АЛАШ КӨСЕМІ Ә.БӨКЕЙХАНОВ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ
ТУРАЛЫ
Ахметова
Л.С.,А.Байтұрсынов атындағы ҚМУаға оқытушы,
Қостанай
қ.,Қазақстан
Кез
келген мемлекеттің тарихы сол елдің,халықтың
тәуелсіздік жолындағы саяси күресі тарихымен өзектес
келеді. Ал саяси күрестің нәтижелі болып,алға
қойған мақсаттарын жүзеге асырулуы оны әр тарихи
кезеңде басқарған қайраткерлердің еңбегі
мен басшылыққа алған саяси және ұлттық
руханияты сақтау туралы ойларының кұңдылығы мен
өміршендігіне байланысты. Қазақ халқының
азаттық жолындағы күресіне орасан зор үлес
қосқан - Алаш қозғалысының өкілдері екені
баршамызға мәлім және еш күмән тудырмайды..
Біз
қазір"Алаш" дегенде бірден Әлихан
Бөкейхановтың бейнесі елестейді. Себебі, ол Алашорда автономиялы
үкіметінің тұңғыш төрағасы, сол
кездегі Алаш зиялылары сияқты әр саланың білгірі. Ресми
түрде атайтын болсақ - ғұлама ғалым,әрі
публицист ретінде қазақ халқының саяси
әлеуметтік, мәдени- рухани тарихында зор еңбегімен
жүректерде өшпестей ойып тұрып, ізін
қалдырған ұлы
тұлға. Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай,
«Әлихан Бөкейханов әрқашанда қазақ
жүрегінде жеке - дара тұлға болып қала бермек.
Нағыз Ә.Бөкейханов дәуірі енді ғана басталып
келеді». Шынымен, оның дәуірі енді басталып келеді,өйткені,
қазіргі таңда еліміз тәуелсіздігіне қол
жеткізіп,өткенді саралап,төл тарихы мен мәдениетің
қайта жаңғырту үстіңде. Соның
арқасында,осындай жетістікке жетуге мұрыңдық болған
әйгілі тұлғаларымызды еске алып,жасаған
еңбектерің зерделеу болып табылады. Әлихан
Бөкейхановтың қазаққа істеген тарихи
қызметі еліміздің ғасырлар бойы аңсаған
тәуелсіздігін алуға себепкер болды. Әлихан Бөкейхановтың саналы ғұмыры
мен ұлт мүддесі үшін күресі Ресейдің
қазақ даласын отарлау кезеңіне келді. Оның
ұлтының нағыз азаматы ретінде жанына батқан
мәселелердің бірі-тұған халқының рухани
болмысының жағдайы мен болашағы болды. Ұлтының
басына төңген қауіпті көрген Әлихан
Бөкейханов қазақ
ұлты үшін Алаш идеясынан, осы идея ішіндегі бес ұлы нысанадан артық
мүдде болуы тиіс емес:жер,оның қазба байлығы,шаруашылық,тіл
және дін,білім және ғылым-деп есептеді. Соның ішінде,
дінге қатысты ұстанымы бір төбе болып келеді:
«қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың
тілі, діні, ділі үстем болуы керек»-деп мәлімдеді[1]. Әлихан
Бөкейхановтың бұл сөзі - әр халықтың
ата дінінің өз мемлекетінде барынша дамуына жағдай жасалып,
конституциялық бекітілуі керек дегенді білдіреді. Осы мақсатта
Ә.Бөкейханұлы өзге Алаш өкілдерімен бірге туған халқының діні мен
ділін сақтауға барынша күш-жігерің жұмсады. Өзіне
ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі. Осыдан кейін
ғана татардан іргесі бөлек қаланған қазақ
ұлты туды.
Рухани-адамгершілік салада қазақ қоғамы мен патшалық
Ресейдің мүдделері ешқашан да бір арнада тоғысқан
емес. Қазақ халқы ерекше діндарлығымен ерекшеленбесе
де, мүсылман халқы болып қалыптасты. Сондықтан Ресей қазақ
жерін отарлаудың алғашқы кезінен бастап
мүсылмандық дәстүрлерді қазақ
халқының тұрмыс-тіршілігіне енуіне жол бермеу үшін
түрлі айла-шараларды қолданып бақты. Мұсылман
дінбасылары, керісінше, ислам дінін қазақ даласына жаюға
ұмтылды және патша өкіметінің құйтырқы
орыстандыру саясатына деген қарсылық көзқарасын
қазақтардың санасына қондыра білді. Мұның
біршама дәрежеде сәті де түсті, өйткені
қазақтардың көп бөлігі отарлау саясатының
негізінде христиан дінінің өздеріне жат екендігін білеп,діни
сауаттарын ашу үшін татар молдаларының біліміне жүгінді.
Бұл туралы «Қырғыз даласындағы басқару туралы
ереже жобасы жөніндегі комиссияның түсіндірме
жазбахатында»былай делінген: «Не надо долго ездить по степи, чтобы убедиться не
только в сознании киргизами необходимости учения, но даже в существовании у них
уже довольно обширного, по своей распространенности, народного татарского
обучения. Во всякой волости, а иногда и в аулах, есть учителя, муллы,
ходжи, которые при богатых киргизах, как письмоводители, или как духовные лица,
обучают киргизских мальчиков татарской грамоте, наставляют их и в религии..». Қазақ даласындағы
басқару туралы ережелер жобасын жасаушылар қазақ балаларын
оқыту діндарлық рухында, оны басқа халықтардан
оқшаулау рухында тәрбиелейтін молдалардың қолында қалып
отыр деп жазды.
Патшалық Ресей сауаттандыру
уәжін алға тартып, жергілікті халықты
орыстандырып,шоқындыруға тырысты. Әрине,христиан
миссионерлері жергілікті халықтың орысша сауатын ашуда ағартушылық мақсатты
емес, оны тілден, діннен айыру саясатын көздегенің сол кездегі Алаш
зиялалары жақсы түсінді және барынша оған жол бермеуге
тырысты.
Патша өкіметінің исламға қарсы саясатына
өздерінің наразылығын мұсылман дінбасыларының
өкілдері бірінші болып білдіре бастады. Осыған байланысты Ә.
Бөкейханов былай деп жазды: «1905 жылы отаршыл әкімшілік далада
кеңінен таратылған қазақ прокламациясымен алғаш
рет танысты. Прокламация авторлары:«Алаш балалары бір кісідей орыс
үкіметінің дінге-исламға қол сұғуына
қарсы, қазақ халқын «шаруаларға» айналдыруға,
православиелік діни сенімге жүгіндіруіне қарсы көтерілуге
шақырды... Прокламацияның осы негізгі идеясы орыстандыру
саясатының нақты мысалдарымен өрнектелді» [2].
Дін
жолындағы күрес 1905 жылы мейлінше күшейе түсті. 1905
жылы жазылған петицияда «дін және жер мәселелерін
казақтар саяси бостандық мәселелерінен биік қойып отыр»-деп
көрсетті Ә. Бокейханов.
Ә. Бөкейханов осы мәселеге қатысты
«Қырғыздар» атты мақаласында Министрлер комитеті
төрағасының атына жіберілген Қоянды петиңиясынан үзінді
келтіреді: «Елде халықтың шынайы қажетіліктерін
түсінуді еш ойламай бюрократиялық жолмен жасалған Дала
ережесін енгізу, заңның орнына өз білгенін істеуге бейім
болған билік тарапынан заңды сыйламаушылық, жеке адам
құқығын бүтіндей елемеушілік, өмірдің
барлық саласына еніп жатқан әкімшілік,
зорлық-зомбылық, қырғыздардың рухани және экономикалық
мүдделерін елемеушілік, халық бұқарасының
надандығын әдейі қолдап отыру -осылардың бәрі
халықтың кедейленуіне, оның мәдени өркендеуін
тоқыратуға әкеп соқтырды»-деп ашына жазды.
Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаев 1905 жылғы петицияны
жазып, ұйымдастырушылардың бір ғана болып қойған
жоқ. Олар ұлт-азаттық қозғалысының
тұңғыш тарихнамашысы болды. Осыған орай Ә.
Бөкейханов казақ халқының отаршылдықка
қарсы саяси санасының қалыптасуы себептерін көрсетіп
берді, сондай-ақ екі саяси ағымның: ислам діни- саяси
ағымының және зайырлы ұлттық-саяси
ағымның пайда болуын атап көрсетті. Ә. Бөкейханов
діни және зайырлы зиялы қауым ұсынған екі саяси
ағымға ғылыми сипаттама бере білді.
Ә. Бөкейханов өзінің еңбектерінде
саяси бостандыққа ерекше мән бере отырып, саяси
бағыттағы діни ағымдардың қалыптасуына
қарсы еместігін атап көрсетеді. Саяси және
қоғамдық қайраткер ретінде ол дінді ұстану
бостандығына халықтың саяси азаттығынсыз қол
жеткізуге болмайды деп есептеді. Бұған Алаш
қозғалысының бүкіл құжаттары және
Әлихан Бөкейхановтың осы мәселеге қатысты пікірі
негіз бола алады.
Сол
кездің өзінде-ақ
Ә.Бөкейханов қазақ қоғамында екі
саяси ағымның пайда болуының тарихи кезеңін белгілеп
қана қойған жоқ, ол бұл ағымдардың
екі саяси партияның алғышарттары болуы мүмкін деп болжай
білді. Мұндай ойды Ә. Бөкейханов 1910 жылы
«Қырғыздар» деген мақаласында алға тартты.
Ә.Бөкейхановтың діни-саяси бағыт ұстанған
түрікшіл, исламшыл партия құрылуы мүмкін деген жорамалы
да белгілі дәрежеде шындыққа айналды.Тарихтан білетініміздей,
дін бостандығын ту ету арқылы саяси мақсаттар көздеген
«Шура-и ислам» атты саяси ұйым 1917 жылы наурыз айының бас кезінде
Ташкентте қүрылды.
Әлихан Бөкейханұлының тіл мен дінге
қатысты идеясы жайында белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын
Жұртбай: "Ол идея бүгін де өзінің мүдделі
мақсатын жойған жоқ. Қайта тәуелсіздіктің
тамыры тереңге кеткен сайын, алдымызға сұрақ болып
шығып отыр», - дейді [3]. Азат халқымыздың ардақты
ұлы дін мәселесін өте салмақты түрде саралап,
қазақты түзеп имандылыққа
шақырды. Ұмыт болуға шақ қалған дінді
жандандырды. Ресейдің мұсылманшылыққа жасаған
шараларына қарсы болды. Одан шығатын қан төгіссіз
жолдарын іздеді. Тіпті құрбан қылып, өзін Ресей
үкіметінің жақтасы
ретінде кейіп танытуға мәжбүр болды. Кадет партиясына
өтті. Ақыры соңында,
қойған мақсаттарына жету жолында түркі
халықтарының барлық ұлтшыл идеяларын топтастырды.
Ә.Бөкейхановтың бір ғана
"Қазақ" газетінде
жарық көрген: "Қазақтың -
Қазақстаннан басқа отаны жоқ. Сондықтан да,
қазақ үкіметінің мүшелері қазақ
ішінде қалуы тиіс... Бүгін не ексек, ертең соны орамыз"
деген мақаласының өзі үлкен сөз етуге
тұрарлық [4]. Бұл сөзіне
қосарымыз-қазақтың Қазақ даласынан
басқа отаны болмаса, қазақтың басын біріктіретін
және руханиятын сақтап,алға қарай жетелейтін исламнан
басқа діні жоқ дегенді білдіреді.
Жалпы кез - келген саяси
қозғалыстың алдына қойылған бірінші мақсаты
- мемлекет тәуелсіздігі, дербестігі. Әлихан Бөкейханов та
осы мәселені бас етті, ұлтының бостандығы жолында
құрбан болды. Бөкейханов идеологиясы мәңгілік ел
үстемдігі жолында, ұлтымыз өмір сүруін шексіз жалғастырғанға дейін
ұстанатын идея.
Оның кейінгі тағдыры қайғылы жағдаймен
аяқталғанына қарамастан, ұлы Алаш қайраткері
ұлтының қамын жеген, оның руханияты мен болашағын
ойлаған, саяси санасы толыққан, тәуелсіздік идеясын ту
еткен қазақ саяси қайраткерлерінің жаңа буынын
тәрбиелеп, өзінің асқақ идеяларын соларға
аманат етті.
Қолданылған әдебиеттер:
Жамбылов Д. «Әлихан
Бөкейханов-шығармалар». «Алаш қозғалысы» баспаханасы,
Алматы 2008,37- бет.
Қазақ ұлт-азаттық
қозғалысы:көп томдық.12-том.Құжаттар мен
материалдар жинағы. «Астана полиграфиясы»,Астана2008,7-б.
Сақабай
Т.Қ.Ә.Бөкейхановтың қазақ
халқының тарихына қатысты еңбектері// «Жуасов
оқулары-14»:республикалық ғылыми –практикалық
конференциясының материалдары.2-том:-Қарағанды:
«Гласир»,2010-158 бет.
Тұрсын
Жұртбай.Ә.Бөкейхан-тәуелсіздік жаршысы».
Қазақ үні газеті/30желтоқсан,2011.