Психология/Педагогическая психология

«Педагогика және психология» мамандығының 2-курс магистранты Қайранова А.О.

Ғылыми жетекшісі, психол.ғ.к., доцент Абдрахманова Р.Б.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

ӘР ТҮРЛІ МАМАНДЫҚТАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ӨЗІНДІК САНАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ

 

Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда психология,  педагогика ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүние көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау [1].

Жоғары оқу орындарында студенттердің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттер мен қатар іскерлік пен дағдыны жетілдіру арқылы жаңа көзқарас, жаңа ой  қалыптасады.

Қоғам талабына сай даму кезеңінде,  ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр студент өзінің болашақ ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.

Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекет ерекшеліктерімен бейнеленеді.

Студенттердің тұлғалық педагогикалық-психологиялық өзіндік саналарының ерекшеліктерін шет елдік ғалымдардан Н.В. Кузьмина, Ю.Н. Кулютко, А.А. Реан, Е.И. Степанова, П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин, В.А. Якунин, И.А. Зимняя және т.б. зерттесе, отандық   ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жакупов, З.Ә.Исаева,  Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева, М.А.Құсайынова және т.б. ғылыми еңбектерде сарапталып  өзіндік тұжырымдама берген.

Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе нақты  студенттердің тұлғалық педагогикалық-психологиялық өзіндік ерекшеліктерін зерттеу мәселелері әле де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті.  

Бірінші бөлімде әр түрлі мамандықтағы студенттердің тұлғалық өзіндік саналарының ерекшеліктерін анықтауда олардың  кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мән-мағынасы ашылып, теориялық тұрғыда дәлелденді. Студенттердің психологиялық, педагогикалық, тұлғалық қасиеттерімен іс-әрекет түрлерін  зерттеген ғалымдар мен педагог-психологтардың ой-пікіріне сүйене отырып өзіндік тұжырымдама жасалды.

Өзіндік сананы дамытатын козғаушы күштерді индивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағыларымен ара-қатынасын өзгерте алуынан іздеу кажет. Сана, өзіндік санадан өз "Мен"-інен туындамайды, керісінше тұлға санасының дамуынан, яғни өз бетінше субъект бола бастағанда өзіндік сана туындайды. Практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, "мен"-нің өзі сол іс-әрекетте қалыптасады. Өзіндік сананың даму тарихы тұлғаның шынайы дамуымен, оның негізгі өмірлік жолындағы уақиғаларымен үздіксіз тығыз байланыста. Қоршаған ортадан өзін бөле алатын субъект ретінде тұлға дамуының алғашқы кезеңінде, ол өз тәнін (денесін) игеріп, ырықты қимыл-қозғалыстарды жасайды. Соңғысы бірінші заттық әрекеттер үрдісінде қалыптасады. Дамудың келесі сатысы, өз бетімен қозғалыстар жасай алуында көрініс береді. Мұндай жағдайда сол әрекеттердің техникасы емес, айналадағы адамдармен индивидтің ара қатынасының өзгерісі, ұстай алатын қимылдарды өздігінше игере алу мүмкіндігінің мәні зор. Адам әр түрлі әрекеттердің шынайы субъектісі ретінде айналасындағылардан бөліне бастайды. Осындай объективті фактіні ұғыну негізінде өзіндік сананың және өзінің "мен"-і туралы алғашқы елестер туындай бастайды. Мұнда адам өзінің дербестілігін, қоршаған ортадағылардан ерекшелігін басқалармен ара қатынасы арқылы өзіндік санасы жетіледі, яғни басқа адамдарды танудың арқасында өзінің "Мен"-ін таниды. "Мен"-нің "саған" деген қатынасынсыз болуы мүмкін емес, өзіндік сананың дербес басқа адамды субъект ретінде түсіну негізінде ғана қалыптасады [2].

Өзіндік сана салыстырмалы түрде сананың кешеуілдеп дамуының жемісі, баланың практикалық субьект ретінде айналадағылардан өзінің ерекшелігін саналы бөле алатын сапалық негізі. Өзіндік сананың даму тарихында негізгі жәйт сөйлеуді игеру, ойлау мен сананың тұтастай бар екенін көрсетеді. Сөйлеу бала санасының дамуында манызды рөл атқара отырып, оны қоршаған ортадағылармен арақатынасын өзгертіп, әрекеттену мүмкіндіктерін өрбітеді. Қоршаған ортадағы ересектерге оған бағытталушы объект болудың орнына, сөйлеуді игерген бала олардың әрекеттерін өзінің тілегіне сәйкес бағдарлайтын мүмкiндiктepгe ие болып, әлемге өздігінше ықпал ете алады. Бала қылығындағы осындай және басқалармен қатынастарындағы өзгерістер, оның санасына да әсер етіп, оның басқа адамдарға деген ішкі өзгерулеріне алып келеді [3]. Субъектінің дербестігі қандайда болмасын тапсырмаларды орындауымен шектелмей, одан да маңызды өз іс-әрекетін саналы түрде алдындағы түрлі міндеттер, мүдделер арқылы бағытын анықтай алуға жетелейді. Бұл ішкі дүниесінің үлкен жұмыстар жасауын талап етіп, тұтастай дүниетанымды қалыптастыру үшін өз бетінше ойлай алу қабілетін қажет етеді. Даралық өз бетінше ойлауды, сезімнің күрделілігін, қайрат-жігерді, белгілі дәрежеде жинақылық пен іштей талпынысты көздейді. Мұндайда тұлғаның шынайылықтан көтеріліп, сол іс-әрекетке тереңірек енуіне жетелейтін жәйттер болады. Тұлғаның терендігі мен байлығы және әлеммен, басқалармен байланысының кұндылығы; яғни ол байланыстардың үзілуі оны бездіреді. Ағза бірлігінің негізінде қиылыса, тұлға тәнін өзінің "мен"-іне жатқызып, оны иемденеді. Адам өзінің тұлғалығын белгілі бір сырт бейнемен азды-көпті тығыз байланыстырады, себебі сол бейнеде өмірінің салты және іс-әрекетінің стилі көрінеді. Сондықтан, тұлғаға адамнын тәні де. санасы да қосылғанмен, физикалық және рухтық тұлға туралы айтуға болмайды, себебі тәннің тұлғаға қосылуы тұлғаның физикалық және рухтық жақтарының әрекеттестіктеріне негізделген. Мұның тұлғаның рухтық жағына да қатысы бар. Рухтық тұлға өз бетінше тәнсіз өмір сүруі мүмкін емес. Өз бетінше субъект ретінде алғашында тек қана материалдық тірі жан болып қоршаған ортаға әсер ете алады. Сонымен, физикалық және рухтық - тұлғаға ішкі ара байланысы және олардың бірлігі ретінде енеді. Өзінің ''Мен''-iнe адам тәнінен төрі ішкі психикалық мазмұнын жаткызады. Адам психикалық сферасынан өзінің "мен"-іне қабілетін және мінезі мен темпераментін- қылықтары арқылы өзгешелігін аныктайтын тұлғалық қасиеттерін атайды. Адамның басынан кешіретін ахуалдары мен күйлері, бар өмірінің психикалық мазмұны тұлғалық құрамына кіреді.

Бірақ арнайы мағынасына, өзінің "мен"-іне қатысы барлардың ішінде психикасында бейнеленіп ішкі өмірінің тарихына, сезіміне әсер еткендерді ғана тән алады. Кез келген санасына қатысы бар дайын күйіндегі ойларды емес, тұлғаның қоғамдық болмысында өзі зейінділікпен терең ойларды игергендерді ғана өзінікі деп санайды. Өзінің психологиялық ерекшеліктерінің шынайы көрінісін, айналасындағылармен катынастағы мінез-құлкының мазмұнын және атқарылған іс-әрекетіндегі өзімен болғандарды менікі дейді. Сонымен, жоғарыдағыларды ескере отырып, өзіндік сана, зейінділік және «мен» тұжырымы тұлғалық дамудың негізі және себепшісі ретінде жан жақты әрі терең практикалық зерттеуді талап ететінін ұғына, болашақта тәжірибелік әдістемелерлі накты үрдіске бағдарлап іске асыруға болады. Өзін-өзі бағалаумен ақыл-одың байланысын қарастыруда өзіндік сана мәселесіне тоқталған жөн. «Мен» - тұжырымдамасы өзіндік сана сезімінің негізін қалайды және құрамдас бөлігі болып табылады. Нақты өмірлік әрекет барысында «Мен» - тұжырымдамасы және өзін-өзі бағалау саналы және сезілмейтін деңгейде көрінеді [4].

Өзін-өзі бағалау студенттердің өзінің табыстары мен сәттіліктерін, оқу мақсатына карай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Б.Ананьев өзін-өзі бағалауды оқыту үрдісінде жүзеге асатын түлғалық білім алу, белсенді қалыптасу ретінде қарастырады, оның оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпалы бар екендігін айтады. Оның пікірінше, оқу үрдісіңде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы, отбасы тұрмыстық ортаның ықпалымен жүзеге асады. Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдау жасау келесі тұжырымға келуге негіз болады, өзін-өзі бағалау оның кіші жастағы окушының оқу-танымдық рөлі тұрғысынан екі аспектіде қарастырылады. 1. Өзін-өзі бағалау оқыту үрдісінде белсенді қалыптасатын тұлғалық білім алу ретінде алға шығады жөне кіші жастағы оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпал жасайды. 2. Өзін-өзі бағалау - оқу ерекеті тұтастай қүрылымының ерекше бөлігі, оның қызметі кіші жастағы оқушы осы әрекет субъектісі ретінде оқу міндеттерін шешуде оның қаншалықты алға жылжығанын анықтай білу болып табылады. Өмірде өз орнын табуда өзін-өзі тәрбиелеп, өз бетінше оқып білім алу, өз білімін өзі жетілдіру, өзін-өзі шектеу, өзіндік бақылау, өз-өзін ынталандыру әдістерін тұлға уақытылы пайдалана алғанда, зор нәтижеге жеткізіп өзін-өзі бағалай алудың аясы кеңейді. Тұлғаның «Мен»- бейнесі, «Мен»- бағдарламалары мен өзіндік бағалауы жинақталып, «Мен» тұжырымдамасын кұрайды. Өзін-өзі бағалау арқылы тұлға мінез-құлқын реттейді. Тұлғаның өзіңді бағалауы қалай жүзеге асады? Тұлға бірлескен іс-әрекет және қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасады. Тұлға танымдық әрекетке араласа отырып, қарым-қатынаста бағдарланады және қоршағандардың күтулерімен салыстырады [5]. Өзіңді бағалау өзіндік сана сияқты әлеуметтік жағдайларға негізделеді. Кеңес психологтарының зерттеулерінде өзіңді бағалау - еңбектің, танымның және қарым-қатынастың күрделі өнімі болып табылады.

Өзіндік сананың табиғаты жайлы, оның қалыптасуы, қызметі мен механизімдері жайында А.Н.Леонтьев қарастырған. Оның айтуынша,өзіндік сананың белгілі бір қырларының немесе (қаситтерінің) мөлшері олардің жағдайды эмоционалды-когнитивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады [3]. Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дегеніміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.

С.Л.Рубинштейн сана мәселесін зерттей келе, өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі. Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты. Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды, алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды. Сондай-ақ С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен» бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады [5].

Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады.

Отандық психолог В.В. Столин адам ұйымының үш деңгейiн көрсеттi:

1. Биологиялық индивид;

2. Әлеуметтiк индивид;

3. Тұлға.

Биологиялық индивид деңгейiнде өзiндiк сана «Мен» физикалық мүмкiндiгiн, өз дене бейнесiн құру мүмкiндiгiн көрсетедi.

Әлеуметтiк индивид деңгейiнде өзiндiк сана өзгелердiң көзқарасын қабылдау, ата-анасымен өзiн ұқсастыруы, әрекеттi орындаудағы үлгiлердi игеру, өзiн-өзi бағалауының қалыптасуы; кейiннен кәсіби идентификациясы; өзiн-өзi бақылай алуы тағы сол сияқты қалыптасады.

Жеке адам деңгейiнде өзiндiк сана өзiндiк әлеуметтiк құндылығымен, өткен, қазiргi және болашақ жайлы елестетуi мен ондағы өзгерiстердiң көрiнiсiмен сипатталынады [6].

 

Әдебиеттер:

 

1. Қазақстан Республикасы азамат тарихының жаңа әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. –Алматы;  2009, 40 б.

2. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Алматы, 2000, 325 б.

3. Леонтьев А.Н. Психология образа //”Вестник МГУ, Психология. Москва, 1999.- № 2, С.16-21

4.                Джакупов С.М. Психологическая структура процесса обучения. Дис…док. псих.наук. Москва, 1998, 365с.

5.                Рубинштейн, С. Л. Основы общей психологии – Издательство: Питер, 2002 г., 720 стр.1

6. Столин В.В. Познание себя и отношение к себе в структуре самосознания