Бауыржан Қ.Б.
Бюджет атқарылуының
тиімділік мәселелері
(Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
Университеті)
Түйін
Бюджет
реформасының кезекті кезеңін жүзеге асыруда бюджетті орындау
тиімділігін жоғарылату сұрағына ерекше назар аударылады. Қазақстан
үшін ел бюджетінің тиімділігі мәселесін орнату жеткілікті
дәрежеде жаңа. Өз мақаламда отандық және
шетелдік тәжірибелерді жинақтап және Қазақстан
экономикасы үшін ұсынысты анықтаймын.
Кілттік сөздер: тиімділік, бюджет, қаржы, әдіснама, атқарылу.
Аннотация
В условиях
осуществления очередного этапа бюджетной реформы особое внимание уделяется
вопросу повышения эффективности исполнения бюджета. Постановка
проблемы эффективности бюджета страны для Казахстана достаточно нова. В своей
статье я постараюсь обобщить зарубежный и отечественный опыт и определить
предложения для Казахстанской экономики.
Ключевые
слова: эффективность,
бюджет, финансы, методология, исполнение.
Abstract
In terms of implementation of the
next phase of budget reform, special attention is paid to improving the
efficiency of budget execution. Statement of the problem the efficiency of the
national budget in Kazakhstan is fairly new. In my article, I will try to
summarize foreign and domestic experience and to identify proposals for the Kazakhstan economy.
Key words: efficiency, budget,
Finance, methodology, execution.
Қазақстан
Республикасының бюджет реформасының бесінші кезеңін
жүзеге асыру экономикалық және қаржылық
дағдарыс жағдайында жүргізіліп жатыр. Сондықтан,
қазіргі уақытта көп жағдайда мемлекеттік
басқарудың жалпы сапасымен анықталатын бюджеттің
атқарылу тиімділігін жоғарылату сұрақтарына ерекше
назар аудару қажет. Дамыған елдердің басым бөлігінде
бюджетті тиімді атқарудың мәсілелері өздері туралы
еуропа елдерінің үкіметі алғаш рет шектеулі бюджет ресурстары жағдайында
тұрақты өспелі әлеуметтік міндеттерді орындау
қажеттілігі мәселесімен қақтығысқан
уақытта, яғни өткен ғасырдың 50 – 60 жылдары жариялады. Мемлекеттік
басқару реформалары мемлекеттік бюджетті басқаруға тиісе
алмады.
Бiздiң
мiндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшiн
оңтайлы болатын мемлекеттiк қызмет пен басқару
құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн жасау,
басым мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi үкiмет
құру; ұлттық мүдделердiң сақшысы бола
алатын мемлекет қалыптастыру [1].
Сол үшін Қазақстанда
бюджетті тиімді атқару мәселелеріне көңіл аудару керек.
Қазақстанда бюджеттің тиімді атқарылуы
қажеттілігі туралы дискуссия жақын арада өрлей бастады. Ал
біздің елімізде бюджет реформасының өзі тәуелсіздік алған
жылдан басталды. Мемлекет оның негізгі мақсаты ретінде барлық
деңгейдегі бюджеттің атқарылу тиімділігін арттыруды
қойды.
Бюджет
қаражатын тиімді пайдалануды бағалауға
әдіснамалық тәсіл сұрақтарын қарастыру
«әдіснама» сөзінің анықтамасын шамалайды. Біз
әдіснаманы теориялық және практикалық қызметті
құру және ұйымдастыру тәсілдері мен
қағидалары ретінде қарастырамыз [2].
Тиімділік
сөзінің анықтамасының әдіснама аспаптарын
анықтамастан бұрын, «тиімділік» түсінігіне қатысты
терминдерді анықтап алу керек:
1. Техникалық тиімділік (Efficiency) – алға
қойылған мақсатта барынша аз шығынмен және
қателікпен жету.
2. Экономикалық тиімділік (Effectiveness) –
бағаланып отырған субъектіге барлық энергия жиналатын
мақсаттарды таңдау [3].
Өз
жұмысымда мен экономикалық тиімділікті қарастырамын.
Ғылыми әдебиеттерде тиімділік түсінігінің
анықтамасына әртүрлі қарастырулар берілген.
Сондай-ақ, экономикалық тиімділікке тәсілдер белгіленген
уақытқа сай өзгеріске ұшыраған болса да,
олардың мағынасы бұрынғыдай – кеңес
үкіметінің кезіндегідей қала
береді.
Тиімділік –
басқару нәтижелері мен ресурстарды салыстыру арқылы
анықталатын, мемлекеттік басқаруды жетілдірудің ең
жоғарғы көрсеткіші. Тиімділікті басқару
нәтижесіндегі кіріс пен шығысты есептеу арқылы
анықтауға болады [4].
Энциклопедиялық
әдебиеттерде тиімділікті «нәтижелерді шығындармен салыстыру
деңгейі; жүйенің өндірістік қуаттылығын
қолдану деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі,
басқаруда – минималды зардаптар мен шығындар тұсында
басқарудың мақсатына жетуі» деп анықтайды [5].
Келтірілген
анықтамадан әртүрлі түсініктердің барына
қарамастан, тиімділіктің мәні қызметпен
қамтамасыз етудегі шығын құнының берілген
қызметтің құн нәтижелеріне қатынасымен
анықталатындығы көрініп тұр.
«Бюджетті
тиімді атқару» астарында бюджеттің толық әрі
уақытылы түсетін табысымен
және қаржыландыру шығындарымен шектелмейтін бюджетті
атқару деп түсінеміз, ол барлық бюджет процесінде
маңызды рөл ойнайды және бюджетті табыс бойынша
атқаруда табысты мобилизациялау ғана емес, сонымен қатар
резервтерді қарастыру және олардың жинамдылығын
жоғарылату керек, шығын бөлігін атқару кезінде
заңмен қарастырылған сумманы қаржыландырып қана
қоймай, бюджеттің атқарылу мүмкіндіктерін
төмендегідей қарастырып анықтауға болады:
-
қаржылық
қатынастарды жетілдіруге, бюджетті баланстауға,
халықтың өмір сүру сапасын жоғарылатуға
апаратын іс-әрекеттердің жиынтығы мен процесі.
-
бюджет
қаражатын отандық және тиімді басқарудың
қағидаларының негізінде іске асатын бағдарламалар мен
саясатты жүзеге асыратын билік органдары өкілдерін қосатын
ұйымдасқан жүйе.
Осылайша,
бюджеттің атқарылу тиімділігін бағалау бойынша қызметті
ұйымдастыру айқын анықталған сипаттары, логикалық
құрылымы (субъект, объект, зат, пішін, қаражат, бағалау
әдісі) бар бірыңғай жүйе түріндегі реттеуді
білдіреді.
Бағалаудың
маңызды әдіснамалық элементі болып базада бюджет
қаражатын қолданудың тиімділігін бағалау көрсеткіші (индикатор)
қалыптасатын санат табылады.
Бюджетті
атқаруды тиімді басқару ұйымы – бұл, ең алдымен,
мемлекеттік басқарудың тиімділік критерийіне сай келетін және
үнемі бұл басқару ұйымының оңтайлы болуына
қажетті жағдай жасайтын бюджет қаражаттарын басқару.
Жалпы
экономикалық критерий тұрғысынан экономикалық
ресурстарды басқару бюджет қаражатын тиімді басқару екені
анық – бұл шектеулі қаржы ресурстарын қолдануда
қоғамдық қажеттіліктерді толық
қанағаттандыратын қоғамдық қаржы
ресурстарын қолдану, бөлу және қалпына келтіру.
Алайда
бұл критерий бюджет қаражаттарын тиімді басқаруды
ұйымдастырудың маңызды және ерекше сипаттарын
көрсетуге тым жалпы болып табылады. Мұндай бейне тек бюджет
қаражаттарын тиімді басқаруды ұйымдастырудың
критерийлер жүйесін айқындау негізінде болуы мүмкін.
Осы
уақытқа дейін берілген критерийлер жүйелі түрде
қарастырылмады, сондықтан берілген критерийлердің
анықтамасы мен олардың жетістіктерінің шарты
ғалымдардың негізгі міндеті болып отыр.
Қазіргі
уақытта бюджет қаражатын тиімді басқарудың негізгі
критерийлері болып табылады:
1.
Бюджеттік
және нарықтық сектордың арасында ресурстарды тиімді
қайта бөлумен қамтамсыз ету. Тиімді қайта бөлу
астарында қоғам және нарық игілігінде қайта
бөлінген қаражаттардың нақты көлемінің
халық қажеттілігінің қатынасына сай келуі, сонымен
қатар қайта бөлінген қаражаттың нақты
көлемінің жоспарланған көлемге сәйкес келуі түсіндіріледі
(мемлекеттік бюджетте).
2.
Қоғамдық
және нарықтық секторларда халықтың нақты
артықшылық құрылымымен сәйкес ресурстарды
бөлумен қамтамасыз ету. Нарықтық секторда
бұған, әдетте, автоматты түрде қол жеткізді, ал
кейде нарықтық тепе-теңдік дереу бұзылған
уақытта мемлекеттің түзетуші ықпалы қажет болады
және сыртқы әсерлер мен ақпараттық асимметрия
орын алады. Қоғамдық секторда бюджеттік қаражатты
тиімді бөлу қоғамдық игіліктің жекелеген
түрлерінде артықшылықтың болуын және
олардың өндірісіне шығындар өзгерісінің
қажеттілігін талап етеді.
3.
Бюджет
қаражатының мобилизациялау мен оларды қолдануды
ұйымдастыру кезеңінде шығындарды минималдауды
қамтамасыз ету.
Берілген
критерийлер жүйесіне нақты басқару міндеттерін шешуді
болжайтын оларға қол жеткізу шарттарын көрсетге болады.
Сонымен, бірінші критерийге – нарықтық және бюджет
секторының арасында ресурстарды тиімді қайта бөлумен
қамтамасыз ету – келесілерге қол жеткізу қажет:
1. Мемлекеттік билік әртүрлі
қызығушылық танытатын әртүрлі халық
топтарынан бірдей қашықтықта болуы керек.
2. Халықтың әр тобының
артықшылығы мемлекеттік билік өкілдеріне тез әрі
сәйкес жеткізілуі тиіс.
3. Жаңа экономикалық жағдайлар
мемлекеттің барлық деңгейдегі жұмысына жаңа
талаптар қояды. Бұл үшін мемлекеттік қызметтің
сапасын жақсарту, мемлекеттік аппараттың жұртшылық
алдындағы есептілігін күшейту және шенеуніктердің
нәтижелі жұмыс жасауға деген ынтасын арттыру қажет.
4. Саясаткерлер сайлаушылардың ұсыныстарын
жүзеге асыру мүмкіндігі бар шынайы билікке ие болуы керек.
5. Әр түрлі сайлаушылар топтарының
қызығушылықтарын көрсететін саясаткерлер
көзқарасы мен аймақтық және жергілікті билік
органдарының қызығушылықтарымен сәйкес келетін
тиімді механизмнің болу қажеттілігі.
6. Заңды билік нақты бюджет
шығындарының жоспарланған барлық бағыттары
бойынша сәйкес келуі үшін қажетті деңгейде мықты
және атқарушы биліктің үстінен бақылаудың
тиімді қаражатына ие болуы тиіс.
7. Бюджет қаражатымен қамтамасыз ету ұйымы
ресурстарды икемді бөлу
мүмкіндігінің халықтың нақты
артықшылығымен сәйкес келуін қамтамасыз етуі тиіс.
Екінші
критерийді– қоғамдық және нарықтық
секторларда халықтың нақты артықшылық
құрылымымен сәйкес ресурстарды бөлумен қамтамасыз
етуді жүзеге асыру үшін – келесі шарттарды көрсетуге болады:
1. Халықтың әр тобының айқын
артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін
қоғамдық таңдаудың сондай механизмін
құру қажеттілігі.
2. Қоғамдық таңдау
нәтижелеріне жылдам әрі адекватты реакция және
сайлаушылардың идеяларын жылдам іске асыру қажеттілігі.
3. Сайлаушылардың қалауларын сырттай
бақылаумен қатар сайлаушылардың жүріс-тұрысын
жоспарлау мен бақылаудың кәсіби құралдарын
қолдану қажеттілігі.
Үшінші
критерийді– бюджет қаражатының мобилизациялау мен оларды
қолдануды ұйымдастыру кезеңінде шығындарды минималдауды
қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін – менің
көзқрасым бойынша, келесі шарттар қажет.
1.
Бюджет
қаражатын мобилизациялауға және бюджет пен нарық
секторының арасында бюджет қаражатын қайта бөлуге жауап
беретін тиімді мемлекеттік механизмді дайындау.
2.
Табысты халық
қажеттілігін қоғамдық бағалау тұсында
бюджет процесіне қатысушылармен адекватты бөлу.
3.
Аймақтық
деңгейде қаржыны басқару мен үйлестіру функциясы
арасындағы оңтайлы байланыспен және бюджет қаражатын
аймақтық, әр аймаққа жалпы немесе бірегей
оңтайлы қолданудың
қосымша функцияларын анықтаумен қамтамасыз ететін
тиімді механизмді дайындау – бюджет қағидаларын орындау.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасы президентінің жолдауы «Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
2.
Макконел К.Р., Брю
С.Л. Экономикс: принципы, проблемы и политика: в 2 т. / пер. с анг. М.:
Республика, 1992.
3.
Долан Э.Дж.,
Домненко Б. Экономикс: англо – русский словарь – справочник. М.: Лазурь,
Бухгалтерский учет, 1994.
4.
Атаманчук Г.В.
Управление: сущность, ценности, эффективность: учеб.пособие для вузов. М.:
Академический проект; Культура, 2006.
5.
Румянцева Е.Е.
Новая экономическая энциклопедия. М.: ИНФРА – М, 2005.
References:
1.
Kazakstan Respublikasy prezidentinin zholdauy «Kazakstan zholy – 2050: Bir maksat, bir mudde, bir bolashak»
2. Makkonel K.R., Bryu S.L.
Ekonomiks: printsipy, problemy i politika: v 2 t. / per. s ang. M.: Respublika,
1992.
3. Dolan E.Dzh., Domnenko B.
Ekonomiks: anglo – russkiy slovar' – spravochnik. M.: Lazur',
Bukhgalterskiy uchet, 1994.
4. Atamanchuk G.V. Upravleniye: sushchnost', tsennosti, effektivnost': ucheb.posobiye dlya vuzov. M.:Akademicheskiy proyekt; Kul'tura, 2006.
5. Rumyantseva Ye.Ye. Novaya
ekonomicheskaya entsiklopediya. M.: INFRA – M, 2005.