Алдабекова
А.А. т.ғ.к., доцент Исабек Б. Қ., Ж.С.Борибекова,
Н.Қыдырбек, Шымкент, Қазақстан
«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша
Созақ ауданындағы тарихи ескерткіш
Баба Түкті Шашты Әзіз ӘЗІЗ әулие кесенесі
«Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама
халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде
заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және
салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше
маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін
қалпына келтіру; ұлттық жетістіктерінің үздіктері
негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды
қарастырады.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің
тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және
сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет
елде Қазақстанның мәдени мұрасын
үгіттеу,насихаттау болып табылады.Осы бағдарлама бойынша
Оңтүстік Қазақстан Облысы,Созақ ауданда
ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени
және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіріліп
келеді.Солардың бірі бейітіне
сан мың адам ағылатын Созақ ауданына қарасты Құмкент ауылы,
Жылыбұлақ жерінде орналасқан Баба түкті Шашты Әзіз әулие кесенесі.
Кезінде әулие осы Жылыбұлақты қара кетпенмен өз
қолымен қазған екен. Баба Түкті Шашты Әзіз Ысқақ
баптың замандасы, жасы кіші болса да ақиреттік жолдасы болған
адам. Ислам дінін дала түріктеріне ендіруде сол елдің басшысы
ретінде, көсемі ретінде Шашты Әзіз әулие үлкен
еңбек сіңірген. Ол бұған дейін қылыштың
жүзімен, әскерінің көптігінен дүниені жаулап келе
жатқан араб әскерлеріне қарсы шықпай,
мәмілегерлік жолмен, бейбітшілік арқылы жаңа дінді өз
халқына ендіруші болып саналады.[1] Ысқақ баптың
алғашқы шәкірті, бүкіл түрік даласының
ең алғашқы қажысы болып саналады. Бұл
жөнінде әйгілі Сыпыра жырау Тоқтамыс ханға Едігені
таныстыру үстінде:
«Оның арғы бабасын мен айтсам,
Шашты Әзіз деген нәрт еді.
— деп жырлайды. [2]
Сонымен бұл кісі халық қиялынан туған жыр кейіпкері
ме, әлде өмірде шын болған кісі ме? Соған келейікші.
«Қазақ Совет энциклопедиясында»: «Баба Түкті Шашты Әзіз
— қазақтың ауыз әдебиетінде жиі ұшырасатын
бейнелердің бірі. Ол туралы бірнеше дерек бар. Бір деректе
оның шын есімі — Баба Туклас. Оның әкесі керемет Әзіз.
Баба Туклас Меккеде патша болған деп айтылады. Енді бір деректер бойынша
ол Қожа Ахмет Иассауидің арғы бабалары, ислам діні Орта
Азияға тарай бастағанда өмір сүрген кісі,
Қорқыттың замандасы, (VIII—XI ғ.ғ.), үшінші
мәлімет бойынша Баба Тукластың баласы Еділ-Жайыққа
дейін келген, оның Құтлыбек деген ұлынан Едіге батыр
туған. Баба Түкті Шашты Әзіз мұсылмандар арасында
әулие саналған.Баба түкті Шашты Әзіз туралы аңыз
әңгімелер өте көп соларды ішінде шындыққа
жанасатыны осы аңыз десек болады.
Сонау
қиын-қыстау кезеңде кесене маңындағы ауылда
поляктар көп болған екен. Бірде олардың ішіндегі бір
беделдісі монша салдырмақ болады. Ел ішінде кірпіш дегенді табу
қиын уақыт. Содан осы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесіне
көз салып, кірпіштерін алмақ болады. Баласын өлтіремін деп
қорқытқасын, амалсыздан келіскен тұрғынның
кесененің бір бұрышын құлатқанында қолы
қалтырап қалған. Осыдан кейін кесененің
құдіретіне иланатындар тіпті көбейіпті. Күніне
жүзден аса адам тәу етіп келетін оған келіп
құрсақ көтергендер де көп. Тіпті
Қырғызстан мен Ресейден, арнайы Англиядан келетіндер де бар
көрінеді.
Баба Түкті Шашты
Әзіз Ысқақ баптың замандасы, жасы кіші болса да
ақиреттік жолдасы болған адам. Ислам дінін дала түріктеріне
ендіруде сол елдің басшысы ретінде, көсемі ретінде Шашты Әзіз
әулие үлкен еңбек сіңірген. Ол бұған дейін
қылыштың жүзімен, әскерінің көптігінен
дүниені жаулап келе жатқан араб әскерлеріне қарсы
шықпай, мәмілегерлік жолмен, бейбітшілік арқылы жаңа
дінді өз халқына ендіруші болып саналады.
Шашты Әзіз
әулиенің сағанасына ең алғашқы белгіні
Алпамыс батырдың әкесі Байбөрі мен анасы Аналық
әжеміз қойған деген аңыз бар. Жырда «Моласы жоқ,
тамы жоқ, жап-жалаңаш жер еді» делінеді ғой. Сол жерге
Аналық тас үйіп, белгі соғуға кіріскенде,
қойған тастары өзінен-өзі жымдасып, бой көтере
бастапты-мыс. Одан соңғы сағананы Едіге батыр
соқтырады. Бұл туралы В. Бартольд та, біздің дәуірімізде
жазушы С. Бақбергенов те жазған. Бірақ сағана салудың
уақыттық мөлшерін көрсетуде қайшылық
кездеседі. Өйткені, Баба Түкті Шашты Әзіз әулие VIII
ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың басында
өмір сүрген болса, Едіге 1410— 1419 жылдар аралығында
өмір кешкен. Онан бері қаншама жаугершілік замандар өтті.
Кесене әлденеше мәрте қирап, қайта жөнделгені
ақиқат. Ескерткіштің біздің дәуірімізде, 1925
жылы жаз айында қайта тұрғызылғаны туралы дерек жуырда,
күмбезді қайта жөндеу үстінде, қыштардың
арасынан, жазылып қойылған қағаздан табылды. Ел ішінде
«Шашты Әзіз күмбезі әулие бір күрсінген сәтінде жарылып
кетіпті» деген аңыз бар. Әулие күрсінсе,
ұрпағының басына түскен тауқыметке налып
күрсінеді ғой. Ал бұл ұрпақ осы
ғасырдың өзінде үш ашаршылық пен қаншама
нәубетті басынан кешірді емес пе? 1930 жылғы «Аллаһудан»
(Созақ көтерілісі) кейін қожа-молдаларды, дінге сенушілерді
қамшымен қуыңдар - деген ұранмен небір сағаналар
қиратылып, кірпіштері талап әкетілді.
Бұл талаудан Шашты Әзіз күмбезі де сырт
қалған жоқ. Кейінгі кезде, яғни 1982 жылы сағана
жеңіл жөндеуден өткізіліп, қалыпқа келтірілген.
Кесененің жанында Жылыбұлақ бұлаға бар.Аты айтып
тұрғандай бұлақтың суы жылы.Кесенеге келген
адамдар осы бұлақтан су ішіп,арман тілектерін айтып кетеді.
Оның басына тәу етіп келіп Жылыбұлақ
бұлағынан су ішкен зират етушілердің қатарында
Қажымұқан,
Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Сәбит
Мұқанов, Қасым Қайсенов сынды ел ағалары да болса
керек. Олимпиада чемпионы, боксшы Бақтияр Артаев та әлем алдында ел
намысын қорғауға аттарында осы кесенеге ат басын
бұрыпты.Киелі де қасиетті Созақ өңірінде
орналасқан Баба Түкті Шашты Әзіз әулие кесесін
тарихи-мәдени мұраның мейлінше маңызды
археологиялық және сәулеттік нысандарын мұражайландыру
және реновациялау, өңірде шетелдік туризм инфрақұрылымын
дамыту үшін жағдайлар жасау керек. Оңтүстік Қазақстан
облысының тарихи-мәдени мұрасының мейлінше
маңызды археологиялық және сәулеттік нысандарын
мұражайландыру және реновациялау, өңірде шетелдік
туризм инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар жасау
керек.Мемлекеттік және ұлтаралық қатынас тілдерінде
ғылыми білімді және Оңтүстік Қазақстан облысының
тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытумен байланысты
ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиеттер
шығару қажет. Біз
«Мәдени мұра бағдарламасы арқылы елдің
тарихи-мәдени мұрасын зерттеп, қалпына келтіру және
сақтау арқылы, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтарып,
шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын
үгіттеуіміз қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 .Р.Бердібаев
«Советская тюркология» журналы, №2, 1986
2.Сауяев Н.
«Мәдени мұраның» өшпес белгілері //Созақ
апталығы. – 2008. – 23 қазан
3.Карисбеков Д.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және тарихи
мәдени ескерткіштерді қорғау мәселелері [Текст] / Д.
Карисбеков // Молодой ученый. — 2015. — №8.1. — С. 18-20.
4. «Баба
Түкті Шашты Әзіз жайында әрқилы пікірлер» ,Ана тілі баспасы, 1996 ж.