Кулжабаева С.Қ., Сарыбекова Қ.Н.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қаласы, Қазақстан

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚТЫ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

         Қaзaқcтaн Реcпубликacының Президентi Н.Ә.Нaзaрбaевтың 2018 жылдың 10 қaңтaрындaғы Қaзaқcтaн хaлқынa aрнaлғaн «Төртiншi өнеркәciптiк ревoлюция жaғдaйындaғы дaмудың жaңa мүмкiндiктерi» aтты Жoлдaуы – бiздiң елiмiздiң cтрaтегиялық дaму курcының жүзеге acуын лaйықты жaлғacтырудың кепiлi бoлып oтыр. Жoлдaудың жетiншi мiндетi – «Aдaми кaпитaл – жaңғыру негiзi» бoлып көрcетiлдi. Бiз бiлiм берудiң жaңa caпacын, яғни, бiлiм беру iciнде өзiмiздiң oзық жүйемiздi құруды жеделдету қaжет екендiгi көрcетiлдi [1].

        Жoлдaудa көрcетiлгендей, бiлiм беру бaғдaрлaмaлaрының негiзгi бacымдығы өзгерicтерге үнемi бейiм бoлу және жaңa бiлiмдi меңгеру қaбiлетiн дaмытуды жүзеге acырудa, мектептегі сабақтарды дұрыс ұйымдастырудың алатын орнын ұмытпaуымыз керек.

Сабақ  - әрбір пәннің  өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде дидактика анықтаған сабақтың өзіндік көрінісі, дербес түрі.

        Қолданылатын әдіс жағынан алғанда сабаққа қойылатын талаптар мынадай:

а) бір сабақ үстінде әртүрлі әдістерді қолдану сол сабақтың ерекшеліктеріне (оқу материалына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқушылардың сол сабақ кезіндегі күйіне т.б.) сәйкес болуы керек;

ә) оқыту әдістерінің дұрыс кезектесіп отырылуы (мәселен, сұрақ жауап әдісі әңгіме әдісімен ) жан-жақты ескерілуі тиіс;

б) оқыту әдістері балалардың сабақ барысындағы белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруға ықпал жасайтындай болуы тиіс;

в) сабақ барысында қандай әдіс қолданылса да мұғалімнің сөйлеу мәнері, тілі жеңіл, нақтылы түрде болуы тиіс.

          Жоғарыда келтірілген талаптар сабақтарды дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттары болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша, осы талап негізінде    әрбір сабақты тиімді    ұйымдастырудың   жалпы қағидаларын тұжырымдау қажет.

           Бірінші қағида: сабақта қолайлы психологиялық ахуал туғызу.
Мұғалім кез келген сабақты оның өзі мен оқушыларының бірлескен әрекетінің жиынтығы деп түсіне білу керек. Сабақ нәтижелі болу өзара    ынтымақтастыққа    негізделген    мұғалім    мен    оқушы арасындағы                                                      жақсы қарым-қатынас  орнатылуы [2.87]

            Ынтымақтастықтың негізгі көрсеткіштері мыналар:

1)       Баланың жан-дүниесін сезіну;

2)       Әр баланың  жеке-дара, жас  және  психологиялық ерекшеліктерін білу;

3)       Әр балаға үлкен адамша қарап, оған әріптес ретінде қарым- қатынас жасауға тырысу;

4)    Әрдайым   оқушының   жеке   басының   кемшіліктерін, табыстары мен жетістіктерін көрсетіп отыру;

5)    Әр оқушының дайындық деңгейін білу соған сәйкес қарым-қатынас жасау.

6)       Сабақтың нәтижелі болуы тек қана мұғалімге байланысты емес, тікелей оның өзінің орындайтын іс-әрекетіне де тәуелді екенін сездіру, т.с.с.

           Екінші қағида: оқушылардың сабаққа, пәнге назар қойып,    ынталы    болуын    қамтамасыз    ету.   Педагогикалық әдеп пен әзіл-қалжыңды шебер үйлестіру, кейбір кызыкты оқиғаларды баяндай отырып, оқушыларды әсерлендіру және т.б арқылы пәнге деген қызығушылықты үнемі оятып отыруы қажет.

   Үшінші    қағида:    педагогтық    әдепті    қатаң    сақтау    және оқушылардың   алдында   өзін   дұрыс   ұстау.   Мұғалімнің   бойында байқағыштық, ілтипаттылық және әділдік, оқушыларға сенім арту, төзімділік және сабыр сақтау сияқты қасиеттер мол болуы керек. Сондай-ақ ол өзінің сөзіне есеп бере біліп, сөйлеу мәнері логикалық жөне стиль жағынан дұрыс болып отыруына назар аударуы қажет [3.41].

    Төртінші   қағида:   сабақтың   мақсаты   мен   міндеттерін   дәл айқыңдау.  Оқушы сабақта қандай мақсат кезделіп отырғандығын айқын түсінуі тиіс, Бұл оқушының сабаққа, оқу материалына деген кезқарасын қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.

   Бесінші  қағида; оқытудың қазіргі заманғы техникалы құралдары мен технологияларын пайдаланып отыруы қажет. Бұл сабақ барысындағы жұмыс өнімділігін арттырады, уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі, сабақ барысын жетілдіреді.

 Алтыншы  қағида:  оқушылардың әрқайсысының дайындығын үнемі бақылап отыруы, сондай-ақ  білімдерін жүйелі  түрде тексеріп,  бағалап отыруы  қажет. 

 Жетінші қағида:      сабақ   барысында   мектеп гигиенасы талаптарының қатаң сақталуын қадағалап отыру керек.

 Сегізінші қағида: мұғалім  түрлі жастағы балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін еске отыруы қажет.

 Тоғызыншы қағида: оқу материалымен   ғана   шектеліп   қалмай,   әр   алуан   қосымша құралдарын (дидактикалық материалдар, қызықты жаттығулар дидактикалық   ойындар,   баспа   негіздегі   дәптерлер,   т.б.)   пайдалана білу керек.

 Оныншы қағида: түрлі пәннің тарихынан алынған мәліметті кеңінен пайдаланып отыру керек.

Он бірінші қағида: мұғалімнің сабақты түсіндіруі оқушылар жазып отыруымен дұрыс ұштастырылуы керек.  Бұл орайда мұғалім сынып тақтасын тиімді пайдалана білуі керек, өзі тақтаға дұрыс жазып балалардан да соны талап етуі тиіс.

Он  екінші   қағида:     үйге  тапсырма  бергенде  оқушыға шамадан  тыс күш  түсірмеу жағдайын  ескеру  керек.  Сондай-ак үй тапсырмасының қоңырауға дейін берілуі керектігі мұғалімнің басты назарында болуы тиіс.

Он үшінші қағида: оқушылардың танымдық, логикалық және шығармашылық   қабілеттерін   дамыта   түсуге   ұдайы   көңіл    бөліп отырылуы  керек [3.154].

 Сабақтың тиімділігі, нәтижелілігі және сапасы мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Кәсіби дайындық, біздіңше, мынадай үш қосылғыштан тұрады: теориялық дайындық, психологиялық-педагогикалық дайындық және әдістемелік дайындық. Егер мұғалімнің кәсіби дайындығы жоғары деңгейде болса, онда табыс өзінен-өзі келеді.

         Мұғалім жақсы сабаққа өмір бойы әзірленеді. Ол еш уақытта жоғары оқу орнында алған білімдерімен шектеліп қалмауға тиіс, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді, мерзімді педагогикалық басылымдарды, озат іс-тәжірибелерді үнемі оқып-үйрену оның басты назарында болуы керек.Сабаққа дайындалу және оны жоспарлау шығармашылықты талап ететін, мұғалімді көп іздендіретін, терең ойландыратын және көп уақыт пен қажырлылықты талап өтетін жұмыс болып табылады.

         Сабаққа дайындалу мен оны жоспарлаудың теориялық негіздері мен технологиясын терең меңгеру мұғалімнің сан-саналы педагогикалық еңбегін ғылыми тұрғыда дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Нaзaрбaев, Н.A. Төртiншi өнеркәciптiк ревoлюция жaғдaйындaғы дaмудың жaңa мүмкiндiктерi aтты Жoлдaуы.  //Егемен Қaзaқcтaн. 2018. №6, -1-3 б.

2. Сағымбекова П.С. Бастауыш мектептің математика пәні мұғалімінің сабаққа дайындалуы. -Тараз, ТарМПИ,2012. -269 б.

3. Подласый И.П. Педагогика. – М., 2006. – 436 с.