ӘОЖ 785.1.578

UDC 785.1.578

 

    ҰЛТ АСПАПТАРЫ ОРКЕСТРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ (1933-1944 ж.)       HISTORY OF NATIONAL INSTRUMENT ORCHESTRA (1933-1944 years)

Балабеков Е., Губайдуллин О.

Balabekov E., Gubaidullin O.

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан

M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan

balabekov. edige @e.mail.ru

 

Резюме:

           В статье рассматривается история начального этапа становление народно-инструментального оркестрового исполнительства в Казахстане. Искусство оркестрового исполнительства в Казахстане берет своё начало с первого Всеказахстанского слета народных талантов, который проводился в июне месяце 1934 года.

         В статье отражены работы  первых  художественных  руководителей оркестрового коллектива, его работа с музыкантами, которые еще не умели играть на музыкальных инструмента по нотам. Он использовал своеобразную методику (по цифровой системе) разучивание музыкальных произведении с музыкантами не имеющих музыкалную грамоту, потом называли эту методику «воздушная интерпретация Жубанова».

          

Abstract:

         This article demonstrates initial step of becominq of national - inctrumental orcestro perfjrminq  in Kazakhstan.The first article Kazakh national instruments orchestra music organization and as a team to develop, provided the initial stages of increasing mastery. In June 1934, the Republican People's artists in the ten years up to 1944, will start from the convention had not minded the head of the head of the orchestra and its famous qobızşılarlar dombrists important information about the developers to improve and musical instruments.

    

Ключевые слова; народная музыка, музыкальные инструменты, народные песни, искусство кюйши, оркестровое исполнительство, исполнительское мастерство, концертный репертуар, дирижер, созвучие музыкальных инструментов.

 

Keywords: folk music, musical instruments, instrumental music art, music and experimental workshop, folk songs, musical arts, orchestral performance, performance art and concert repertoire, conductors, devices harmony.

 

          

1933 жылы Ахмет Жұбанов Алматы музыкалық драма техникумының он бiр студентiнен тұңғыш домбырашылар ансамблiн ұйымдастырды. Ансамбльге ғылыми кабинет пен музыкалық - эксперименталдық шеберхананың қызметкерлерi - Лұқпан Мұхитов, Махамбет Бөкейханов және Әнуар Медетовтар да қатысып, қолқабыс жасады. Ансамблдiң мүшелерi халық әндерi мен күйлерiн нотасыз, арнайы оркестрге (ансамблге) лайықтап жазылған партитурасыз, унисон түрiнде қолма - қол үйрену арқылы ойнайтын. Халық әндерi мен күйлерiн нотамен ойнау ансамбль мүшелерiнiң ноталық сауатының болмауына байланысты, бұл кезеңде, мүмкiн емес едi. Соған қарамай домбырашылар ансамблi қазақ халқының және халық композиторларының «Кеңес», «Қарабас», «Айжан қыз» А.Жұбановтың «Би күйiн» және қазақ халқының «Балқурай»,  «Қарғаш» әндерiн ойнап үйрендi.

1934 жылдың июнь айында Алматыда бiрiншi Бүкiлқазақстандық халық өнерпаздарының слетi болып өттi. Бұл слетке Қазақстанның барлық облыстарынан сексен сегiз өнерпаз келiп қатысты. Олардың iшiнде қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев, ақын, әншi - импровизатор Иса Байзақов, домбырашылар Кали Жантiлеуов, Уақап Қабиғожин, Лұқпан Мұхитов, Ғабдiлман Матов, қобызшы Жаппас Қаламбаев, сыбызғышы Ысқақ Уалиев, әншiлер Балабек,  Ғарифолла Құрманғалиев сияқты талантты өнерпаздар болатын. Солармен қатар Ахмет Жұбановтың бастауындағы сол кезде құрамы он жетi кiсiге жеткен домбырашылар ансамблi де өз өнерiн көрсеттi. Бұл слет республиканың болашақ мәдени өмiрiнiң жарқын, табысты болуына жол ашатын талантты өнерпаздарды анықтап, олардың орындаушылық шеберлiгiне баға бердi. Бүкiлқазақстандық халық өнерпаздары слетiнiң нәтижелерiне байланысты Қазақстан Орталық Атқару Комитетi Президиумының арнайы қаулысы қабылданды. Осы қаулыға орай Қазақ АССР-ның Халық ағарту комиссариаты 1934 жылғы 25-шi маусымда «25 июннен бастап  техникумның домбыра оркестрiнiң және халық өнерпаздарының слетiне қатысқан таңдаулы домбырашылардың, қобызшылардың, сыбызғышлардың негiзiнде музыкалық драма техникумының жанынан КазЦИК атындағы қазақтың тұңғыш ұлт аспаптар оркестрi ұйымдастырылды деп есептелiнсiн» - деген бұйрық шығарды. Арнайы бұйрықпен Ахмет Жұбанов оркестрдiң дирижерi және көркемдiк жетекшiсi болып тағайындалды.

Оркестрлiк орындаушылықтың ең басты шарты музыкалық шығарманы оркестрдiң барлық мүшесi бiр екпiнде ойнап, бiрiн - бiрi тыңдай отырып, ұжымдық, ансамбльдiк орындаушылықтың заңдылықтарын түсiну едi. Оны қалыптастыру, оркестр жетекшiсiнiң көп еңбектенiп, көп iзденiстер жасап, дирижерлiк өнерде бұрын - соңды кездеспеген жаңа әдiстермен жұмыс жасауына тура келдi. Ол - музыкалық шығарманы ауызша айтып немесе домбырада ойнап көрсету арқылы үйретiп, партитурасыз, ой жүзiнде оркестрге «лайықтап түсiрiп», шығарманың орындалу жобасын (интерпретациясын) түздi. Оркестрдiң әр аспабының партиясын ауызша үйретуге тура келдi. Бұл әдiс «Ахмет Жұбановтың ауызша интерпретациялау әдiсi» деп аталып жүрдi.

1935 жылдың 2 қаңтарында, оркестр ұжымы бiрiншi рет толық концерттiк бағдарламамен Алматыда  өткен Советтердiң IX съезiнiң  делегаттары алдында өнер көрсеттi. Сол жылдың 15 қаңтарынан бастап оркестр     жаңадан    ұйымдастырылған     Қазақтың    Жамбыл    атындағы мемлекеттiк филармониясының қарамағына берiлдi. Сол 1935 жылдың жазында оркестр ұжымы алғаш рет концерттiк гастрольмен республика облыстарын аралады. Шымкенттiң қорғасын зауытында, Әшшісайдың кеншiлерi алдында, Атыраудың мұнайшылары мен Аралдың балықшылары алдында концерттерiн өткiзiп, тыңдаушылардың мол құрметiне бөлендi. 1935 жылғы 18 маусымдағы Шымкенттiң «Правда Южного Казахстана» газетiндегi мақалада Қазақтың мемлекеттiк филармониясының Шымкенттегi гастролiнiң маңызына, Қазақстанның халық шығармашылығының молдығына, өнер фронтындағы республиканың жасаған жеңiстерiне тоқтала келiп «...Композитор Ахмет Жұбановтың басқаруындағы филармонияның ұлттық оркестрiн ерекше атауға болады. Бұл оркестр КазЦИК-тiң  атымен аталуға лайықты. Оның көрсеткен өнерi көрермендер көңiлiнен шығып, қызу қабылданды» - деп жазылған.

Құрманғазының «Ақсақ киiк», «Ақбай», «Сарыарқа», «Көбiк шашқан» күйлерiн меңгеру оркестрдiң ұлттық күй өнерiн оркестрмен орындау шеберлiгiнiң едәуiр өсiп, форма жағынан күрделi шығармалар орындау мүмкiндiктеріне жеткендiгiн байқатты. Жеңiл гормонизацияланған, көп дауысты, полифониялық элементтерi бар шығармалар оркестр репертуарына енгізіле бастады. Е.Брусиловскийдiң өңдеуiнде халық әндерi «Жайма қоңыр», «Шiркiн - ай», А.Зильбердiң өңдеуiнде «Жиырма бес», «Екi жирен», «Ахау Семей», Л.Хамидидiң өңдеуiнде «Жеңеше», «Қараторғай», А.Жұбановтың өңдеуiнде «Зәуреш», «Айдидай», Бiржанның әнi «Жанбота» оркестр орындауында жаңаша үнге ие болып, оркестр артістерiнiң шеберлiгiн арттыра түсуге ықпалын тигiздi.

1936 жылдың мамыр айында Москвада қазақ совет көркем өнерiнiң онкүндiгi өттi. Екi жүз өнер шеберлерi қатысқан онкүндiктiң бағдарламасында   халық   әндерi   мен   билерi,   суырып   салма    ақындар айтысынан көрiнiстер, ұлттық ойындар, музыкалық театрдың «Қыз Жiбек», «Жалбыр» атты екi қойылымы және КазЦИК  атындағы ұлт аспаптар оркестрiнiң концертi бар едi. Онкүндiк жас республиканың ұлттық өнерiнiң жақсы даму үстiнде екендiгiн көрсеттi. 1936 жылғы 24 мамыр күнгi «Известие» газетiнде «...қазақтар европалық симфониялық оркестрден үйрене отырып, музыкалық мәдениетiн көтеру барысында өздерiнiң ұлттық аспаптарын лақтырып тастамапты. Керiсiнше халық аспаптарының көптеген түрлерiн жинақтап жақсы үндi, үндестiгi жарасымды үлкен оркестр құра бiлген. Ахмет Жұбановтың жетекшiлiгiмен үлкен театрдың сахнасында орындалған қарапайым ғана лирикалық халық әнi «Қызыл бидай», және музыканттардан үлкен орындаушылық шеберлiктi талап ететiн Құрманғазының  «Көбiк шашқан» күйi тыңдаушылар көңiлiне ұялап, үлкен қанағаттанғандық сезiмге бөледi» - деп қазақ оркестрiнiң өнерiне өте жоғары баға берілдi. Сол сияқты, 23 мамыр күнi Үлкен театрдың сахнасында өткен қазақ көркемөнерiнiң  Москвадағы онкүндiгiнiң қорытынды концертi жайлы «Правда» газетiнде «Казахский концерт в Большом театре» атты мақала жарияланды. Мақалада концерттiң жалпы жақсы өткендiгiн, өнерпаздардың шеберлiгiн мақтай келiп «... Сары арқа» (Золотая степь) - так называлась песня, которую затянули смычки, музыканты играли без ноты, но как слитно, выразительно и свободно звучал оркестр, исполнявший песни талантливого Курмангазы...», - деп оркестрдiң нотасыз болса да шығарманы аса көркемдiкпен, бiр кiсiдей бiрге орындай алғанын таңдана баяндайды.

1937 жылдың 7 қарашасында қазан төңкерiсiнiң жиырма жылдығына арналған мерекелiк концертте оркестр М.Глинканың  «Руслан мен Людмила» операсынан үзiндi және Ф.Шуберттiң «Музыкалық мезет» атты шығармасын  тұңғыш  рет  нота  арқылы  орындады. Осы уақыттан  бастап оркестрдiң құрамындағы аспаптардың орналасу тәртiбi белгiленiп, домбыраның бұрауы мен оркестрдiң аспаптарының құлақ күйiн келтiру жүйесi бекiтiлдi.

Домбыраның бұрауы кiшi октаваның Ре (үстiңгi iшегi) дыбысы мен кiшi октаваның Соль (астыңғы iшегi) дыбысына келтiрiлуi домбыра тобындағы барлық аспаптардың  құлақ күйiн келтiруге ыңғайлы жағдай туғызды және оркестрдiң үнiн орта регистрлiк дыбыстармен толықтырды. Сонымен қатар домбыраның жаңа бұрауы сол қолдың аппликатурасының қолайлылығын, домбыраның тембрi мен дыбыс сапасының жақсаруын, шығармаларды оркестрге лайықтап түсiрудiң ыңғайлы жағдайларын туғызды.

1938 жылдың күзiнен бастап А.Жұбановтың шығармашылық жұмыспен көп айналысуына байланысты оркестрдiң екiншi дирижерi болып Латыф Абдулхаевич Хамиди келдi. Ол өз жұмысында қазақ халық күйлерiн және КСРО халықтарының әндерiн оркестрге лайықтап түсiруге көп көңiл бөлдi. Сейтектiң «Заман-ай», «Бес қыз», «Ақ қайың» күйлерi және халық күйлерi «Келiншек», «Қара жорға» оркестрге өңделiп түсiрiлдi. Бұл шығармалардың партитуралары өте қарапайым болғанымен күйдiң мазмұны мен маңызы, көркемдiк сипаты толық сақталған едi.

Л.Хамиди оркестр артістерiнiң орындаушылық шеберлiгi мен бiлiктiлiгiн арттыру iсiне көп көңiл бөле отырып, ұжым мүшелерiмен шығарманы нотамен ойнау сабақтарын ұйымдастырды. Бұл өте пайдалы iс болып, оркестрде ансамблдiк ойнау сезiмі, бұраудың тазалығы, дыбыстың таза шығуы, штрихтер мен жалпы оркестрлiк динамканың дұрыс орындалуы сияқты оркестрлiк орындаушылықта аса қажеттi амалдарды қалыптастырды. Оркестр 1938 жылы А.В.Затаевичтiң «Қазақ маршы», А.Жұбановтың хор мен оркестрге арнап жазған екi актiлi «Сары» пьесасын, 1941  жылы  қазақ  халық  оркестрiне  арнайы жазылған  көлемдi симфониялық шығарма А.Жұбановтың «Абай» сюитасын ойнады. Бұл оркестрдiң көлемдi симфониялық жанрдағы шығармаларды ойнау арқылы ұлттық жанрларды дамыту үшiн жасаған алғашқы қадамы едi.

Отан соғысының ауыртпашылығы мол жылдарында басқа совет өнерiнiң қайраткерлерiмен қатар халық арасында, зауыттар мен фабрикаларда, колхоздар мен совхоздарда ұлт аспаптар оркестрiнiң артістерi де көптеген мәдени қызмет шараларын өткiздi. Оркестрдiң бiрқатар артістерi Отан қорғау үшiн соғысқа аттанды. Олардың орнына нота бiлетiн, аспапта жақсы ойнайтын жас мамандар дайындау мiндеттерi тұрған едi. Ол үшiн оркестр жанынан жас әртiстер даярлайтын студия ұйымдастырылып, оның жұмысын Л.Хамиди өзi басшылыққа алды. Бұл өте қажеттi де жауапты iсте Л.Хамидиге қазақ аспаптық өнерiнiң бiлгiрлерi, шебер орындаушы - домбырашылар Қали Жантiлеуов, Лұқпан Мұхитов және қобызшы Жаппас Қаламбаев көп көмектестi. Осындай iстiң нәтижесiнде оркестр құрамына оннан астам жас музыканттар келiп қосылды.

1942 жылдан бастап оркестрге дирижер болып Л.М.Шаргордский келдi. Ол бұрын, қазақтың мемлекеттiк филармониясының бас дирижерi болып жүрген кезiнен халық аспаптар оркестрiнiң жұмысымен, репертуарымен таныс болатын. Л.М.Шаргородскидiң оркестрге келген кезiнен бастап оркестр репертуарына классикалық шығармаларды лайықтап түсiріп ойнау iсi қолға алына бастады. Оркестрдiң орындаушылық шеберлiгiнiң артуына Л.М.Шаргородскийдiң композитор С.И.Шабельскиймен бiрлесе отырып оркестрге түсiрген орыс классикалық музыкасының атасы, ұлы композитор М.Глинканың «Вальс фантазиясы» мен «Камаринскаясының» маңызы айрықша зор болды. 1944 жыл оркестр өмiрiнде елеулi оқиғаларымен есте қаларлық жыл болды. Ақпан - наурыз айларында Қазақстан мен Орта Азия республикалары музыка өнерiнiң Өзбек Республикасы астанасындағы онкүндiгi өттi. Басқа өнер ұжымдарымен қатар онкүндiкке А.Жұбановтың басшылығындағы КазЦИК атындағы оркестр қатысты. Бұл онкүндiкте жоғары өнерiмен танылған оркестрдiң даму бағытының дұрыс екендiгi, ұлттық музыка өнерiнiң өркендеуiне, оркестрлiк орындаушылықтың қазақ музыкасында жанр ретiнде қалыптаса бастауына үлес қосып келе жатқандығы  байқалды. Осы 1944 жылдың жазында оркестр ұжымы өзiнiң шығармашылық қызметiнiң он жылдығын атап өттi. Репертуарында Құрманғазы, Дәулеткерей, Мәмен, Түркеш, Әлiкей, Айжан, Тәттiмбет, Сейтек, Дина сияқты халық композиторларының алпысқа тарта күйлерiмен қатар, көптеген халық әндерi, совет композиторларының, орыс, батыс классикасы өкiлдерiнiң (Моцарт, Бетховен, Шуберт, Бизе, Глинка) шығармалары бар, орындаушылық шеберлiгi күн санап жетiлiп келе жатқан оркестрге республика, одақ көлемiндегi көптеген қоғамдық, музыкалық - театралдық ұжымдардан құттықтаулар келiп жатты. Осы мереке қарсаңында 1944 жылдың 7 тамызындағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Указымен оркестрге халық композиторы Құрманғазының есiмi берiлдi. Сол күннен бастап оркестр «Құрманғазы атындағы қазақ халық аспаптары оркестрi» деп аталатын болды.

Қазақ ССР Үкiметiнiң шешiмiмен оркестр әртiстерi - Гүльнафис Баязитоваға, Ғалым Қойшыбаевқа, Жәлекеш Айпақовқа «Республикаға еңбегi сiңген әртiс», Жаппас Қаламбаев пен Л.Шаргородскийге «Өнерге еңбегi сiңген қайраткер» құрметтi атақтары берiлдi. Оркестрдiң белдi әртiстерi Д.Нұрпейсова, А.Исмаилов және Т.Ахметов Қазақ ССР-нiң Жоғары Кеңесiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды. Оркестрдiң көркемдiк жетекшiсi, бас дирижерi А.Жұбановқа «Қазақ ССР-нiң Халық әртiсi» деген құрметтi атақ берiлдi. Оркестрдiң он жылдық шығармашылық қызметiне партия мен өкiмет тарапынан осылайша жоғары баға берiлдi.

     

Әдебиеттер

 

        1. Ахметова М., Ерзакович Б., Жұбанов А. Советтік қазақ музыкасы (Тарихи очерк).   Алматы: Ғылым., 1975.

        2. Гизатов Б. Социально-эстетические основы казахской инструментальной музыки. Алматы, Наука., 1989.

        3. Инструментальная музыка казахского народа: Статьи, очерки / Сост. А.Мухаметова. Алматы, Өнер, 1985.

        4. Рсалдин Ж. Ахмет Жұбанов. Алматы: Ғылым., 1966.

 

References

1.  Ahmetova M., Erzakovih V., Zhubanov A. Sovettic kazah musicasi (Tarihi otherc). Almati: Gilim.,1975.

2.  Gizzatov B. Sozialno-estetitheskie osnovi kazahcoi instrumentalnoi musiki. Almati, Nauka., 1989.

3.  Instrumentalnaia musika kazahskogo naroda: Statii, otherki /Sost. A.Muhambetova. Almati, Oner, 1985.

4.  Rsaldin J. Ahmet Zhubanov. Almati: Gilim.,1966.