Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығыстың түрлері және функциялары

П.ғ.к., доцент А.Ш.Танирбергенова

Магистрант М.Абашева

«Тұран-Астана» университеті

Астана қаласы

Жеткіншектердің өзара қарым – қатынасындағы қақтығысты адамдар жағымсыз сезімдермен байланыстырып, одан қалай да болса тезірек құтылудың амалын іздейді. Бірақ, қақтығыстың тек қана жағымсыз емес, жағымды да қызметтері бар.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығыстар пайда болған сәтте-ақ шешуге болады, ол үшін осы топты, ұжымды құрастыратын адамдар арасындағы байланыстарды және қатынастарды жүйелі түрде терең талдап тұру қажет. Енгізіліп жатқан өзгерістердің салдарын алдын ала ойластыру да конфликт жолы. Әр адам өз сөздері мен қадамдарын жан-жақты тексеріп алса –қақтығыс шиеленісуі жоқтың қасы болар еді.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығыстың алдын-алудың өз қағидалары бар. Алдымен, оның шығу себептерін ашу керек. Қақтығыстардың қайнар көздерін ұйымдастыру, арақатынас, даугенді (жанжалкеш) тұлға.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығысты ұйымдастыру себептері–ұжымдарда өндірісті мектептерде оқу-тәрбиені ұйымдастыру барысындағы ол қылықтар. Мысалы, мектепте қақтығысты  ұйымдастыру себептеріне келісімсіз сабақ кестесі, талаптардың біркелкіліксіздігі, күн тәртібінің кемшіліктері, мұғалім таңдауының нашарлығы, асхананың болмауы т.с.с.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығыстардың арақатынас себептері–адамдардың билікке таласуы, біріне бірі қоятын қарама-қарсы талаптары, әміршіл тәсілдермен бағындыруы, «екіжүзді» моральды қолдануы.

Осы сұрақтарға жауап тапқан адам өз өміріндегі қақтығысты азайтып, жаңаларына жол бермейді. Қорыта айтқанда, қатысушылардың психологиялық ұсыныстарында, қарым-қатынастарында, ұйымдастыру барысында, болашақтағы қақтығысқа дайын болғанда қақтығыс нәтижелі шешілді дей аламыз.

Қорқыныш, өшігу сезімдері басқа жағдайларға да әсер етеді. Осыдан көретініміз адам бойында қарым-қатынас жасауда көрінетін тізбектелген реакция пайда болады. Мысалы: қорқыныш пен қауіп атмосферасында тәрбиеленген адам кейін осы атмосфераны өз балаларына немесе өзіне бағынушыларға тарата бастайды. Бұл жағдайда ол біреуге қастандық жасайын деп істемейді, байқаусызда өзі білмей істеп қояды. Ол тек қана тұлға аралық қатынастың кейбір стереотиптерін өндіреді, ал бұл стереотиптер бұрын өз бойына жасырылғандары болады.

Сондықтан жеткіншек оқушыларының өзара қарым–қатынасындағы конфликтолоогияның объектісі біздің пікірімізше жануарлар әлеміндегі қақтығыс, яғни конфликтологияны айтуға болады. Әлі табиғатта қақтығыс жоқ онда қарама-қайшылық қақтығыс бар. Қақтығыс субъектісін қарама-қайшы іс-әрекет үш сферада жүзеге аысрылады: қарым-қатынас, іс-әрекет, мінез-құлық. Қақтығыс әлеуметтік қарым-қатынастық түріне жатады және субъектісі мен қатысушылар жеке индивидтер үлкен және кіші әлеуметтік топ , сонымен бірге ұйымды жатқызамыз. Қақтығыстың негізіне субъективті-объективті қарама-қайшылық жатыр. Бірақ осы екі көріністі бірдей үйлестіруге болмайды.

Қарама-қайшылық ұзақ немесе қақтығысқа айналуы мүмкін. Қақтығыс негізіне сұраныс пен құндылықтар бірікпеген қызығушылықтар , оның қарама-қайшылықтар жатыр. Қарама-қайшылықтар негізінен қақтығысушы жақтың күресі қалыптаса бастайды. Әлеуметтік қақтығыс бұл екі немесе көп субъектіліерінің әрекетінің шиеленісіуі. Қақтығыстың субъектісі мен қақтығысушылар әрқашанда тең емес. Субъект қақтығыс жағдайын тудырушы белсенді жағы және қақтығыстың шығуына тәуелді. Қақтығысқа қатысушы қақтығысқа қатысуды саналы қабылдайды немесе қақтығысқа кездейсоқ өз еркімен қатысуы да мүмкін. Қақтығысқа қатысушыларды тік және жанама деп бөлеміз. Жанама қатысушы қақтығысты ұйымдастырады, одан әрі дамуына мүмкіндік береді. Қақтығыстың төмендеуі немес толық тоқтауына іс-қимыл жасайды. Бір уақытта екі жақ, яғни қақтығысқа жанама қатысушылар қоршаған әлеуметтік ортаның ашық бөлімін құрайды. Сондықтан әлеуметтік орта қақтығыс дамуының котализаторы немесе нейтральды әрі қолдаушы факторы болып табылады. Социологияда қақтығыс көбінесе «қақтығыс жағы», яғни қақтығысқа қатысушылардың тік және жанама жағынан негізін құрайды. Кейде жанама қатысушыларды үшінші жағы деп атайды.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығыстың қатысушылары мен субъектілері әр түрлі статусты  және нақты күшті иеленеді. Ранг неміс тілінен аударғанда–атау, шек, разряд, категория мағынасын білідіреді. Әлеуметтік қақтығыста субъектінің жоғары немесе төменгі позициясын атақарады.

Бірінші ранг оппоненті өз қызығушылығын іздейтін адам.

Екінші ранг оппоненті топтың қызығушылығын қозғайтын жеке индивидтер.

Үшінші ранг оппоненті – бұл топтың бір-бірінің үзіліссіз әрекетін құрайтын қүрылым.

Жоғарғы ранг – бұл заң атынан  шығатын  мемлекеттік  құрылым.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы нақты қақтығыста объектіні анықтау оңайға түспейді. Шын және алдамшы мақсатын жасыруы, бүркеуі немесе ізделінген мотив  ауысуы мүмкін.  Мысалы, саяси күшті қақтығыс объектісі қоғамдағы бірліктің шындығы, бірақ саяси күштің әрбір субъектісі өз мақсатын жүзеге асырғысы келеді. Яғни өз сайлаушыларының жоғарғы игілігіне жетуге ұмтылады. Объектінің амал әрекеті бір жаққа пайда әкелсе, екінші жақтың жағдайын қиындатады. Негізгі объектінің көрініс табуы кез-келген қақтығыстың табысты шешуіне мүмкіндік береді.  Ол толық өлшемде шешілуі керек және субъект іс-әрекеті жаңа қақтығыста іс-әрекетсіз болады. Әлеуметтік қақтығыс мәселесі жөнінде ешбір зерттеушінің біріктірілген  көзқарасы анықталмаған.

В.И.Спиранский жеткіншек оқушыларының өзара қарым– қатынасындағы қақтығыстың негізгі түрлерін бөлген. Ол тұлғааралық жеке тұлға мен топ пен үлкен әлеуметтік топ, қоғам арасындағы этникалық топ пен мемлекет арасындағы қақтығыс және т.б. Егер қоғамдық өмірді алатын болсақ, онда саяси экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік, заңдық, отбасы және социомәдени және т.с.с. қақтығыс. Қақтығыс мотивіне байланысты зерттеушілер әлеуметтік қақтығысты үш блокқа бөліп қарастырады.

1.  Өкілдік биліктің және оның позициясының пайда болуымен  байланысты.

2.     Материалдық ресурсқа байланысты.

3.     Маңызды өмірлік құндылықтар белгісіне байланысты.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығыстық мотивацияға байланысты субъективті қабылданудың түрлеріне келетін болсақ субъективті жалған қақтығыс мұнда субъект жағдайды қақтығыс ретінде қабылдайды, бірақ оның нақты себебі жоқ. Потенциялдық қақтығыстың нақты пайда болуына негізі бар екі жақтың себептерін түсінбегенше жағдайды қақтығыс ретінде қабылдау мүмкін емес. Нақты қақтығыс екі жақтың ролді қақтығысуы. Ол кезегінде реалды қақтығысты мынадай түрге бөлеміз. Конструктивті субъект арасындағы қарама-қайшылықтың басым болуы. Кездейсоқ бұл күтпеген жерден пайда болады, бірақ дұрыс негізделмейді, себебі жасырын түрде болады. Дұрыс анықталмаған қақтығыс бұл негізінде шын кінәліні таппайды, оған қатысушылардың қатысы болмайды, бірақ олар кінәлі болып қалады. Мысалы, бір адамды еш себепсіз кінәлайды, оның шын мәнінде  ешқандай қатысы жоқ, бірақ та оны кінәлайды.   Егер классификация негізіне бірінші жақтың психикалық жағдайын алсақ, онда қақтығыс рационалды және эмоционалды болып бөлінеді. Қақтығыстың мақсаты мен зардаптарына байланысты қақтығысты конструктивті, деструктивті позитивті және теріс жағы деп бөлеміз. Конфликтологияда қақтығыстық мінез-құлқын бірнеше түрге бөлеміз.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығысы дамыған сайын одан әрі тереңдеп ұлғаю тенденциясына ие болады. Қақтығыс дамуының үш негізгі фазасын бөлуге болады, оның екінші стадиясында былай көрсетілген. Қақтығысқа өтудің ашық қарсыласу жағының жасырын жағдайдан ашық қарама-қарсы түріне өтуі. Қайшылық күрестің үнемделген ресурспен моральді сипаттай өтеді. Бұл кезде ашық күресті тоқтатуға белгілі бір әдіспен шешуге болады. Қақтығыс өз кемелденген шегіне жетеді және күрестің жаппай формасын қабылдауға мүмкіндігі бар күш пен құралдарды игереді. Бұл фазада қақтығысушы жақтар қақтығыстың нақты мақсаты мен себебін елемейді. Қақтығыстың ұзақтылығы мен келісімділігі екі жақтың белгілі бір мақсаты күрес жүргізу құралдары және қоршаған ортадағы қақтығыстың реакциясы жеңілумен  жеңу символдарын, сонымен қатар оны шешу тәсіліне байланысты.

Қақтығысушы нормативті реттелінетін сатысын қатысуымен топтастырылады. Бір континумның аяғында институцияланған, ал екіншісі абсолютті қақтығыс, яғни әр түрлі деңгейде тұрады. Қақтығыс дамуының анықталған сатысында қақтығысушы жақтар өз мүмкіндіктерін өзгертуі мүмкін. Осы кезде олар өз мақсатына жетпейді, мұндай жағдайда қақтығысушы жақтар келісу жағдайын іздестіре бастайды. Осы кезеңде қақтығыстың сипатталу кезеңі басталады.

Қақтығысушы жақтың бір оппоненті қақтығысты шешу үшін өз міндеттерін ұсынады. Белгілі бір ресурстың жетіспеуінен қақтығыс ұзаққа созылады.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығыс позитивтік функциямен қоса негативті функцияны атқарады. Оған келетін болсақ, яғни тұрақтылық пен ретсіздікті көрсетеді. Қоғамда бейбітшілік пен тәртіп орнатылмайды. Оған қарсы күрес кеңістік әдіспен жүргізіледі. Жеткіншек оқушыларының өзара қарым–қатынасындағы қақтығыстың зардабы материалдық және моральдық шығымға ұшырауына себебін тигізеді. Сонымен қатар адамдардың денсаулығына қатер төндіреді. Жеткіншек оқушыларының өзара қарым– қатынасындағы қақтығыстың негативті жағына эмоционалдық қақтығысты атап көрсетуге болады. Адамдардың әлеуметтік психологиялық бірікпеуі салдарынан қақтығыстың туындауына әкеп соғады. Қақтығыстың негативті жағына нақты шешімді қабылдаудың қиындығын туындатады. Қақтығыстың конструктивті функциясы мыналар негізінде бөлінеді: қақтығыс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді. Қақтығыс адамдардың құндылығында мотив мақсатын бағалайды, әрі қиын кезеңде психологиялық тұрақтылық нышанын тудырады. Қақтығыс жағдайындағы қатысушылардың шиеленістік реакциясын төмендетеді. Қақтығыстың қарым-қатынасында эмоционалдық шиеленісті алып тасттайды, әрі интенсивті теріс эмоцияны жояды.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы қақтығыс жеке тұлға арасындағы қақтығысушы кезеңде іс-әрекет сферасын кеңейтуі мүмкін. Осыдан келіп, жеке тұлға қиын жағдайды шешуде қақтығыстың пайда болуында оны ашық, жабық, кездейсоқ деп бөлеміз. Жабық қақтығыс екі адамның арасындағы қақтығысты көрсетпеуге тырысады. Егер де екеуінің біреуі шыдай алмаса қақтығыс ашық түрде өтеді. Қақтығыс кездейсоқ және сақталған деп бөлінеді. Осы жағдайда ол өндірістік еңбекте әсер етсе , онда өнімнің сапасынының төмендеуіне әкеп соғады.

Жеткіншектердің өзара қарым–қатынасындағы әлеуметтік қақтығыс кез келген әлеуметтік құрылымда объективтік және қоғамдық дамудың қажетті жағдайы болып табылады.

Қоғамның жалпы қызметтелген күрделі дифференциядан тұрады, яғни олар әр түрлі класстар, әлеуметтік қабат, топ жеке индивидтер қақтығыстық бөлінуші көзі болып табылады. Қоғам дифференциялған сайын, онда белгілі бір құндылықтар қызығушылық мақсат, құндылық және потенциялдық қақтығыс үшін оның негізі болып табылады.Бірақ та белгілі бір уақытта әлеуметтік жүйеде қақтығысты табысты шешу механизмдері жүзеге асырылады. Сондықтан кез-келген қоғамда және әлеуметтік қоғамда қақтығыстың теріс зардаптарының алдын ашып, сол мәселеге қатысты оң шешім табу қажет. Қақтығыстың себептері өмірдегі әр түрлі мәселеге қатысты болуы мүмкін. Қақтығыс адамдардың өмірлік іс-әрекетіндегі барлық сфераны қамтиды, оның ішінде әлеуметтік қарым-қатынас, әлеуметтік іс-әрекеттің бір түрі. Қақтығыстық іс-әрекет бір-біріне қарама-қайшылығына бағытталған іс-әрекет. Әлеуметтік қақтығыс–бұл қарама-қайшылықтың ашық түрі. Олар әлеуметтік іс-әрекеттегі екі немесе одан да көп субъектілердің қақтығысуы оның себептері әр қилы. Егер оған келетін болсақ, оған бірікпеген қызығушылық сұраныс құндылықтар және тағы басқа.

ПАЙДАНАЛЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің 01.03.2016 № 205 жарлығы

2  А. Я. Анцунов, С. Б. Баклановский: «Конфликтология» Питер, 2007, 127 бет

3 Александрова Е.В. Социально-трудовые конфликты: пути разрешения. – М., 1993.

4 Андреев В.И. Конфликтология: искусство спора, ведение переговоров и разрешение конфликтов. Казань, 1992.

5 Анцупов А.Я., Шипилов А.И. Конфликтология: Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.

6 Бабосов Е.М. Конфликтология: Учебник пособие для студентов вузов. – Минск: ТетраСистемс., 2000.

7 Белкин А.С., Жавовронков В.Д., Зимина И.С. Конфликтология: наука о гармонии. – Екатеринбург, 1995.

8 Берн Эрик. Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры. – СПб., 1992.