әсер етері сөзсіз. Әлемдік индустрияға бет бұрып,
олардын өнерін тамашалау өмір үрдісіне айналып барады. Сондықтан
әлеуметтік желілер мен телеарналарда, фильмдерді мемлекеттік тілде
көрсету үлкен идеологиялық мәселе болып келеді.
Осы арада, 2009 жылы парламенте, үлкен
экранға шығатын фильмдерді мемлекеттік тілде шығару
мәселелерін көтерген.
Және 1 қаңтар, 2012 жылы сенаттың қолдауымен
«Мәдениет» заңына, «прокатағы фильмдер тілі» атты статья
еңгізді,онда ҚР территориясына прокатпен кіргізілген фильмдер
қазақ тіліне дубляждану керектігі айтлады. Биыл бұл тақырып тағы бас
көтеріп, артынан фильмдерге титір енгізген әлде қайда тиімді
деген пікірлер айтылды. «Ол заңнаманың жүзеге асуы екі талай,
тіпті мүмкін емес , себебі Sony Pictures Columbia Pictures
Disney/Pixar жылына 150 фильмнен
прокатқа шығарады. Ал осыншама фильмдерді дубляждау үшін
үлкен қаражат қажет, және оны жүзеге асыру
үшін тек қаржылық мәселе себеп емес, оны іске асыратын
база мен ресурстар жоқ. Мемлекет бұл заңды толық іске
асыра бастаса, кинотеатырлар жабылады- дейді,Меломан компаниясының
генерельный директоры Вадим Голенко».[Forbes m.forbes.kz Трудности перевода ]. Сөздің шыны, кионотеатырлар
үлкен қалаларда орналасқан, және кинотеаторлар тұтынушылары
көбінде орыс тілді. Бір фильмді сапалы әрі әлемдік талаптар
мен стандарттарға сай етіп дыбыстап үлкен экранға
шығару үшін 100 мың ақыш доллары, кем дегенде 17-18
миллион тенге жұмсалады, аз сома емес. Осы істі алғашқы болып
қолға алға алған Болашақ
қауымдастығы, Нұр Отан партиясының қолдауымен,
MARWIN, тағы басқа отандық кәсіпкерлерді демеушіліке
тартып, осы заңды біртіндеп жүзеге асыруда. Әлемдік премьераларымен
қатар ең алғашқы қазақ тіліне дыбысталып
үлкен экранға шыққан фильм 2011 ж.«Көліктер-2»
қазақ тілінде 39 тіл болып дыбысталып 40 актер қатысты, араға көп салмай 2012 ж. «Қара киімділер - 3» фильмі
әлем есептеу бойынша 7 - ші тіл болып қазақ тілінде
дыбысталды, 2012 ж. «Батыл жүрек»
фильмі де қазақ тілінде қорерменге ұсынылды, оған
15 актер қатысты, 2012 ж. «Жаңа өрмекші адам» фильмі 7 тіл
болып қазақ тіліне дыбысталды, 30 актер қатысты, 2013 ж. «Монстырлар университеті» фильмі 39-
ші тіл болып қазақша дыбысталды, оған алғаш рет балалар
тартылды, 2013 ж. «Жалғыз Рейнджер» 22-ші тіл болып, 28 актер
қатысты ,2014 ж. Soni Pictures «Жаңа өрмекші адам:Кернеген
қуат»30 актер дыбыстауға ат салысты, 2014 ж. «Малифисента»7- ші тіл болып
қазақ тіліне дыбысталды, 20 актерлер қатысып,ол туынды
еліміздің 20 каласында 50 кинотеатрларда көрсетілді, 2014 ж.
«Галактика сақшылары» 18-ші тіл боп қазақ тіліне аударылып,
20 актер қатысты, 2015 ж. «Кек алушылар:Альтрон дәуірі» 20-ші тілге
аударылып дыбысталыды, 2015 ж. «Күлбике»
әлемдік аударылған 31-ші қазақ тілі болып
есептеліп дыбысталды, 2015ж.
«007:Спектр», 2015 ж.«Star Words.Жұлдызды
соғыстар:Күштің оянуы» филімін дыбыстауға 25 актерлар
қатысты , 2016 ж. «Джунгли кітабі» қазақ тіліне 22-ші болып
аударылып дыбысталды, 2016 ж. «Алиса
Айнаның арғы бетінде» 35-ші тіл, 20 шақты актерлар
қатысты, 2016 ж. «Моана» 45-ші тіл, 35 актер қатысты , 2016 ж.
«Күрескер бір.Жұлдызды соғыстар», 2017 ж. «Галактика сақшылары 2», 2017
ж. «Көліктер 3» филімі қазақ тілінде дыбысталып өз
орнын иеленуде. Филімндердің дубляж режиссерлары А.Жамшит, Р. Абішева,
Т.Балымбетов т.б. кәсіди
режиссерлар қызмет атқаруда. Әр жобаға кем дегенде
20-40 актерлар қатысады. Басты кейіпкерлнрден бастап ең кішкентай
эпизоттағы кейіпкер дауысы бір-біріне ұқсамауы керек,
және жеке адамдармен дыбысталуы қажет. Дауыстарды отандық
студияда кастинг арқылы таңдалған соң, дауыстар
шетелдегі студияға кинокомпанияларға жіберіледі. Дауысты бекіту
құқығын фильмнің режиссерлері мен басты
кейіпкерлерді сомдаған актерлар бекітеді. Мысалы «Жалғыз Рейнджер»
фильмінің басты кейіпкерін сомдаған Джони Деп – Тонтоға,
Берік Айтжановтың дауысын өзі таңдаған. Сонымен
қатар кішкентай кейіпкерлерді дыбыстауға, кішкентай балалар
қатысты. Өз дауыстарымен шетелдік кейіпкерлерді қазақша
сөйлетіп, еліміздің кішкентай көрермендеріне ана тілімізде
көрсетіп қана қоймай, жас өспірімдердің талаптары
мен сұраныстарымен қатар қазақ тіліміздің
заманауи фильдерде еш қиындықсызтең қатарда екенін
көрсетті. Сондай-ақ
жобаларға қазақ эстрада жұлдыздарыда
қатысады. Бұл жобалар Қазақстан актерлары әлемдік
жұлдыздарды дубляждау арқылы, өз өнерлерін заманмен
қалыспай, голливуд жұлдыздарымен, Рессей басқа да елдермен
терезесі тең жұмыс жасай алуларына, тәжрибе жинауларына,
актерлық шедерліктерін шыңдап өсірулеріне үлкен
үлес қосуда. Өз басым осы жобалардың көбінде
Анджелина Джоли, Зои Салдана, Лупида Ньенгоны және басқа
көптеген әлем мойындаған кейіпкерлерді дыбыстап,
тәжрибе жинап, актерлық шеберлігімнің арта
түсүіне септігін тигізіп жатыр деп нық сеніммен айта алам. Әр
жобада жоқ дегенде 20 актер қатысады, олардың
әрқайссы театр, кино саласында қызмет етіп, сондай-ақ
қазіргі уақытта қазақ дубляж өнерінің
алдыңғы қатардағы әртістері: Күнсулу
Тұрғынбекқызы, Азамат Қанапия, Ержан Жарылқасын,
Самат Қордабай, Сәуле Турдахунова, Айгерім Байбергенова,
Қайрат Әділгерей, Абай Досжан т.б
Фильмдер Cinema Tone Production, Арай медиа груп
студияларында дыбысталғансоң Лондондағы Shepperton
студиясында дыбыстық жұмыстар
жасалынады. Қазақ тілі 39 ел болып Disney фильмдерін
өз тіліне дыбыстап көрерменге ұсынып үлкен
экранға шығарса, SONY -ді
қазақ тілі 6 мемлекет болып өз тілінде аударып дыбыстап отыр.
Отандық телевизиялар өз арналарында,
қазақ тілінде дубляждалған Корей,Унді,Рессей,Түрік
фильмдері мен мультфилімдерін, телехикаяларын көрсету себебі, ол
туындылардың үлкен сұранысқа ие болуында. Қазіргі
таңда қазақ тіліндегі фильмдер мен бағдарламалар,
деректі фильмдер көбейуде. Ол әрине көрермендердін
қалауымен сұранысының арқасы. Осы жерде радио саласыда
мемлекетімізде қазақ тілінде шырқалып эфирге шығу
санының көбейуі қуанарлық жәйт. Қазақ
тіліндегі сапалы бағдарламалардың риейтингтері өсуде.
Отандық арналардың ішінде идеологиялық
мәні бар, болашағы жарқын Балапан арнасы,
бүлдіршіндеріміздің әлемдік премералармен актуалды теле,
кино, желілер, мультфильм, музыка индустриясына ана тілімізде көре алуы,
мемлекеттік тіліміздің тұрақты дамып қалыптасуына зор
ықпал ететіне үлкен сенімен айтуға болады. Себебі іздеген
фильмдерді басқа тілде көрмей, олар оған ана тілінде,
өз қазақ тілінде жеткізіліп тұрады.