Право/9.Гражданское право.
Ә. Еркінұлы
магистрант
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ
САУДАНЫ КЕДЕНДІК-ТАРИФТІК РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан
Республикасы Президентінің Жолдауында, сондай-ақ «Ұлттың
жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100
нақты қадамында» Қазақстанның экономикасын
дамытуға және әсіресе транзиттік әлеуетті
дамытуға айтарлықтай назар аударылған.
Транзиттік
әлеуетті дамыту шеңберінде инфрақұрылымның
өзін дамытудан бөлек кедендік ресімдеу уақытын азайту
мақсатында кедендік рәсімдерді жеңілдету қажет.
Кедендік-тарифтік
реттеудің заңнамалық негіздемесі болып 2014 жылғы 29
мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісім
және «Кеден одағының Кеден кодесі» табылатыны атап айтылды.
[1]
Осы
нормативтік-құқықтық актілер кедендік-тарифтік
реттеу жүйелерін құру, шекара арқылы тауарларды
өткізудің тәртібін және кедендік төлемдерді
өндіру қағидаттарын айқындайды.
Кедендік-тарифтік реттеу
мемлекеттің сыртқы сауда элементтерінің бірі болып табылады,
оның көмегімен мемлекет әлемдегі мемлекеттің
экономикалық жағдайына, ішкі нарықтағы жекелеген
тауарлар мен өндірушілердің экономикалық жағдайына
әсер ету және мемлекеттік бюджетті толтыра алады.
Одан өзге, кедендік-тарифтік
реттеу жекелеген жағдайларда әлемдегі саяси жағдайға
әсер ету әдісі ретінде де қолданылуы мүмкін.
Сыртқы сауда қызметін
кедендік-тарифтік реттеу сыртқы экономикалық қызметтің
мемлекеттік реттеу әдістерінің бірі болып табылады және
мыналарды қолдану жолымен іске асырылады:
-кедендік баж;
-тарифтік жеңілдік;
-тарифтік преференциялар;
-тарифтік квоталар.
Кедендік-тарифтік реттеудің
аталған шаралары протекционистік және фискальды функцияны іске
асыру арқылы ұлттық өндірісті дамытуға тікелей
әсер етеді.
Сонымен қатар ұлттық
сауда келісімдерін жасасу, соның ішінде тауарды шығаратын елге
тәуелді түрде сараланған кедендік-тарифтік реттеуді
қолдануды білдіретін преференциалдық келісімдер арқылы
сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуды ынталандыру жүреді
және соған сәйкес әлемдік экономикалық қауымдастықты
интеграциялау жүреді.
Сыртқы сауданы кедендік-тарифтік
реттеу жалпы құқықтық, конститутциялық
және салалық қағидаларға негізделеді.
Бірінші топқа
заңдылық, әділдік және т.т. қағидалар;
екіншісіне – кедендік аумақтың бірлігі, сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың теңдігі
және т.т.; үшіншісіне – ұлттық өндірушілер мен
тұтынушылардың заңды мүдделері жатады.
Сонымен қатар кедендік-тарифтік
саясатты қолдану кезінде жариялық, алдын ала хабардар ету
қажеттілігі және мемлекетаралық ынтымақтастық
сақталуы тиіс.
Сыртқы сауданың
кедендік-тарифтік реттеу саласын реттеуші ҚР ұлттық
заңнамасына:
«Сауда қызметін реттеу туралы»
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі
№ 544 Заңы; Қазақстан Республикасының 2010 жылғы
30 маусымдағы № 296 –IV Заңымен бекітілген «Қазақстан
Республикасындағы кедендік іс туралы» Қазақстан
Республикасының кодексі; сондай-ақ халықаралық шарттар,
соның ішінде Кедендік одақ аясында жасалған және
Қазақстан Республикасында бекітілген шарттар жатады.
Қазақстан Республикасы
үшін Кедендік-тарифтік реттеу құрылғанға дейін
сыртқы сауданың жеткілікті либералды режимін пайдалану тән
болатын. Осылайша, кедендік тарифтің орташа арифметикалық
деңгейі тәртіппен 6% құрайды, бұл жағдайда
өнеркәсіптік тауарларға орташа деңгей 4,6%-ды, ал ауыл
шаруашылығына – 12,1% құрады.
Өндірістік еместерді
жинақтайтын шикізатқа, сонымен қатар әлеуметтік
маңызы бар тауарларға төмен баж орнатылды, ол көбінесе
0%.
Өндірістері жүзеге
асырылған дайын тауарларға (конденсторға, аккумуляторға
және т.б.), сондай-ақ тамақ өнімдеріне (колбасалар,
шырындар және т.б.) неғұрлым жоғары 10-15% жоғары
баж белгіленді.[2]
Үкіметтің кедендік-тарифтік
реттеу шараларын қолдану туралы, оның ішінде кедендік баж
мөлшерлемесі деңгейінің өзгерістері туралы,
уақытша, преференциалды немесе жеңілдік кедендік бажды
қолдану Қазақстанның экономикасы үшін
аталған шаралардың экономикалық мақсатқа сай
екендігіне негізделді.
Кедендік одақтың
құрылуы және дамуына байланысты (2010 жылдың 1
қаңтарынан бастап) Қазақстандағы
кедендік-тарифтік реттеу біршама өзгерістерді басынан кешірді.
Осылайша, аталған күннен
бастап Кедендік одақ елдері бірыңғай сыртқы сауда
саясатын қолданады, ол үшінші мемлекеттердің тауарымен
сыртқы сауданы кедендік-тарифтік реттеудің бірыңғай
аспаптарын қолдануды білдіреді.
Одан өзге, Кедендік одақ
елдерімен жасалған және бекітілген халықаралық
шарттарға байланысты кедендік-тарифтік реттеудің қазіргі
шараларын қолдану және өзгерту туралы шешім Евразиялық
экономикалық комиссиямен қабылданады.
Кедендік-тарифтік реттеу
шараларының тұтынушылардың экономикалық
мүдделерін есепке ала отырып, үшінші елдерден әкелінген
тауарлар бәсекелесінен Кедендік одақ елдерінің
ұлттық өндірушілерін қорғау міндетіне
қарай, Кедендік одақтың барлық деңгейінде
келісудің жеткілікті ұзақ рәсімінен соң
қолданылады.
Еуразиялық экономикалық
одақ аясындағы кедендік-тарифтік реттеу 2012 жылғы 16 шілдедегі
Бірыңғай кендендік-тарифтік реттеу туралы келісіммен және
Кедендік одақтың Кедендік кодексімен реттеледі.[3]
Кедендік-тарифтік реттеудің
негізі Кедендік одақтың Бірыңғай кедендік тарифі (КО
БКТ) болып табылады.
Бірыңғай
кедендік тарифтің негізгі мақсаттары:
1) Кедендік одақ елдерінің
бірыңғай кедендік аумағында тауарлық
құрылымды және тауарды әкелу және әкету
арасалмақтарын рационализациялау;
2) Кедендік одақта тауарларды
өндіру және тұтыну құрылымындағы
прогрессивтік өзгерістер үшін, соның ішінде Кедендік
одақ экономикасын шетелдік бәсекелестің қолайсыз әсерінен
қорғау жолымен жағдай жасау;
3) Кедендік одақтың әлемдік
экономикаға тиімді интеграциялануы үшін жағдай жасау болып
табылады.
Бірыңғай кедендік
тарифтің әкелінетін кедендік баж мөлшерлемелері
бірыңғай болып табылады және кедендік шекара арқылы
тауар, мәміле түрлері мен өзге де жағдайларды
ауыстыратын тұлғаларға қатысты өзгеріске
жатпайды.
Беларусияда, Қазақстан
және Ресейде Бірыңғай кедендік тарифті (БКТ) құру
басталған сәттен бастап импорттық кедендік баж
мөлшерлемесінің жалпы санынан кедендік тарифтің 40% сәйкес
келді.
БКТ құру үдерісінде
Қазақстандық кедендік баждың 47,7% ресейлік
деңгейге дейін көтерілді, қазақстандық
мөлшерлемелер 45% орнатылды, 5% бойынша қазақстандық
мөлшерлемелер төмендетілді, қалған 2,3% бойынша – мөлшерлеме
есебінің тәртібі өзгертілді (аквалорлық
мөлшерлемелер аралас немесе маманданғанға ауыстырылды
және т.т.).
Кедендік одақтың
импорттық кедендік бажының орташа арифметикалық
мағынасы оны құрғаннан кейін 10,6% құрады,
оның ішінде өнеркәсіптік тауарлар бойынша – 8,5%, ауыл
шаруашылық тауарлары бойынша – 16,7% құрады.
2015 жылы қазан айында ЕАЭО
мемлекеттері басшыларымен Қазақстан Республикасының
ДСҰ-ға енуіне байланысты Қазақстанның тарифтік
міндеттемелерді орындау жөніндегі мемлекеттік
құжаттарға қол қойылды.
Қол қойылған
құжаттарға сәйкес Қазақстан Кеден
одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағында
ерекше тізімінде орналасқан 1347 позиция бойынша тауарларды
экспортқа жол бермеуге өзіне міндеттеме алды.
Айрықшалықтар тізбесіне
енгізілген тауарлар импорты енгізілген, Қазақстан аумағында
ДСҰ ставкасымен, бiрақ Қазақстан Республикасынан
тысқары жерлерде сыртқа шығару
құқығынсыз немесе Кеден одағының
мүшелеріне болашақта қайта сату мақсатында ЕАЭО-ң
бірыңғай кедендік тариф ставкасы бойынша жүзеге асырылады.
Сыртқы сауданы кедендік-тарифтік
реттеу Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның
позициясын жетілдіру - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің жаңадан құрылған Мемлекеттік
кірістер комитетінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
«Doing Business» рейтингі елдің
бизнес-климатын жақсартуда Үкіметтің объективті сыртқы
бағалау іс-шаралары ретінде әлемнің көптеген елдерінде
Дүниежүзілік банктің 11 көрсеткіші бойынша жыл сайын
жүргізіледі.
2014 жылдың 31 қазанында
Дүниежүзілік банкпен (2014 негізделген) «Doing Бизнес-2015» жоспары
дайындалды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан
бір саты төмен 77 орынға ие болды (2013 жылы 76 орын).[4]
Мемлекет басшысының
әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіру тапсырмасы
негізінде Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстаннның
ұстанымын жақсарту мемлекет үшін басымдықты міндет
болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатсында
2016 жылы Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінде
алғашқы отыздыққа кіруі жөніндегі іс-шаралар
жоспары бекітілді.
Сыртқы сауданы мемлекеттік
реттеудің кедендік-тарифтік әдістің негізгі
құралы кедендік баждар (экспорт және импорт) болып табылады. Міндетті төлем ретінде,
кедендік баж салықтық сипатқа ие болады. Бұл кедендік
баждарды сыртқы сауда тәжірибесінде кедендік алымдар және
басқа да міндетті төлемдерден ерекшелейді. Яғни компенсациялық,
демпингке қарсы, арнайы және басқа да қорғаныс
баждары болып табылады.
Қазіргі жағдайда
Сыртқы сауда мәселелерінде кедендік-тарифтік реттеу туралы екі
деңгейдегі нормативтік құқықтық актілері қарастырылған:
-Жоғары ұлттық заңнама
;
-Ұлттық заңнама
-Кеден одағының Кеден
кодексіне сәйкес, 1-бап 2-тармақ, Кеден одағының
кедендік қатынастарын реттеу Кеден Одағының кеден
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сыртқы сауданы реттеудегі
ең кең қолданылатын құрал болып кеден тарифтері
табылады.
Кедендік тариф – бұл кедендік
шекара арқылы жылжитын тауарларға қолданылатын кедендік баж
ставкаларнының жүйелендірілген жиынтығы. Кедендік тариф
түсінігі көп жағдайда, кедендік баж түсінігімен
сәйкес келеді.
Кедендік баж мыналарға жіктеледі:
Импорттық, экспорттық,
транзиттік, маусымдық, антидемпингтік, компенсациялық,
автономдық, конвенциондық, преференциялық,
спецификалық,адвалорлық, құрама.
Кеден тарифтерінің жіктелуі.
Салық салу объектісі бойынша:
- Импорттық – бұл
елдің ішкі импортқа еркін айналысқа түсетін
импорттық тауарға салынатын баж салықтары. Ұлттық
өндірушілерді шетел бәсекелестігінен қорғау үшін
барлық мемлекетттермен пайдаланатын кең таралған форма.
- Экспорттық – экспорттық
туарларға салынатын баждар. Олар өте сирек қолданылады, өйткені
олар әлемдік нарықтағы тауар құнын
қымбаттатады. Сондай-ақ ол, мемлекет тауарларының
сыртқа әкетілуін шектеуге ұмтылған кезде де
қолданылады.
- Транзиттік – аталмыш ел территориясы
арқылы транзитпен тасымалданатын тауарларға салынады. Оларда
өте сирек қолданады, себебі, олар тауар ағымдарына кедергі
жасап, сауда соғысы құрамы ретінде қолданылады.
Сипаты бойынша:
- Маусымдық – маусымдық
сипаттағы өнімнің халықаралық саудасын реттеу
үшін қолданылады. Ең алдымен ауыл-шаруашылық
өнімдерді. Олардың әрекет ету мерзімі бірнеше айдан аспайды.
- Антидемпингтік – экспортталатын
елдегі қалыпты бағаға қарағанда
неғұрлым төмен бағамен тауарлардың елге
әкелуі кезінде салынады.
- Компенсациялық – тауарларды
өндірі барысында тікелей немесе жанама субсидиялар пайдаланатын
тауарларды импорттауға салынады. (Егер олардың импорты осындай
тауарлардың ұлттық өндірушілеріне зиян келтірсе).
Пайда болуы бойынша:
- Автономды – елдің мемлекеттік
билік органдарының бір жақты шешімдерінің негізінде
еңгізілетін баж.
- Конвенциондық –
(келісім-шарттық) ТСБК (тарифтер мен сауда туралы бас келісім) –
сияқты, немесе Кедендік Одақ туралы келісім сияқты, екі
жақты немесе көп жақты келісімдер негізінде орнатылатын
баждар.
- Преференциалды – дамушы елдерден
шығатын тауарларға көп жақты келісімдер негізінде
салынатын әрекет етуші кеден тарифімен салыстырғанда
неғұрлым төмен ставкаларға ие баждар.
Алу тәсілі бойынша үш
түрлі тарифтер болады:
- спецификалық;
- адвалорлық;
- құрамдық.
Спецификалық –
салмақ, көлеммен есептелуі. Мысалы, бидайдың әрбір
центнеріне бір доллар көлемінде баж салығын салу. Ал адвалорлық – тауар бағасына
қатысты пайызбен есептеледі. Құрамдық
– кеден салығының екі аталған түрлерін қамтиды.
Мысалы, кеден құнынан 20% бірақ 1 тоннаға 10 доллардан
жоғары емес.
Кедендік тариф құрамына
қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым кедендік
тариф әр тауарға қолданылатын біртұтас қойылым негізінде
құрылған. Күрделі кедендік тариф бірнеше салым
қойылымына байланысты белгілі мемлекеттің тауарына
қолданылатын максималды, аралық преференциалды.
Қазіргі уақытта
барлық мемлекеттер көп бағалық тарифке ие. Бұндай
күрделі тарифте көбінесе генералды және автономды баж басым.
Ол сауда келісім шарты немесе бітімі жоқ мемлекеттерден импортталатын
тауарларға салынады.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының
Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспары-100
қадам Жолдауы.11.11.2014 жыл.Астана www.zakon.kz
2. http://www.nomad.su/?a=4-200211140028
Кочевник
3. Еуразиялық одақтың
бірыңғай кеден тарифі
http://keden.kz/ru/Edinii_tamojenii_tarif_EES.php
4. http://world-economic.com/ru/articles_wej-377.html World-economic journal.