ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРҒА
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Пайыз И.
-ФИ-15-10қ2 тобының студенті, Койшибаева
Н.И. – к.п.н., доцент, Жунисбекова
Ж.А. – п.ғ.к., доцент, Керимбекова
Р.А. – халықаралық тренері, М.Әуезов ат.ОҚМУ, «Өрлеу»
Біліктілікті арттыру ҰО» АҚ, Шымкент, Қазақстан
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігінің
25 жылдығы қарсаңында мемлекеттімізді бүкіл әлем
тануы дәлел. Қазіргі басты міндетіміз мемлекеттің
өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік,
экономикалық жағдайын одан әрі көтеру.
Қазақстанды – Отаным деп таныйтын әрбір азаматтың
өз мүмкіндігінше үлес қосуы қажет. Н.Ә.Назарбаев
өзінің «Қазақстан- 2050» стратегиясында «Жаңа
Қазақстандық патриотизм – біздің көп ұлтты
және көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі –
жастардың жалпы санынан жастар саясаты мен патриоттық тәрбие
саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде
қатысатын жастар саныны ұлғайту, 2015 жылға қарай
- 31%, 2020 жылға қарай - 55%» - деп біздің
ұрпағымызды бабаларының игі дәстүрін сақтай
отырып қазіргі заманғы қоғамның өркендеу
үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз
елінің патриоттары болауы қажеттілігі көрсетілген.
Отанымыздың бүтіндігін сақтау, халықтың
тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы
ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез-келген сыртқы
және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі
жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты
оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту
міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты
міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа
отырып, ғылымның
шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды
өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін
салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білу біліктілігі,
өмірде қолдана алатын жан-жақты тұлға болуы.
Сонымен қатар оқушылар
мектеп қабырғасында жүріп–ақ әлемдік
құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми
ұстанымдарын, озық ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отан
деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын
игеруі тиіс.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық
пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге
оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылығын
арттыру үшін әртүрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолдана отырып
сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың
сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып
жауапкершілікпен қарауын, ой елегінен өткізіп ойланып
танымдық қабылдауын қалыптастырып, бағдарламалық
материалдарды жеңіл, тез меңгеруге мүмкіндік алады. Осы
мақсатпен оқу материалының
күрделі және жеңіл түрлерінің ерекшеліктеріне
тоқталамыз.
«Патриотизм»
дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке тұлғаның
аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік
қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті
нығайту дегеніміз - жеке тұлғаны күшейту екенін
мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген
ұғымды жеке тұлғамен, яғни оның
өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен
қарым-қатынасты білдіреді».
Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі
мақсаттарына: бірінші –танымдық, екінші - тәрбиелік,
үшінші - дамытушылық.
Осы мақсаттарды орындау үшін мемлекеттік стандартты
басшалыққа ала отырып, әдебиетті негізінен,
оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын
қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс
жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білеуге
үйрету.
Балаларға елін сүйгіштік, ата-анасын сүю, Отанды
сүю, мәселесінде қандай шығармалар
оқығанын, қандай шығармаларды оқуды ойлап
жүргендігі жайындағы пікірлерін ескере отырып, оқушылар
өздерінің оқыған шығармаларын атайды. Олар ауыз
әдебиетінен мысалы: «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр»,
Махамбеттің шығармалары, әсіресе, «Баймағанбет
Сұлтанға айтқаны», «Ереулі атқа ер салмай», «Ұл
туса», «Әй, Махамбет жолдасым». Бұл шығаралардан басқа
туған елді, ұлтын сүю тақырыбында ХІХ
ғасырдың жазушыларының шығармаларынан Абайдың
«Қайран елім, қазағым қандай жұртым» т.б.
М.Жұмабаевтың елді сүю, оған қызмет ету
тақырыбында көптеген шығармалар жазған. Мысалы, «Мен
сүйемін». Осындай тақырыптарда С.Торайғыровтың
«Туған еліме», «Шәкірттерге» т.б. атты шығармаларымен
қатар, патриоттық тақырыпқа І.Есенберлиннің
«Көшпенділер», Т.Ахтановтың
«Күткен күн», М.Мақатаевтың
өлеңдерінде оқуы.
Балаларды патриотизмге тәрбиелеу рухында оқырмандар
конференциясын ұйымдастыруыдың да мәні зор. Ғ.Мүсіреповтың
«Қазақ солдаты» романы, Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат
пен аңыз», Қ.Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау тылында»,
«Партизан соқпақтары». Оқушыларды патриоттық ел
сүйгішітік рухын арттыратын шығармаларын жай ғана емес,
мәнерлеп оқу, жатқа айту тәсілін қолдану керек.
Мысалы, Б. Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат»,
І.Жансүгіровтың «Ағынды менің Аксуым», «Жетісу
суреттері» атты өлендерін жаттап, мәнерлеп оқу
оқушылардың рухын көтеріп, Отанға деген
сүйіспеншілігін туғызады.
Отансүйгіштік сезімі туа бітті пайда болатын қасиет емес.
Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына,
өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын,
тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық,
әлеумет, мемлекет деңгейіне дейін көтерілген бұл сезім тұлғаның
бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының
өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, беріліп келе
жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп
оқушыларының бойындағы Отанға деген
сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда
халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы,
Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр
Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа
үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттері мен ерлікке толы
шығармаларының алатын орны ерекше.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы
қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі,
нанымы,саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір
қазақстандық өзі өмір сүріп, күн
көріп отырған мемлекетін - «Отаным»-деп тануы, оның негізін
салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның
заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне
сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын
қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері
болуы керек.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз
жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз.
Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт
болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі
жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерде
жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт
азаттық көтерілісін алып қарасақ, ондағы
батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей)
жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған. Бірақ
елін, жерін, Отанын қорғауда жанын-тәнін аямаған.
Осындай көптеген тарихи тәжірибелер, сол кездегі отбасы
тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуынан.
Қорыта айтқанда, оқушыларға әдеби
шығармаларды ұтымды қолдана отырып патриоттық сезімін
қалыптастыру үшін оқушылардың көкейіне ой салып,
үлгі көрсетсету арқылы заманына сай,
қоғамға керекті тұлға отансүйгіш,
елсүйгіш азамат елге қызмет ететін белсенді қоғам қайраткерін
тәрбиелеп шығар едік.
Әдебиеттер:
1.
Назарбаев Н. «Қазақстан - 2050» стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:
болашаққа бағдарланған даму бағыттары. – Алматы:
Білім, 2015.
2.
Нысанбаев Ә. Қазақстан
Ұлттық энциклопедиясы. - Алматы: Жазушы, 2009.
3.
Қалиұлы С. Қазақ
энциклопедиясының теориялық негіздері мен тарихы (Оқу
құралы). – Алматы: Білім, 2003.
4.
Бегалин С., Шығармалар жинағы. - Алматы:
Жазушы,1966.