Психология/Педагогическая психология

Психология магистрі Казиев К.О.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Атырау қ., Қазақстан

ЖОО-да ОҚЫТУДЫҢ ЖОБАЛЫҚ ӘДІСІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТИІМДІ

ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Аннотация

В данной статье автор отмечают, что инновационные технологии в системе высшего образования должны отвечать современным требованиям, предъявляемым к образовательным программам и технологиям. Будущий педагог должен уметь ставить перед собой достижимые цели и задачи, реализовывать их с помощью самостоятельно найденных средств, умело применять теоретические знания к решению практических задач, оформлять и представлять результаты своей работы.

Annotation

In the article, the author notes that innovative technologies in higher education should meet the mode requirements of the educational programs and technologies. The future of vocational education teacher should be able to set achievable goals and objectives, implement them using their own funds found, skillfully apply the o radical know ledge to solve problems practices, execute and present their results.

 

Қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани өміріндегі түпкілікті өзгерістер XXI ғасырдағы, қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесінің дамуының жағдайы мен болашағын анықтап береді. Әрине жоғарғы білім беру мазмұнының деңгейі көп жағдайда білім беру саласындағы мемлекеттік ұлттық саясатқа байланысты. Жоғары мектептің қазіргі жаңаруы студенттердің өз бетімен білім алу үрдісін жасайтын белсенді өзіндік оқу-танымдық қызметке тарту мәселелерін оқыту барысы шешeтін оқу-тәрбиелік үрдісті жасауға, тәуелсіз Қазақстан Республикасының оқу жүйесінің, қоғамдағы мәдени-жасампаздық рухани рөлін жаңғыртуға бағытталған жаңа білім беру саясатымен байланысты.

Студенттердің оқыту барысында белсенді өзіндік ұстанымға жетуі, меңгерілген білімдері тұлғалық мағынаға ие болған жағдайда ғана қалыптасады. Алайда бұл, студенттердің ұстанымдарының дербестігіне кепіл бола алмайды. Сондықтан, студенттің меңгеруі тиіс білім көлемі бірден артып қана қоймайды, сонымен бірге қарқынды жаңарады, бұл жоғары мектептегі оқыту үрдісінің білім алушылардың жалпы білімді, арнайы сипаттағы білімді өз бетімен алуын және меңгеруін қамтамасыз етіп, әдістемелік сипаттағы дағдылар мен машықтарды мегеруге бағытын алдын ала анықтайды [1].

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық беталыстар болашақ мамандардың кәсіби дайындығының сапасын арттыру мәселелерін өзектендіреді. Еңбек нарқындағы бәсекелестікке байланысты жоғарғы оқу орындарының түлектеріне талап күшейеді. Бүгінгі студент мамандығы бойынша іргелі білімге ғана емес, сонымен бірге кретивтілік, икемділік, мақсаттылық, сыншыл ой, кәсіби өсу сияқты көптеген тұлғалық сапаға ие болуы қажет. Табысты кәсіптік қызмет үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, оқу бағдарламалары әзірлемесінің жаңа әдістерін білу қажет. Бүгінгі студентке өздігінен үйрену дағдылары, теорияны тәжірибиемен сабақтастыра білу, сонымен бірге іздестіру икемділігі мен дағдылары қажет. Қорыта келгенде, жоғарғы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар білім беру бағдарламалары мен технологияларына қойылатын қазіргі талаптарға сай болуы керек. Кәсіби білім берудің болашақ ұстаздар, алдына қол жетерлік мақсаттар мен міндеттер қоя алатын, оларды дербес табылған құралдардың (ақпараттық, материалдық т.б.) көмегімен іске асыра алатын, теориялық білімдерін практикалық міндеттерді орындауға тиімді қолдана білетін, өз жұмысының нәтижелерін рәсімдеп ұсына алатын болуы тиіс. Өз жиынтығында олар қызметтің жобалық технологиялары болып табылады. Студенттерді оқыту жобалау технологияларын қолдану арқылы іске асырылуы тиіс. Осының арқасында студенттер нақты міндеттерді шеше отырып білім алады және дағдыларын дамытады.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу - тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс - тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

ЖОО-дағы оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық жаңалықтарды енгізу негізгі төрт кезеңнен тұрады:

І. Жаңа идеяны іздеу. Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу. Оқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану

IV. Жаңалықтарды бекіту.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Студенттерді оқу үрдісінде тек біліммен ғана сусындатып қоймай, олардың қазіргі өзгермелі қоғамда бәсекеге қабілетті кәсіби мәнді тұлғалық сапаларын қалыптастыру маңызды болып табылады. Олар: белсенділік, өзіне-өзі сенімділік, шешендік, коммуникативтілік, икемділік, ақыл-ой ұшқырлығы, креативтілік және т.б.

Инновациялық технологиялардың ЖОО-да білім сапасын арттырудың негізгі жолдары:

1)    Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;

2)    Әрбір білім аушының жекедара психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

3)    Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, ішкі тұлғалық мүмкіндік деңгейлерін ашу;

4)    Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

5)    Студенттердің өз бетінше білім алып, өз ғылыми көзқарастарын қалыыптастыруға, өз пікіріні қорғауға үйрету.

Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Инновациялық технологиялардың ішінде ерекше орынды жобалау әдісі алады.

Жобалық қызметтің идеяларына тарихи талдау жасау кезінде «жобалау әдісі» білім беру саласында XVI ғасырдың аяғынан бастап қолданылатыны, бай тарихы бары, оны оқытуда қоданудың педагогикада үлкен тәжірибе жинақталғаны белгілі. «Жобалау әдісі» кәсіби оқыту аспектісінде кәсіби талаптардың жүйесіне болашақ мамандарды енгізу қажеттілігіне байланысты туындады [2].

«Жобалау әдісі» терминімен біз жобалау қызметінің технологиясын, аталған қызметтің субъектілерін және олардың ерекшеліктерін, жобалау қызметінің мақсатын, жобалау қызметінің үдерісінде қолданылатын дидактикалық әдістерін, жобалау қызметін бағалаудың деңгейлері мен шарттарын қамтитын оқытудың жобалау технологиясын түсінеміз.

Жоғарғы мектепте жобалау технологиясын қолдану педагогикалық сипаттағы көптеген мәселелерді шешуге себеп болады. Осындай мәселелердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: студенттердің техникалық пәндерді үйренуге деген тұлғалық уәждемесінің төмендігі, соның салдарынан олардың жоғары білімнің және жалпы ғылыми білімнің маңыздылығын түсіне отырып, үлгерімдерінің төмендеуі. Бұдан басқа қазіргі заманғы білімнің көп сипаттамалардың арасында білімнің, сонымен бірге азаматтардың өздерінің және тұтастай қоғамның дамуы аталып өтіледі; кәсіби оқыту мазмұндық жоспарда тез өзгеретін технолгияларға шығуға үлгермейді.

В.А.Сластенин қазіргі заманғы кәсіби білім туралы айта келіп, « субъектілік-мағыналық оқудың ақпараттық оқумен салыстырғандағы басымдылығы, студенттердің түсінігінде бірмәнді «бағдарламалық» ұғымдарына қарағанда әлемнің көптеген жекелеген (субъектілік) суреттерін қалыптастыру, тұлғалық дамудың диагностикасы, жағдайларды жобалау, мазмұнды іздеу диалогі, өмірілік мәселелер контексіне оқу мәселелерін қосу» деген пікірін білдірді [3].

Демек, қазіргі заманғы педагогикалық жобалау технологияларын енгізу және әзірлеу негізінде болашақ мамандарды даярлау сапасын арттырудың қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы қорытынды шығаруға болады. Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық шартарды талдау барысында, жоғары мектеп тәжірибесіндегі нақты жағдай және мәселенің теориялық әзірлемесінің жайын зерделеу кезінде жобалау қызметінің дағдыларын игерген инженерлік техникалық кәсіптегі мамандарды даярлауға қатысты қазіргі заманғы талаптар мен жоғары оқу орындарында студенттердің осы технологияларды меңгеруіне байланысты оқыту үдерісінің жеткіліксіздігі арасындағы қарама-қайшылық анықталды.

Жобалық әдісті сабақта қолданудың психологиялық-педагогикалық шарттары:

1)    Жобалау әдісіне негізделген оқыту;

2)    Ыталандырушы сұрақ немесе мәселе XXI ғасыр дағдылары;

3)    Танымдық қажеттілік;

4)    Қызығушылық және инновация;

5)    Студенттің таңдау және дауыс құқығы;

6)    Кері байланыс және тексеру;

7)    Көпшілікке ұсынылған өнім.

Жобалау технологияларын оқу үрдістерінде қолдану, оқылатын пәндер бойынша студенттердің үлегерімін арттыруға ықпал етеді. Cонымен бірге, жобалау технологиялары оң оқу уәждемесін қалыптастыруға, ойлаудың түрлерін, жеке оқу қызметін ұйымдастыру дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

 

Әдебиеттер:

1. Литвиненко М.В. «Проектирование результатов подготовки специалистов в условиях модульной системы обучения». әдістемелік көмек. М:2006

2. Скакун В.А. «Организация и методика профессионального обучения» Баспа: Academia, 2008.

3. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шлянов Е.Н. Общая педагогика: Учебное пособие/ Под ред. В.А.Сластенина. В 2ч М, 2002.

4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М., 1989.

5. Гузеев В.В. Педагогическая техника в контексте образовательной технологии. М.,2001

6. Питюков В.Ю. Основы педагогической технологии М.,1997