Сабытханова М.Ж.

Нархоз университеті, Қазақстан, магистрант

 

Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыру процесі

 

Заманауи менеждменттің негізгі міндеттерінің бірі - кәсіпорынды басқарудың тиімді жүйесін құру болып табылады. Мұндай жүйе оңтайлы ұйымдық құрылымның көмегінсіз жүзеге аспайтыны анық. Айтылып отырған ұтымды ұйымдық құрылымға ұйымныңдамуына, біртұтас қызметіне бағытталған және өзара байланысқан бөлімдердің жиынтығын жатқызамыз. Дәл осындай құрылым ұйымның сыртқы және ішкі ортасымен тиімді қарым-қатынас орнатуға, ұйымның стратегиясына бағыттала отырып, алға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.

Әрбір басқару құрылымы менеджменттің жалпы қағидаларына жауап беруі тиіс, оның ішінде еңбек бөлінісінің тиімділігі, кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі, сонымен қатар ұйымның ішкі және сыртқы ортасына сай болуы керек.

Басқару құрылымы жалпы механисттік және органикалық құрылым болып екіге бөлінеді. Механисттік құрылым бюрократиялық және нысандандырылған (формалдандырылған). Бұл құрылым тұрақты түрде жұмыс істейтін ұйымдарда қолданылады. Осындай механисттік немесе бюрократиялық құрылымдарға сызықтық, функционалдық, сызықтық-функционалдық және дивизиондық құрылымдар жатады. Ал, органикалық құрылымға сыртқы ортаның қандай да бір белгісіз жағдайына және инновацияларына бағыттала отырып басқарылатын тез бейімделетін, икемді құрылымдар жатады.

Сызықтық құрылым қатаң иерархиялық жүйе ретінде кішігірім өндіріс шығаратын шағын және орта кәсіпорындарда қолданылады. Алайда, кәсіпорын және оның өнімділігі үлкейген сайын сызықық ұйымдық құрылымды да өзгерту керек.Функционалдық ұйымдық құрылым еңбекті көлденең басқару түріне негізделеді және көбінесе ірі кәсіпорындарда қолданылады. Мұндай құрылым қызметтің қайта орындалуының алдын алады. Сызықтық-функцияналдық ұйымдық құрылым сызықтық және функционалдық құрылымдардың кемшілігінің алдын алуға негізделген. Сызықтық-функционалдық құрылым көбінесе шағын және орта кәсіпорындарда қолданады. Бұл жүйенің бір кемшілігі ақпараттар ағынының жылжуының қиындығы болып есептеледі. Сол үшінсызықтық-функционалдық құрылымды қолданатын кәсіпорындарға қарым-қатынастарды басқарудың арнайыбөлімшесін құру қажет.

Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындарда ұйымдық құрылымның жаңа, икемдірек түрлері енгізілуде. Заманауи ұйымдық құрылымның бір түрі болып модульдік құрылым болып табылады. Ол бір басшылыққа бағынатын операциялық модульдер жүйесінен тұрады. Сонымен қатар, бірте-бірте желілік ұйымдардың дамуымен байланысты, олардың өзіндік икемді құрылымдары жасалына бастады.  Мұндай желілік кәсіпорындар жаңа әріптестерді өзіне біріктіріп, бір уақытта өзінің жұмыскерлерін ұйымдастырып және бағыттап отырады. Желіге кіретін кәсіпорындар тікелей коммуникациялық байланыстар арқылы өзара қарым-қатынас жасайды. Бұл оларға өздерінің жүйелік қызметін оңтайлы бағыттап отыруға көмектеседі.

Ұйымдық құрылымды қалыптастыру үрдісі мақсаттар мен тапсырмаларды жүйелеуді, бөлімшелердің құрылымы мен орнын анықтауды, сонымен қатар оның құжаттарын, жағдайын, әдістерін өзіне біріктіреді. Аталған бүкіл жүйені үш негізгі кезеңге бөліп қарастырсақ болады:

1.     Жалпы ұйымдық сызбаны қалыптастыру. Бұл кезеңде ұйымның негізгі сипаттамасы анықталады.

2.     Негізгі бөлімшелердің құрылымын және олардың арасындағы байланысты әзірлеу. Бұл кезеңде сызықтық функционалдық және бағдарламалық нысандық бөлімдер арасында ғана емес, басқару аппаратының дербес бөлімшелері арасында да ұйымдық шешімді әзірлеу қарастырылады және сонымен бірге олардың арасында нақты тапсырмаларды бөлу мен ұйымішілік байланыстарды құру көзделеді. Дербес (базалық) бөлімшелерге мыналар жатады: бөлімдер, басқарушылар,  секторлар, бюро, зертханалар) және олар сызықтық-функционалдық және бағдарламалық-нысаналық жүйешіктерге бөлінеді. Дербес (базалық) бөлімшелердің өздерінің ішкі құрылымы болуы мүмкін.

3.     Ұйымдық құрылымды регламенттеу – басқару аппаратының мінездемесі мен басқару қызметінің тәртібін қарастырады. Ол өзіне мыналарды біріктіреді: базалық бөлімшелердің ішкі элементтерінің құрылымын анықтауды; нақты орындаушылар арасында орындалатын тапсырмаларды белгілеу; оларды орындау жауаптылығын белгілеу; бөлімшелер арасында басқарушылық жұмысты орындау тәртібін жасау;

Көптеген бөлімдер мен басқару деңгейлері арасындағы өзара байланыс қажет болған жағдайда органиграмма деген арнайы құжат дайындалады. Органиграмма дегеніміз басқару функцияларының орындалуының графикалық интерпретациясын өзіне біріктіретін, бөлімшелер, оның ішкі құрылымдық ұйымдары арасында және бөлек қызметкерлер арасындағы шешім қабылдау мен оны дайындау құжаты. Органиграмманы құру басқару жүйесінің құрылымдық элементтері арасында тапсырмаларды орындау барысында пайда болатын технологиялық маршруттар мен ақпараттық ағындарды оңтайландыру жүйесін үйлестіруге көмектеседі. Ол басқару жүйесін ұйымдастыруды ұйым және оның басқаруға кеткен шығындары ретінде ғана белгілейді. Көрсеткіштер бойынша тиімділікті бағалау ұйым қызметінің соңғы нәтижесін көрсететіні анық. Нәтиже ретінде көлем, пайда, өзіндік құн, күрделі жұмсалымдардың, яғни капитал құюдың көлемі тауар сапасы, жаңа техниканы ендірудің мерзімі және тағы басқалары қарастырылады.

Басқаруға кеткен шығындарға басқару аппаратын қамтамасыздандыруға кеткен ағымдағы шығындар, техникалық жабдықтарды қолдану, ғимарат пен бөлмені ұстау, басқару кадрларын дайындау және қайта дайындау.

Басқару процесінің тиімділігін бағалаған кезде сандық және сапалық көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Мұндай көрсеткіщтер нормативтік мінездемеге ие. Басқару аппараттарының нормативтік мінездемесіне келесілер кіргізілуі мүмкін: өнімділік, тиімділік, икемділік, жылдамдылық, менімділік:

·     Басқару аппаратының өнімділігі болып ұйым шығарған тауар немесе өңделген ақпарат табылуы мүмкін;

·     Басқару аппаратының тиімділігі негізінде құрылымдалу шығыны түсіндіріледі. Тиімділікті бағалау үшін мынадай көрсеткіштер қолданылуы мүмкін: басқару аппаратын ұстауға кететін шығындар, белгілі бір жұмыс түрін орындауға кететін шығын.

·     Икемділік – басқарушы органның сыртқы ортада болып жатқан жағдайларға тез икемделе алуымен, сонымен қатар, шешім қабылдау, жаңа байланыстарды орнатумен ерекшеленеді.

·     Басқару аппаратының сенімділігі үздіксіз жұмыс істеумен сипатталады. Басқарулық аппараттың және оның жүйешіктерінің тыңғылықтығын бағалау үшін жоспарланған тапсырмалардың орындалу деңгейін және бекітілген нормативтерлің жасалынуын қадағалаумен қатар, нұсқауларды орындау барысындағы ауытқулардың болмауымен анықталады.

Басқарудың тиімділігін анықтау үшін басқару жүйесінің және ұйымдық құрылымының сәйкестігін анықтау керек. Анықтау міндеттер мен мақсаттардың теңгерімділігіне, жұмыскерлер құрамының жұмыс көлемі мен қиындығына, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуіне, технологиялық құралдармен қамтамасыз етілуіне қарай теңгерімділігіне  сүйенеді.

Ұйымдық құрылымды қалыптастыру бірнеше қағидаларға негізделуі тиіс:

-       Басқарудың ұйымдық құрылымы ұйымның мақсатына негізделуі тиіс, сонымен қатар өндіріске және оның қажеттіліктеріне бағытталуы керек;

-       Мамандығына, қызметіне, қабілеттеріне және мүмкіндіктерін ескере отырып қызметкерлердің жұмысын оңтайлы түрде бөлу;

-       Ұйымдық құрылымды қалыптастыру барысында әрбір қызметкер мен басқару органының міндеттері мен өкідеттіліктерін дұрыс бөлу керек;

-       Қызметтер мен міндеттердің, өкілеттіліктер мен жауапкершіліктің арасында сәйкестік орнату керек, олай жасамаса жүйе құрдымға кетеді;

Осылайша ұйымдық құрылым функционалдық міндеттердің, құқықтар мен жауаптылықтың, тәртіптің тиімді бөлінуіне негізделеді. Басқарудың ұйымдық құрылымының элементтері – қызметкерлер (басқарушылар, мамандар, қызметкерлер) және басқару органы болып табылады.

Қазіргі капитализм жағдайында көптеген кәсіпорындар шағын болып құрылып, бірте-бірте ұлғая түседі. Осылайша ұйымның өмірлік циклі бір сатыдан екіншісіне көшеді және өмірлік циклдің (ендіру, өсу, жетілдіру және құлдырау) әрбір кезеңінде оның қызметі мен құрылымы өзгеріске ұшырап отырады.  Ендіру кезеңінде ұйым құрылады және өзінің бірінші қадамдарын жасайды. Негізін құрушы болып кәсіпкер немесе кәсіпкермен біріккен адамдар тобы болып табылады. Өсу шағында кәсіпорынның қызметкерлерінің саны жоғарылайды, сонымен қатар кәсіпорын белгілі бір тауарды шығаруға бағытталады. Жетілдіру кезеңі үлкен көлемді өндіріс пен білікті жұмысшылардың өсуімен ерекшеленсе, құлдырау кезеңі деорталықтандырылуды күшейтумен, кәсіби бөлімдердің көбеюімен ерекшелендіріледі.

Ұйымдық құрылымды құрудың негізгі факторлары келесідей:

Ішкі факторлар: техникалық (өндірістің көлемі және қиындығы, өндіріс пен басқарудың автоматтандырылу деңгейі)

1.     Ұйымдық (өндіріс типі, өндірістік құрылым, т.б.)

2.     Экономикалық (шаруашылық байланыстар, қызметті жоспарлау мен бағалау жүйесі, материалдық ынталандыру жүйесі)

3.     Әлеуметтік-психологиялық (психологиялық климат, басқарушының беделі, формалды емес қарым-қатынас)

Сыртқы факторлар:

1.     Аймақтық орналасу (сыртқы байланыстардың көлемі)

2.     Табиғи жағдайлар.

Ұйымдық құрылымды қалыптастыру процесін жалпы қарастыра отырып, мынадай шешімге келуге болады:

1)      Кіршіксіз ұйымдық құрылым болмайды, бірақ әрбір құрылым өз кәсіпорнында белгілі бір қағидалар бойынша тиімді бола алады. Сол үшін қандай да бір ұйымдық құрылымды таңдамас бұрын оның оң және теріс факторларын қарастырған жөн.

2)      Әрбір кәсіпорынның ұйымдық құрылымы немесе оның бір бөлігі, сол ұйымның мақсат-міндеттеріне сәйкес келуі тиіс.

3)      Ұйымның әлеуметтік құрылымы оның мақсатына ғана емес, өзге де ұйымдық технология, өндірістік жүйеге қатысушы құрылымнан, ұйымның мүшелерінің мәдениетінен, яғни ұйымдық құрастырушылардан тұрады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.     Попова Л.Ф. Тиімді ұйымдық құрылым заманауи басқару жүйесін құрудың жағдайы ретінде// Ғылым және қоғам. 2015ж. № 2 (21). 40-47 бб.

2.     Фатхутдинов Р.А. Өндірістік құрылым: Оқу құралы / Р.А. Фатхутдинов. - М.: ИНФРА-М, 2013ж. - 544 бет.