Психология/Психология развития
«Педагогика және психология» мам-н 2-курс
магистр-ты Сауданбекова С.А.
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНДА МАЗАСЫЗДЫҚ КҮЙІ КӨРІНУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыш сынып оқушылар тұлғасының дамуында өтпелі кезең болып саналады және сәйкестілік, рефлексия, өзін-өзі тануын іздеумен байланысты дағдарыстардың бірімен сүйемелденеді.
Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен мазасыздықтың көрінуі жеткіншек жаста күшейе түседі. Горманалдықтың қайта құрылуы психоэмоционалды аймаққа әсерін тигізеді [1].
Тұлға,
мінез-құлық, іс-әрекет дамуына
мазасыздықтың әсері етуі жағымды немесе жағымсыз
сипат ретінде болуы мүмкін. Оқу іс-әрекет жағдайында
мазасыздықтың көп бағытта көрінуін ескеру
қажет.
Жүргізілген зерттеулер
бойынша бастауыш сынып оқушыларының мектептегі мазасыздық
мәселесіне қызығушылықтың өсуін
қазіргі ғылыми білім көрсетеді. Бұл
мәселенің өзектілігі бастауыш сынып оқушыларының
көбісі мектепте әртүрлі күйзелістік жағдаяттарға тап болып, бұл
олардың психикалық денсаулығына, үлгеріміне
қауіпті түрде әсер етуіне түйінделеді. Мәселен,
бастапқы буыннан орта мектеп буынына ауысуы, қарым-қатынас
бағыттарының өзгеруі және қоршаған
ортаның әсері мектеп, жағдаятты және
тұлғалық мазасыздықтың өсуіне
әкеледі. Ерте жеткіншектер кезеңі (11-12 жас) үшін
наразылық немесе қарсыластық, имитация немесе өтемділік
реакциялары тән болып келеді. Жеткіншектің пікірінше
туындаған жағдайға
айыпты адамдарға олар айқын бағыттылықпен
қарсылық білдіреді, бұл реакциялар отбасының
шеңберінде немесе мектептің шағын ортасында (сыныпта)
жағымсыз жағдаяттың болуына байланысты кезеңмен пайда
болып отырады.
Қазіргі кезеңге дейін бастауыш сынып оқушыларының
мазасыздықтың байқалу ерекшеліктері және оның
танымдық аймақпен өзара байланыстығы толық
зерттелмеген. Бұл біздің зерттеуіміздің өзектілігіне
түйінделеді.
Бастауыш мектеп кезі
бұл – тұлғаның мәнді
алғышарттарының қалыптасу аралығы болып табылады. Жеке қасиеттердің қалыптасуын Л.С.
Выготский [2, 460-470 б] дамудың
әлеуметтік жағдайы ретінде белгіленген осы дамудың әлеуметтік жағдайының
өзі әр жас шамасына тән бала мен орта қатынасымен анықталады. Дамудың әлеуметтік жағдайы ең
алдымен баланың жеке тұлғасының психологиялық
ерекшеліктерінеде және психикалық
үрдістеріндегі негізгі
өзгерістерді қамтамасыз ететін осы жас шамасында
жетекші
орынды иеленетін іс-әрекетпен анықталады. В.В.
Давыдов [3, 669б] бала мектепке келісімен оқу
үрдісінде жеке тұлғаның теориялық
санасының негіздері жасалынатындығына (ғылыми, көркемдік, адамгершілік) нұсқайды. Д.Б. Эльконин бойынша [4, 61 б] бастауыш сыныптағы оқушы
өзінің мектептегі
жұмысын қоғамдық мәнді, қатаң түрде міндетті іс-әрекет ретінде қабылдай
бастайды да, оның бойында окудың жаңа қоғамдық сезімдегі
мотивтерінің сыныптағы жаңа позициясының, өзіне
және жанындағы кұрдастарына жаңа қатынастар мен
талаптардың табылуына жетелейді. Б.Г. Ананьев балалардың мектептегі оку
процесі олардың бүкіл өмірін
жаңаша ұйымдастырып; баланың
жанұядағы орнын өзгертетіндігіне ерекше көңіл
қояды, өйткені онда жанұядан тыс міндеттер, яғни міндетті оқу еңбегі пайда болады [4].
Бастауыш сынып жасына байланысты мәселелермен көптеген психологтар айналысқан: Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.И.Айдарова, Ю.А.Полуянов және т.б. Бұл жас ерекшелік әлі де толық зерттелмегендіктен ғалымдардың зейінін көбірек аударуда.
Мектептік мазасыздық – бұл бастауыш сынып
мұғалімдері мен мектеп психологы көп кездестіретін типтік
мәселелердің бірі. Ол ерекше көңіл аударуды қажет
етеді, себебі, баланың мектептік дезадаптация белгілерінің
айқын көрінуімен, яғни оның барлық өмірлік іс-әрекеттеріне
жағымсыз әсер етеді: тек сабағына ғана емес, мектептен
тыс жерлердегі қарым-қатынасына, денсаулығына,
психологиялық саулықтың жалпы деңгейіне әсер
етеді. Бұл мәселе мектеп өмірінде мынадай жағдайда
қиындай түседі, яғни мазасыздықпен белгіленетін балалар
мұғалімдер мен ата-аналар үшін «ыңғайлы» болып
келуі: олар әрқашан сабақтарын дайындайды,
педагогтардың барлық тапсырмаларын орындауға тырысады, мектепте
жүру ережесін бұзбайды. Бір жағынан бұл мектепте
жоғар мазасыздықтың туындауының бір ғана
түрі емес, сонымен қатар бұл ата-аналар мен
мұғалімдер «бағынбайтын», «алаңғасар»,
«тәртіпсіз» деп бағалайтын "қиын" балалардың
да мәселесі.
Мектеп психологтарының тәжірибесі бұндай
мәселелердің алыдн алу үшін бастауыш сыныптардан бастап
жұмыс жасау керек. Қазіргі заманғы мектеп балаға
жаңа, қиындатылған талаптар қоюда. Мектепке келу
сәті, бастапқы бейімделу кезеңі, білім беру мекемесі
көрсеткен ережелерді меңгеру, баланың эмоционалды
жағдайының тұрақтылығын бұзатын
стрессогенді факторлар болып табылады. Бастауыш сыныптағы
оқушыларға жүргізілген көптеген зерттеулер мектепке
дейінгі жаспен салыстырғанда невротикалық реакциялардың
жоғарылауына әкеліп соғады; сонымен қатар, мектепке
келгенде мазасыздық деңгейі сезіледі, яғни жаңа
жағдайға байланысты реакциясы – өзін жаңа өмір –
оқуға кірістіруі.
Мектеп бейімсіздіктің туындауына бастауыш сынып
оқушыларының әсеріне қарамастан,
оқушылардың нақты бір топтағы әлеуметтік
және психологиялық сипатының арақатынасын зерттеумен
байланысты болатын жеке сипаттағы сұрақтар әлі де болса
жетік қарастырылмаған.
Мазасыз балалар өздерінің
сәтсіздіктеріне өте сезімтал болып келеді, тіпті өзінің
ссүйікті іс-әрекетінен бас тартуға дейін барады. Мұндай
балалардың сыныпта және сыныптан тыс кездегі тәртібінің
айырмашылығын байқауға болады. Сабақтан тыс
уақытта олар, қарым-қатынасқа тез түседі, ал
сабақ уақытында тұйық әрі қысылып отырады.
Тәрбиешінің сұрақтарына ақырын дауыспен жауап
береді тіпті, кейде тұтығуы да мүмкін.
Олардың сөздері асығыс, тез болуы да
және ақырын, қиналған болуы да мүмкін. Ережеге
сәйкес ұзақ қозу пайда болады: киімдерін
жұлқылайды, бір нәрсемен айла-шарғы жасайды.
Мазасыз балалар невротикалық сипаттағы
(тырнағын тістелеу, саусағын сору, шаштарын суыру) зиянды
әдеттерге бейім болып келеді. Өзінің денесімен манипуляция
жасау олардың эмоционалды күйзелісін төмендетеді,
тыныштандырады.
Мазасыз балаларды анықтауда сурет салу
көмектеседі. Олардың суреттері қатты басу, сызықшалар
жүргізу және суретті кішкентай мөлшерде салынуымен
ажыратылады.
Мазасыз балалардың түрлері байсалды,
көздері төмен қараған, орындықта
ұқыпты отырады, артық қимыл жасамауға,
шуламауға, басқалардың назарын өзіне аудартпауға
тырысады. Мұндай балаларды ұялшақ, сыпайы деп атайды.
Ата-аналар мұндай балаларды өздерінің бұзық
балаларына үлгі ретінде айтады.
Жаңа әлеуметтік өмір бала өмірін өзгертіп, ол үшін күйзеліс ретінде әсер етеді. Әр баланың эмоциялық күйлері өзгереді, психикалық күйзеліс артады және ол баланың денсаулығы мен әрекетіне әсер етеді. Баланың жаңа жағдайларға бейімделу сипаты мен ата-анасының өзіне деген қатынасы тұлға сезімін қалыптастырады. Осылайша, бастауыш мектеп жасында балада жаңа мәртебесі пайда болуымен ерекшеленеді: енді бала – оқушы әрі жауапты адам.
Мектепке келген алғашқы күннен бастап, бала сыныптастарымен және мұғаліммен тұлғааралық өзара әрекетке түседі. Бастауыш мектеп жасының барысында бұл өзара әрекеттестік белгілі бір динамикаға және дамудың заңдылықтарына ие болады.
Мектепке бейімделу кезеңінде,
жаңа мектептік әсерлердің көптігінен І-сынып
оқушыларында сыныптастарымен қарым-қатынас жасау,
әдетте, екінші жоспарға шегінеді. Балалар өздерінің
жаңа мәртебесі мен міндеттеріне беріліп кететіндері
соншалықты, сыныптастарын байқамайды да.
І-сынып
оқушылары алғашқыда бір-бірімен өзара тікелей
байланысқа түсуден қашады, олардың
әрқайсысы «өзімен өзі» болады. Балалар өзара
байланысты, педагогтың көмегімен құрады.
Я.Л.Коломинский І-сынып оқушыларының мектептік өмірін
бақылаудан төмендегідей үзінділер келтіреді: «Егер
оқушылардың ішінен кімде-кім қаламсабын алып келуді
ұмытып кетсе (ал сабақта жазу керек болады), ол
құрдастарының біреуінен артық қаламсап берулерін
өтінбейді. Оқушы әдетте үндемей отырады, кейде,
мұғалім оның шарасыз жағдайын байқауынан
үміттеніп, жылайды. Мұғалім оны байқап, кімде
артық қаламсап бар екенін сұрап, сыныпқа қарайды.
Артық қаламсабы бар оқушы оны құрдасына өзі
бермейді. Ол қаламсапты мұғалімге береді. Мұғалім
оны қаламсабын ұмытып кеткен оқушыға береді».
Бастауыш мектеп оқушысы – қарым-қатынас
дағдысын белсенді меңгеретін адам. Бұл кезеңде
достық байланыс қарқынды құрылады.
Құрдастары тобымен әлеуметтік өзара әрекет
дағдысын жинау мен достар таба білу - бұл жас кезеңіндегі
дамудың маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Сыныптағы
жеке қатынастар жүйесінде сәтсіз жағдайдағы
оқушылар тобы да кейбір ұқсас сипаттамаларға ие:
мұндай балалар құрдастарымен
қарым-қатынасқа түсуге қиналады, сыйыспайды,
сотқар, тұрақсыз, қырсық, дөрекі,
тұйық болып келеді; өсекші, мақтаншақ,
сараң; бұлардың көпшілігі ұқыпсыз,
салақ. Аталған жалпы қасиеттер кіші мектеп жасының
түрлі кезеңдерінде нақты ерекшеліктермен көрінеді.
Әдебиеттер:
1. Пономарева Е.В. Понятие тревожности в современной психологии Вестник
Вятского гос. педуниверситета. 1999. 1. 37-38.
2. Прихожан A.M. Психологическая природа и возрастная динамика
тревожности: Дис. д-ра психол. наук. М., 1996.
3. Хабирова
Е.Р. Тревожность и ее последствия //Ананьевские
чтения - 2003. - СПб., 2003. - С. 301-302.
4. Божович Л.И.,
Личность и ее формирование в детском возрасте. — СПб.: Питер, 2008. —
400 с.